Физикалық география


Табиғат ресурстарын экологиялық бағалау



бет55/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Табиғат ресурстарын экологиялық бағалау – бұл экологиялық іс-шараларға жұмсалатын шығындардың немесе оны игеруге қатысты орын алатын экологиялық шығын сомасының ақшалай қаражат түрінде өрнектелуі.


51. Дүниежүзі аймақтарының табиғи-ресурстық әлеуеті
Аумақтың табиғи-ресурстық әлеуеті – бұл белгілі бір аумақтың бірге алынған барлық табиғи ресурстары. Әлеует – бұл халықтың жоғары материалдық және мәдени өмір деңгейіне қол жеткізуі үшін мемлекет қолдануы мүмкін түп-нұсқаларды, мүмкіндіктерді, құралдар мен қорларды білдіреді.
Табиғи ресурстық әлеуетті бағалау кезіндегі маңызды көрсеткіштер – табиғи ресурстардың құрамы, мөлшері және сапасы.
Құрамы ресурстардың бар тізімін көрсетеді. Тізімде ресурстар қаншалықты көп болса,аумақтың әлеуеті соншалықты жоғары болады.
Мөлшері ретінде ресурстар қорының физикалық шамасы алынады (массасы, көлемі, ауданы).
Сапасы ретінде құрамында пайдалы заттың болуы, қуаттылығы, калориялылығы, қолжетімділігі және т.б. алынады.
Табиғат ресурстарының қорына бай елдер (Ресей, АҚШ, Канада, Қытай, ОАР, Аустралия, Қазақстан).
Дүниежүзінде дамушы елдер аймағынан дамыған елдер орналасқан аймаққа қарай шикізат тасымалдау ағыны қалыптасқан. Африка, Латын Америкасы, Оңтүстік және Оңтүстік-Батыс Азия елдері өз ресурстарын Солтүстік Америкаға, Батыс Еуропаға, Шығыс және Оңтүстік- Шығыс Азияға жөнелтеді. Кейбір дамыған елдер, мысалы, Канада мен Аустралия, өз шикізаттарын сатылымға шығарады.
Дүниежүзінде ресурс тары мол елдер (Африка, Азия, Латын Америкасы елдері) бар, бірақ олар кедей. Табиғи байлықтары шын мәнінде мүлде жоқ елдер де бар, алайда олар ғаламшарымыздың ең қамтамасыз етілген елдерінің (Жапония) қатарына жатады.
Аустралияда ауқымды жайылым бар, онда қой өсіріледі. Қой басының саны бойынша ол дүниежүзінде бірінші орынды иеленеді. Аустралияның қой жүні бүкіл дүниежүзінде сатылады. Алайда қой етінің нарығы шектеулі, өйткені еуропалық және америкалық елдер сиыр, шошқа, құс еті мен балықты ұнататындықтан, оны тамаққа сирек пайдаланады. Қой еті мұсылман елдерінде кеңінен пайдаланылады, алайда бұл елдер қой етін ислам шариғатына сәйкес сойып, тасымалдайтын жеткізушілерден ғана сатып алады. Аустралия фермерлері мен ет өндірушілері өз өндірісін мұсылмандық «Халал» сапа стандартына қайта бағдарлап, халқы ислам дінін ұстанатын ірі мемлекеттерде өнімдерін ойдағыдай сатуда. Бұл табиғи байлықтар – шаруашылық дәстүр мен сатып алушыларға деген құрмет елдің байлығын қалай үстемелегендігінің (арттырғандығының) айқын көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет