Сабақтың мазмұны: Саяси элита деп қазына-байлықты, қаржы-қаражатты бөлуге байланысты және т.б. саяси маңызды шешімдер қабылдауға қатысты жоғары мәртебесі мен ықпалы бар ұйымдасқан топты айтады. Қоғамда саяси элитаны тудыратын факторлар мыналар:
Қоғамға арнайы білімі, тәжірибесі, қабілетті бар кәсіби басқарушылар керек;
Адамдардың психологиялық /туа біткен/ және әлеуметтік /оқу, тәрбие/ теңсіздігі;
Қоғамда басқарушы еңбек жоғары бағаланады және ынталандырады;
Саяси элита стратегиялық мақсатты айқындайды, мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатын белгілейді, өз жоспарларын жүзеге асырудың тетіктерін табады, қоғам алдына қойылған мақсаттардың жүзеге асырулын бақылайды.
Саяси элитаның түрлері: Мұрагерлік, мысалы аристократтар;
Құндылықтық, жоғары және ықпалды қоғамдық және мемлекеттік позицияға ие адамдар;
Элита сонымен бірге, жоғары және орта болып бөлінеді. Жоғары элита бүкіл мемлекет үшін маңызды шешім қабылдауға ықпал етеді. Орта элитаға тұрғындардың 5 пайызы жатады, мына үш белгісі бойынша ерекшелінетін- табыс, кәсіби статус, білім. Осы белгілердің бір немес екеуіне иесі маргинал элита деп аталынады.
Саяси элитаның қалыптасуының екі жүйесі бар:
1. гильдий жүйесі /социалистік елдерде кеңінен қолданылған/
2. антрепренерлік жүйе /демократиялық елдерде қолданылған/
Гильдий жүйесінің ерекшелігі:
Жабықтығы;
Таңдау процесінің институциализация деңгейінің жоғарылығы /партиялығы, жасы, стажы, білімі, басшы мінездемесі т.б./;