Денешынықтыру


Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары №60



бет231/390
Дата07.02.2022
өлшемі353,16 Kb.
#88022
түріБағдарламасы
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   390
Байланысты:
2 5404868312226072454

Ұйымдастырылған оқу қызметінің жоспары №60
Білім беру саласы: Денсаулық. Таным Бөлімі: Денешынықтыру.
Тақырыбы: Біз ойнаймыз – дербес болуға жаттығамыз. (Таза ауада өткізу)
Мақсаты: Спорттық жаттығуларды орындау арқылы сенсомоторлық анализаторларын дамыту.
Міндеттері: мұзды жолдармен сырғанауға, тепе-теңдікті сақтауға үйрету. Жүгіру, қолы мен аяғы қимылдары үйлесімділігін бекіту. Шанамен сырғанауға жаттықтыру, қырын бұрылу, алдыға және жан-жағына қарау біліктерін дамыту. Жылдам әрекет етуін, көз мөлшерін, қимыл үйлесімділігін дамыту. Достыққа, дербестікке тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже жасайды: мұзды жолдармен сырғу, шанамен сырғанау.
түсінеді: сырғанаған кезде тепе-теңдікті сақтау, барынша жылдам қозғалу. қолданады: шанаға жылдам әрі дұрыс отыру және тұру білігін, жұптаса сырғанау білігін.
Құралдар мен материалдар: мұзды жолдар, шаналар, бағдарлау үшін ашық түсті заттар.
Денсаулық сақтау технологиялары: көзге арналған жаттығулар: «Мысық»,
Жалпақтабанның алдын алу – аяқтағы бұлшық еттер мен буын-сіңір аппаратын дамыту, «Мысық» – саусақтарға арналған гимнастика.
Билингвалды компонент: шеңберге тұрыңдар – встаньте в круг, сәлеметсіз бе – здравствуйте, сау болыңыз – до свидания
ҰОҚ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Шанаға назарларын аударады. Шананың неге арналғаны туралы айтып беруді ұсынады.
II. Негізгі кезең.
Жүру. Алаңмен баяу жүгіру , «ирелеңдеп» жүгіру, жүру.

  1. Заттарсыз жалпы дамытатын жаттығулар жасау (№3 кешен).

  2. Спорттық жаттығулар – мұзды жолдармен сырғанау.

Бір орыннан итеріле отырып, көлденең жолмен сырғанау. Жеке-дара тәртіппен орындау. Педагог сырғанау кезінде тепе-теңдікті сақтауға, қауіпсіздік техникасына баса назар аударады.
Бір-бірін шанамен сырғанату.
«Бәсекелесіңнен озып кет». Екі бала бір бала отырған шананы сүйреп келеді. Педагог тәрбиеленушілерге барынша тезірек келуді ұсынады. Шанамен бұрылуға және қозғалыс бағытын сақтауға баса назар аударады. Тапсырманы 3 тәрбиеленуші орындайды – мәре сызығына жақындайды, екеуі бір ойыншыны шанамен текшеге дейін және кері алып жүреді, шананы келесі жарыс қатысушыларына береді. Педагог шанаға отырғызу және тұру жылдамдығына назар аударады.
Зейінді дамытуға арналған қимылды ойын: «Қайда десем, сонда жүгір» (5 рет)
Ойында тек нұсқаудан кейін жүгіру, қалған тәрбиеленушілермен соқтығыспау керек екені ескертіледі.
Балалар бүкіл алаңда шашыраңқы тұрады. Педагог түсіндіреді: «Мен қайда десем, сендер сонда жүгіресіңдер және мені күтесіңдер». Содан кейін: «1-2-3 – маған қарай жүгір!» – балалар педагогке жүгіреді. Барлығын дұрыс жүгіргені үшін мақтайды, сосын: «1-2-3 – құрсауға қарай жүгір!» – дейді. Ойын соңында «1-2-3 – ешқайда жүгірме! » – дейді.
3. Шаналардың арасымен жүру және жүгіру.
III. Қорытынды кезең (Рефлексия).
Педагог қорытындылайды, балаларды мадақтайды. Қандай ойындардың қатты ұнағаны туралы айтып беруді ұсынады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   390




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет