Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01705 -қазақ, орыс тілдері мен әдебиеті Пән циклы атауы және коды



бет13/38
Дата25.05.2022
өлшемі0,72 Mb.
#145000
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38
Байланысты:
Силлабус ҚҚТ синтаксис
Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Ғарыш ұшу техникаларының әсерінен қоршаған ортаның химиялық ластануы, Педагогикалы? ?жымда бас?ару кезе?індегі жа?ашылды? ?дерісті? ??, Документ (61), Тұлғаны дамыту, қалыптастыру, тәрбиелеу факторларының өзара, Документ Microsoft Word
Бақылау сұрақтары:
1. Құрмалас сөйлемнің грамматикалық түрлерін тану принципі , олардың қалыптасу тарихы қандай болды?
2. Түркологияда, қазақ тіл білімінде ҚС түрлерін ажырату принциптерінің айқындалуы қалай?
3. ҚС түрлерін ажырату принциптерінің тілдердің құрылыс ережелеріне сай келуі дегеніміз не?


Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
1.Балақаев М.Қазіргі қазақ тілі. Сөз тіркесі мен жай сөйлем синтаксисі. Алматы, 1992.
2.Сайрамбаев Т. Сөз тіркесі мен жай сөйлемдер синтаксисі. Алматы, 1991
3.Қазіргі қазақ тілі /Синтаксис/(Ф.Ш.Оразбаеваның редакторлығымен). 2005ж.
4.Әміров Р.С.Жай сөйлемнің синтаксисі. Алматы, 1983
5.Балақаев М.Б., Қордабаев Т.Қазіргі қазақ тілі. Алматы, 1971
6. Аманжолов С. Қазақ әдеби тілі синтаксисінің қысқаша курсы. - Алматы, 1994.
7. Қазақ грамматикасы. - Алматы, 2002.


Дәріс тақырыбы: Құрмалас сөйлем қатарында танылмайтын полипредикативті бірліктер: төл сөзді сөйлем, қыстырма және қыстырынды сөйлемдермен келген сөйлемдер, сөйлем мүшесі қызметіндегі предикативтік бірліктер
Сағат саны:2
Негізгі сұрақтары: бірліктер, полипредикативтік бірліктер, предикаттық қатынас
Жоспары:

  1. Полипредикативтік бірліктер түсінігі, олардың құрмалас сөйлем қатарында танылмау себептері.

  2. Құрмалас сөйлем қатарында танылмайтын полипредикативті бірліктер: төл сөзді сөйлем, қыстырма және қыстырынды сөйлемдермен келген сөйлемдер, сөйлем мүшесі қызметіндегі предикативтік бірліктер.

Дәріс тезисі:

  1. Полипредикативтік бірліктер дегеніміз – бірнеше предикативтік қатынасқа негізделген бірліктер. Олардың құрмалас сөйлем қатарында танылмау себептері: 1) дербес басылымның болмауы 2) дербес интонациясының болмауы, 3) предикативтік сипатына қарамастан, сөйлем ішінде бір сөзге бағынып үйірлі сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, мағыналық дербестігінің болмауы, олардың сөйлем құрамына енгенде жеке сөйлемге тән модальдық сипат пен коммуникативтік мәнінен ажырап қалатындығы.

  2. Құрмалас сөйлем қатарында танылмайтын полипредикативті бірліктерге мына бірліктер жатады: төл сөзді сөйлем, қыстырма және қыстырынды сөйлемдермен келген сөйлемдер, сөйлем мүшесі қызметіндегі предикативтік бірліктер.

2.1.Төл сөзді сөйлем – құрамында төл сөзі бар сөйлем, ол құрмалас сөйлем қатарында танылмайды. Оның себебі – төл сөздің өзі енген сөйлемінің іргесін кеңейтіп, цитат не диалог түрінде келе алуы. Сондай-ақ тіліміздегі сөйлемдердің қай түрімен де берілуі
2.2. Қыстырма және қыстырынды сөйлемдермен келген сөйлемдер де құрмалас сөйлем қатарында танылмайды, олар жай сөйлем синтаксисі аясында қаралады. Оларға нақты сипаттама Қазақ грамматикасынан табылады: 2.2.1.Қыстырма құрылымдарға бір қалыпқа түскен фразеологиялық сипаты, шектеулі мағынасы бар, жеке қолданылмайтын құрылымдар жатады. Қыстырмалар арқылы сөйлемде берілген ойға сөйлеушінің қатынасы беріледі, олар модальдықтың лексика-грамматикалық тәсілі болып табылады, сөйлем мүшелерімен синтаксистік байланысқа түспейді. Қыстырмалар қыстырма сөз және сөз тіркестері, қыстырма сөйлем түрінде келеді.. 2.2.2.Қыстырынды құрылымдармен келген сөйлемдер де күрделенген сөйлемнің бір түрі ретінде танылады. Олар негізгі сөйлемнен өзгеше модальдылыққа, актуальді мүшеленуге ие. Қыстырындылар мынадай функциональды-семантикалық топтарға бөлінеді: 1) түсіндірмелі; 2) нақтылаушы; 3) сілтемелік; 4) толықтырушы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   38




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет