4 – кезең: Тапқырлық
Мақалды жалғастыру. 1.Тіл тас жарады, тас жармаса ... (бас жарады). 2. Бал тамған тілден ... (у тамған). 3. Тауды, тасты жел бұзар, адамзатты ... (сөз бұзар). 4. Жақсы сөз - ... (жарым ырыс) 5. Қаһарлы сөз ... (қамал бұзар) 6.Шебердің қолы ортақ, шешеннің ... (тілі ортақ). 7.Жақсы байқап сөйлер, жаман ... (шайқап сөйлер). 8. Бас кеспек болса да, ... (тіл кеспек жоқ). 9. Дәлелсіз сөз ... (желмен тең). 10. Тіл қылыштан ... (өткір). 11.Піл көтермегенді, ... (тіл көтереді). 12. Тілден артық ... (қазына жоқ). 13. Ана сүті бой өсіреді, Ана тілі ... (ой өсіреді). 14.Жыланның уы тісінде, Адамның уы ... (тілінде). 15.Ең ащы да тіл, ең ... (тәтті де тіл). 16. Өнер алды - ... (қызыл тіл). 17. Айтылған сөз - ... (атылған оқ). 18. Басқа пәле - ... (тілден). 19. Білім кілті - ... (тіл). 20. Тілге құрмет - ... (елге құрмет).