Карбозова булбул давлетханкызы


 ЖОО-да омоним құбылысын оқытудың педагогикалық негіздері



Pdf көрінісі
бет57/108
Дата07.02.2022
өлшемі3,13 Mb.
#90258
түріДиссертация
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108
Байланысты:
karbozova-b-d-dissert

2.3 ЖОО-да омоним құбылысын оқытудың педагогикалық негіздері 
Білім беру жүйесіндегі оқытудың педагогикалық негіздері қай уақытта 
болмасын маңызды мәселелердің санатына жатады. Жалпы білім беру 
жүйесінің өзегі педагогикалық негізден тұрады. Осыған орай бүгінгі таңда 
қазақ тілін оқыту әдістемесі педагогика ғылымының теориялық негіздемелері 
мен жалпы заңдылықтарына және оның басты ұстанымдарына сүйеніп, 
заманауи технологияларды басшылыққа ала отырып дамиды. Білім беру 
кеңістігіндегі педагогика ғылымы өскелең ұрпаққа білім мен тәлім-тәрбие 
берудің заңдылықтарын және оларды тұрмыстық өмірде жүзеге асырудың 
бағыт-бағдары мен жүйесін көрсетеді. 
Білім беру кеңістігіндегі педагогикалық заңдылықтар мен ұстанымдар 
қоғамдық өмірдің әр алуан саласындағы әлеуметтік және формациялық 
заңдылықтарға сәйкес өзгеріп отыруы қалыпты жағдай. Яғни, жалпыхалықтық 
білім беру үдерісі қоғамдық өмірден тысқары болмайтындығы белгілі. 
Қоғамдық өмірдің заманалар бойы ілгерілеп даму процесін тұрақты түрде 
басынан өткеруі сияқты педагогика ғылымының да қоғамдық қатынастармен 
қатар даму үдерісін басынан өткеруі заңды құбылыс. Әдістеме ғылымындағы 
инновациялық педагогикалық іс-әрекет қоғам дамуымен қатар жүретін процесс. 
Республикамыздағы білім беру жүйесіндегі ресми құжатқа Қазақстан 
Республикасының «Білім беру туралы» заңнамасын жатқызамыз. Аталған 
ресми Мемлекеттік құжатта «Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және 
жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде 
жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдалуға бағытталған 
білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» керектігі айтылған. Яғни, отандық 
педгогикалық заңдылықтар мен әдістемелік ұстанымдардың басында аталған 
тұжырымдаманың тұрғандығын баса айтуға болады [121, 10 б.].
Бүгінгі XXІ ғасырдың басты құндылықтары мен дүниетанымының, 
жаңашыл философиялық пайым мен білім парадигмасының гуманизмге 
негізделуі бірден-бір маңызды категориялар болып табылады. Жаңа ғасырдың 


77 
руханияты бейбітшілік пен гумандық, адамзаттың құқықтары мен бас 
бостандықтарына негізделгендігін көруге болады. «Қазақстандағы жоғары 
білімнің дамуына, оны үйлестіруге үлкен серпіліс берген Болон үрдісі болды. 
Оның бастауы ХХ ғасырдың 70-жылдарына саяды. Сол уақытта Еуропа 
министрлер Кеңесі білім саласындағы әріптестік туралы алғашқы резолюцияны 
қабылдады. Болон үрдісінің пайда болуының алғышартына Еуропадағы жоғары 
білімге арналған бірқатар халықаралық құжаттарды жатқызуға болады. 1988 
жылы университеттердің Ұлы хартиясы, 1998 жылы 25 мамырда Сорбон 
декларациясы қабылданды. Болон декларациясының негізгі мәселесі болып көп 
деңгейлі білім беру жүйесіне көшу саналады» [122]. Ал, білім беру жүйесіндегі 
«көпдеңгейлі білім беру» түсінігі – білім беру мекемелерінде көп кезеңді 
қамтитын білім беруді білдіреді. Көпдеңгейлі білім беру барысында білім 
алушының жағдайы мен жеке қызығушылығына байланысты біліктілігін 
арттыру мүмкіндігі туады. Әр кезеңдегі білім беру деңгейінде оқу мерзімі мен 
өзіндік ерекшеліктері сипатталады. Ал көпдеңгейлі білім беру үдерісі 
педагогиканың жаңа философиясын қажет етеді. Мұндағы педагогикалық 
философия білім беру жүйесінің қатаң моральдың және этикалық құндылықтар 
мен этностың дәстүрлі жол-жоралғысының ғылыми жетістіктеріне негізделуді 
қажет етеді. 
Әдістеме ғылымында оқыту үдерісін дұрыс ұйымдастыру үшін 
педагогикалық заңдылықтар мен талап-ережелерді басшылыққа алу қажет. 
Сонда ғана білім берудің ұстанымдары жетекші идея мен басым бағыттарға 
жол ашады. Педагогикадағы оқытудың ұстанымдары мен оқыту талаптарын 
қатаң сақтаудың нәтижесінде оқыту үдерісін тиімді және сапалы жүргізуге 
болады. Педагогика ғылымындағы білім беру теориясының оқыту 
ұстанымдары заманауи қажеттіліктерден туындап, тарихи нақты әрі белгілі бір 
қоғамдық сұранысты өтейді. Сондықтан тілдің лексикалық қабатындағы 
омонимдік құбылыстарды оқытудың педагогикалық негізінде қоғамдық 
сұраныс пен қажеттіліктің, тілдік тұтынулар мен құзыреттіліктердің, қоғамдық 
қатынас пен әлеуметтік тәрбиенің жатқандығын байқауға болады.
Оқытудың педагогикалық негізінде білім мазмұнын игертудегі басым 
бағыттардың санатына қоғамдық-әлеуметтік қажеттіліктердің тұратындығын 
ескеру қажет. Мұнда әрбір этностың өзіне тән дербес ұлттық 
құндылықтарымен, мемлекеттің даму стратегиялары өзара бірлестікте 
болатындығы белгілі. Бұл бірлестік сол этнос пен мемлекеттің бүтіндей 
болашағының кепіліне баланатындығы белгілі. Білім беру жүйесіндегі 
әлеуметтік және гуманитарлық ғылыми пәндерді оқытудың педагоготкалық 
негіздемесінде мемлекеттік басым бағыттардың жататындығы табиғи құбылыс.
Мәселен, мемлекетіміздің ұзақ мерзімді қамтитын стратегиялары мен жетекші 
идеялары «Мәңгілік ел – Мәңгілік тіл», «Ұлы дала елі» атты идеялары білім 
беру мен тәрбие мәселесінде тұрақты түрде енгізудің нәтижесінде білімнің 
жасампаздығы мен елдің тарихи тұрақтылығын қамтамасыз етуге болатындығы 
бүгінгі этнопедагогиканың басым бағыт-бағдарына жатады.


78 
Бүгінгі даму кезеңіндегі Қазақстандық білім кеңістігінде оқыту үрдісінің 
жаһандық білім интеграцияларына бағытталған, тарихи-ұлттық негізі сақталған 
білім үлгісі орнығып, жаңа мазмұндағы тың жүйе қалыптасты. «Тәуелсіз 
Қазақстанның жоғары білім жүйесін бетбұрыстандыру бірнеше кезеңнен 
тұрды: 1 кезең – жоғары білім жүйесінің заңдық және нормативтік құқықтық 
базасының қалыптасуы (1991-1994 жылдар); 2 кезең – жоғары білім жүйесін 
модернизациялау, оның мазмұнын жаңарту (1995-1998 жылдар); 3 кезең – білім 
беру жүйесін қаржыландыруды орталықсыздандыру, білім беру мекемелерінің 
академиялық еркіндігін кеңейту (1999-2000 жылдар); 4 кезең – жоғары кәсіптік 
білім беру жүйесін стратегиялық дамыту (2001 жылдан бастау алған қазіргі 
кезең)» [123]. Қазақстандық білімде әлемдік білім кеңістігіне кіру мақсаты 
көзделіп, әрбір ғылым саласымен байланысты оқыту ісінде нақты өзгерістер 
көрініс беруде. Мұндай түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру жүйесінің даму 
бағыттарын нақтылап, оны тың арнаға, жаңа сапаға қарай дамыту қажеттілігін 
міндеттейді. Білім мазмұны мен оны оқыту саласындағы жаһандық үдеріске 
бағытталған өзгерістер, ең алдымен, білім мазмұнын, оның философиясы мен 
нәтижелілігін қайта қарауды қажет етті. Осы себепті де Қазақстан 
Республикасының «Білім туралы» заңында: «Білім беру жүйесінің басты 
міндеті ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика 
жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға 
бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа 
технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру халықаралық ғаламдық 
коммуникациялық желілерге шығу» [124] – деп білім беру жүйесін одан әрі 
дамыту міндеттерін көздейді.
Қазақ тілін оқыту мен этнопедагогикалық құндылықтарды қатар беру 
мәселесін «ұлт руханиятының көсемі» А.Байтұрсынұлының идеяларынсыз беру 
мүмкін еместігі біз үшін басы ашық аксиома. А.Байтұрсынұлының: «Сөзі 
жоғалған жұрттың өзі жоғалады», – деген сөзі әр қазақ үшін бүгінгі таңда 
бойтұмар сөзге айналып жатса, «Мәңгілік елдің – Мәңгілік тілі» сол арқылы 
жасампаздыққа ие болары сөзсіз. А.Байтұрсынұлы этносты сақтаудың басты 
қаруы – тіл екендігін өз еңбектерінде жетекші идеяға айналдыру арқылы, 
ұлттық ойлау, ұлттық дүниетаным, ұлттық психология, ұлттық діл, ұлттық 
дәстүр, ұлттық мәдениет, ұлттық код, ұлттық тәрбие дегендерді тіл арқылы 
жеткізудің «Ұлы жобасын» ұсынғандығы белгілі. Ғалымның осы айтылған 
мәселелерінің баршасы этнопедагогика ғылымы арқылы жүзеге асатындығы 
мәлім. Ал бұл мәселелер Қ.Жарықбаевтың зерттеулерінде «этнопедагогика», 
«этнопсихология», 
«халықтық 
педагогика», 
«халықтық 
психология» 
категорияларының өзара сабақтастығы ғылыми тұрғыда талдана келе, 
«Этнопедагогика – халықтық тәлім-тәрбиені, оның тәжірибесін қорытындылап, 
жүйелейтін теориялық сипаттағы ғылым саласы. Ол халықтық педагогиканы 
ғылыми педагогикамен байланыстырып отыратын өткел іспеттес ғылым» [125, 
7 б.] – деп түсіндіріледі. Яғни, «этнопедагогика дегеніміз – этникалық қауым 
педагогикасының дамуын зерттейтін педагогикалық білімдердің жаңа саласы, 
белгілі бір халықтың, тайпаның өзіне тән ерекшелігі бар дүниетанымдық, 


79 
тәрбиелік мәдени мұрасы. Ол халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі озат тәжірибесінің 
мазмұны мен әдіс-тәсілдерін зерттейтін ғылыми педагогиканың құрамдас бөлігі 
ретінде қарастырылады» [126, 129 б.].
Қазақ тілінің этноболмысын жекелеген тілдік бірліктер арқылы тануға 
болады. Осы жағынан келгенде, қазақ тіліндегі омонимия құбылысы ұлт тілінің 
этникалық ерекшелігі мен этнотанымын көрсететін тілдік бірлік ретінде 
бағаланады. Тілдегі омонимдік құбылыстарды оқыту мәселесінің тарихи 
дәстүрлі жолы қалыптасқандығы белгілі. Алайда омонимия құбылысын 
зерттеудің аспектілері заман озған сайын жаңаруы оқыту мәселесінде жаңаша 
қарастыруды қажет етеді. Қазақ тіліндегі лексикалық бірліктерді оқыту 
әдістемесінің лингводидактикалық тұғырын негіздеуде «Қазақ тілінің 
лексикологиясы» курсына арналған оқулықтардың авторлары І.Кеңесбаев, 
Ғ.Мұсабаев, Ә.Болғанбаев, Ғ.Қалиев, К.Аханов, Б.Сағындықов, М.Белбаева, 
А.Айғабылов, М.Оразов, Ф.Оразбаева, Ә.Әлметова т.б. ғалымдардың 
еңбектеріндегі ойлары мен тұжырымдары омонимдік бірліктерді оқытуда 
басшылыққа алынды. Омонимдік құбылыстарды оқытуда «субъект пен 
субъект» бірлестігінің шығармашылықпен жұмыс жүргізуге негіз болатын 
ұстанымдарды анықтап білім мазмұнын толықтыруға болады.
Педагогика ғылымы мен әдістеме іліміндегі оқытылатын пәннің зерттеу 
нысаны мен мазмұнын ашып, оның әрбір тақырыптық тарауларының 
мазмұнына қатысты мағлұмат береді. Педагогика ғылымында берілетін 
білімнің мазмұнына сәйкес, әдістемесі жасақталатындығы белгілі. Ф.Оразбаева 
мен С.Рахметованың әдістеме туралы тұжырымдарында «Қазақ тілі әдістемесі 
– ана тілін ұғынудың заңдылықтарын, тілдің қыры мен сырын балаға үйретудің 
жолдары мен құралдарын зерттейтін педагогика ғылымының бір саласы. 
Педагогика ғылымының дидактика саласы оқыту ұстанымдарын, оқуды 
ұйымдастырудың алуан түрлі әдіс-тәсілдерін, білімді игерудің ең тиімді
ұтымды жолдарын, іскерлік пен дағдыны қалыптастырудың амалдарын 
зерттейді» [127, 48 б.] – деп көрсетеді. 
Әдістеме ғылымында педагогикалық негіздемелерді басшылыққа алудың 
нәтижесінде білім алушының болмысын қалыптастырудың әр алуан жолдары 
қарастырылған. Қазақ тілінің мәселелерін оқыту барысында педагогоикалық 
аспектілерге басымдық берген көптеген әдістемелердің элементтері 
қарастырылады. Қазақ тілін оқыту әдістемесінде қолданылатын басты 
әдістемелердің қатарына – тіл дамыту мәселесі жатады. Осы мәселеге қатысты 
Ж.Балтабаева еңбегінде кешенді ұстаным, тілдік сезімге сүйену және оны 
дамыту ұстанымдары деген мәселелерге ерекше тоқтала келіп, «...тіл дамыту 
бағыттары кешенді жұмыстар бойынша жүргізілуі қажет. Ондай жұмыстар 
морфологиялық 
жаттығулар, 
іскерлік 
ойындар, 
ойталқы, 
ойбөліс, 
шығармашылық т.б. тапсырмалар кешенді түрде орындалса ғана нәтижелі 
болады» [128, 62 б.] – деп, тіл дамыту жұмыстарының кешенді түрде жүргізілуі 
арқылы нақты нәтижелерге қол жеткізуге болатындығын айтады. Ғалымның 
бұл ұстанымын омонимдік құбылыстарды оқытуда пайдалану арқылы болашақ 
маманның білім көкжиегін жетілдіріп, шығармашылық ойлауын дамыту 


80 
нәтижесінде, тілдік бірліктер арқылы педагогикалық құндылықтарды бойына 
сіңіруге болатындығын байқаймыз. 
Білім мен оның мазмұндық, формалық жаңашылдығы педагогикалық 
үдерістен көрінеді. Педагогикалық үдеріс – педагогиканың негізгі категориясы, 
жалпы адамзаттың білімі мен тәжірибесін, құндылықтары мен жетістіктерін 
жеке тұлғаның бойына, білімі мен мінез-құлқына трансформациялаушы 
үдерістердің логикалық байланыстағы жиынтығы. Ал жоғары оқу орнындағы 
педагогикалық үдеріс білім алушыларды кәсіби әрекетке және қоғамдық өмірге 
бағыттаушы оқу-тәрбие үдерісі субъектілері мен нысандарының мақсатты 
түрде ұйымдастырылған жүйесі. Жоғары оқу орнындағы педагогикалық үдеріс 
– көпқырлы құбылыс. Педагогикалық үдерісте объективті, әлеуметтік білім, 
дағды, тәжірибе субъективті – дараланған психикалық сатыға өтеді. 
Педагогикалық үдерістің тұтастығын оқу, тәрбие, даму және кәсіби 
дайындықтың табиғи бірлігі құрайды. Педагогикалық үдерістің жүйе ретіндегі 
құрамдас бөліктеріне педагогикалық үдерістің мақсаты, жүйенің субъектілері 
мен объектілері, міндеттері, мазмұндық бөлігі (оқыту мен тәрбиелеу және білім 
алушының өзін-өзі дамытуы, кәсіби дайындық), ұйымдастырушы құрылымдар 
және нәтижелер жатады. Қазақстандық білім жүйесіндегі педагогикалық үдеріс 
қоғамның мамандар мен азаматтарға деген негізгі тапсырысын орындаушы 
нысан болып табылады. Яғни қоғамның даму бағытымен байланысты 
талаптары оқытудың мақсаттары мен білім саласының бағытын айқындайды. 
Осы себепті де оқыту ісіндегі мақсат пен мазмұндық бөлік педагогикалық 
үдерістің маңызды құрамдас бөлігі саналады. Яғни бүгінгі білім саласындағы 
кең құлашты өзгерістердің негізі қоғамның қазіргі және болашақтағы даму 
сипатындағы өзгерістермен тығыз байланысты. Педагогикалық үдерістер 
тарихи-тәжірибелік жолмен анықталған заңдылықтардан тұрады. Олардың ең 
бастысы – тәрбие (өзін-өзі тәрбиелеу) мен білімнің (өзін-өзі дамыту) бірлігі. 
Білім мен тәрбие тығыз бірлікте болғанмен олардың өз ішкі айырмашылықтары 
да жоқ емес. Алайда педагогикалық аяда білім мен тәрбие саласындағы айырым 
белгілерді айшықтап көрсету қиыншылық туғызады. Өйткені, бұл заңдылықты 
талдау барысында, олардың даралығы емес, жалпылық сипаттары бірінші 
байқалады: тәрбие үдерісі оқу үдерісін жүзеге асырады, ал оқу тәрбиесіз жүзеге 
аспайды. Егер оқу мен тәрбиенің негізгі функцияларын салыстырар болсақ, 
олар негізгі төрт функцияның бірлігінен тұрады: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   108




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет