Ы семей мемлекеттік


Сын есімнің сөйлемдегі қызметі



бет38/95
Дата05.02.2022
өлшемі1,43 Mb.
#2938
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95
Сын есімнің сөйлемдегі қызметі
1. Сын есім әдетте сөйлемде анықтауыш болып тұрады. Мысалы: Сұр бұлт түсі суық, қаптайды аспан (А) деген сөйлемде сұр және (түсі) суық деген сын есімдер (кандай?) бұлт деген зат есімді анықтап тұр. Сөйлемде анықтауыш болу — сын есімнің негізгі қызметі. Өйткені сын есім заттың әр түрлі сыр-сипатын, сапалық, қатыстық белгілерін білдіреді.
Сын есім ілік септікте тұрып заттанып келіп, те анықтауыш болады. Мысалы: жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын (мақал) дегенде жақсының (яғни жақсы адамның) кімнің? (жақсылығын) деген сұраққа жауап беріп анықтауыш болып тұр.
2. Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнін баяндауышы да болады. Мысалы: Сен бір артық көркемсің (Ж). Әлсіз адам сүріншек (мақал). Бұл сөйлемдерде көркемсің (II жақ), сүріншек (ІІІжақ) сөздері жіктік тұлғада баяндауыш қызметін атқарып тұр.
3. Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынын білдіріп, қалай? деген сұраққа жауап беріп пысықтауыш та болады. Мысалы: Өлеңмен сөзді желдей құйындатқан (Ж). Гүлнар бөлмесін таза ұстайды деген сөйлемдерде желдей, (қалай құйындатқан?) таза (калай ұстайды?) деген сын есімдер пысықтауыш қызметін атқарып тұр.
4. Сын есім әдетте көптелмейді, тәуелденбейді, септелмейді. Егер сын есімге көптік, я тәуелдік, я септік жалғауы жалғанса, онда сын есім зат есімнің орнына жүреді. Осындай сын есімнің сөйлемде зат есімнің орнына жұмсалып, зат есімнің қызметін атқаруын сын есімнің заттануы дейді. Мысалы: Жақсыдан шарапат, жаманнан кесапат (мақал) деген сөйлемде жақсыдан, жаманнан деген сын есімдер шығыс септік жалғауында тұрып, зат есімнің орнына яғни адамнан дегеннін орнына (жақсы адамнан, жаман адамнан) заттанып қолданылған. Заттанған сын есім атау септік тұлғасында тұрып бастауыш болады. Мысалы: Ұялшак, сы-бағасынан құр қалар (мәтел). Баланың жақсысы — кызық, жаманы — күйік (А.) деген сөйлемдерде ұялшак, (адам кім?), жақсысы (бала кімі?), жаманы (бала кімі?) атау септікте тұрып, заттанып, бастауыш қызметін атқарып тұр.
5. Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп, заттанып, толықтауыш та болады. Мысалы: Білімдіден шыққан сөз талаптыға болсын кез (А.) деген сөйлемде білімдіден (кімнен шыққан?), талаптыға (кім болсын кез?) деген сын есімдер заттанып келіп (адамға деген мәнде) толықтаауыш қызметін атқарып тұр.


Айтыс өнері

Айтыс – суырыпсалма ақындық өнердің ерекше бір жанры.


Айтыс, ең алдымен, тапқырлық, шешендік сөз өнері болса, оның тамам жұрт алдында өтетін тамашалық сипаты тағы бар. Сөз айтысының тыңдаушысы ғана емес, бағалаушы – төрешісі де халықтың өзі болуы – дүниежүзілік көркем сөз дәстүрінде сирек кездесетін құбылыс. Демек, айтыстағы әрбір ұтымды теңеу, өткір дәлелдің бірде-бірі тыңдаушы, көруші назарынан тыс қалмайды. Өлең сөз жарысынан тағдырын шешетін негізгі шарт – айтыстың әрі әдепті, әрі шыншыл, әрі көркем болуы. Сонымен қатар айтыс қоғамдық зәру, мәнді мәселелерді көтеріп, өмір қайшылықтарын ашудың, шешілмеген сауалдарға жұртшылық пікірін тудырудың құралы. Бұл жағынан алғанда, ол – күллі ауыз әдебиеті дәстүріндегі ең демократияшыл жанрдың бірі.
Айтыс ақыны елдің тарихынан мағлұматы мол, халықтың салт-дәстүрін жетік білетін, табанда сөз тауып айтатын тапқыр, қарсы жақтың шабуылынан, өршеленсе де, абыржып, саспайтын, қиыннан қиыстыратын ұшқыр қиялды, әріптесінің әсіресе кемшілік жақтарын көп білетін, оның нені алға тартып, жеңгісі келетінін күні бұрын анық болжайтын, қарсыласын алдаусыратып, сөз тұзағына түсіретін тәсілқой болуы керек. Айтыс ақынының ерекшелігі жөнінде М.Әуезов берген мінездеме барынша дәл: «Шабыты келген ақпа ақын, - дейді ол, - аш қасқырға меңзес, тұрғылас. Томағасын тартқанда алғыр қыран бар өңірді шолып өтіп, қимыл еткен шөп басын, қыбыр еткен тышқан жүрісін, қылт етіп бұққан түлкі түгін лезде шалып қалғандай, айтыс ағымындағы ақпа ақын да сондайлық көмескіні көргіш, бұлдырды білгіш болмақ шарт».

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   95




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет