Дәрістер кешені kv atot 3305 Арнайы тағайындау өнімдерінің технологиясы



бет29/31
Дата15.11.2022
өлшемі122,08 Kb.
#158231
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
Байланысты:
Лекциялар ТПСН (1)
112199, амыр жаю машиналары, ТОП (1), логика каз 03.02.22
Тәтті тамақтар
Тәтті тамақтар құрамына балғын және тез мұздатылатын жеміс-жидектер,компоттар,желе,мустар,самбуктер,кремдер,пудингтер және т.б кіреді.
Оларды дайындау үшін қант, жеміс, жидек,жаңғақ, әртүрлі жеміс-жидек шырындарын,экстракттарды, сироптарды, сонымен қатар жұмыртқа, сүт, кілегей, ұнды және жармалы өнімдерді қолданады.
Одан басқа ароматты және дәмдік заттарды яғни ванилин, цитрусты жемістердің қабығын, лимон қышқылын, кофе, какаоны қолданылады. Кисель, желе, крем дайындауда оларды қоюландыру үшін желатин мен картоп крахмалын қолданады.
Тәтті тағамдарға күріш, сүт, кілегей қосса ол оның құнарлығын арттырады.
Балғын жемістерден жасалған тәтті тамақтарды кеңінен қолдануға кеңес беріледі. Жеміс-жидектер жеңілсіңірілетін көмірсуларға(қант, глюкоза, фруктозаға) минералды заттарға және витаминдерге бай.
Тәтті тамақтар дәмі жағынан жағымды, сіңімді және қаныққанды сезім береді.Олар барлық диета түрлерінде қолданылады.Әсіресе тәтті тамақтарды ауырған жағдайда, тұз қолдану қарсы көрсетилген жағдайда және барынша жеңілсіңірілетін қанттар- қуық ауырғанда, жүрек, атеросклероз, гипертониямен ауырғанда қолданған жөн.
№8,9 диеталарда қантты ксилитпен немесе сорбитпен 1:1 қатынасында ауыстырады. Ксилит немесе сорбиттин күндік максималды тұтыну мөлшері 40г жоғары болмау керек, және бір қабылдағанда 20г аспауы қажет.
№1,5 диеталарында жеміс-жидектер, №8,9диеталарда көбінесе қышқылды- қышқыл-тәтті қолданған жөн.
№1,5 диеталарында лимон қышқылын және джем, тосапты тәтті жеміс-жидектерінен қолданған жөн (алма, қой бүлдірген, таңқурай).
Тәтті тамақтардан №1 диета үшін тәтті алма, №5 диетада тәтті және қышқыл-тәтті , №9 диетада қышықыл және қышқыл-тәттілерді қолданады.
Балғын және жылдам тоңазытылған жеміс-жидектер. Балғын жеміс-жидектерді жіберер алдында таңдап, жеміс сабақтарын алып, жақсылап ағын суда жуады.
Жеміс-жидектерді табиғи күйінде немесе қантпен, рафинадты пудрамен ,сироппен,сүтпен, қаймақпен береді.
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарына жылдам тоңазытылған жеміс-жидектер құрғақ тоңазытылған әдіспен (қантсыз), қант сиропында тоңазытылған күйінде, ал жидектер қантта тоңазытылған күйінде әкелінеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет