Физикалық география



бет59/74
Дата01.12.2022
өлшемі8,5 Mb.
#160749
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74
Байланысты:
8 жаңа формат ворд
Силлабус - Русский язык Семестр 1, 8 геометрия
Валюта биржасы бұл ұлттық валюталарды еркін сатып алу-сату жүзеге асырылатын орын. Валюта биржасының тікелей мақсаты – шетел валютасының құнын білдіретін валюта курсын анықтау.
Еңбек биржасы бұл жұмыс күшін жалдау кезінде жұмысшылар мен кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынаста делдал рөлін атқаратын ұйым (еңбекпен қамту орталығы, жұмысқа орналастыру жөніндегі орталық). Еңбек биржасының негізгі міндеттері: жұмыссыздар немесе жұмысын ауыстырғысы келетіндер үшін жұмыс іздеу, жұмыс күшіне және нақты бір мамандыққа сұранысты және ұсынысты зерттеу, жұмыс берушілерде сұранысқа ие жаңа мамандықтарды қайта оқыту және меңгеру.
Аукциондар – бұл алдын ала белгіленген уақытта және арнайы тағайындалған орында жария сауда жолымен аукциондық тауарларды сатуды іске асыратын арнайы компаниялар. Аукциондар өз қаражаттарына өндірушілерден тауарды сатып алады да, әлдеқайда қымбатырақ етіп қайтадан сатады. Музейлер, сурет салондары, көрмелер аукциондардың ұйымдастырушысы бола алады. Аукционға қойылған тауар лот деп аталады. Дүниежүзінің ірі аукциондары: christies, Sotheby's, eBay, Amazon, Taobao.
Банктер. Бұлар – нарықтық экономиканың барлық қатысушыларының арасында ақша айналымын қамтамасыз ететін ұйымдар.
Банктік емес мекемелер – ақшалай қаражатпен жұмыс істейтін, алайда банк мәртебесі жоқ ұйымдар. Банктік емес ұйымдарға сақтандыру компаниялары, зейнетақы қорлары, инвестициялық қорлар, несие ұйымдары, ломбардтар және т.б. жатады.
55-56.Дүниежүзілік шаруашылықтың салалық құрамы: өндіру, қайта өңдеу салалары, қызмет көрсету аясы
Өндіруші өнеркәсіп.
Жер қойнауынан, су мен орманнан алуан түрлі шикізат пен отын өндірумен айналысатын салалар мен өндірістерді өндіруші өнеркәсіп деп атайды. Өндіруші өнеркәсіп адам баласы әзірлей алмайтын табиғат өнімдерін өндіреді.
Тау кен өнеркәсібі пайдалы қазбаларды барлаумен және өндірумен, оларды алғашқы өңдеумен және жартылай дайын өнім алумен айналысады.
Тау кен өнеркәсібі бөлінетін салалар:
минералдық энергетикалық шикізаттар (мұнай, газ, көмір, шымтезек, жанғыш тақтатастар, уран, геотермия);
қара және қоспалаушы (легирлеуші) металдар кені (темір, марганец, хром кендері, вольфрам, молибден, ванадий);
түсті металдар кені (алюминий, мыс, никель, қалайы, қорғасын-мырыш кендері, сүрме);
пайдалы қазбалардың тау-кен химиясы (апатиттер, калий тұздары, нефелин, селитра, күкіртті колчедан, бор кендері, фосфаттар);
кен емес шикізаттар және құрылыс материалдары – графит, асбест, гипс, саз, гранит, доломит, әктас, кварц,каолин, мергель, бор, дала шпаты; асыл және өңдеу тастары;
гидроминералдық ресурстар(минералдық жерасты сулары).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   55   56   57   58   59   60   61   62   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет