Физикалық география


Экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функциялары



бет58/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
53.Экономикалық инфрақұрылым элементтері мен функциялары
Энергия өндіру,сумен жабдықтау,қойма, жолдар,көлік компаниялары өндірістік инфрақұрылымға жатады. Мектептер мен балабақшалар,ауруханалар,клубтар,туристік орталықтардың қызметі әлеуметтік инфрақұрылымға жатады.
Экономикалық инфрақұрылым тауарлар мен қызмет түрлерінің,ақша бағалы қағаздар т.б. қамтамасыз ететін кәсіпорындар мен мекемелер жүйесі Экономикалық инфрақұрылым. Экономикалық инфрақұрылым салалары: биржа,банк,дилерлік және брокерлік кеңселер, жұмыспен қамту қызметтері,ақпараттық-комерциялық, көтерме сауда және жабдықтау-өтеізу ұйымдары,прокат және лизинг орындары.
Экономикалық инфрақұрылымның басты белгілері:
Жүйелілік. Ол өзара тығыз байланыста болатын көптеген компаниялардан, құралдар мен ғимараттардан тұрады.
Ресурс сыйымдылық. Инфрақұрылымның ірі нысандарын құру үшін мемлекет пен ірі бизнестің қатысуы қажет.
Ұзаққа төзімділік. Инфрақұрылымның материалдық нысандары ұзақ уақыт пайдалану үшін құрылады.
Әмбебаптық. Инфрақұрылым қандай да бір зауытқа, фирмаға, аймаққа немесе қалаға қызмет көрсетуді көздемейді. Оны барлығы да пайдалана алады.
Экономикалық инфрақұрылымның құрамы.
Нарықтық инфрақұрылым келесі элементтерден тұрады:
САУДА ҰЙЫМДАРЫ. Сауда ұйымдары өздері тауар өндірмейді. Олардың басты міндеті – дайын өнімдердің саудасы. Бір жағынан, олар өндірушілерді құралдармен, технологиялармен, шикізатпен және басқалармен жабдықтайды. Екінші жағынан, солар өндірген тауарларды сатады, халықтың оларға деген қажеттілігін қамтамасыз етеді.
БИРЖАЛАР . Биржа – бұл ұйымдастырылған және тұрақты түрде әрекет ететін ұйым, онда тауарлардың, валютаның және т.б. ірі көлемде сатылымы жүзеге асырылады.
Тауар биржасы – бұл биржа тауарларын сатып алу-сату жүзеге асырылатын орын. Биржалық тауарларға толықтай немесе ішінара биржа арқылы сатылатын, шамамен, 100 шақты тауар түрлері жатады. Олардың үлесіне халықаралық сауданың, шамамен, 20%-ы кіреді
Қор биржасы – бұл бағалы қағаздарды сатып алу-сату, олардың нарықтық бағасын анықтау және олар туралы ақпарат тарату жүзеге асырылатын ұйым. Төмен бағаммен бағалы қағаздар сатып алып, оларды әлдеқайда жоғары бағаммен сата отырып, ірі биржалық табыс табуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   54   55   56   57   58   59   60   61   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет