Егер жарты сағаттың ішінде өз күштерімен зардап шеккенге көмек бере алмаса онда құтқару отрядын шақыру қажет.
Опырылу – ауыр күштің әсерінен өз орнынан тайып кетуі.
Опырылу (опырылып құлау) – тау жынастарының опырылып құлауы мен құрғақ жартастардың үйінді болуы.
Опырылу Қазақстанның барлық таулы аймақтарында кездеседі. Оның анақтау факторы мен жиналуы грунттардың сулы болуы және жерасты сулары, жер сілкінісі, сонымен қатар адамдардың шаруашылық қызметі әсер етеді.Ондай жерлерге шығыс Алатауындағы Көлсай көлі, Есік, Іле Алатауындағы Үлкен Алматы және басқалар. Соңғы жылдары Қазақстан тауларында техногендік ауыр салмаққа байланысты опырылып құлау көбеюде, дачалық учаскелерге байланысты.
Опырылып құлаудың қауіпті белгілері:
Жаңбырдың көп жаууына байланысты, қардың интенсивті түрде жедел еруіне байланысты, грунттардың көп мөлшерде сулануына әкеліп соқтырады.
Тау беткейлеріндегі бос әрі беті сызық және бұрын опырылып құлаған іздер бар.
Тік жарға шығатын жерлердегі сызықтары, желге мүжілген тау жыныстары.
Опырылу аймақтарындағы табиғи қауіпсіздік шаралары:
Бұқаралық ақпарат құралдары хабарларының таудағы жағдайды үнемі бақылауда ұстау