Әлеуметтендіру институты Ғылыми редакторы



бет11/12
Дата18.02.2017
өлшемі2,17 Mb.
#9896
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12

132

барлық ұлттық мектептерінде “Елім-ай” бағдарламасының негізінде жасақталған ондаған үйірмелер жұмыс істейді. Халық педагогикасы-ның озық әдістерін облыс көлемінде кеңінен тарату мақсатында “Халық тәлімі” атты газет шығарылады. Мұның бәрі жас ұрпақты ұлттық педагогика негізінде тәрбиелеуге игі ықпалын тигізуде.

Мүғалімдер көңіліне қонып, балалардың ынтасын тудырып жүрген халық педагогикасының озық үлгілерінің бір тобы” “Атамекен” бағдарламасында жинақталған. Бұл бағдарлама Ы. Алтынсарин атындағы білім проблемалары институтының төл туындысы.

“Атамекен” — Қазақстандағы жалпыға бірдей білім беретін мектептердегі оқу тәрбие процесінің өзіндік ұлттық айшық ерекшеліктерін айқындайтын, қазақ халқының педагогикалық ой-пікірінің ең озық үлгілерінен тұратын ғылыми-педагогикалық және әдіскерлік (методиқалық) бағдарлама.

Бүгінде ұлттық мектептердің жанынан бұл бағдарлама бойынша балаларға арналған үйірмелер ашылып, оқу-тәрбие жұмыстарының мүлдем жаңа жүйесі құрылып отыр.

Арнайы бағдарлама түзілгенімен, белгіленген жұмысты жүзеге асыратын орындардың міндеті қай жерде болсын, өте ауыр. “Атамекен” бағдарламасын іске асыруға басшылық ететін, жөн-жоба нұсқап отыратын орын — жергілікті жерлердегі оқу бөлімдері мен оның қарамағындағы “Балалар шығармашылық үйі”. Сондықтан бұл орындардың қызметі, жылдық іс-жоспары көптеген мәселелерді жіті қарап, келелі жеңіске салуды талап етеді.

Дегенмен, кешегі Пионерлер үйінің іс-жоспарына сүйеніп, бірыңғай бағытқа үйреніп алған жергілікті оқу бөлімдерінің жауапты қызметкерлері мен “Балалар шығармашылық үйінің” әдіскерлері “Атамекен” бағдарламасына әлі де болса біржақты, үстірт, кейбіреулері, тіптен, қырын қарап жүр. Бұл дұрыс емес. “Атамекен” бағдарламасы бүкіл мектептен тыс тәрбие жұмыстарының бағыт-бағдарын айқындайтын шаралар жиынтығы. Әрине, мұны терең түсінген ұлттық мектептер әуелден-ақ, жергілікті оқу бөлімдерінің нұсқауыпсыз халықтық педагогика бағытында жұмыс жүргізуде. Айталық, сондай мектептердің қатарына Алматы облысы Райымбек ауданының М. Мақатаев атындағы Қарасаз орта мектебі жатады. Бұл мектептің жанынан құрылған “Алтын көмбе” халық педагогикасы орталығы — халықтық өнеге мен тәлімнің

133

қазыналы көзі. Орталық өсіп келе жатқан жас ұрпаққа халықтық өнеге үлгілерінен тәлім берумен қатар, оны көпшілік арасында насихаттаудың да қара шаңырағы, нағыз халық педагогикалық университеті болып отыр. Ол ауыл тұрғындарының барлық буындарын кең көлемде қамти отырып, қадым заманнан бергі жинақталған ұлттық татымды тәрбие тәсілдерін таразылайды, даналықтан үлгі-өнеге алуды әркімнің талғам таразысына салады. Ұлттық белгілерімізді, сапаларымызды жетілдіруге ықпал етеді.

Орталық үш салада қызмет көрсетеді. Олар — “Жанартау” өнер отауы, “Дидарғайып” кездесу отауы және жеткіншек ұрпақты әлеуметтендіру орталығы—“Ағалар алқасы” тәрбие отауы. “Жанартау” өнерді насихаттайды. Астанадағы М. Әуезов музей-үйі жанындағы халық университетінің дәстүрін ұстанған. Жастарды айтыс, зергерлік, ою-өрнек, кесте-өрім өнеріне тікелей баулиды. Бес жылдан бері талай отбасылық ансамбльдерге бағыт-бағдар берген, жас талапкердің қанатын қатайтқан да осы “Жанартау”. Оның бір жылдық дәрістер бағдарламасына ой жүгіртіңіз: қазақтың шешендік өнері, термешілер сайысы, мүшайра, әуесқой ән шығарушылар мен әуезді әншілер байқауы, кестешілер көрмесі. Отау шаңырағы астын-да Қиқымовтар, Мұхамедиевтер, Сүлтанаевтар, Қозыбаевтар от басылык, ансамбльдері ән-күйін әуелетті. Бозымбаевтар, Әліпбаевтар, Әмірбаевтар отбасыларының, оқушы А. Жайнақовтың сурет көрмелері отау көрегесіне көрік берді. Көне мұраны қастерлеуге арналған отаудың әрбір дәрісі мектеп шәкірттері мен ауыл тұрғындарының асыға күтер мерекесіне айналды. Отаудың өнер шымылдығы Ж. Өтеев пен М. Шымырбаевтың “Жанартау жырлары-мен” ашылады.

Екінші отау—“Дидарғайып” жастардың ойын-сауық кеші іспетті. Мұны жоғары класс оқушыларының, жалпы ауыл жастарының елең-селең бос жүрмей, көңілді демалуы, дос-жолдас, ниеттес құрбы табуы үшін кереге жайған оңаша отау дейік. Бірақ “Дидарғайып”— алакөлеңке-де алқын-жұлқын билейтін дискотека емес. Оның шара-лары салмақты, басалқы ниетке ұйытқы болуды көздейді. Сезім жырлары, пікірлесу арқылы достық пен махаббат жайынан сыр тартады. Сонғы кездесулерде “Ар ұялар іс қылма”, “Жеңіл сезім жетегіне ілессең...” тақырыптарында әңгіме қозгалған.

Халықтық тәрбиенің қайнарларын жас ұрпақ бойына

134

дарытатын “Аралар алқасы” отауының керегесі кең. Бастауыш кластардан бастап ата-аналар арасындағы тәрбие шараларын қамтиды. Халықтық тәрбиенің үлгі-өнегесі төменгі класс шәкірттері үшін “Талбесік”, орта кластарда —“Ақсүйек”, ересек оқушылар үшін “Дулыға” бағдарламалары бойынша жүзеге асады.

Қарасазда халықтық тәрбиені мектеп өміріне енгізудің төрт жылға негізделген жоспары белгіленген еді. Алдыңғы оқу жылы халық өнегесінің болмысын, табиғатын танып-білу, оны насихаттаудың әдістерін іздестіру үстінде өтті. Мұраты—“Дүниенің тірегі — имандылық” болды. Былтырғы жылы мектеп ұжымы халықтың салт-дәстүрі мен әдет-ғұрпының сапалық деңгейіне қол жеткізуді мақсат етіп отыр. Үстіміздегі жылы “Жеті түрлі ғылым біл” мұратымен жеке пәндерді халық тәлімімен байланыстыра оқытуды көздейді. 1995—96 оқу жылында толыққанды қазақ азаматының ұлттық бейнесін қалыптастыру мақсатындағы тәрбие шараларын жолға қояды.

Тәрбие ісіне ата-ананың ықыласын ояту үшін мектеп ұстаздары “Ағалар алқасының” отырыстарын мына тақырыптарға арнады: “Әкеміз асқақ, ұлымыз үлгілі ме?”, “Қазақ қыздарының қадір-қасиеті”, “Ақсақалдық неге әлсіреді?”. Мектеп директоры Н. Артықов “Аталар сөзі — ақылдың көзі” аталатын баяндамасында халықтық өнегенің мүмкіндіктерін ашуға талпынды.

Басқа жерде қолға алына қоймаған ар жазасы секілді тәрбие шарасы көңіл аудартады. Тәуке хан дәуіріндегі “Жеті жарғы” ізімен ықпалды шара, әділ жаза қолданылатын “Жергілікті жарғы” жасап, соның негізінде төрелік құру туралы ниет жүзеге асса, содыр мен сойқанга тыйым болар ма?

Үйірменің үйретері көп. Мектептегі жиырмаға жуық үйірменің бәрі халықтық тәрбие негізінде жүрді. Айтыс үйірмесі біраз талантты балалардың тұсауын кесті.

Бірінші байлық — денсаулық, қазақта халық емінің түрі көп. Бұл үйірмені оташы ұстаз Абдібек Тәуекелов жүргізіп келеді. Гипс орнына пайдаланатын таяқшаларды алғаш осы кісіден көрдік. Сынықты, буын тайғанды салуға үйрететін, емшілік қабілетін ашатын үйірме жұмысы тұрақты.

Шәкірттер ықыласпен шүғылданатын үйрменің бірі — араб әліпби арқылы төте оқуға үйрету, Үйірме шеңберінен шығып, оқу бағдарламасына сабақ болып енген бұл бастамаға кім қуанбас?! Еңбек — ұстаз Мүқан Түңлік-



135

баевтікі. Ол Қытай Халық Республикасынан шыққан араб жазулы қазақ “Әліппесін” пайдаланып оқытады.

Ағаштан ұлттық бұйымдар жасауды, ұлттық тағамдар дайындауды, өрнек тоқуды, құрақ құрауды үйрететің үйірмелер де бар. Туған өлке тарихына үңілдірер “Шежіре”, ауыз әдебиетінен сусындататын “Сөзстан” үйірмелері өз алдына. Мақсат — шеберлікке баулу, ұлттық сананы ояту, тұрмысқа бейімдеу.

“Алтын көмбе” орталығының ұйымдастырушысы бұрынғы ұлағатты ұстаз, бүгінгі ауыл әкімі Жұмаш Өтеев. Ол ақыры өз ізденісі мен маңдай тері арқасында Мұқағали Мақатаев ауылы — Қарасазда халықтық тәрбие кайнарының бастауын ашты. Осы бастаудан нәр алып бұрқанған арналы өзенге айналған — халық педагогикасы Республикадағы ұлттық мектептердің жанынан мыңдаған халықтық тәрбие орталықтарының дүниеге келуіне игі әсерін тигізді десек артық айтқандық болмайтыны хақ.

Үлкен қалаларымызда қазір он екіде бір гүлі ашылмаған қыздарымыздың көпе-көрнеу шылым шегіп, ішімдік ішіп, немесе кешқұрым, түн ортасында кафелер мен ресторандарда, жартылай жалаңаш кейіпте бет-аузын баттастыра бояп, кез-келген еркекке, тіпті, шетелдік қалталыларға еріп ақша тауып жүргенін көргенде ұяттан жердің тесігі болса кіріп кетуге бара-бар халді бастан кешіресің. “Бұларды кім тәрбиеледі екен? Әкесі-шешесі неге іздемейді, неге қадағаламайды”,— деген ойға кетесің. Инабатты-лық, тәрбиелілік, тазалық, әдептілік, жалпы адамшылық қасиеттерді қалыптастыру бәрімізге ортақ міндет. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне ата-ана, зиялы қауым, ұстаздар алқасы аса жауапкершілікпен қарауы керек емес пе?

Осының бәрі жас ұрпақты тәрбиелеу барысында көптеген маңызды мәселелерді ескермей, уысымыздан шығарып алуымыздан. Ал, мұның өзі жастар арасында қылмыс пен алкоголизмге, құмар ойындар, нашақорлыққа жол ашып отыр. Қазіргі таңда ізеттілік — дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа, адалдың — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауысып бара жатқан жоқ па?! Әкені ұл, шешені қызы сыйлаудан қалып барады. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Жауап біреу. ¥лттық мәдениетімізден нәр ала алмаған жас ұрпағымыз қала өмірінің ырғағына ілесе алмай,қылмысты ортаның жемсауына түсіп, шыға алмай тыпырлауда. Қазақтардың жігіттерінің сайыпқырандығы, қыздарының



136

инабаттылығы, халқының қонақжайлығы мен досына да, қасына да кешірімді, сөзге тоқтай білген текті нәсіл екені ежелден белгілі. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына ұлттық әдеп нормаларын сіңдіру халық педагогикасының тәрбиелік тәлімдерінің шыңы болады десек артық айтқандық бола қоймас. Әдептілік халықтың психологиялық хал-ахуалының биіктігін, тазалығын және саулығын білдіреді, мінез-құлық нормаларын, тұрмыстык,-кәсіптік болмасын, салт-дәстүрінің шарттық белгілерін айқындайды.Эдептілікке баулу ұлттық тәрбиенің шыңы дейтініміз, міне сондықтан. Барлық мектептерде,— ол не ұлттық, не басқа сипатта болсын,— әдептілікке үйрету басты талаптардың бірі болғаны жөн. Мысалы, Алматы қаласының бірқатар мектептерінде, атап айтқанда, 7 қазақ, 4 аралас, 3 орыс мектептерінде, педагогикалық училищеде жазушы, қазақтың бас келіні аталған Зейнеп Ахметованың басшылығымен “Кәусар бұлақ” бағдарламасы бойынша әдеп сабақтары өткізілуде.

Ал Алматы облысы, Жамбыл ауданының “Дегерес” орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мүғалімі Күміс Пармашқызы Кемелбекованың сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін, соның ішінде әдептілік жоралғыларын пайдалануы көптің көңілін толтырары айқын. Күміс Пармашқызы өз ісіне үнемі сын көзілен қарап, алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, сабағын түрлендіре, бүгінгі өмір талабына сай дәрежеде өткізеді. Ұстаздың әр сабағы қызықты, тартымды өтеді. ¥стаз кабинетінде қазақ халық күйлерінің грампластинкалар, аль-бомдар мен буклеттер, үлестірмелі материалдар, кеспе карточкалар, техникалық және көрнекі құралдар, әр түрлі картиналар жинағы, қазақтың тұтыну заттарынының макеттері, әдептілік үлгілері, сол сияқты ұлттық салт-дәстүрімізге байланысты материалдар орналастырылған. “Қазақтың ұлттық ою-өрнектері”, “¥лттық киімдер”, “Халық аспаптары”, “Қазақтың зергерлік әшекей бұйымдары”, “¥лттық тұрмыс заттары”, “¥лттық ойындар”, т. б. буклеттер көз тартарлықтай талғаммен жасалған. ¥стаз шеберлігінің бір жағы — оның кластан, мектептен тыс жүр- гізген жұмыстарында. Бұл жұмыс түрлерінде оқушылардың сабақтағы алған білімдерін кеңейте, талғастыра түсуге, оларды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білу көзделеді. Мұғалімнің сабақтағы мазмұн, идеялардың жібін үзбей, оны қайталамай, айқындай түсуі — өзіндік жұмыс стиліне айналған әдіс. Күміс Пармашқызы оқытқан шә-

137

баевтікі. Ол Қытай Халық Республикасынан шыққан араб жазулы қазақ “Әліппесін” пайдаланып оқытады.

Ағаштан ұлттық бұйымдар жасауды, ұлттық тағамдар дайындауды, өрнек тоқуды, құрақ құрауды үйрететін үйірмелер де бар. Туған өлке тарихына үңілдірер “Шежіре”, ауыз әдебиетінен сусынданатын “Сөзстан” үйірмелері өз алдына. Мақсат — шеберлікке баулу, ұлттық сананы ояту, тұрмысқа бейімдеу.

“Алтын көмбе” орталығының ұйымдастырушысы бұрынғы ұлағатты ұстаз, бүгінгі ауыл әкімі Жұмаш Өтеев. Ол ақыры өз ізденісі мен маңдай тері арқасында Мұқағали Мақатаев ауылы — Қарасазда халықтық тәрбие кайнарының бастауын ашты. Осы бастаудан нәр алып бұрқанған арналы өзенге айналған — халық педагогикасы Республикадағы ұлттық мектептердің жанынан мыңдаған халықтық тәрбие орталықтарының дүниеге келуіне игі әсерін тигізді десек артық айтқандық болмайтыны хақ.

Үлкен қалаларымызда қазір он екіде бір гүлі ашылмаған қыздарымыздың көпе-көрнеу шылым шегіп, ішімдік ішіп, немесе кешқұрым, түн ортасында кафелер мен ресторандарда, жартылай жалаңаш кейіпте бет-аузын баттастыра бояп, кез-келген еркекке, тіпті, шетелдік қалталыларға еріп ақша тауып жүргенін көргенде ұяттан жердің тесігі болса кіріп кетуге бара-бар халді бастан кешіресің. “Бұларды кім тәрбиеледі екен? Әкесі-шешесі неге іздемейді, неге қадағаламайды”,— деген ойға кетесің. Инабатты-лық, тәрбиелілік, тазалық, әдептілік, жалпы адамшылық қасиеттерді қалыптастыру бәрімізге ортақ міндет. Әсіресе, ұрпақ тәрбиесіне ата-ана, зиялы қауым, ұстаздар алқасы аса жауапкершілікпен қарауы керек емес пе?

Осының бәрі жас үрпақты тәрбиелеу барысында көптеген маңызды мәселелерді ескермей, уысымыздан шығарып алуымыздан. Ал, мұның өзі жастар арасында қылмыс пен алкоголизмге, құмар ойындар, нашаңорлыққа жол ашып отыр. Қазіргі таңда ізеттілік — дөрекілікке, қайырымдылық — қатыгездікке, жомарттық — тоғышарлыққа,: адалдық — арамдыққа, парасаттылық — парықсыздыққа ауысып бара жатқан жоқ па?! Әкені ұл, шешені қызы сыйлаудан қалып барады. Мұның бәрі неліктен болып жатыр? Жауап біреу. Ұлттық мәдениетімізден нәр ала алмаған жас ұрпағымыз қала өмірінің ырғағына ілесе алмай, қылмысты; ортаның жемсауына түсіп, шыға алмай тыпырлауда. Қазақтардың жігіттерінің сайыпқырандығы, қыздарының



136

инабаттылығы, халқының қонақжайлығы мен досына да, қасына да кешірімді, сөзге тоқтай білген текті нәсіл екені ежелден белгілі. Сондықтан өсіп келе жатқан жас ұрпақтың бойына ұлттық әдеп нормаларын сіңдіру халық педагогикасының тәрбиелік тәлімдерінің шыңы болады десек артық айтқандық бола қоймас. Әдептілік халықтың психологиялык, хал-ахуалының биіктігін, тазалығын және саулығын білдіреді, мінез-құлық нормаларын, тұрмыстық-кәсіптік болмасын, салт-дәстүрінің шарттық белгілерін айқындайды. Әдептілікке баулу ұлттық тәрбиенің шыңы дейтініміз, міне сондықтан. Барлық мектептерде,— ол не ұлттық, не басқа сипатта болсын,— әдептілікке үйрету басты талаптардың бірі болғаны жөн. Мысалы, Алматы қаласының бірқатар мектептерінде, атап айтқанда, 7 қазақ, 4 аралас, 3 орыс мектептерінде, педагогиқалық, училищеде жазушы, қазақтың бас келіні аталған Зейнеп Ахметованың басшылығымен “Кәусар бұлақ” бағдарламасы бойынша әдеп сабақтары өткізілуде.

Ал Алматы облысы, Жамбыл ауданының “Дегерес” орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Күміс Пармашқызы Кемелбекованың сабақтарында халық педагогикасының озық үлгілерін, соның ішінде әдептілік жоралғыларын пайдалануы көптің көңілін толтырары айқын. Күміс Пармашқызы өз ісіне үнемі сын көзімен қарап, алуан түрлі әдіс-тәсілдер қолданып, сабағын түрлендіре, бүгінгі өмір талабына сай дәрежеде өткізеді. Ұстаздың әр сабағы қызықты, тартымды өтеді. Ұстаз кабинетінде қазақ халық күйлерінің грампластинкалар, аль-бомдар мен буклеттер, үлестірмелі материалдар, кеспе карточкалар, техникалық және көрнекі құралдар, әр түрлі картиналар жинағы, қазақтың тұтыну заттарының макеттері, әдептілік үлгілері, сол сияқты ұлттық салт дәстүрімізге байланысты материалдар орналастырылған. “Қазақтың ұлттық ою-өрнектері”, “¥лттық киімдер”, “Халық аспаптары”, “Қазақтың зергерлік әшекей бүйымдары”, “¥лттық түрмыс заттары”, “¥лттық ойындар”, т. б. буклеттер көз тартарлықтай талғаммен жасалған. ¥стаз ше-берлігінің бір жағы — оның кластан, мектептен тыс жүргізген жұмыстарында. Бұл жұмыс түрлерінде оқушылардың сабақтағы алған білімдерін кеңейте, талғастыра түсуге, оларды өздігінен жұмыс істеуге үйрете білу көзделеді. Мұғалімнің сабақтағы мазмұн, идеялардың жібін үзбей, оны қайталамай, айқындай түсуі — өзіндік жұмыс стиліне айналған әдіс. Күміс Пармашқызы оқытқан шә-

137

кірттерінің ой-өрісінің аумақты, кең болуының, білімдерінің терең болуының бір сыры осында жатса керек.

Сонымен қатар, Күміс Пармашқызы Кемелбекованың өзі ұйымдастырған “Шежіре” клубында оқушылар мен ата-аналарға, мұғалімдер мен жұртшылыққа оқыған “Дегерес бұрын және бүгін”, “Мектеп өмірі — ұзақ шежіре”, “Оқушыларды ұлттық дәстүрлер негізінде тәрбиелеу” және т. б. баяндамалары тыңдаушылар тарапынан жоғары бағаланды. Жеткіншек ұрпақты ұлттық дәстурлер рухында тәрбиелеуге негіз болар деген мақсатпен клубқа құсбегілерді, ат бапкерлерін, халық ақындарын, қол өнері шеберлерін шақырып, жиі-жиі қызықты кездесулер өткізіп тұрады. Бір сөзбен айтқанда, ұлағатты ұстаздың шәкірттерін өздігінен ойлантып, жұмыс істеуге, дағдыландыру әдіс-тәсілдері мол, оны әр кластан күрделендіріп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай дамыта түседі. Сабақта өткен материалды жаңа тақырыпты түсіндіру үстінде ұтымды пайдалану, әдебиет сабағын тіл, тарих, география, бейнелеу өнері, ән-күй пәндерімен, халықтық салт-дәстүрімен байланыстыру, мәнерлеп оқуға үйрету, ауызша, жазбаша жоспар жасатып үйрету, кітаппен және сөздікпен жұмыс жүргізу сияқты әдіс-тәсілдерді ұстаз ұтымды қолданады, жас ұстаздар да Күміс Пармашқызынан көп ақыл-кеңес алады.

¥ëағатты ұстаз совхоз көлеміндегі қоғамдық жұмыстардың да белсенді ұйымдастырушысы. Жылқы заводында құрылған қазақ тілін оқып-үйрену үйірмесінің жетекшісі. Әйелдер қоғамы жергілікті ұйымының төрағасы. “Наурыз” мейрамын өткізудің құрметті мүшесі. Күміс Кемелбекованың ұйымдастыруымен совхоз орталығында “Ақ әжелер” ансамблі құрылған. Ансамбль мүшелері ұмытылып бара жатқан ұлттық салт-дәстүр үлгілерін сахнада бейнелейді. Программада “Құда түсу”, “Тұсау кесу”, “Келін түсіру”, “Бесікке бөлеу” т. б. әдет-ғұрыптар бар. 1993 жылдың желтоқсанында “Ақ әжелер” ансамблінің мүшелері бүкіл республика атынан ЮНЕСКО-ның ұйымдастыруымен Женева қаласында өткізілген дүниежүзі халықтарының фольклорлық-этнографиялық III фестиваліне қатысып, абыройымен оралды. Өнерлі әжелер “Адамның жан дүниесі” атты фильмге түсіріліп, дауыстары республикалық радиоға жазылды, орталык, телевизияға түсірілді.

Күміс Пармашқызы көп балалы ана, халық құрметтісі, еңбек ардагері.

138


¥ëттық тәлім мен өнегенің жас ұрпақты әлеуметтендірудегі орны мен ролі төңірегінде ұлағатты ұстаз Күміс Пармашқызы Кемелбековамен асықпай отырып, үзақ сұхбаттастық. Төменде назарларыңызға сол сұхбаттың магнитафон таспасына түсірілген нұсқасын ұсынып отырмыз.

— ¥рпағын ойламайтын халық болмайды. Онсыз өсіп-өну, ілгерілеу жоқ. Халқымыз үшін қысталаң қиын заманның небір кезеңдерінде, мал мен жанның өзіне қарауға мұрсат қалмаған шақтарда да ұмытуға болмайтын бір ғана нәрсе — ұрпақ тәрбиесі еді. Көнекөз қариялардың әңгімесінен бастап, қарапайым халықтың ұғымға, салт-дәстүрге дейінгінің бәрінен көрініс беріп, ол жас ұрпақты азаматтық биігіне, адамгершілікке, бірлікке шақырып оты-ратын қазақы өнегеден айқын көрінеді. Ғасырлар бойы сол өнегемен ата-бабаларымыз әлденеше ұрпағын түзу тәрбиелеп келді, сөйтіп бүгінгі күнге жеткізіп берді. Былайғы жерде халықтық педагогиканың бай үлгілеріне жүгіне тәрбиелеу — ата-ана мен ұстаздың міндеті.

Қоғамның дамуы, семьяның бақытын бала санымен өлшеуді меже тұтқан халқымыз: “Жалғыз баласы бардың шығар-шықпас жаны бар, төрт баласы бардың төбеден салған жолы бар, он баласы бардың жерден алар малы бар”,— дейді екен. Бұл — от басы — ошағымыздың түтіні көбейсін деген жеке бастың тілегінен туған мақал ғана емес, халықтың қамын қарастыру, елдікті ойлау, елдің ертеңгісі жайлы қам жеу. Қазақ ұл баланың дүниеге келуін “¥л туғанға күн туған” деп ерекше бақыт санаған, семьяның жалғасы шаңырақтың иесі ұл бала деп білген. Ал қызға дүниенің тұздығы, бастауы деп қараған.

Қазақ халқы балаға деген қамқорлықты, оның аман-сау өсуіне тілектестігі бала тумай тұрып-ақ жасаған. Осындай салттан туған өлеңнің бірі — бесік жыры”. Бесік жыры”—халық тәрбиесінің көзі. Бесіктегі сәбиін тербете отырып, анасы баласына деген мейірімін, махаббатын білдіреді, жолына бағыт сілтеп, өмірге аттандырады, өміріне рухани азық болатын өнегелі де ілтипатты сөздерді жас кезінен қүлақтарына құя береді. Мал бақ, кәсіп ет, ел-жұртыңды жаудан қорға деген ойын халық бесікте жатқан нәрестеге ақыл, тілек етіп білдіреді және кімді ардақтайтынын анғартады, жөргекте жатқан күннен бастап оның мінез-құлқын да тәрбиелейді. Біз өз тәжірибемізде халықтық педагогиканың осы түрін ары қарай жалғастырудамыз. Оқушыларымыз бесік жырының бірнеше түрін жатқа айтады. Сол арқылы олар өмір күресіне, еңбекке



139

баулынады деген сенімдеміз. Ата-ана баланың ойлау қиялдау, армандау қабілетін қалыптастыру үшін халық ауыз әдебиетінің жанрларын — ертегі, жаңылтпаш, жұмбақтарды айтып үйреткен. Ертегі балалардың ықыласын өзіне тартып, жас жандарына әсер етіп, көңілін шаттық күлкіге бөлеп, қуантады. Оның мазмұны балалардың ойына қозғау салып, сезім, ақыл-ой қызметінің ерте оя- нып, ерте қалыптасуын реттейді. Ертегі басталысымен баланы қызықтыратын нәрсе — неше алуан зұлымдық күштермен күрестегі кейіпкер бейнесі. Ертегі негізгі тың даушысына өз кейіпкерлерінің ақыл-парасатын, тапқырлығын, өжеттігін баяндайды. Халық ертегілеріндегі кейіп керлердің іс-әрекеті тапқырлық, айлакерлік істері, “аты азбайтын, тоны тозбайтын” аңқаулық мінездері балалар ды таң-тамаша қалдырады. Күлдіргі оқиғалы ертегілердің балаларға тигізетін игілікті әсері, олардың көңілін сергек етіп осіреді. Қиын-қыстау жерлерде абыржып, ыңғайсыз жағдайларға түсіп қалмас үшін күлдіре отырып, өз есесін қайтарып алатын тапқырлық ойға үйретеді. Халық ауыз әдебиетіндегі тәрбиелік маңызы зор жанр — жаңылтпаш. Оқушылардың тілін сөзге бейімдеуде, дұрыс сөйлеуге жат-тықтыруда жаңылтпаштың үлкен орын алатындығына халық айрықша мән берген. Халық жаңылтпашты тікелей балаға ғана арнаған. Сондықтан көбіне сәбидің тілі келмейтін, айта алмайтын әр түрлі дыбыстарды үйрету үшін шығарған. Мұнда міндетті түрде оқыту арқылы ғана емес баланы талғамы күшті, қызық та көркем сөздерге әуестендіру арқылы жаттығу жұмысын жүргізу бар. Сәбилердің көпшілігі жеті жасқа келгенге дейін кейбір сөздерді не бір жеке дыбыстарды дұрыс айта алмайды. Ал кейбір ері өскен шолжаң балалар, тіпті, он жасқа келгенше сақаулана сөйлейтіндері бар. Жаңылтпаш — осы сияқты бала тілдеріндегі кемшілікті болдыртпау, ал болған күнде оны жою мақсатында шығарылған халық мұрасы. Баланы ең әуелі дұрыс айта алмайтыны, тілі келмейтіні —“р” дыбысы. Осыған орай “р” дыбысын айттыруға

бағытталга жаңылтпаш сөздер өте көп: “Әй, Тайқарбай!Малыңды жадыраға жай Тайқарбай”,— деген сөздерді жылдам айтқызғанда бала жаңылып “р”-дың орнына “и” дыбысын айтатын болған-дықтан, одан жаңылтпаштың дұрыс айтылуын талап еткен. Жаңылтпаштарды дұрыс айта алмаған “р” дыбысына тілі келмеген балаларға өз достары күліп кейде намысына тиіп,қалай да дүрыс сөйлеуге,әр сөзді үғынықты да ажыратып айтуға мәжбүр етеді. Сондықта

140

жаңылтпаш баланы сөздің мағынасын бұрмаламай, абайлап, аңдап, байыптап сөйлеуге жаттықтырады. Жаңылтпаштардың құрылысы жағынан ықшамдылығы жаттап айтуға жеңіл тиетіні, ұйқасымды, әуенді, сазды да мазмұны жағынан күлдіргі болып келетіндігі оқушыларды қатты қызықтырады.

Балаларды тәрбиелеуде аса зор маңызы бар жанрдың бірі — жұмбақ. Жұмбақ балалардың ұшқыр ойын шынықтырады, іске, әрекетке баулиды, ой-санасының өсуіне септігін тигізеді, сөйтіп жұмбақтың шешімін айтқызады. Жұмбақтар кәсіпке байланысты, тіршілік-тірекке тиянақ болатын, адам көңілін аударатын қажетті заттардың бәрін қамтиды. Балалар жиналып алып ойларының жүй-ріктігі мен тапқырлығын сынға салады. Жұмбақ шешімін тез табуға асығады, жұмбақты тез шешкендері мадақталады. Әңгіме халқымыздың адам сүйсінерлік әсерлі сөздерді іздестіріп, өз орнына қоюында емес, жұмбақтың шартты шешуін табуда емес, бір-біріне баламалап айтылған екі заттың екеуінің де үқсастығын, өзгешелігін байқауға үйретуінде. Балалар есейген сайын оларға қойылатын талап, мақсат та ұлғаяды, жұмбақтардағы оқиғалар да күрделеніп, соған орай жүргізілетін тәрбие жұмыстары да арта түседі, баланың жан-жақты өсіп, дамуына бағытталады.

Оқушылардың тілге жүйріктігін қалыптастыратын жене бір жанр — мақал-мәтелдер. Оларда халықтың дүниені танып-білуінің дәрежесі байқалады, адамшылдық, мәрттік, ізгілік, қаһармандық, мейірімділік секілді қасиеттердің парқы ажыратылып көрсетіледі. Бұл түрғыдан алғанда, мақал-мәтелдерді халқымыздың ғибрат кітабы, ұстаздық, тәлімгерлік шежіресі, педагогикалық көзқарасы ретінде бағалауға болады. Ірі үғымдардың мағынасын қысқа тұжырып айқындай алатынына қарап, халық “сөздің көркі — мақал” деген. Сондықтан оқушыларымыз аптасына бір мақал үйреніп келуді міндетіне алған. Осы арқылы халықтың өмір-тәжірибесін, жақсылық пен жамандық туралы ұғымын, тіршіліктің сан тарауына берген бағасын, белгілі бір құбылыстардың қортындысын ұғады.

Оқушыларды тәрбиелеу принципінің негізі етіп халықтық жосықтар, эстетикалық, этикалық, тіпті, моральдық заң іспеттес үғымдарды да өмірде, сабақта жиі пайдалану өз нәтижесін бермек. Мысалы: “Аяқ киімнің теріс жатқаны жаман болады, оңғарып қой”, “үй ішінде ысқырма”,


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет