Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Сабақтың негізгі бөлімі. Сабақтың негізгі бөлімінің міндеттері мыналар



бет22/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4

Сабақтың негізгі бөлімі. Сабақтың негізгі бөлімінің міндеттері мыналар:


  • сабақ жоспарында қарастырылған дене жаттығуларын орындаудың білімін, іскерлігі мен дағдысы оқушылардың меңгеруі;

  • оқушыларды дене жаттығуларымен өз беттерінше айналысуға үйрету;

  • күрделі жаттығуларды орындау кезінде айналысушылардың мүсінін қалыптастыру;

  • организмнің тіршілігін және қимыл әрекеттерді жемісті үйретуді қамтамасыз ететін дене қасиеттерін тәрбиелеу.

  • моральдық және эстетикалық тәрбиеге ықпал ету, айналысушылардың жігерлігін шыңдау;

  • оқушылардың спорттық көрсеткіш деңгейлерін өсіру.

Сабақты өткізудегі негізгі бөлімнің ерекшеліктерін осы міндеттер анықтайды.
Біріншіден мұғалім оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағыдайлар туғызуға ұмтылады. Ол әр кезде өзара көмектесу, өзара үйрету мен қауіпсіздндіру тәсілдерін қолдана отырып, көрсетілген инициативаға және белсенділікке қолдау жасайды. Балалардың жіберген қателіктері туралы есептерін тәжірибеге енгізеді. Дене жаттығуларына үйретуде оқушылардың белсенділігін арттыру, оларды нәтижелерін жақсартуға бағыттауға көмектеседі. Көп жағыдайларда оқушылар қимыл техникасын меңгеруге немқұрайды қарайды. Олар үшін бұндай машақаты көп жұмыстың мағынасы түсініксіз болуы мүмкі. Нәтижелерін жақсарту керек екендігін көбінесе өзін-өзі көрсетуге талпынған балалар ұмтылады.
Материалдарды өту кезінде дене жаттығуларының мәнін, олардың организмге әсер етуін және өмір тәжірибесіндегі маңыздылығын, атақты спортшылар мен отан қорғаушылардың ерліктері жайындағы ақпараттарды жариялау арқылы толтырып, түсіндіріп отыру қажет.
Сабақтың негізгі бөлімінде оқушыларды сабақтың оптималдық тығыздығың мен жаттығулардың қайталанылу санын, үйрету кезінде 15-20-ға және бкеіту кезінде 30-40-қа жеткізу арқылы неғұрлым жоғарғы дене жүктемесі деңгейімен қамтамасыз етуі керек. Ол үшін мектептегі бар материалдық базаның жағыдайын барынша пайдалану керек.
Сабақтарды таза ауада өткізу кезінде, әсіресе ауа температурасының суық кездерінде ұзақ түсіндірулерден аулақ болу керек, қысқаша нұсқаулар мен бұйрықтар берумен шектелу, сабақта жоғарғы қарқындағы жаттығуларды қолдану қажет екендігін есте қатаң сақтау керек. Ыстық кездерде балаларды күннің сәулесіне қыздырып алудан сақаған дұрыс, ол үшін сабақтарды көлеңкеде өткізуге тырысу керек және жоғарғы қарқынынды жаттығуларды төменгі қарқынды жаттығулармен алмастыра отырып, оқушылардың күйін мұқият бақылап отыру қажет. Еліміздің спорттық залдары жоқ кейбір мектептері, дене шынықтыру сабақтарын жыл бойы таза ауада өткізуді тәжірибеге айналдырған.
Снарядттарды құру мен жинау сабақ барысында жүргізілуі тиіс. Сабақтың ары қарайғы жүрісіне кедергі келтіретін снарядтарды ғана жинау керек. Снарядттарды қондыру мен құралдар-жабдықтарды даярлауды сабақтың басталуына дейін, сабақтан уақытша босатылған және кезекші оқушылардың күшімен жасау керек. Мұғалім снарядтарды және құрал-жабдықтарды қондыру мен жинаудан жарыстар ұйымдастыруына болады. Айналысу орындарындағы арнайы тақталарда, оқушылардың жұмысын реттеуге арналған карточкалар тұрады.
Сабақтың бүкіл барысы білім берушілік бағытқа бағынуы керек. Бұл жерде іскерлік пен дағдының қалыптасуымен бірге, теориялық ақпараттардың маңыздылығы үлкен орынға ие болады. Теориялық ақпараттарға сүйене отырып, мұғалім әр сабақтың барысында өтіп жатқан материалдардың ерекшеліктері жайында оқушылардың білімдерін толықтырып орыруы керек. Осы жерде ақпараттарды бру кезінде пән аралық байланысты қолданғанда, үлкен тиімділікке қол жеткізуге болады. Ақпараттарды беру және оларды меңгеру кезінде оларға деген көзкарас немқұрайды болмауы керек, олар сабақтың талаптарына сай болуы тиіс. Оқушыларға математика, биология, физика пәндерінен алған білімдерін шебер ескертіп отырса, олар өтіп жатқан әрекеттерінің мәнін, маңыздылығын және құрылымын жақсы түсінеді.
Әр бөлімнің алғашқы сабақтарында, айналысушылардың алдыда тұрған материалдырын меңгеруге деген даярлығы анықталады. Бұл жерде сабаққа ауруына немесе басқа да жағыдайларға байланысты қатыспаған оқушыларға ерекше көңіл бөлінеді. Олар өз бетімен жасалатын жұмысқа тапсырмалар алады, қосымша сабақтарға қатысады. Тестілеу нәтижелері, сыныпты топтарға бөлуге негіз болып табылады.
Оқушыларды топтарға бағдарламада берілген дене жаттығуларының бөлімдерін үйрену үшін бөлуден басқа, әр сыныпта эстафеталар, ойындар және жарыстар ұйымдастыруға арналған тұрақты командалар құрылуы керек.
Сабақты барынша эмоционалдықпен қамтамасыз ету, негізгі бөлімнің тиімділігінің міндетті талабы болып табылады. Жағымды эмоциялар үйрету үдерісіне үлкен септігін тигізеді. Осының арқасында дене қасиеттерінің жетілуі арта түседі. Эмоционалдық көңіл-күйге ойындық және жарыстық сәттерді, техникалық оқу құралдарын, көрнекіліктерді қолдану арқылы қол жеткізіледі. Бұл бағытта балалардың көңіл-күйіне және жаттығулардың мінезін, қарқынын, амплитудасын, нақтылығын жақсы меңгеруге әсер ететін, әуеннің жетекшілігі үлкен көмегін тигізеді.
Әр сабақ балалардың дене қасиеттерін тәрбиелеуге ықпал етуі тиіс. Олардың дамуы оқу процессінің құрамдас бір бөлігі. Белгілі бір жаттығуды меңгере отырып, оқушы сонымен бірге дене қасиеттерін дамытады. Дегенмен бұл үдеріс аяқ асты болмауы керек, кез келген қасиетті тәрбиелеу үшін үлкен күш салу керек екендігін естен шығармаған жөн. Оқушыларға қойылған талаптарды үнемі жоғарлату, олардың дненсінің дамуына ықпал етеді.
Дегенмен күштің, жылдамдықтың, төзімділіктің, ептіліктің және иілгіштіктің қажетті деңгейіне қол жеткізу үшін бұл шаралар аздау болады. Ереже бойынша әр сабақтың негізгі бөлімінің аяғында арнайы уақыт бөлінетін, арнайы жаттығулар да керек. Осы мақсатта шеңберлі жаттығу әдісі кеңінен қолданылады.
Дене қасиеттерін тәрбиелеу жөніндегі жұмысты, жоғарға көрсеткіштерге қол жеткізуге ықпал етеуге бағытталған жаттығулардың тәсілдерін меңгерудің қажеттілігі тұрғысынан қарастырған жөн. Мысалы, секіруде жақсы жетістіктерге қол жеткізу үшін иілгіштік және жылдамдылық-күш қасиеттерінің жоғарғы деңгейі қажет.
Дене қасиеттерін кешенді түрде тәрбиелеген дұрыс. Дене қасиеттерінің даму барысындағы бірімен бірінің өзара байланысының заңдылықтары және дене шынықтыру сабағының логикасы, жұмыстың осындай реттлігіне жағыдай туғызады. Сабақтың дайындық бөлімінде ептілік пен жылдамдылықты дамыту үшін неғұрлым қолайлы жағыдайлар жасалады. Жаттығулардың үлкен көлемі, жаңа қимыл әрекеттерінің қосылуы, жылдамдыққа берілетін аяқ асты тапсырмалар қозғалыс тәжірибесін байытады және жылдамдылықтың дамуына ықпал етеді. Негізгі бөлімде берілген дене жүктемелері күш пен төзімділікті тәрбиелеуге жағымды ықпал етеді, ал қорытынды бөліміндегі босату мен созылуға берілген жаттығулар оқушылардың иілгіштік қасиеттерін жетілдіруге көмегін тигізеді.
Дене қасиеттерін кешенді тәрбиелеу көрінісінде алдыда тұрған сабақтар қатарының оқу материалдарының мінездемесіне байланысты, осы сабақтарда тәрбиеленетін дене қасиеттеріне мұғалім ерекше назар аударады. Мысалы, төзімділік қасиетін ұзақ қашықтықтарға жүгіру жаттығулары қолданылатын сабақтарда дамытқан жөн, күш қасиетін тәрбиелеу үшін гимнастикалық жаттығулар қолданылатын сабақтарда қолайлы жағыдай туады, ептілікті спорттық және қозғалыс ойындарын пайдалану арқылы дамытқан дұрыс.
Негізгі бөлімнің нәтижелілігінің ең негізгі шарты – оқушылардың тапсырмалар мен жаттығуларды дұрыс орындауын мұғалімнің мұқият бақылауы және оларды бағалауы болып табылады. Мұғалімдер, сабақтың моторикалық тығыздығының төмендеуінен қорықпастан, жіберілген қателіктерді дер кезінде түзетіп, қажетті нұсқаулар енгізіп отырулары керек. Сабақтың тығыздығы алдыға қойған мақсаттың ең негізгісі емес, ол сабақтың міндеттерін жетістікпен шешудің бір шарты ғана болып саналады.

Сабақтың қорытынды бөлімі. Сабақтың қорытынды бөлімі дене және эмоционалдық қозу деңгейін біртіндеп бәсеңдету мақсатында қолданылады. Бірақ осымен қорытынды бөлімнің міндеттері аяқталмайды. Қорытынды бөлімнің негізгі міндеті, оқушылардың жұмыстарын мұғалім жағынан жәнен өзін-өзі бағалау арқылы сабақтың нәтижесін шығару болып табылады. Сабақтың нәтижесін шығару кезінде мұғалім балаларды келесі сабаққа бағыттайды, үй тапсырмасын береді, өткен сабақта берілген тапсырмалардың орындалуын тексереді, баға қояды.


Үй тапсырмасын сабақтың кезкелген бөлімінде беруге болады, дегенмен оны қорытынды бөлімде ресми түрде қайталап айту керек. Сондайақ үй тапсырмасын текскруді де кезкелген бөлімде жүргізе беруге болады. Мысалы, дайындық кезеңінің соңында оқушылардың сапта тұруы, жаттығуларды орындауы, тәртібі және т.б. жағынан бірін-бірі бағалағандары орынды.
Сонымен, сабақтың қорытынды бөлімін қол жеткізген және алдыда тұрған жұмыстардың байланыс сәті ретінде қарастырған жөн.
Бастауыш сыныптарда өткізіліп жүрген «кейіпкерлік» немесе «тұлғалық» сабақтар үлкен назар аударуды және жан-жақты қолдануды талап етеді. Сабақтағы жағымды эмоционалдық көңіл-күй әр кімнің жетістікке жетуіне, өз жұмысынан және бүкіл сыныптың әрекетінен қуаныш пен қанағаттану әсерін алуға мүмкіндік береді. Бұл сабақтың жаңалығына сыныпты өзіндік, ерекше ұйымдастыру әдістерін пайдалану арқылы қол жеткізеді: сабақтың басталуына және сапқа тұру орынына өзгеріс енгізу, ән-әуен және ырғақты гимнастиканы қосу арқылы. Бұндай сабақтарға әр түрлі мамандықтардың элементтері мен атрибуттарын қосып жіберуге болады, ол өз кезегінде оқушыларды кәсіптік бағдарлауға ықпал ететіні анық.
Сабақтың өткізілу орыны бірде ғарышқа ұшу алаңына, бірбе мұхитта жүзген кемеге немесе автодромға және т.б. айналып кетеді. Мысалы, оқушылар акробатикалық жаттығуларды үйрену кезінде алдыға немесе артқа домалап қана қоймай, сонымен бірге үйреншіксіз жағыдайларда өз денелерін тепетеңдікте ұстауға дағдыланады, организмдерінің шайқалуға қарсы тұрақтылығын дамытады.
Бұндай сабақтарды бақылаудың алдындағы денені қыздыру ойындары ретінде жүргізуге болады. Осы сценари бойынша бақылау сабақтары да өткізілуі мүмкін. Олар өте маңызды білім беру міндеттерін шешеді – сабақтан алған білімдерін күнделікті өмірде қолданудың жолдарын көрсетеді.
Заманауй сабақтың ерекшелігі, техникалық, теориялық, дене және арнайы дайындықтарды қамтитын негізгі қимылдарды меңгерудегі бағдарламалық материалды оқып-үйренудің барлық бөлімдерінің бір үдеріске үйлесуі болып табылады, сонымен бірге спорттық жаттығулармен өз бетінше айналысу дағдыларын қалыптастыру.
Әр жастағы балалармен өткізілетін сабақтардың мазмұны мен әдістемелерін бағалай отырып, мынандый шешімге келуге болады: білімнің, қимыл әрекеттерін меңгерудің, өз бетінше айналысуды игерудің және дене қасиеттерін дамытудың бірлігін сақтаған кезде, алдыңғы қатарға оның жан-жақтылығы шығатыны анық. Сонымен, бастапқы сынып сабақтарында балаларға тәртіпті сақтау ережелерінің дағдысын қалыптастыру, қимыл мен қозғалыс әрекеттерін кең көлемде үйрену арқылы оларды тәжірибеде қолдануға дағдыландыру және әдемі тұлға қалыптастыру керек. 4-8 сыныптарда сабақтардың кең білім беру бағыттылығы, жетекші бөлімі болып табылады. Жоғарғы сыныптарда алдында үйренген жаттығуларды қайталау және дене қасиеттерін тәрбиелеу арқылы жаттықтыру (машықтану) сабақтары басым келеді.
Сабақты өткізе отырып, жаттығулардың орындалу кезектілігін бағдарламада көрсетілген жоспарға сай ұстану керек. Жұмыс тіжірибесіндегі бақылаулар көрсеткендей, кейбір сабақтарда мұғалімдер ешбір себепсіз жоспарланған реттіліктен ауытқып жатады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет