Дипломдық жобаны (жұмысты) орындаудағы Тапсырма Студентке Сейтова Лена Мұратқызы


Киіз өңдеуде қолданылатын қазіргі заманғы технологиялар. Инелер технологиясы



бет15/17
Дата27.02.2022
өлшемі105,68 Kb.
#133596
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17
Байланысты:
Сейтова Лена Мұратқызы
Бижанова Алма, жүйке-сезім мүшелері
2.3. Киіз өңдеуде қолданылатын қазіргі заманғы технологиялар. Инелер технологиясы.

Қазіргі кезде киіз бұйымдары нағыз қауырт өркендеу дәуірін бастан кешуде. Бұл икемделгіш және пластикалық қасиеті бар материал іс жүзінде бүкіл әлемге танымал. Қазіргі шеберлер бұйым жасауда өте кең ауқымда киізді пайдаланады. Ол жиһаз бен интерьер заттарынан, пуфиктер мен орындықтардың сәнді кілемшелерінен, перделер мен жастықтардан, үстелге қойылатын сәнді жаймалар мен мата салфеткаларға арналған сақиналардан, ыстық кастрөлдердің астына қоятын төсеніштерден және оларды ұстайтын тұтқыштардан, ыстық жұмыртқаларға арналған қорапшалардан және жылытқыштардың қаптамаларынан, шамдардың абажурларынан және перделердің безендірмелерінен, сәнді панно мен еденге төсейтін кілемдерден тиісті орын алған. Бұл тамаша материалды модельерлер де өз назарынан тыс қалдырммаған. Олар қазіргі заманғы әртүрлі технологияларды пайдалана отырып, сан түрлі фактуралар мен маталарды – жібек, мақта, кендір, тоқыма заттарды үйлестіре отырып, нағыз өнер жауһарларын жасап жүр. Киімге арналған киіз бижутерия мен аксессуарларды да кездестіруге болады. Олардың ішінде – моншақ, сәнді түйме, шаш қыстырғыш, бөкебай мен білезіктер, белдіктер мен сөмкелер, әмияндар мен ұялы телефондарға арналған қаптамалар, жеңіл аяқкиім, тіпті етіктер, бөріктер мен береттер, косметика қалталары мен құжаттар үшін мұқабалар, бизнес-папка мен пеналдар бар. Қолөнершілер сый етіп тартуға ыңғайлы өнімдерді, шыршаны безендіретін ойыншықтарды ықыластана жасайды. Қазіргі заманғы технологиялар киізді жылдың кез келген уағында, шағын орында және азғана шығын шығарып жасауға мүмкіндік береді. Киіз бұйымдар дайындау тіпті балалардың да қолынан келеді, тек оған белгілі бір машық пен төзім керек. Киіз басудың дымқыл және құрғақ әдістері деп аталатын жолдары бар. Бірінші әдіс, аты айтып тұрғандай, суды және киіз басу үдерісін жылдамдататын құралдарды қажет етеді. Оның сабын немесе «Турбо» тәрізді арнайы жуғыш құрал болуы ықтимал. Екінші әдіс өз тіршілігін жақында ғана бастады. Ол жазық заттарды да, жұмыр көлемі бар заттарды да жасауға мүмкіндік береді. Онда арнайы инелер қолданылады. Бірімен бірін үйлестіре қолданғанда, олар шығармашылық үшін шектеусіз мүмкіндік туғызады. Бұл қалдықсыз технология (жүн мен киіздің қалдықтары пайдаланылады) бижутерия, сыйға тартатын сувенир сипатты ұсақ заттар, ойыншықтар жасау кезінде қолданылады.


Инелер техникасы
Жазылған жүнді арнайы инелердің көмегімен тығыздау – киізді құрақ басу деп аталады. Жұмыр детальдерді әзірлеу кезінде бұл техника жабыстыруды еске салады. Сондай-ақ, құрғақ басуды кейде фильцнаделдеу деп те атайды. Бұл жүнді алдын ала тығыздауды білдіретін неміс сөзінен шыққан (filz – жүн, nadel – ине). Ағылшын нұсқасында бұл техника needle feltіng деп аталады. Бұл жағдайда басу үдерісі тұла бойында кертпелері (кертіктер) бар инелер арқылы жүреді. Бұл кертіктер жүн ішінен өткенде, жүн талшықтарын іліп әкетіп, араластырады, түрлі қабаттағы жүнді матастырып кіріктіреді. Иненің сұлбасы әдетте үшбұрыш түрінде болып келеді. Инелер неше түрлі болады – жуандығы, ұзындығы мен белгіленуі әртүрлі: 32, 36, 38, 40, 42 – мөлшер (халықаралық классификация); ірі, орташа жіңішке немесе А, В, С, Д.
2.4. Бояу алу. Киізді бояу технологиялары мен амал-тәсілдері.
Өрнектің түстері мен бояуларындағы ерекшеліктер.


Ерте кезде қазақтар жүнді өсімдіктен алынған бояулар мен басқа жақтан алып келінетін анилин бояуларымен бояған. Дегенмен өзінің арзандығы, оңай қолға түсуі жағынан өсімдік бояуларын анилин бояуы көбінесе ығыстырып отырды. Міне, сондықтан өсімдіктен бояу алу Қазақстанда ХХ ғасыр басында шұғыл төмендеп кетті. Өсімдік тамырынан бояу алу, жүнді онымен бояу жұмыстарымен қазақ әйелдері көбінесе күздігүні айналысқан. Бұл уақытқа дейін керекті өсімдіктер мен өсімдік тамырларын жинаумен шұғылданады. Барлық жерге белгілі өсімдік бояуы, «томар бояуы» мен «қызыл бояу шөп» (марена) болды. Оларды керегінше күздігүні қызып алып сыртқы қабығынан тазартады. Егер де тез арада бояу жасалатын болса, сол күйінде мұздай сумен ғана жуылады. Ал кейінге қалдыратын болған жағдайда жуылған тамырды күн көзінен кептіріп, ұзақ уақыт сақтау үшін ұнтаққап құрғақ жерге алып қоятын болған. «Томар бояуды», ашудасты ыстық суға салып араластырып қайнатқанда – сары бояу, «қызыл бояу шөп» - қызыл бояу берген. Қазақтар көк бояуды ермен, жусан мен қайың жапырағынан, ашық қызылды қынадан, ашық сары атқұлақтан, т.б. алатын болған. Боялатын жүн міндетті түрде алдын ала мұздай суға жуылуы тиіс. Қызыл, сары, көк және осыларға жақын түстегі бояулармен тек қана ақ жүн ғана боялуы тиіс. Бояу жасауда мынадай деп белгілі бір рецепті беру қиын. Өйткені, оның түрі көп. Оның себебі қазақтар бір өсімдік пен екінші өсімдік арасынан әр түсті бояу алуы мүмкін. Сондықтан әркім өзі қалаған түсте бояу жасап алып отырған. Боялуға тиісті жүн бояйтын ерітіндімен бірге қайнатылады. Содан кейін боялған жүн кептіріліп қолмен қайта түтіледі. Боялған жүннен үй ішіне керекті алуан түрлі заттарды жасауға болады. Қазақ шеберлері ат қымыздығының тамырларын да пайдаланған. Оларға қышқыл шарап тұзын қосқанда – сары түс, ал темір басытқысын қосқан кезде – қара түс пайда болады. Құм қарағанының тамырлары сары түсті қамтамасыз ететін, ал кәдімгі түйе жантағы тікен, концентрациясына – қоюлануына қарай, шикізатты түрлі реңкке – шымқай сарыдан ашық-қоңыр түске дейін бояй беретін. Дала қырықбуыны сұрлау және сарылау түстер беретін. Қарақат деп аталатын жабайы қара жиектен,қоюлығына қарай , қоңыр, сұр, жасылтым, көк және көгілдір түстер алуға болады. Жәрмеңкеден сатып алатын индиго шөбі көк түске бояйды. Анардың шырынын қызыл түс жасау үшін пайдаланған, ал оның қабығын – алтын реңдес сары түс алуға қолданылған. Жаңғақтың жасыл қабығы жасыл түске бояйтын, ал осы жаңғақ ағашының жапырақтары – ашық-қоңыр түс беретін. Құлақшажапырақты кермек шөпті де пайдаланған, оның тамырларының көмегімен сан түрлі түс: сары, қара, жасыл, қызғылт реңктер алуға болады. Сондай-ақ қынаның тамырлары мен сабақтары да қызыл түс алу үшін жиі пайдаланылатын. Ышқын деп аталатын рауғаш тамырларын пайдалану қазақтар арасында өте ертеден кең қолданылған, өйткені ол қара-қоңыр түстер алуды қамтамасыз ететін. Сондай-ақ тамырларынан қызыл бояу алынатын марена шөбі де танымал болды. Ол өңдеу тәсіліне қарай түрлі түс: қызыл, қызғылт, күлгін, қызыл-сары, сары реңктер беретін. Жусан жапырақтарының қайнатылған тұндырмасы жасылтым түске бояйтын, сонымен бірге күйеге қарсы әрекет ететін. Емен қабығынан қоңыр түс алатын. Сондай-ақ шымқай қызыл, қызғылт және көкшіл түстердің әдемі реңктерін беретін кошениль тәрізді бояғыш заттарды пайдаланған. Тұтастай алғанда, өсімдік бояғыштары тудырған түстер палитрасы бекемдігімен, жұмсақ реңкімен және денсаулыққа зиянсыздығымен ерекшеленеді. Олар бояу реңктерінің мол болуына қол жеткізеді, ал бұл бояулар жарасымдылығын қамтамасыз етті. Қазіргі кезде қолөнер саласының кәсіби суретшілері аталған бояғыштардан басқа, пияз қабығы (сарғыш), қызылша (тоқ сары түс), шайқурай (сары), қымыздық (пісте түсті, ашық жасыл), бөріқарақат жемістері (қызылдан қызғылтқа дейін), түйебұршақ (сары), киікоты (қызғылт сары-қызыл, қоңыр-қызғылт), қара бүлдірген (күлгін), түймешетен (жасылдың реңктері), тұт (қызыл-сары, сұр), ақшешек (алтын түсті ) қайнатпаларының тұндырмаларын пайдалана бастады. Бояғыш сығындыны алу үшін әдетте өсімдікті майдалап ұстатын, сосын оны қайнатып, судан сүзіп алатын. Қазіргі шеберлердің тәжірибесінен кейбір өсімдіктің үстеме бояғыштық қасиетін байқауға болады. Әдетте аулада бояйды. Түсті реңк өзгеріп кетпес үшін, тамаққа арналмаған эмаль ыдыстарды пайдаланылады. Әуелі тостағанда аздаған суға анилин бояғышты біркелкі қоймалжың масса шыққанша езеді (жүннің 1 кг-на 1 ас қасық бояғыш және 2 л су қажет). Сосын оны қайнап жақан суға құйады да, жүнді бір сағаттай қайнатады. Бұл кезде жүнді тегіс таяқшамен араластырып тұру қажет. Түстің реңкін бекіту үшін бояғышқа тұз, бір шай қасық ашудас немесе уксус қосу қажет. Су мөлдір болғанға дейін бояйды. Судың мөлшерленуі жүннің бояғышты түгелдей сорып алғанын көрсетеді. Бояп болғаннан кейін жүнді жылы суда шайқап шаяды. Одан алақанмен қысып, суын сорғытады. Сөйтіп, кептіру үшін көлеңкеге жайып қояды. Күн көзіне жаюға болмайды, өйткені күн сәулесінен түстің оңып кетуі мүмкін. Шеберлер бояу және бояуды қанықтыру кезінде қосымша әдістер де қолданады. Біріншіден, бояу алдында жүнді 2 сағат бойы ашудас ерітіндісіне салып қояды. Ерітіндінің қоспалық құрамы мынандай үлеспен жасалады: 1 кг жүнге 40 г ашудас салады, оны, бояғышты жақсы сіңіруі үшін, 40 л суға еріту керек. Сосын, дайын болған соң, боялған жүнді 5-7 минут бекіткіш сұйыққа салу қажет. Бекіткіштің құрамы мынандай: 40 л су (70 градус) және 100 г ашудас. Осы процедурадан кейін жүнді шайып алады да, кептіру үшін көлеңкеге қояды. Өрнектердің түстері мен бояулары. Өрнек әшекейлерді бояудың түсіне қарай оюластырудың зор мәні бар. Әрбір түс белгілі тәртіппен кезектесіп отырмаса өрнек әрсіз, нашар болып шығады. Ретсіз орналасқан бояу түстері қандай жақсы өрнекті болса да күңгірт, солғын түске айналдырады. Ою-өрнектерді әр түсті бояулармен араластырып отырудың кейде мазмұнға байланысты логикалық ұғымы да бар. Мысалы, өсімдік бейнесіндегі өрнектерге жапырақты кестелеген шебер, не көктем кезіндегі алқызыл, не жасыл түс беруді, не күзгі күрең қызыл, сарғылт тартқан солғын көк түрінде беруді қарастырады. Содан кейін осы мазмұнына қарай маталарды, кесте жіптерінің түстерін таңдап алып, оны табиғат көркіне лайықтап орналастырады. Бірақ мұны жүзеге асыру үшін шебердің ептеген суретшілік қабілеті болуы керек. Фон және суреттердің түсі жөніндегі шешімдер композициялы болып келеді. Қазақта қайсібір түстердің символдық мәні бар: көк түс – аспанның символы, қызыл түс – оттың, күн көзінің символы, ақ түс – ақиқаттың, қуаныштың, бақыттың символы, сары түс – ақыл парасаттың, қайғы- мұңның символы, қара түс – жер символы, жасыл түс – жастықтың, көктемнің символы. Затты осы түстердің бірімен бояғанда оған белгілі мән беріледі. Демек, бояу мен түсті таңдап орналастыру тарихында әрбір елдің ұлттық өзіне тән талғамы мен татымы болған. Қолөнерде пайдаланылатын бояулардың негізінен үш түрі бар. Біріншісі – осы заманғы химиялық әдістермен өндіретін алуан түсті порошок, не сұйық бояулар. Бұларды кез келген шаруашылық дүкендерінен табуға болады. Екінші – табиғатта даяр күйінде кездесетін бояулар. Бұлар топырақтан, жосадан (охра), әр түрлі минералдар мен өсімдік жемістерінен, малдың қаны мен бауырларынан алынады. Үшіншісі – шеберлер өздері қолдан жасап алатын бояулар, оларға әр түрлі қоспалар қосылып пайдаланылады. Бұрын табиғатта жиі кездесетін және сол күйінде пайдалануға жарай беретін ақ, сары, көк, қызыл және қара топырақтар, түрлі түсті жосалар ағашты, теріні, қайысты бояуға жұмсалған. Сол сияқты малдың қанын, қара бауырын, көк бауырын да бояу ретінде пайдаланған. Халық шеберлері шие жемістерін, әр түрлі өсімдіктерді, олардың қабықтары мен тамырларын қайнатып бояу жасау әдісін көп қолданған. Қына (жер қынасы, тас бетінің қынасы) «томар бояу» дейтін қурай мен тобылғының тамырларын қайнатып та бояу жасаған. Қабықтарды күздігүні жинап қол диірменге тартып не келіге түйіп ұнтақтап қайнатады. Шеберлер, қайнауына қарай, бояуынан арылған ұнтақтарды сүзіп алып тастап, қалған сұйықты одан әрі қайната беру арқылы оны қоюландырған, кейде порошок түріне келтірген. Мұндай қайнатымды бояуға ашудас, мүсәтір, тотияйын, тұз, қарағайдың шайырын қосатын. Сол сияқты қара күйе, ыс, құрым, өріктің, жаңғақтың сүйектері мен бидайдың, арпаның күйіктерінен де бояу жасаған. Бұларды бірімен-бірін қоспалау арқылы түсті бояулар жасалады. Бояулар сіңімді әрі оңбас үшін ермен, көкпек, итсигек, қара жусан ащы шөптердің тұндырмасын, құрттың сарысуын, кейде май қосатын болған. Халық арасында көк шөппен көк жапырақты сығымдап, оған көк тікеннің жемісін қосып, қара көк түсті бояу алатындар да бар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет