Дипломдық ЖҰмыс 5В010800-Дене шынықтыру және спорт Шымкент, 2017


Сабақтың кіріспе бөлімі. Сабақтың кіріспе бөлімі келесі ретпен өткізілуі тиіс



бет21/35
Дата16.03.2022
өлшемі0,51 Mb.
#136035
түріДиплом
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35
Байланысты:
Айтилеуов Сакен
docx1545588075, Арнур, ктп, 4 курс билет ДШ тарихы, Спорттык туризм силлабус, Химия сабағында электронды дидактикалық құрал-жабдықтардың қолданудың тиімділігі, Disser, лекциялар жинағы Бағалаудың өлшемдік технология, 4 курс педагог, Cөйлеу шеберлігі, 4 курс Еңбекті қорғау 140322, 11 лек, Доктор, fd032c7f-dc69-4d37-86d3-aa31217442d4

Сабақтың кіріспе бөлімі. Сабақтың кіріспе бөлімі келесі ретпен өткізілуі тиіс:


  • Оқушыларды сабаққа қойылған міндеттерді саналы түрде орындауға ұйымдастыру және психологиялық дайындау; оларды жемісті еңбек етуге эмоционалды даярлау;

  • Оқушыларды белгілі бір мінездегі жаттығуларды меңгеруге даярлау (ойындық, жеңіл атлетикалық т.б.);

  • Интенсивті және күрделі жаттығуларды орындауға оқушылардың организдерін функционалдық даярлау.

  • Мүсіннің қалыптасуына жәрдемдесу, ептілікті және қозғалыс қызметін басқара алуды тәрбиелеу.

Кіріспе бөлім сабақтың жалпы міндеттерін жүзеге асырудың қолайлы жағыдайларын қамтамасыз етуге байланысты міндеттерді шешеді, сонымен бірге өзіндік білім беру және сауықтыру міндеттерін қамтиды. Сабақ сыныпты жалпы сапқа тұрғызу мен кезекші оқушының сабақтың басталуына даярлығы жайындағы баяндауымен басталады. Баяндау процедурасы кіші мектептік жастағы балалармен жүргізілетін жұмыста міндетті емес. Ол бағдарламада үшінші сыныптан бастап қарастырылған. Дегенмен балаларды баяндаумен таныстырғанда, оның тәрбиелік мәнін және барынша тәртіптілікті талап ететіндігін айта кету керек.
Сәлемдесуден кейін кезекші оң қапталға тұрады. Бұл әр оқушыға бір оқу жылының ішінде екі рет көшбасшының орынында болуға мүмкіндік береді, ол өз кезегінде саптық жаттығуларды орындаудағы оқушылардың қызмет әрекеттерінің белсенділігін арттырады. Мұғалім оқушыларды сапқа тұрғызудағы біріне бірі ұқсастықтарды және орналастыру мен қозғалыстың шаблондығын болдырмауға тырысады. Мысалы, балаларды алдымен бір қатарға және диоганал бойынша тұрғызады, қыздар мен ұлдарды кезек бойынша оң және сол қапталға тұрғызуға болады. Мұғалімнің тапсырмаларын орындауға мүмкіншілік туғызу үшін, екі шеренғаға әр түрлі интервал бойынша және т.б. тұрғызылуы да мүмкін. Бастауыш сыныптардың мұғалімнің алдында өз қалаулары бойынша орналасуының мәні өте зор болып есептеледі.
Төменгі сыныптардағы алғашқы сапқа тұрғызуды мұғалім жүргізеді, ортаңғы және жоғарғы сыныптарда – мұғалімнің келісімімен кезекші оқушы атқарады. Сабақ басталғанға және мұғалім сабаққа келгенге дейін оқушылар сапта турулары және сәлемдесуге дайын болулары тиіс.
Сәлеммен алмасу – сабақтың дайындық бөлімінің міндетті сәті. Ол екі жақтылық сыпайы, сабырлы, оқушы мен мұғалім арасындағы қатынасты тәрбиелеуші болуы тиіс, алдыда тұрған бірігіп атқаратын жұмыстың жемістілігін қамтамасыз ктуі керек.
Бірінші сабақтарда сәлемдесуден кейін сыныптың құрамымен танысу мақсатында мұғалім оқушылардың тегін атап шығады, одан кейін бірден үй тапсырмасының орындалуын тексеруге кіріседі. Естерінізге салайық, үй тапсырмасын тексеруді сабақтың өту барысында (негізгі, керек болған жағыдайда қорытынды бөлімінде) тексеруге болады.
Сонан соң мұғалім сабақтың міндеттерін жариялайды. Оңың мәнін сабақтың негізгі бөлімінде нақтылауға болады.
Кіріспе бөлімнің амалдарына сапқа тұру және қайта тұру жатады: жүріс жаттығуларының барлық түрлері – жәй, жұмсақ, жоғары және серппелі адыммен, өкшеден табанның ұшына қарай, табанның ішкі және сыртқы қырларымен, аяқтың ұшымен және өкшесімен т.б.; жүгірудің және секірудің барлық түрлерін қолданып; би жаттығулары; кедергілерден өту; зейінділікке жасалатын жаттығулар; заттармен және заттарсыз, снарядтарда, қозғалыста және орнында, жұптасып жасалатын жалпы дамыту жаттығулары;
Сабақтың дайындық бөлімінде кезектескен үш тарауды бөліп айтуға болады: жалпы, арнайы және жеке-даралық. Жалпы – негізінен сауықтыру және функционалдық дайындық міндеттерін шешеді; арнайы – оқушыларды белгілі бір құрамдағы және мінездегі жаттығуды меңгеруге даярлайды; жеке-дара – бұл тарауға аздаған бос уақыттар бөлінеді, ол кезде оқушылар қойылған тапсырманың шешілуін жақсарту үшін, мұғалімнің ұсынған және өзі таңдап алған жаттығуларын орындайды.
Жаттығуларды орындау үшін сапта тұрудың алуан түрлері қолданылады: бір-біріне жақын және алшақ тұру; шеңбермен тұру (бір, екі, үш шеңбер құрып), төрт және үш бұрышпен, доғамен т.б. Егерде снарядтар қонырылған болса, онда жаттығуларды орындауға ыңғайлы болу үшін, мұғалімді көру және жолдастарына кедергі жасамау мақсатында, оқушылар залда өз еріктерімен орналасады.
Таңдап алынған жаттығулар, аз уақыт жұмсап бір мезетте және бірнеше міндеттерді тиімді шешуді қамтамасыз етуі тиіс.
Сонымен бірге әр сабақта дайындық бөлімінің бар мүмкін болған міндеттерін шешіп жатпай, өзіне керекті міндеттерді ғана шешеді. Ол үшін сабаққа дайындық барысында оқушылардың дайындық деңгейіне қарай неғұрлым сәйкес келетін амалдар таңдалып алынады.
Ойындық тәсілмен өткізілген кіріспе бөлім, айналысушылардың организмдерін алдыда тұрған міндеттерді шешуге даярлауға және оқушылардың эмоционалдық көніл-күйін көтеруге нақты бағытталуы керек. Сонымен бірге, қимыл-әрекеттер мен жаттығуларға бағытталған ойынның және ойындық тапсырмалардың арқасында, өткен материалдарды бекіту мен координацияна дамыту міндеттері де шешіледі.
Кіріспе бөліміндегі барлық жаттығуларды көлеміне, жылдамдығына және орындалу мінездемесіне қарай, жәй жүрістен, қарапайым жалпы жетілдіру мен би жаттығуларынан бастап, ұлдар мен қыздарға бірінші сыныптан-ақ әр түрлі орындауды талап ететінін ескере отырып жеке-дара түрде беру керек.
Іс жүзінде барлық дене шынықтыру сабақтарында жүгіру жаттығулары кеңінен қолданылады. Бастауыш сыныптардың алғашқы сабақтарында балаларды белгілі бір жылдамдықта, адымдарының ұзындығын және жиілігін өзгертіп жүгіруге үйрету керек. Бір жылдамдықта жүгіруді үйренгеннен кейін жан-жаққа қаша жүгіруді үйрету басталады, бұл кезінде оқушылардың жүгіріс жылдамдығы, бағыты, жүгіріс пен жүрістің алмасуы жеке-дара өз бетінше ауысып өтырады.
Балалардың саптық әрекеттеріне өте қатаң талаптар қойылуы тиіс. Бұл талаптардың орындалуы мұғаліммен бағаланады және қорытынды бағаны шығару кезінде ескеріледі.
«Алдыңғы жаттығу меңгерілмей, бір кадам алға баспаймыз!» деген ұран әр мұғалімнің жеке ережесіне айналуы керек.
Бірқатар жалпы дамыту жаттығуларын орындату кезінде олардың орындау барысын жақсы қадағалауға мүмкіндік алу, оқушылардың эмоционалдық көніл-күйлеріне жағымды ықпал етету және эстетикалық тәрбиенің қалыптасуына әсер етету мақсатында, берілген жаттығуларды бір уақытта (синхронно) орындауды талап ету керек. Осы мақсатта сабақта дауылпазды қолдануға болады.
Сабақтың кіріспе бөлімінде жаңа және бұрын меңгерілген жаттығулар барынша біріктірілуі керек. Оқушыларды шамадан тыс шаршатуға болмайды. Барлық жаттығулар әр түрлі қарғынмен, амплитудамен, ширығумен және жылдамдықпен орындалуы керек.
Жаттығуларды орындау кезінде, оқушыларды басқару тәсілдерін таңдап алуға үлкен назар аудару керек. Олар алуан түрлі және тиімді болулары тиіс. Мұғалімдер сабақты басқаруда келесі тәсілдермен қолданады: санаумен, шапалақтаумен, окушылардың өздеріне санатумен (дауыстап немесе іштерінен), әуеннің жетегімен, жарыс элементтерімен, мұғалімнің артынан ілесумен. Қандай басқару тәсілін қолданса да мұғалімнің ескертулер жасауға, қателіктерін түзетуге, оқушыларды сергектендіруге мүмкіндігі болуы керек.
Жаттықтыру сабақтарының әдістемесіне жақындатылып өткізілетін жоғарғы сынып оқушыларының сабақтарында, кіріспе бөлімнің тығыздығын ұлғайтқан жөн.
Сабақтың кіріспе бөлімінің ұзақтығы – 10 минутқа дейін. Оның жемістілігі бұйрықтардың дұрыстығы мен нақтылығында және олардың тура осылай орындалуында болатыны анық.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет