Физикалық география


Мұнайды екінші қайтара өңдеу



бет57/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Мұнайды екінші қайтара өңдеу – бұл кейбір фракциялардың құрамына кіретін заттардың молекулаларын белгілі бір сипаттағы мұнай өнімдерін, сонымен қатар мұнай-химия өндірісі үшін шикізат алу мақсатында химиялық түрлендіру. Мұнайды екінші қайта өңдеуден алынады синтетикалық каучуктер мен резеңкелер; синтетикалық маталар; пластмассалар; полимерлік жұқа қабықшалар (полиэтилен, полипропилен); жуу заттары; еріткіштер, бояулар мен лактар; бояғыштар; тыңайтқыштар; улы химикаттар; балауыз және басқа да көптеген заттар.
Мұнайды айдаудан қалған қалдықтардан кокс өндіріледі. Коксты электродтар мен металлургия өндірісінде пайдаланады. Ал мұнайдан алынатын күкіртті күкірт қышқылы өндірісінде қолданады.
Мұнай өңдеу үдерісі атмосфераға химиялық қосылыстардың шығарылуына алып келеді, қатты дыбыс және иіс шығады. Өрт және жарылыс болу қаупі де бар. Сондықтан МӨЗ-ге адамдар тұратын жерлерден айтарлықтай қашықтықта, сондай-ақ шикізат жеткізу және өнімді алып кете алатындай көліктің күре жолына жақын орналасуы қажет. Көпшілік МӨЗ-інде бу мен салқындататын судың аса үлкен көлемі қажет болатындықтан, жанында суқоймасы – өзен немесе теңіз болуы талап етіледі. Теңіз көлігінің көмегімен түпкілікті өнімді тасымалдауды жеңілдету үшін зауыттар жиі теңіз айлақтарына жақын орналастырылады.
Дүниежүзінің мұнай өңдеу өнеркәсіптері мұнай мен мұнай өнімдерін негізгі тұтынушы –дамыған елдерді бағдарға алады. Әсіресе АҚШтың үлесі зор (дүниежүзі МӨЗ қуатының 21%-ы), Батыс Еуропа (20%), Ресей (17%), Жапония (6%).
Қазақстандық ірі МӨЗ Атырау, Павлодар және Шымкент қалаларында орналасқан.
Пайдалы кен қазбаларына темір кені мен түсті металдар кені жатады. Мыс өндіру үшін мыс колчеданы, алюминий өндірісі үшін бокситтер, қорғасын үшін қорғасын рудасы, мырыш өндірісі үшін мырышты қоспа қолданылады. Құрамында бір мезетте бірнеше металл болатын кендер де бар, мысалы, мыс, мырыш, қорғасын, қалайы және т.б. Мұндай кендерді полиметалл кендер деп атайды.
Темір мен оның қорытпаларын қара металл; мыс, алюминий, қорғасын, мырыш, қалайы және басқа да кейбір металдар – түсті металдар деп аталады.
Металл алумен айналысатын өнеркәсіп саласы металлургия деп аталады. Металл алу және өндіру тәсілдерінің реттілігі металлургиялық үдеріс делінеді.
Металургиялық үдеріс-КЕН ӨНДІРУ КЕНДІ БӨЛШЕКТЕУ КЕНДІ ҰСАҚТАУ КЕНДІ БАЙЫТУ КОНЦЕНТРАТТЫ ҚАЙТА ӨҢДЕУ МЕТАЛЛДЫ ТАЗАРТУ ТАУАР ӨНІМДЕРІН ӨНДІРУ
Қара металлургияның аумақтық кәсіпорындары еліміздің төрт облысында орналасқан (Қостанай, Қарағанды, Ақтөбе және Павлодар).
Теміртау қаласында, Қарағанды облысында Қарағанды металлургия комбинатының толық циклі жұмыс істейді. Ақтөбе қаласында хром қосылысы зауыты жұмыс істейді.
Темір кені қара дүниежүзінің 50 елінде өндіріледі. Темір кенін өндіруші елдер Қытай, Бразилия, Аустралия, Ресей, Үндістан.
Темір кенін ірі өндірушілер – Қытай, Жапония, АҚШ, Ресей, Германия. Басты экспорттаушы елдер: ЕО елдері, Жапония, ТМД елдері.
Қазақстанның түсті металлургиясының ірі орталықтары Шығыс Қазақстан, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар облыстарында орналасқан.
Мыс қорытуда Чили, АҚШ, Индонезия, Ресей, Канада көш бастап келеді. «Мыс белдеуі» деп аталатын мыс өнеркәсібінің ірі аудандарының бірі – Орталық Африкада орналасқан. Негізгі алюминий өндірушілер: Қытай, Ресей, Канада, АҚШ, Аустралия, Бразилия, Норвегия. Қалайы
өндіруде Қытай, Индонезия Перу, Бразилия, Боливия, Малайзия көшбасшы болып отыр. Қорғасын мен мырыштың ірі өндірушілері – АҚШ, Жапония, Канада, Аустралия, Бразилия.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет