Білім беру бағдарламасы Камбарова Нурзия Бахтияровна 2022-2023 оқу жылы Педагогикалық практика бойынша сауалнама-есебі


Қандай мұғалімдерінің озат педагогикалық тәжірибелері ескерілді және студент-практиканттар пайдаланды?



бет2/6
Дата22.11.2023
өлшемі266,81 Kb.
#193003
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Камбарова Н.Б есеп (1)
Лир Э. Книга бессмыслицы, 1 апта тарих, 5 апта тарих, Эссе тарих, № 2 Аманкарагай, Новонежин, Островка, Шайсұлтан Сүлукөл, Сосновка, Әліппе оқыту әдістемесі-emirsaba.org, Жоба lactel сүті, Ғыл.пед. зертт.3 кр - копия, Маржан 5-тапсырма (2) (1), 7. Циклограммы ср.гр. каз.яз. Болашақ 22-23
3. Қандай мұғалімдерінің озат педагогикалық тәжірибелері ескерілді және студент-практиканттар пайдаланды?

        1. Бастауыш сынып мұғалімдерінің арасында өзімнің сынып жетекшім – Камалова Айнур Магзумовнаның ұсынған озат педагогикалық тәжірибелерін ескеріп, өз сабағымда пайдаландым. Айнур Магзумовна сабақ барысында барлық оқушылардың сабаққа белсенді қатысуын ұйымдастырып, бағалауды жылдам әрі қызықты өткізеді. Менде өз сабақтарымда сынып жетекшімнің қолданған педагогикалық технологиялары мен әдіс-тәсілдерін сабақ барысында қолдандым. Мектептегі басқа да мұғалімдердің сабақтарына кіріп, олардың да озық тәжірибелерінен керегімді алдым. Дуненбаева Ботагоз Каратаевнаның сабақта қолданған әдістері өте тиімді екенін көріп, өз сабағымда қолданып, уакытты тиімді пайдалануға әсері көп болды. Калдаманова Закира Асылбековнаның өткізген іс-шарасын қарап, сыныптан тыс сабағымды өткізуге барысында тиімді әдісін пайдаландым. Бұл әдіс маған оқушыларды ұжымдық жұмысқа біріктіруге көмегін тигізді.


  • 4. Берілген балалар ұжымды тәрбие жұмысының жүйесінде қандай жұмыс түрі кіргізілді?

    1. 3 «Б» сыныбында «Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік ережелері» атты сыныптан тыс сабағын өткіздім. Сабақ барысында оқушылардың қыс айларында қандай қауіпсіздік ережелерін сақтау керектігін талқыладым. Постер құру арқылы оқушылар білген қауіпсіздік ережелерін айтып өтті. Қосымша ресурстарды пайдалана отырып мен ережелермен толық таныстырдым. Әр оқушы жеке ойымен бөлісіп, сыныпта жағымды атмосфера қалыптасты. Сабақ барысында оқушылар тарапынан түскен көптеген жақсы ойлар мен пікірлер болды. Әр оқушы өз ойын толық жеткізіп, басқа оқушылардың да ойлануына әсер қалдырды. Сабақтың қорытындысын бейнежазбаны тамашалай отырып түйіндедім.


  • 5. Практикада кезінде оқушыларға жеке тұрғыдан келу қалай жүзеге асырылады?

    Практика кезінде жеке оқушылармен жұмыс көптеп орын алды. Қоңырау уақытында сабақтарға дайындалу, білмеген жерлерін көрсету арқылы жеке жұмыс болды. Сабақ уақытында сынып жетекшіме көмекші ретінде оқушылардан үй жұмысын сұрап, тексеріп отырдым. Көп оқушыларда әдебиеттік оқу, жаратылыстану, дүниетану секілді пәндерден қиындықтар болды. Оқушылар үшін берілген мәтінді ауызша мазмұндау қиындық әкелді. Қоңырауда мәтінді оқытып, оны оқушылармен талдап, оның негізгі идеясын анықтап алып, бұл мәтіннен не түсінгендерін жеке сұрау арқылы көмегімді көрсеттім. Сабақтан тыс уақыттағы іс-шараларға белсенді қатысу мақсатында жеке жұмыстар өте көп орын алды. Мәнерлеп оқу сайысына оқушыларды дайындау кезінде, әр оқушымен жеке талқылау жүргіздім. Оқушыларға берілген өлең шумақтарын қалай айту керектігін түсіндіру барысында қосымша ресурсты пайдалану арқылы видео, аудио жазбаларын тыңдатып, олардың бойына сенімділік күшін ұялаттым. Әрбір оқушымен жеке жұмыс жасағанда байыптылық, сабырлық қасиеттері қажет. Сондықтан барынша сабырлы, әрі шыдамдылық танытуға тырыстым. Қиындық тудырған тақырыптарды түсіндіріп, осы жұмыстарды әрі қарай даму үшін ынталандыру жұмыстарын қатар жүргізіп отырдым.
    3«Б» сыныбында жаңадан келген оқушымен бөлек жұмыс жасадым. Себебі, жаңа оқушы үшін сабақ процесіне ілігіп кету қиындық туғызды. Оқушы жаңа ортаға бейімделіп, өзге оқушылармен тығыз қарым-қатынас орнату үшін диалог жүргіздім. Оқушымен жұмыс барысында түрлі жағдаяттар, мысалдар келтіру арқылы түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қоңырау уақытында осы оқушымен түрлі ойындар өткізіп, оның ойын сұрау арқылы басқа сыныптастарымен жақсы араласып кетуіне септігімді тигіздім.



    1. Достарыңызбен бөлісу:
  • 1   2   3   4   5   6




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет