Әдебиет теориясы. Нұсқалық. «Фолиант» баспасы, 2003. 344 бет. «Әдебиет теориясы»



бет92/93
Дата22.12.2022
өлшемі1,48 Mb.
#163970
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93
Байланысты:
äåáèåò òåîðèÿñû. Íñàëû. «Ôîëèàíò» áàñïàñû, 2003. 344 áåò. « 2

Мәрсеков Райымжан (1879-1949)
Қоғам қайраткері, сыншы, көсемсөзші. Роман жанрына, қазақ әдебиеті тарихының даму кезеңдеріне қатысты еңбектер жазған.
Мәсімхан Дүкен (1963)
Филология ғылымдарының кандидаты, ақын, аудармашы. Халық ауыз әдебиетін, Қытай қазақтарының әдебиетін зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Оғызнама туралы зерттеу”, “Сарап”.
Мәшһүр Жүсіп Қуандық Пазылұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Қазіргі қазақ поэзиясына, стильге, қазақ әдебиетін оқыту әдістемесіне байланысты зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең сөздің патшасы”, “Қазақ поэзиясындағы стиль және бейнелілік”.
Мүсірепов Ғабит Махмұтұлы (1902-1985)
Қазақтың ұлы жазушысы, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдеби сын саласында ХХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің әр түрлі мәселелеріне арнап еңбектер жазған. Негізгі еңбектері: “Суреткер парызы”, “Заман және әдебиет”.
Мұқанов Сәбит (1900-1973)
Жазушы, ақын, драматург, сыншы, ҒА академигі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты. Әдебиет тарихы және әдеби сын саласында ХІХ-ХХ ғасырлардағы қазақ әдебиетін қатысты еңбектер жазған. “ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті”, “ХҮІІІ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті тарихынан очерктер” зерттеулерінің авторы.
Негимов Серік (1948)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Өлең табиғатына, ақын-жыраулар поэзиясының көркемдік сипатына, қазіргі қазақ әдебиетіне, шешендік өнердің теориясы мен тарихына арналған зерттеулердің авторы. Негізгі еңбектері: “Өлең өрімі”, “Ақын-жыраулар поэзиясының бейнелілігі”.
Нұрғали Рымғали Нұрғалиұлы (1940)
Филология ғылымдарының докторы, профессор, ҒА корреспондент-мүшесі. Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, ҚР ғылымына еңбегі сіңген қайраткер. Драма поэтикасын, А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Әуезов шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “Телағыс”, “Айдын”, “Әуезов және Алаш”.
Нұртазин Темірғали (1907-1977)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Б.Майлин, С.Мұқанов шығармашылығына байланысты зерттеулер жазған. Негізгі еңбектері: “Жазушы және өмір”, “Бейімбет Майлин творчествосы”.
Өмірәлиев Құлмат (1930-1985)
Тілтанушы ғалым, филология ғылымдарының кандидаты. Көне түркі әдебиеті, ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ әдебиеті туралы зерттеулер жазған. Әдебиетке қатысты негізгі еңбектері: “ХҮ-ХІХ ғасырлардағы қазақ поэзиясының тілі”, “Қазақ поэзиясының жанры мен стилі”.
Потебня Александр Афанасьевич (1835-1891)
Көрнекті орыс және украин оқымыстысы. Негізгі еңбектері: “Ой және тіл”, 4 томдық “Орыс грамматикасы бойынша жазбалардан”, “Славян халықтық мифологиясындағы кейбір символдар туралы”.
Розанов Иван Никанорович (1874-1959)
Орыс әдебиеттанушы ғалымы, профессор. Негізгі еңбектері: “Лермонтов орыс өлеңінің тарихында”, “Әдеби репутациялар”.
Рүстемова Қадиша Рүстембекқызы (1961)
Филология ғылымдарының докторы, профессор. Ә.Әлімжанов, орыс тілінде жазатын қазақ жазушыларының шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбегі: “Личность и история в прозе А.Алимжанова”.
Сент-Бев Шарль Огюстен (1804-1869)
Француз сыншысы және ақыны. ХҮІ-ХІХ ғасырлардағы француз әдебиетінің тарихын, француз театрының қалыптасу жолдарын, Шатобриан т.б. драматургтер шығармашылығын зерттеуші. Негізгі еңбектері: “ХҮІ ғасырдағы француз поэзиясы мен француз театрына тарихи және сыни шолу”, “Пор-Рояль”, “Шатобриан және оның Империя кезеңіндегі әдеби топ”.
Серікқалиұлы Зейнолла (1938)
Филология ғылымдарының кандидаты, зерттеуші, сыншы. Қазіргі әдеби процеске, сөз өнерінің эстетикалық мәніне байланысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Ақ жол”, “Дүниетану даналығы”.
Томашевский Борис Викторович (1890-1957)
Орыс әдебиетші ғалымы. А.Пушкин шығармашылығына, өлең құрылысына, әдебиет теориясына қатысты еңбектердің авторы. Негізгі еңбектері: “Әдебиет теориясы”, “Өлең және тіл”.
Тілешев Ербол Ердембекұлы (1965)
Филология ғылымдарының кандидаты. М.Жұмабаев шығармашылығына байланысты ғылыми еңбектердің, “Романтикалық поэма табиғаты” зерттеуінің авторы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   93




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет