ПӘнінің ОҚу- әдістемелік кешені оқУ-Әдістемелік материалдар



бет15/20
Дата27.12.2016
өлшемі3,72 Mb.
#6293
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

1. Салыстырмалы шырайбір заттың сынын (я сапа-сын, түсін) екінші заттың бір тектес сынымен, белгісімен салыстырып, сол салыстыратын белгілердің (түстердің) бір-бірінен я артық, я кем екенін білдіріп, белгілі қосымшалар арқылы жасалады. Ол қосымшалар а) -рақ, -рек, -ырақ, -ірек:үлкен-үлкенірек, ащы-ащырақ, биік-биігірек, жасыл-жасылырақ, қалың-қалыңырақ т.б.

ә) -лау, -леу, -дау, -деу, -тау, -теу: толық-толықтау, кіші-кішілеу, қоңыр-қоңырлау, ұзын-ұзындау т.б.



Бұл екі қосымша барлық сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасай береді. Сондай-ақ жекелеген сапалық сын есімдерге жалғанып, салыстырмалы шырай жасайтын да жұрнақтар бар. Олар:

1) –ғыл,-қыл,-ғылт,-қылт, -ғылтым,-қылтым. Мысалы: ащқыл, ащқылтым, сарғыл, сарғылт, бозғыл, бозғылтым, т.б.

2) –шыл,-шіл, -шылтым,-шілтім: мысалы: ақшыл, ақшылтым, көкшыл, көкшілтім, ақшылтым.

3)-ғыш, ілдір: Мысалы: сарғыш, көгілдір, бозғыш, т,б.

4)-аң,-қай,-ша,-ша. Мысалы: қуаң, бозаң, қоңырқай, ұзынша, көкше, ақша, сұрша, т.б.

2. Күшейтпелі шырайбіркелкі сындардың бірінің екіншісінен не өте артық, не өте кем екендігін көрсететін шырай түрі. Олбір заттың бастапқы сынын (белгісін) күшейтіп, асыра көрсетіп тұрады да, күшейтпелі буын немесе өте, аса, ең, тым,нағыз, орасан, ыңғай, кілең, тіпті т.б. күшейткіш үстеулері арқылы жасалады:

а) қызыл-қып-қызыл, жас-жап-жас, ұзын-ұп-ұзын, қысқа-қып-қысқа, толық-топ-толық т.б. Тек ақ, көк сөздері күшейткіш буын үстелгенде аппақ, көкпеңбек болып бірігіп жазылады.

ә) биік - тым биік, тәтті – аса тәтті, жақсы – ең жақсы, күшт - өте күшті т.б. Сондай-ақ кейде күшейтпелі (асырмалы) шырайға заттың ілік септікте, оның сындық белгісін білдіретін сапалық сын есім тәуелдік жалғау тұлғасында және жіктік жалғау (3-жақ нөлдік) формасында предикат қызметінде немесе сынның ілік септігінде жоне сол сынның қайталанып тәуелдік (3-жақ) тұлғасында предикат қызметінде қолданылуы да жатқызылып жүр: таудың биігі, жігіттің жақсысы, көзімнің қарасы және жүйріктің жүйрігі, жуанның жуаны, сарының сарысы т.б. (ҚТГ,І, 89). Бұндай конструкцияларда салыстыру, күшейтпелі мәннің болуын жоққа шығармасақ та, ілік септік пен тәуелдік және жіктік жалғаудың заттық, субстанттық және предикаттық мәні мен қызметін естен шығаруға болмайды. Сондықтан да ол шырай формасы бола алмайды

Сын есімнің сөйлемдегі қызметі.

Сын есім сөйлемде әдетте зат есіммен тіркесіп, анықтауыш қызметін атқарады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан (А) деген сөйлемде сұр және түсі суық деген сын есімдер (қандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Сөйлемде анықтауыш болу – сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың әр түрлі сын-сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді. Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп те анықтауыш болады. Мысалы: Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының (яғни жақсы адамның) кімнің? (жақсылығын) деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.

2.Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баяндауышы да болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің (Ж.). Әлсіз адам сүріншек (мақал). Бұл сөйлемдерде көркемсің (ІІ жақ), сүріншек (ІІІ жақ) сөздері жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.

3.Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп, пысықтауыш та болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж.). Гүлнар бөлмесін таза ұстайды деген сөйлемдерде желдей (қалай құйындатқан?), таза (қалай ұстайды?) деген сын есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.

4.Сын есім әдетте, көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, тәуелдік, септік жалғаулары жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын, сын есімнің заттануы (субстантивтенуі) дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан (жақсы адамнан, жаман адамнан) дегеннің орнына заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септігінде тұрып бастауыш болады. Мысалы; Ұялшақ сыбағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы – қызық, жаманы – күйік (А.). деген сөйлемдерде ұялшақ (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.

5.Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады. Мысалы: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (А). деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кім болсын кез?) деген сын есімдер заттанып келіп (адамға деген мәнде) толықтауыш қызметін атқарып тұр.



Пысықтау үшін сұрақтар

1.Сын есімнің лексика-грамматикалық сипаты қандай?

2.Сапалық және қатыстық сын есімдердің айырмашылығы неде?

3.Сын есімнің қандай категориясы бар? Сын есім түрлене ме?

4.Шырай нені білдіреді? Жай шырай проблемасы деген не?

5.Шырайдың неше түрі көрсетіліп жүр?



Әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 66-90-беттер.

2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 174-198-беттер.

3. Ғ. Мұсабаев. Қазақ тіліндегі сын есім категориясы. А.,1961.

4. С. Исаев. И тұлғалы қатыстық сын есімдер және сөз тіркесін құраудағы оның ролі туралы. ҚазССР ҒА хабарлары, қоғамдық ғылымдар сериясы. 1965, 1-шығуы.

5. Исследования по сравнительной грамматике тюркских языков, морфология. М.,1956.


20 дәріс тақырыбы: Сан есім. Сан есімнің синтаксистік қызметі. Мағыналық топтары


  1. Дара және күрделі сан есімдер.

  2. Сан есімнің мағыналық топтары: есептік сан есім, реттік сан есім, жинақтық сан есім, топтау сан есімі, болжалдық сан есім, бөлшектік сан есім.

  3. Сан есімнің жасалу ерекшеліктері.

  4. Сан есімнің сөйлемдегі қызметі.

 

Сабақтың мақсаты

Сан есімнің семантикалық және грамматикалық сипатын білу арқылы оның басқа сөз таптарынан бөлініп, өз алдына жеке сөз табы бола алатынын және оның мағыналық топтарын ажырата біліп, сөйлемнен сан есімдерді тауып, қызметін анықтап талдай білу.

Сан есім семантикалық жағынан заттың сан-мөлшерін, ретін т.б. білдіріп, қанша? неше? нешінші? тәрізді сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Алпыс бестен асқанда, Жетпіске қадам басқанда (Ж.). Атадан – алтау, анадан – төртеу. Жалғыздық көрер жерім жоқ. (А) деген сөйлемдердегі алпыс бестен, жетпіске, алтау, төртеу деген сөздер белгілі бір заттардың мөлшерін, санын білдіріп тұр.

Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, тікелей зат есіммен тіркесіп қолданылады. Мысалы: Бұл Жамбыл жасап отыр тоқсан жасты (Ж.) деген сөйлемде тоқсан деген сан есім (неше?) жас деген зат атаулының санын білдіріп тұр. Кейде сан есімдер зат есімсіз-ақ та жұмсала береді. Ондайда сан есім әрі заттық мағынаны, әрі сол заттың санын, мөлшерін білдіріп тұрады. Мысалы: Тоқсаннан әрі кетті, жүзге де асты (Ж.) деген сөйлемде тоқсаннан, жүзге деген сан есімдер әрі заттық ұғымды (тоқсан жастан және жүз жасқа), әрі оның мөлшерін, санын білдіріп тұр.

Сан есім құрамы жағынан дара және күрделі болып бөлінеді. Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есімдер дара сан есім деп аталады. Мысалы: он, үш, бес, мың, жүз, ондаған, сегізінші, жетеу, т.б. Екі я одан да көп түбірдің тіркесінен я қосарлануынан жасалған сан есімдер күрделі сан есім деп аталады. Мысалы: екі жүз, үш мың тоғыз жүз елу алты, жүз қаралы, оннан бір, үштен екі, бес ондық, бір-бірден, үш-төрт, т.б. Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис арқылы жазылады. Мысалы: қырық-елу, жетпіс-сексендей, бес-бестен, он-он бес, т.б.
Сан есімнің түрлері.

Сан есімнің есептік, реттік, жинақтық, топтау, болжалдық, бөлшектік түрлері белгілі қосымшалар арқылы жасалса да, түрлену жүйесі емес, мағыналық топтары болып саналады.

1.Есептік сан есім заттың нақтылы санын білдіріп, қанша? неше? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: бес, он екі, жиырма сегіз, тоғыз жүз бір т.б. Есептік сан есімдер дара да, күрделі де болып, сан есімнің басқа түрлерін жасауға негіз болады.

2.Реттік сан есім заттың саналу ретін (қатарын) білдіріп, нешінші? деген сұраққа жауап береді. Реттік сан есімдер есептік сан есімдерге дауысты дыбысқа бітсе –ншы, -нші, дауыссызға бітсе –ыншы, -інші жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бір-інші, тоғыз-ыншы, екі-нші, алты-нша, жүз отыз бес-інші, т.б.

Реттік сан есімдер кейде цифрмен де беріледі.

1. Реттік сан есімдер араб цифрымен берілсе, -ыншы, -ішні, -ншы,-нші жұрнағының орнына дефис қойылады. Мысалы: Ол 6-қатардан орын алды. Біз 3-қабатта тұрамыз. Сен биыл 7-класқа барасың т.б.

2.Реттік сан есімдер рим цифрымен берілсе, жұрнақтың орнына дефис қойылмайды. Мысалы: ҮІ класс оқушылары жиналыста отыр. Біз ІҮ үйде тұрамыз.

3.Жыл, ай аттарының алдынан келген сан есімдер араб цифрымен берілсе де, одан кейін дефис қойылмайды. Мысалы: 1961 жылы Ю. Гагарин космосқа ұшты. 1 қыркүйекте сабақ басталады.

3. Жинақтық сан есім заттың жинақталған санын білдіріп, нешеу деген сұраққа жауап береді. Жинақтық сан есім бірден жетіге дейінгі есептік сан есімдерге –ау,-еужұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: біреу, екеу, үшеу, төртеу, бесеу, алтау, жетеу. Дауысты дыбысқа бітетін екі, алты, жеті деген есептік сан есімдерге –ау,-еу жұрнағы жалғанғанда, түбірдің соңындағы –ы,-і дауысты дыбыстар түсіріліп қолданылады. Мысалы: екі-еу – екеу, алты-ау – алтау, жеті-еу – жетеу.


Жинақтық сан есімдер әдетте зат есімдермен тіркеспей, жеке қолданылады да, заттанып тұрады яғни әрі сандық, әрі заттық мағынаны бірдей беріп тұрады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал) деген сөйлемдегі алтау, төртеу деген жинақтық сан есім заттанып, әрі сандық мағынада (алты және төрт), әрі заттық мағынада (алты адам, төрт адам) бірдей жұмсалған.

4.Болжалдық сан есімдер заттың санын дәл білдірмей, шамамен болжалдап көрсетеді де, қанша? неше? қай шамалы? қаншадан? сияқты сұрақтаға жауап береді. Болжалдық сан есім бірнеше жолмен жасалады.

1) есептік сандарға –лаған, -леген,-даған, -деген, -таған,-теген, -лап, -леп, -дап, -деп, -дай, -дей, -тай, -тей жұрнақтары жалғану арқылы жасалады. Мысалы: жүздеген, отыздаған, қырықтаған, мыңдап, елулеп, жетпістей, тоқсандай, т.б.

2)есептік сан есімдерге әуелі көптік жалғауы, оның үстіне жатыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: (жасы) елулерде, (сағат) ондарда, бестерде т.б.

3) есептік сан есімдердің қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: он-он бес, қырық-елу, жетпіс-сексен, қырық-елудей, елу-елу бестерде, жүз-жүздеген.

4)Есептік сан есімдерге шамалы, шақты, қаралы, таман, тарта, жуық, жақын сияқты сөздердің тіркесуі арқылы жасалады. Мысалы: жүз шамалы, мыңға тарта, отызға жақын, т.б.

5.Топтау сан есімдерзаттың санын жекелеп емес, топтап көрсетеді де, нешеден? қаншадан? деген сұрақтарға жауап береді. Топтау сан есімдері дара сан есімдер мен қосарланған сан есімдерге шығыс септік жалғауы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: екіден, жүзден, қырық-елуден, он-оннан, бес-алтыдан, үшеу-үшеуден, т.б. Сөйтіп, топтау сан есімдер дара түрде де (бестен, оннан), күрделі түрде де (жиырма бестен, жүз елуден) қосарланған түрде де (екі-екіден, он-он бестен) қолданылады.

6.Бөлшектік сан есімдер заттың бөлшектік санын білдіреді. Бөлшектік сан еісмдер жай бөлшек және ондық бөшек болып екі түрде қолданылады. Жай бөлшек сандар екі есептік санның бөлімі шығыс я ілік септікте, алымы тәуелдік тұлғада жұмсалады. Мысалы: екіден бірін ал, үштің бірін (1/3), оннан екісі (2/10), т.б. Сол сияқты бөлшектік сан есімдер есептік сан есімдерге жарым, жарты, ширек сөздерінің тіркесінен де жасалады. Мысалы: екі жарым, үш ширек, т.б. Ондық бөлшектік сан есім бөлімі ондық, жүздік, мыңдық сияқты болып жасалады. Мысалы: екі бүтін үш ондық (2,3), бес бүтін төрт жүздік (5,04), он бүтін жүз елу бір мыңдық (10,151) т.б.

Сан есім басқа сөз таптарынан жасалмайды. Сөйлемдегі қызметі жағынан сан есімдер сын есімдерге ұқсас болып келеді.

1.Сан есім заттың санын, мөлшерін, ретін білдіріп, сөйлемде анықтауыш болады. Мысалы: Екі достың бірі ыңғайлы, біреуінің ебі жоқ (жұмбақ)

2.Сан есім жіктеліп келіп немесе көмекші етістіктермен тіркесіп келіп баяндауышта болады. Мысалы: Атадан – алтау, анадан – төртеу, жалғыздық көрер жерім жоқ (А.). Біз екеу едік.(Б.М.)

3.Сан есім атау септікте тұрыпбастауыш болады. Мысалы: Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төтеу түгел болса, төбедегі келеді (мақал).

4.Сан есімдер септік тұлғасында да, септелмей де етістіктің алдында келіп, пысықтауыш болады. Мысалы: Кездесіп жетпіс үште іздегенім (Ж.). Біз екі-екіден бөліндік.

5. Сан есім барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінің бірінде келіп, толықтауыш қызметін де атқарады. Мысалы: Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар (мақал).

6.Сан есім зат есіммен я қатыстық сын есіммен тіркесіп келіп, сөйлемнің күрделі мүшесі қызметін де атқарады. Мысалы: Біз үш түрлі кедергіден өттік. Гектарынан 75 центнер бидай орылды.

Пысықтау үшін сұрақтар

1.Сан есім деген не, ол қандай мағыналарды білдіреді?

2.Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

3. Сан есім мағынасына қарай қандай түрлерге бөлінеді?

4. Сан есім қалай түрленеді?

5.Сан есім сөйлемде қандай қызмет атқарады?



Әдебиеттер:

1. Қазақ тілінің грамматикасы. І.Морфология. А.,1967. 92-104-беттер.

2. А. Ысқақов. Қазіргі қазақ тілі. Морфология. А.,1974. 82-103-беттер.

3. Исследования по сравнительной грамматике тюркских

языков, морфология. М.,1956.

4. Н. Оралбаева. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі. А.,1988.

5. Ә. Хасенов. Қазіргі қазақ тіліндегі сан есімдер. А.,1957

21 дәріс тақырыбы: Есімдіктер туралы жалпы сипаттама
1. Есімдіктің лексика-грамматикалық сипаты.

2. Есімдіктердің қалыптасуы.

3. Есімдіктердің мағыналық түрлері: жіктеу есімдігі, сілтеу есімдігі, сұрау есімдігі, өздік есімдігі, белгісіздік есімдігі, жалпылау есімдігі, болымсыздық есімдігі.

4. Есімдіктердің септелу ерекшеліктері.

5. Есімдіктердің басқа сөз таптарына ауысуы және прономиналдану – есімдікке айналу процесі.

6. Есімдіктің сөйлемдегі қызметі.

 

Сабақтың мақсаты

Есімдіктің семантикалық сипатын, басқа сөз таптарының орнына жүретін мәнін түсіну арқылы жеке сөз табы ретіндегі ерекшеліктерін біліп, қай сөз табының орнына жүрсе, солай түрленетінін, сондай қызмет атқаратынын меңгеру.

 

Есімдік – лекска-грамматикалық (семантикалық) сипаты жағынан не затты, не оның сынын я санын нақты атамай, солардың орнына жүретін сөз табы. Сондықтан кейде есімдікті орынбасар сөз табы деп те атайды.



Ұйықтап жатқан жүректі ән оятар, Оның тәтті оралған мәні оятар (А) деген сөйлемде оның деген сөз алғашқы бөлігіндегі ән деген зат есімнің орнына қолданылған: әннің мәні. Бір шалдың төрт ұлы болыпты, Бірде шал сол ұлдарын жинапты (Ертегілер) деген сөйлемдерде сол сөзі төрт деген сан есімнің орнына қолданылған: төрт ұлын жинапты. Кімді айтса, сол келер (мәтел) деген сөйлемде сол сөзі кім дегеннің орнына жұмсалған да, кім дегеннің өзі адам деген заттың атауының орнына қолданылған.

Сөйтіп, есім сөздердің (зат есім, сын есім, сан есімнің) орнына жүретін сөз табы есімдік деп аталады. Есімдік заттың өз атауын да, белгісінің, санының да атын білдірмейді, тек соларды нұсқап, меңзеп көрсетеді де, солардың орнына колданылады. Сондықтан да кейде есімдікті орынбасар сөздер деп те атайды.

Есімдіктер мағынасына қарай жеті топқа бөлінеді: 1) жіктеу есімдігі; 2) сілтеу есімдігі; 3) сүрау есімдігі; 4) өздік есімдігі; 5) жалпылау есімдігі; 6) болымсыздык есімдігі; .7) белгісіздік есімдігі.
Жіктеу есімдігі. Белгілі бір жақтық ұғыммен байланысты колданылатын есімдіктің түрі жіктеу есімдігі деп аталады. Жіктеу есімдіктері мен, сен, сіз, ол, біз (біздер), сендер, сіздер, олар. Жіктеу есімдіктерінің үш жағы және жекеше, көпше түрі бар. Олар мынадай:

 


Жак.

жекеше түрі

Көпше түрі

 

/ ІІ сыпайы ІІІ

мен сен сіз ол

біз, біздер сендер, сіздер олар




Бірінші жақ— айтушы, сөйлеуші жақ, екінші жақ — тыңдаушы жақ.Бұлар — адамға байланысты атаулар, сондықтан кім? деген сүраққа жауап береді. Үшінші жақ бөгде жақ. Ол — адамға, адамнан басқа да затқа байланысты бола береді. Сондықтан кім немесе не? деген сұраққа жауап береді. Мысалы: бір ағашта екі алма, мен (кім?) де алмайын, сен (кім?) де алма (халық әні). Ол (кім?)— оқыған азамат. Ол (не?)— биік тау т. б.

Жіктеу есімдіктері тәуелденбейді. Тәуелденетін ол (оным, оның, оныңыз, онысы), олар (оларым, оларың, оларыңыз, олары) дегендер — жіктеу есімдігі емес, сілтеу есімдігі.

Жіктеу есімдіктері септеледі. Біз, сіз, біздер, сендер, сіздер, олар деген жіктеу есімдіктері зат есімдерше септеледі, ал мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде ерекшеліктер бар.

Жіктеу есімдіктерінің септелу үлгісі.

Септік

Мен

сен

Ол

Біз

сіз

А. 1.

мен ме-нің

сен се-ніқ

Ол о-ның і

Біз біз-дің

 

Б. Т. Ж. Ш. К.

ма-ған ме-ні мен-де ме-нен мені-мен

са-ған се-ні сен-де се-нен сені-мен

о-ған о-ны о-нда о-дан оны-мен\

біз-ге біз-ді біз-де біз-ден біз-бен

 

Септік

Сендер

Сіздер

 







А. І. Б. Т. Ж. Ш. К.

Сендер сендер-дің сендер-ге сендер-ді сендер-де сендер-ден сендер-мен

Сіздер сіздер-дің сіздер-ге сіздер-ді сіздер-де сіздер-ден сіздер-мен

 







Мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктерінің септелуінде мынадай ерекшеліктер байқалады: 1) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л, ң дыбыстары түсіп қалады; 2) жатыс септікте түбірдегі л дыбысы н-ға айналады; 3) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -'ы, -і дәнекері пайда болады, дұрысында түбірдегі ң дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң), -ні (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; 4) барыс септік жалғауы жуанданып; л, н түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады.
Жіктеу есімдіктері өз жағында ғана жіктеледі, яғни жіктеу есімдігі қай жақты білдірсе, оған сол жактың жіктік жалғауы жалғанып жіктеледі.

Жіктеу есімдіктерінің жіктелу үлгісі.



жак.

Мен, біз

сен, сіз сендер, сіздер

ол, олар

І ІІ ІІІ

мен-мін біз-біз

- - сен-сің, сіз-сіз сендер-сіңдер сіздер-сіздер -

— - олар, ол

 

Жіктеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш, ілік септікте тұрып анықтауыш, барыс, табыс, жатыс, шығыс, көмектес ссптіктерде тұрып толықтауыш, жіктеліп келіп баяндауыш қызметін атқарады.



Сілтеу есімдігі.Сілтеу есімдіктері меңзеу, нұскау, көрсету мағыналарын білдіреді. Сілтеу есімдіктеріне бұл, сол, ол, осы, осынау, сонау, анау, ана, мына, мынау, тонау, әне, міне, деген сөздер жатады. Әдетте сілтеу есімдіктері сілтеу, меңзеу, мәнін білдіріп, сынесімнің орнына жұмсалып, қай? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш кызметін атқарып түрады. Мысалы: Самғай бер асқардан-асқарға мынау қырандай (Ә. Ә). Бұл ұрыста Төлеген ерекше ерлік көрсетті (М. Ғ.) деген сөйлемдерде мынау, бұл есімдіктсрі к,ай? (қырандай, ұрыста)? деген сұраққа жауап беріп, анықтауыш болып түр.

Сілтеу есімдіктеріне кейде көптік, тәуелдік жалгаулары жалғанады, анау, мынау, сонау, осынау дегендерден басқасы септелініп те қолданылады. Мысалы: бұл - бұлар, сол - солар, осы - осы-лар, анау - анауым-анауың-анаулары т. б.



Сілтеу есімдіктерінің тәуелдену үлгісі.

Жақ

Бұл

Сол

Ол

І менің ІІ сенің сіздің ІІІ оның

бұным бұның бұныңыз бұнысы

соным соның соныңыз сонысы

Оным оның оныңыз онысы

І біздің ІІ сендердің сіздердің ІІІ олардың

Бұнымыз бұларымыз бұларың бұларыңыз бұлары

сонымыз соларымыз соларың соларыңыз солары

онымыз оларымыз оларың оларыңыз олары

Жақ

Осы

мынау (мына)

Анау (ана)

І менің ІІ сенің   Сіздің ІІІ оның

осым осыным осың осының   осыңыз осысы

Мынауым   Мынауың   мынауы ңыз мынауы

Анауым   Анауың   анауыңыз анауы

 

Сілтеу есімдіктері септелгенде, заттанып, зат есімнің орнына жұмсалады. Олардың септелгенде мынадай ерекшеліктері байқалады: 1) бұл, сол, ол деген сілтеу есімдіктері мен, сен, ол деген жіктеу есімдіктері сияқты септеледі: а) ілік, табыс, шығыс септіктерде түбірдегі л дыбысы түсіп қалады; ә) жатыс септікте түбірде л дыбысы н-ға айналады; б) көмектес септікте түбір мен жалғаудың арасында -ы дәнекері пайда болады (дұрысында түбірдегі л дыбысы түсіп қалып, кемектес септік жалғауы ілік септіктің дыбыстық өзгеріске түскен -ны (ң) тұлғасының үстіне жалғанады; е) барыс септік жалғауы түбірдегі л дыбысы түсіп қалған түбірге -ған түрінде жалғанады; 2) барыс септік жалғауы -ғантүрінде осы, мына, ана деген сілтеу есімдіктеріне де жалғанады: 3) жатыс септікте осы сілтеу есімдігіне -нда жалғауы жалғанады; 4) бұл сілтеу есімдігінің түбірі ілік, табыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерде мұ түрінде де қолданылады.



Сілтеу есімдіктері сөйлемде толықтауыш қызметтерін де атқарады. Сілтеу есімдіктері сөйлемде атау септікте тұрып бастауыш болғанда, одан кейін сызықша қойылады. Мысалы: Бұлар — станцияның маңдай алды құрылысшылары (Ө. Нұрш.). Бұл — аңыраған ана Наталья. (Ғ. М.)

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет