Игілігіміз үшін болатын азаптар Құдай неге қиындыққа жол береді?


Өмір басталуы үшін, бір нәрсе жойылуы керек



бет12/82
Дата21.07.2020
өлшемі126,17 Kb.
#63625
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82
Өмір басталуы үшін, бір нәрсе жойылуы керек
Жазбадағы күйреу тақырыбына арналған маңызды үзіндінің бірі Жохан жазған Ізгі хабар (12:24-25) болып табылады. Шәкірттерін Өзінің айқышқа шегеленуі мен қайта тірілуіне дайындаған Иса былай деді: «Сендерге өте маңызды шындықты айтайын: егер бидайдың дәні жерге егіліп жойылмаса, онда ол жалғыз дән болып қалады. Ал егер ол жерге егіліп, көктеп, өзі жойылса, сонда ғана одан көп өнім өсіп шығады».

Сіз дәнді қолыңызға ұстап тұрғанда, одан ештеңе өніп шықпайды. Сол дәнді қамбаға, немесе бөлмедегі терезенің алдына, тіпті шыны ыдысқа салып, мәңгілікке қойып қойсаңыз да, дән сол бір дән болып қала береді. Ол ешқандай пайда әкелмейді, ақыр соңында шіріп, топыраққа айналады.

Ал сіз дәнді жерге ексеңіз, оны жоюға бұйырасыз, бірақ бұл жолы өмір өнімін әкелуге жол ашасыз. Топырақтағы нәрлі заттар – күн сәулесі мен ылғал – бәрі дәннің сыртқы қабығына әсер ететін болады. Арада көп уақыт өтпей, бұл қабық жарылып, топырақ арқылы күнге қарай ұмтыла бастаған жасыл өскін пайда болады. Өскіннен тамыр шығып, оны жерге бекітеді. Өскін тамыр жайып өсе бастағанда, дән жоғалып кетеді. Ақыр соңында ол жүгері собығы немесе бидай масағына айналады. Жүгері собығында да масақтікі сияқты ондаған жаңа дәндер болады, сөйтіп әрқайсысынан жаңа өскін өсіп шыға алады.

Бидайдың бір дәнінен шығатынның бәрін жерге отырғызса, бидай егістігінің жүздеген гектар жеріне айнала алады.

Иса ешқандай тұқым жерге отырғызылмаса және өсуге мүмкіндік бермесе, өнім әкеле алмайтынын айтты. Әрине, осылай бейнелей сөйлеу арқылы Ол Өзінің өлімі туралы астарлап айтты. Ол жер бетінде тұрған кезде, кейбір адамдар ауруларынан сауығып, көп адамдар Оның кереметін көрді. Мәсіхтің уағызының арқасында әлдекімдер Құдайға тәубе етті. Бірақ Иса тірі болғанда, бүкіл әлем кешірім алған жоқ.

Оның өмірі жалғасып, өнім әкеліп, сол өнім көбею үшін Исаға өлуге тура келді. Ол өліп қайта тірілді, сөйтіп Оның өмірі ғасырлар бойында миллион есе көбейген жеміс әкелді. Исаны өздерінің Құтқарушысы деп мойындап, күнәсына кешірім алғандардың есімдері Тоқтының Өмір Кітабына тіркелген. Ол өлуге тілек білдіргендіктен, бұған мүмкіншілік туды.

Енді Құдай біздің әрқайсымызды өз айқышымызды көтеруге: Онымен бірге өмір сүріп, Оның мақсатына жету үшін өзіміздің құмарлықтарымыз үшін өліп, өзімізді Құдайға толық арнауға шақырады.

Иса шәкірттеріне былай деген: «Кім өз өмірін бәрінен артық көрсе, сол шынайы өмірден құр қалады. Ал осы күнәкар дүниеде өмірін Құдай үшін қиған әркім оны мәңгілік өмір үшін сақтайды» (Жохан 12:25).

Бізде өз қабілеттерімізге, арман-тілектерімізге, менмендігімізге, жоспарымыз бен мақсаттарымыз үшін өлу тілегі болуы қажет. Тәңіріміз Иса Мәсіх бізде және біз арқылы әрекет етуіне ұмтылуымыз керек. Сонда ғана біз өміріміздің кемелділігін танып-біле аламыз. Тек сонда ғана біз өз міндетімізді толық орындай аламыз. Бізде шындық пен мәңгіліктің пайда болуы үшін жерге тән нәрсенің бәрі өлуі керек.

Егер Құдайдың сүйіспеншілігі бізді қорғап тұруына рұқсат бергіміз келсе, өзімізді көндіруіміз қажет және өзімізді шексіз сүюімізді доғаруымыз керек.

Киелі жазбада тағы бірнеше үзінділер осы ойды дәлелдейді: Егер біз өзіміздің тілегіміз бен ұмтылысымызға жармассақ, онда жеңілеміз. Алайда, егер ары қарай жүріп, өз өмірімізді Құдайдың басқаруына жол берсек, жеңіске жетеміз (Мат.10:39, 16:24-26).

Бірақ әлдебіреу: «Содан кейін қайта тірілу үшін Құдай неге өлуді талап етеді?» – деп сұрар. Құдайдың даналығының құпиясы тек Оған ғана аян. Бірақ бұл қағиданың Оның бүкіл жаратылысында байқалатынын көре аламыз.

Біз жүзім шырынын жүзім жемістерін біреу сыққандықтан іше аламыз. Біреу дәнді ұнға айналдырғанының арқасында ғана бізде нан болады. Құдай біздің өзімшіл еркімізді сындырған кезде ғана, өмірге толыққанды қуана аламыз.


Каталог: cms -> files -> books
cms -> Контактные данные областных, городских и сельских акиматов
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль-жол академиясы
cms -> «келісілді» «бекітілді» Спорт және дене шынықтыру Алматы қаласы Шаңырақ ш/а істері комитетінің төрағасы оррммик рмм директоры
cms -> Телжан селолық округінің әкімі Б. Х.Қадіровтың 2010 жылы атқарылған жұмыстары және әлеуметтік-экономикалық даму қортындылары мен алға қойылған міндеті туралы есебі
cms -> Имени ы. Алтынсарина
cms -> Л. Б. Гончаров атындағЫ Қазақ автомобиль жол институты
cms -> Досай кенжетай: «Аллаға оралу мекені Сирияда емес, әркімнің жүрегінде, өз Отанында»
cms -> Қазақстан республикасы дін істері агенттігі дін саласындағЫ Өзекті мәселелер бойынша 20 СҰРАҚ-жауап 4-шығарылым: Дін және қоғам Астана – 2014 ж
cms -> Жануарлар мен өсiмдiктердiң сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiн бекiту туралы
books -> Макс Лукадо сенің Қолыңнан келеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   82




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет