2-тапсырма. Кез келген мәтін үзіндісін алдымен баяу, сонан соң жылдам қарқынмен оқып көріңіз. К і д і р і с (пауза). Сөйлеу кезінде сөйлеуші тарапынан түрлі кідірістер
жасалып, сөз ағымы үзіліп жатады. Сөз ағымының үзілген жерінде ешқандай
дыбыстау болмайды. Мұндай үзілістердің барлығын кідіріс (пауза) деп
атамаймыз. Белгілі бір тілдік, яғни мағыналық маңызды қызмет атқарып,
тыңдарманның ақпаратты дұрыс қабылдап түсінуіне көмектесетін уәжді
үзілістерді ғана кідіріс деп атаймыз. Дикторлар үшін кідірістің сан түрлі
қызметін біліп, оны өз сөзінде дұрыс пайдалана алған аса қажет. Себебі
интонация параметрлерінің ішінде ең әмбебап қызметтісі осы кідіріс болып
табылады.
Бұған дейінгі тараулардан кідірістің сөз ағымын мүшелеуге, яғни
синтагмалар мен сөйлемдердің ара жігін ажыратуға, ой екпіні түскен сөзді
ерекшелеуге қатысатынын аңғардыңыздар. Бұған қоса паузаның мөлшерін
үлкейту немесе азайту арқылы сөз ағымы мүшелерінің бір-біріне
ыңғайластық, қарсылықты, тәуелді, тәуелсіз т.б. сияқты қатынасын да
көрсетуге болады. Егер
Қыс ерте түсті // егін тез жиналды деген сөйлемнің
алғашқы синтагмасынан кейін үлкен пауза жасаса, онда синтагмалар өзара
себеп-салдарлық қатынаста тұрады. Ал кідіріс мөлшері аз болса, екі синтагма
ыңғайластық қатынаста тұрады. Жазба мәтінде бұл қатынас тыныс белгілері
арқылы көрінеді. Тыныс белгілері мен кідіріс арасындағы сәйкестікті
ғылыми тәжірибе жүзінде зерттеудің нәтижесінде қазақ тілінде жақша үшін
кідіріс мөлшерінің әлі тұрақтанбағаны, ал басқа тыныс белгілері үшін келесі
түрде