Білім беру бағдарламасына арналған «Топырақ қорғау егіншілігі»



бет28/49
Дата24.11.2022
өлшемі1,16 Mb.
#159691
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49
Байланысты:
umk top rak korgau eginshiligi 2
Клиент маселесимен ӘЖ. СР-31, khir bolezni iga s, 2 5228920780762386228, 2 5228920780762386228, фарма сессия, luchevaja-diagnostika, 487828, 201212211351052, всевместе-1, Окончательные пробные 239, невро с портала, вб хб, Voprosy-vstupitelnogo-ekzamena-po-spetsialnosti-7R01190-Nefrologiya-vzroslaya-detskaya-1, Лекарственные препараты в стоматологии
Бақылау сұрақтары:
1.Топырақ классификациясы
2.Топырақ жамылғысының жалпы сипаттамасы
3.Жазықтар топырақтары


Пайдаланылған әдебиеттер:
1.Тазабеков Т.Т. және басқалар Топырақ географиясы – Алматы, 2001
2.Мирзадинов Р.А., Үсен Қ., Торғаев Ә.Ә., Дүйсенбеков С.Л., Каримов М.Ш., Меизбаева Г.Қ. – Топырақтану. – Алматы, 2009
22-24.Дәріс
Тақырыбы: Топырақты эрозиялық зерттеу әдісіні және топырақ қорғау шараларын енгізе отырып, шаруашылық ішінде жерге орналастыру жоспарларын жасау


Мақсаты:
Негізгі сұрақтары:
22-24.1.Топырақ картасының күйі
22-24.2.Эрозия процесі
22-24.3.Топырақты топқа бөлу және тиісті шаралар

Сортаңдар Қазақстанның жазық бөлігіндегі барлық зоналарда таралған. Республикада сортаң және оның басым келетін кешендерінің жалпы ауданы 10 млн. га шамасындай. Сортаңдардың қалыптасуы көне және қазіргі тұз жиналу үрдісімен (түсетін атмосфералық жауын-шашыннан булану мөлшерінің артық болуынан) байланысты болады. Сортаңдардың көлденең қимасының өн бойында жеңіл еритін тұз көптеп жиналған (әсіресе топырақтың беткі қабатында), ал генетикалық горизонттар (қарашіріктік, өтпелі горизоттар және топырақ құраушы жыныстар) нашар ажыратылады. Топырақтың қарашіріктілігі жоғарғы горизонттарда 0,5%-тен 3%-ке дейін және одан да жоғарырақ мөлшерге ауытқып отырады, реакциясы баяу сілтіліктен күшті сілтілікке дейінгі орта болады. Тұз жиналу сипатына қарай сортаңдар хлорлы, сульфатты, содалы және аралас түрлерге бөлінеді. Сортаңдардың тұз жиналған беткі қабаттарының морфологиялық ерекшеліктеріне қарай қабыршақты, кеуекті т.б. түрлері болады. Гидроморфтық сортаңдар жер асты суы жақынырақ жатқан жерлерде қалыптасқан. Олардың көлденең қимасы горизонттарға нашар ажыратылады. Шалғындық сортаңдар республиканың солтүстік аудандарындағы өзен жайылмаларында және көл террасаларының кейбір бөліктерінде жиі кездеседі. Бұлардың көлденең қимасы горизонттарға айқынырақ ажыратылады. Каспий теңізінің солтүстік жағалауында, Арал мен Балқаш көлі маңында, тартылып кеуіп қалған көлдер түбінде және өзендердің құрғақ арналарында сортаңданған жыныстардың жер бетіне шығып жатқан аудандарында қалдық сортаңдар дамыған. Суландыру жұмысы дұрыс жолға қойылмау салдарынан жер асты суының деңгейі көтеріліп, топырақтың беткі қабатында қайта тұз жиналып, сорға айналу үрдісі екінші қайтара жүреді. Сортаңға айналу дәрежесінің жалпы өсу тенденциясы қуаңшылықтың арту бағытына да байланысты. Солтүстіктен оңтүстікке қарай содалы-сульфатты және сульфатты сортаңдар сульфатты-хлорлы және хлорлы тұз жиналумен алмасады. Бұл жалпы заңдылық өзен атырауларында бұзылады. Мысалы, Сырдария өзенінің атырауында хлорлы тұз жиналудың орнына хлорлысульфатты, ал Іле өзенінің атырауында содалы-сульфатты және сульфатты тұз жиналуы басымырақ келеді. Сортаңданған топырақтарды шаруашылыққа пайдалану үшін алдымен топырақтағы көп мөлшердегі тұзды шаю керек. Тым сортаңданған топырақтарды шаю қазіргі уақытта күріш егісін егу арқылы іске асырылып жүр. Негізінен сортаңдар тек табиғи жайылым ретінде ғана пайдалынады.


Кебірлер Қазақстан аумағында кең таралған. Топырақтың бұл түрі орманды дала, дала, шөлейт зоналарында, сонымен қатар шөл зонасының солтүстік бөлігінде кездеседі. Кебірлер көпшілік жағдайларда топырақ кешендерінің негізгі компоненттерін құрайды, кейбір жағдайда өз алдына жеке массивтер күйінде таралады, республика аумағындағы таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынады. Солтүстіктен оңтүстікке, қара топырақты даладан шөлге жылжыған сайын топырақ жамылғысындағы тұзданған топырақ басымырақ келетін кешендердің ауданы артады, әрі біртекті кебірлерден тұратын массивтер жиірек кездесе бастайды. Кебірлердің көлденең қимасынан қарашіріктілігіне қарай кебірленген, карбонатты және гипсті топырақ қабаттары ажыратылады. Қарашіріктің мөлшері жоғарғы горизонтта 6% және одан да жоғары көрсеткішке ауытқып отырады, еріген тұздардың максимумы тереңірек қабаттарда байқалады. Олардың таралу сипаты зоналық заңдылыққа бағынышты және жергілікті жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Кебірлердің өсімдік жамылғысы бір зонадан екінші зонаға ауысқан кезде әжептәуір өзгеріске ұшырайды. қара топырақты зонаның кебірлерінде жусанды-бетегелі өсімдік жамылғысы, күрең топырақтарда жусан, қараматау, көкпек, шөл сораңы өседі. Бұнымен қатар кебірлердегі тұз жиналу сипаты және морфологиялық ерекшеліктері де өзгереді. Әр аймақта ылғалдану сипатына қарай сортаң топырақтардың автоморфты, жартылай гидро-морфты және гидроморфты түрлері ажыратылады. Орманды дала және дала зоналарында жартылай гидроморфты (шалғындық-далалық) және гидроморфты (шалғындық), ал шөлейт және шөл зоналарда автоморфты (шөл далалық және шөлдік) кебірлер басым таралған. Кебірлерді үстіңгі горизонттарының қалыңдығына қарай қалдықты кебірленген (5 см-дей), аз кебірленеген (10 см-ге дейін), орташа кебірленеген (15 см-ден астам) деп жікгейді, Иллювийлік горизонттарының құрылысына қарай бағаналы, жаңғақ пішінді және призмалы кебірлерге, ал тұздың ену тереңдігіне қарай сортаңды (тұз 30 см-ден жоғарғы қабаттарда жатады), сортаңдау (тұз 30-80 см-лік қабаттарда жатады) және сортаң (тұз 80-130 см-лік қабаттарда жатады) топырақтарға бөлінеді. Тұз жиналу сипатына қарай кебірлердің хлорлы-сульфатты және сульфатты-хлорлы, кейбір жағдайда таза сульфатты және таза хлорлы түрлері болуы мүмкін. Окта-текте содалық кебірлер жамылғысы да кездеседі.
Кебірлер есебінен республиканың ауыл шаруашылығына жарамды жер көлемін ұлғайтуға зор мүмкіндік бар. Қазақстан аумағында 40 млн. га жуық кебірлер бар, ал кебірлер басымырақ келетін кешендер 30%-тен асады. Бұл мөлшердің 9 млн. га жуығы қара топырақты және күңгірт күрең топырақты зоналарда орналасқан. Кебірлер негізінен жайылым ретіне пайдаланылады.
Ылғалды кебірлер далалық алқаптардағы қара топырақты зонаның көктеректі-қайыңды және талды шоқ тоғайлар өсетін ойпаңдау жерлеріне тән. Ылғалды кебірлердің аморфты кремний қышқылына және кварц қалдықтарына жақсы қаныққан бозғылт және ақ ұнтақты тұз жиналған горизонттары бар. Бұл горизонт негізінен тереңдігі 8-10 см және жер бетіне тым жақын жатқан жұқа қабатты шымды қарашірікті орман асты төсеніш қабатын құрайды. 30- 50 см тереңдікте бұл горизонт күрең немесе күңгірг-күрең иллювийлік горизонтқа ауысып кетеді. Карбонатты горизонт 70-100 см тереңдікте жатады. Топырақтың көлденең қимасынан артық ылғалдану іздерін (көкшіл сұр және тат басқан дақтарды, темірлі конкрецияларды) байқауға болады. Ылғалды кебірлер қарашірікті горизонттың сипатына қарай жер асты суы 1,5 м, 1м және 0,5м тереңдікте жатқан жағдайда дамитын. Нағыз шымды-глейлі (шалғындық) және шалғындық-батпақты топырақ түрлеріне ажыратылады. Ылғалды сортаң топырақты зона мал жайылымына және шабындыққа пайдаланылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   49




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет