Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет4/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Бақылау сұрақтары:
1.Сөз тіркесінің зерттелу жайы туралы не білесіз?
2.Сөз тіркесімділік және оның мәні дегеніміз не?
3. Сөз тіркесі тарихын ата


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Сөз, сөйлем және сөз тіркесі
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары Сөз, сөйлем, байланысу амалдары, байланысу формалары
Жоспары:
1. Сөз тіркесі жайындағы пікірлер.
2. Сөз, сөйлем және сөз тіркесі.
3. Сөз тіркесінің құрамы, құрылысы.
4. Түйдекті тіркестер.
5.Тілдік экономияның сөз тіркесі мен сөйлем мүшесіне қатысы
Дәріс тезисі:
Сөз тіркесі дегеніміз – синтаксистік қарым-қатынасты білдіру үшін кемінде толық мағыналы екі сөздің сабақтаса байланысқан тобын айтамыз.
3. Сөздер синтаксистік топ құрап, сөз тіркесі болғанда, олардың құрамына әр алуан сөздер енеді. Кез келген сөзді бір-бірімен тіркестіре салуға болмайды. Өзара мағыналық байланыста айтыла алатын сөздер ғана синтаксистік байланыста, белгілі сөз тіркесінің құрамына ене алады. Мысалы: үркек ат, бие, тайлақдеп айтылады, үркек тауық, бала деп айтылмайды.
Метафоралық тіркес– көркем әдебиеттебір затқа тән қасиетті басқа затқа телу арқылы сөз кестелерін әшекейлеуге болатын ойнақы тіркестер.
Асау терек долданып, асау жүрек...
Тұрақты тіркесқұрамы мызғымайтын берік, өзгертуге келмейтін тіркес.
Еркін тіркес– құрамын өзгертіп айтуға болатын тіркестер. Өзара тіркескен сөздердіңбірі екіншісін өзіне бағындырып тұрады. Сөз тіркесі сабақтаса байланысқан екі сыңардан құралады: бірі – сөз тіркесінің ұйытқы бөлігі, сөз тіркесінің грамматикалық діңгегі – оның басыңқы сыңары, екіншісі – оған қатысты, тәуелді бөлегі – бағыныңқы.
Синтаксистік экономияқұбылыстардың өзін үлкен екі топқа бөліп қарастырып отырмыз.
1) Бір байланысуформасының екінші байланысу формасына ауысуы.
2) Бір сөйлем мүшесінің екінші бір сөйлем мүшесіне ауысуы.
І. Бұрынғы әдебиеттерде меңгеру, оның бағыныңқы сыңарлары ілік, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес жалғаулы сөздер деумен шектелсе, қазіргікезде олардың бағыныңқы сыңарынан, біріншіден, ілік септігі алынып тасталды, екіншіден, бағыныңқы сыңарлары септік жалғаулы сөздер және негізгі сөздер мен шылаулардың түйдектелуі арқылы көмекші сөз, модальдылықтың қатысуы арқылы да жасалатын болды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет