Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет8/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Баяндауыш пен бастауыштың қиысуы
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: Баяндауыш, қиысу, бастауыштың қиысуы
Жоспары:
1.Жақтық қиысу
2.Сандық қиысу
Дәріс тезисі:
Қиысу – синтаксистік байланыстың жиі ұшырайтын түрі. Қиысу әр тілде әртүрлі. Мысалы, орыс тілінде бастауыш пен баяндауыш род, жақ, сан жағынан, анықтауыш анықтайтын сөзімен род, сан жағынан, септіктер арқылы қиысады. Түркі тілдерінде, оның ішінде қазақ тілінде қиысу, негізінен бір-біріне бағынышты тіркестегі бастауыш пен баяндауыштар арасында болады. Баяндауыш бастауышпен жақтық не көптік тұлғада қиысады.
1. Жақтық қиысу. Бастауыш болатын негізгі сөздер – зат есімдер мен жіктеу есімдіктері. Басқа сөз таптары да субстантивтеніп, бастауыштық қызметте жұмсала береді. Сол сөздердің тек 4-еуі – І және ІІж. жіктеу есімдіктері (мен, біз, сен, сіз) І, ІІж. бастауыш болады да, олардан басқа сөз атаулының бәрі бастауыш қызметінде тек Шж. мағынада айтылады. Сондықтан Жұмабай айтты, жолдасым айтты, жолдасың айтты деген сөйлемдердің баяндауыштары Шж. Бастауышпен қиысып, сол Ш жақта тұрады.
Қазақ тілінде жоғарыда айтылғаннан ерекшелеу келетін, бастауыш қызметіндегі сөз тәуелдік жалғаудың қай жағында тұрса, олардың баяндауыштары да сол жақта бастауышпен қиысатын бірнеше сөз бар, оның бірі – өз есімдік. Олай болуы бұл есімдіктің кімге де болса тәндік мағынасымен байланысты. бұдан басқа бәрі, біреу, екеу, үшеу, төртеу, жетеу де дәл осылай.
Бастауыштың баяндауышпен жақтық қиысуының 2 түрі: жалғаулы қиысу жалғаусыз қиысу. Түркі тілдерінде жалғаулы қиысуды І, ІІ жаққа, кейде баяндауыш ашық райлы етістік болғанда ІІІж. тән; жалғаусыз, мағыналық қиысуды тек қана Шж. есім баяндауыштарға тән деген көзқарас берік орын алып келді. Қазақ тілінің материалдарына қарағанда мағыналық қиысу І,ІІж. бар екені байқалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет