Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет10/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Сөйлемнің түрлері
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: Хабарлы сөйлем, жақты сөйлем, жақсыз сөйлем, атаулы сөйлем
Жоспары:
1.Хабарлы сөйлемге тән интонация. Хабарлы сөйлемнің құрылысы.
2.Сұраулы сөйлемдердің түрлері.
3.Бұйрықты сөйлемнің түрлері.
4.Лепті сөйлемнің түрлері.
5.Жақты және жақсыз сөйлемдер.Жалаң және жайылма, толымды, толымсыз сөйлемдер.
6.Атаулы сөйлем құрылысы.
Дәріс тезисі:
Олардың баяндауыштары бастауышпен қиысу үшін белгілі жақ жалғауларында не жалғаусыз жақтық мағынада айтылады. Соңғылардың жақтық тұлғаларына, мағыналарына дәлме-дәл үйлесімді болып айтылған (не айтылатын) бастауышы бар сөйлем ғана жақты болады. Мысалы: Бізелімізде молшылық орнату бағдарламаларын бұлжытпайжүзеге асырып келеміз деген сөйлемнің бастауышы – біз.
Жақты сөйлемдердің бастауыштары сөйлем ішінде ерекше айтылмай да, оның қай сөз екені айқын болып тұра береді. Жақсыз сөйлемнің сипаттамасы. Бастауышы ерекше айтылмаған сөйлемдердің енді бірқатарын, жоғарғыдай толымсыз сөйлемдерден айыру үшін, мектеп грамматикаларында «жақсыз» сөйлем де атап жүрміз. Атаулы сөйлемдердің мазмұны осы шақтағы болмысты, құбылысты білдірумен байланысты болады. Сондықтан олар өткен шақтағы оқиға, іс жайындағы ой болмайды, көбінесе мезгілді, айналамыздағы табиғат құбылыстарын, заттардың сол заттық бейнелі қалпын айтуға арналған болады. Ондай атаулы сөйлемдер көбінесе көркем әдебиетте, табиғаттың суреті ретінде қолданылады.
Жалпы сөйлем мүшесі де, сөз тіркесі де, құрмалас сөйлемнің әрбір сыңары да тек сөйлемде ғана қолданылады. Олар сөйлемнің ішінде ғана қызметке ие болады да, жеке-жеке тұрып, ондай қызметке ие бола алмайды.
Әдетте жай сөйлем мен қосалқы синтаксистік топтың негізгі айырмашылығы – бірінің дербестігі, екіншісінің дербессіздігі. Сонда қосалқы синтаксистік топтар өз алдына оқшау қалпында синтаксистік объектіге арнайы жата қоймайтын категория болып шығады. Ол синтаксистік топтар тек басқа, яғни алдыңғы сөйлемнің ажырамас бір бөлігі немесе соны жан-жақты айқындайтын категория ретінде қолданылады.
Парцелляция жеке сөзді, сөз тіркесті, сөйлемді болып, өзі қатысты сөйлемнің, біріншіден, айрылмас бір бөлшегі іспеттес, екіншіден, мағыналық жағынан тиянақтаушы, үшіншіден, сөйлемнің өн бойына, не жеке бір мүшелігіне қатыстылығы, төртіншіден, бірақ ол қатысты сөздермен әдеттегі айқындауыштар сияқты тұлғалық жағынан кейде ұқсас, кейде ұқсас еместігімен де ерекшеленеді. Бұған қарағанда, ондай синтаксистік топтар қалайда өзі қатысты сөйлемнің ажырамас бір бөлігі, айқындауышы тәрізді, олар өз алдына жеке қолданылмайды, алдыңғы сөйлемнен бөліне алмайтын синтаксистік қосалқы топтар. Олардың үш түрлі тұлғада жұмсалатынын тілдік фактілер дәлелдейді. Ал құрамын сөз санына қарап та ажыратуға болады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет