Казақстан республикасының білім және ғылым министрлігі к. Ә. ДӘуітбаева


Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda



бет141/155
Дата24.04.2022
өлшемі2,44 Mb.
#140657
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155
Байланысты:
zoo

Ауызаяқты шаяндар отряды - Stomatopoda
Жылы теңіздерде, су түбінде көмшіп тіршілік ететін шаяндар. Денесі созылыңқы (34 см-ге дейін), құрсағы өте ұзын және мықты, аяқтары екі бұтақты, жүзуге және тыныс алуға бейімделген. Басы протоцефалон, онда қозғалмалы әрі сабақшалы фасеттік көздері мен екі жұп мұртшалары орналасқан. Кеуденің алдыңғы 4 сегменттері жақкеуде құрамына кіреді. Кеуде аяқтарының алғашкы 5 жұбы (әсіресе 2-ші жұбы) ұстағыш аяқтарына айналған, 2-ші жұп аяғының соңғы буыны екі бүйірінен кетік ұстараның жүзі сияқты қабыстырылған және бәкі пышақ тәрізді өзінің алдыңғы буынының арнайы ойысына (науа) салынады.
Желбезектері кеуде және құрсақ аяқтарында дамыған. Жүрегі ұзын, түтікті. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкалары планктонды. 200-ге жуық. түрі бар. Негізгі өкілі дәуіт-шаян - (Sguilla oratoria), ұзындығы 20 см. Жерорта теңізінде, сонымен қатар Тынық және Үнді мұхиттарында тамаққа қолданылатын кейбір ірі ауызаяқты шаяндарды аулау кәсібі дамыған.
Мизидалар отряды - Mysidacea
Басым көпшілігі теңіздерде, тұщы суларда тіршілік ететін шаяндар. Ұзындығы 0,5-2,5 см. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік көздері және мұртшаларынан тұрады. Кеудесінің алдыңғы 3 сегменттері жақкеуде құрамында. Кеуде аяқтарының бірінші жұбы жақаяғына айналған, қалғандары екі бұтақты. Желбезектері жоқ, карапакс арқылы тыныс алады (карапакс үш кеуде сегментін жауып тұрады). Соңғы жұп құрсақ аяқтарының эндоподиттерінің түбінде тепе-теңдік мүшелері - статоцисттері орналасқан.
Аналығы жұмыртқаларын кеудесінде орналасқан тұқым шығарушы қалтасында алып жүреді. Дамуы метаморфозсыз, жұмыртқадан шыққан ұрпақтарының ересек түрлерінен көп айырмашылығы жоқ.
Мизидалар органикалық қалдықтармен, балдырлармен, ұсақ шаяндармен қоректенеді. 500-ге жуық түрі бар. Негізгі өкілі - Mysis relicta Солтүстік Еуропада, Америкада салқын және таза көлдерде мекендейді. Mysida туысының көптеген түрлері Каспий теңізінде және тұщы су қоймаларында кең тараған. Мизидалардың жасанды суат және шаруашылықтағы балықтардың негізгі қорегі ретінде ерекше маңызы зор.
Эуфаузиялар отряды - Euphausiacea
Бұлар теңіздерде, планктон қабатында мекендейтін шаяндар. Ұзындығы 7 мм-ден 96 мм-ге дейін. Басы - протоцефалон, бір жұп сабақшалы фасеттік көздері және мұртшалары бар. Көздің сабақшасында және кеуде мен құрсақ сегменттеріңце 10 жұп жарық шығару (жарқырау) - фотофора мүшесі болады. Жақкеуде құрамына барлық кеуде сегменттері қосылған, аяқтары жақаяқтарына айналмай, тек жүзуге бейімделген, екі бұтақты, олардың түбінде желбезектері орналасқан. Жүзуге құрсақ аяқтары да қатысады. Карапаксы жақсы дамыған.
Жұмыртқаларын суға салады немесе құрсақ аяқтарына жабыстырады. Дамуы метаморфозбен өтеді, личинкасы - науплиус.
80-нен аса түрі бар. Негізгі өкілдері: Euphausia superba және Thysanoesia raschii. Бұлар балықтардың және мұртты киттердің негізгі қорегі. Антарк­тика суларындағы мұртты киттердің көптеп бір аймақта жинақталуы - крильдың қарқынды жылдамдықпен дамуына және көптігіне байланысты.
Криль (голландша Кгіеі - ұсақ - түйек, құртақандай) - көптеген ұсақ планктон­ды шаянтәрізділердің кәсіптік аты. Euphausia superba криль құрамының негізгі компоненті (бөлігі). Криль ауланып, олардан толып жатқан - сыр қоспасы, пасталар, мал шаруашылығының азық қоры, витаминдер әзірленеді.
Теңаяқты шаяндар отряды - Isopoda
Бұлар теңіздерде, тұщы суларда, құрлықта мекендейтін және паразиттік тіршілік ететін шаянтәрізділер. 4500-ге жуық түрі бар, ұзындығы 1 мм-ден 5 см-ге дейін, ал теңіздің терең қабаттарында мекендейтін Bathynomus giganteus-тың ұзындығы 37 см.
Денелері дорзовентральды бағытта жалпайған. Бас құрылысы күрделі, оған акрон және 4 сегменттен басқа кеуденің 1-2 сегменттері қосылады. Соңғыларының аяқтары жақаяқтарға айналған. Фасетті көздері жақсы дамыған. Карапаксы жоқ, кеуде сегменттерінде бір бұтақты жүру аяқтары бар, кейде олардың 1-3-ші алдыңғы жұптары-ұстағыш ілмекпен жабдықталған. Құрсағы кеудесінен қысқа, көп жағдайда барлық не біраз құрсақ сегменттері жарты шеңбер, не ұшбұрыш тәрізді аналь қалқанымен қосылған. Құрсақ аяқтарының алдыңғы 5 жұбымен тыныс алады. Олар қысқа буыннан және бір-біріне тығыз жанасқан (кітаптың беттері сияқты) екі кең жапырақ тәрізді желбезек бұталарынан тұрады. Бір жұп құрсақ аяғының экзоподиті барлық желбезек жапырақшаларын жауып тұратын мықты қақпақшаға айналған. Осыған байланысты теңаяқтылардың біразы құрлықта тіршілік етуге бейімделген. Мысалы, Oniscus, Porcellio және Hemilepistus туыстарының өкілдері. Бұлардың көпшілігі ылғалды жерлерде, шіріген жапырақ пен ағаш түбірлерінде мекендейді және желбезектерінің сыртындағы ылғалда еріген оттегімен тыныс алады. Кейбір түрлерінде желбезектеріне қосымша, алдыңғы құрсақ аяқтарының экзоподиттерінде тұйықталған тыныс түтіктері бар терең ойыстары болады, оларды жалған трахеялар (псевдотрахеялар) деп атайды. Соның көмегімен атмосфералық ауамен тыныс алады.
Негізгі өкілдері, кәдімгі есекқұрт (Oniscus asellus), погребті есекқұрт (Porcellio scaber) ылғалды жерлерде тіршілік етеді. Орта Азия мен Қазақстанның шөл даласында Hemilepistus туысының өкілдері кездеседі. Н. cristatus 1 метрдей терендікке ін қазып, оны арқасындағы қалқанымен жауып жатады (бүктеліп жатып). Әрқайсысында 53-ке дейін особьтары болады.
Тұщы суларда тіршілік ететін су есекқұрты (Asellus aquaticus), ұзындығы 12-20 мм. Ақпайтын тұщы су және баяу ағатын су қоймалардың жағалауларында кең тараған. Детрит және су бетіне түскен шіріген жапырақтарды жеп, суқоймаларды тазартады (110-сурет).
Паразиттерінің ішінде балықтардың уақытша (Aega туысы) және тұрақты (Cymothoa, Livoneca туысынан) эктопаразиттері болады. Олар балықтардың терісіне, желбезектеріне қадалып тіршілік етеді. Сапсгісероп туысының өкілдері шаянтәрізділердің (креветкалардың, крабтардың) желбезек қуыстарында мекендейді.
Теңаяқтылардың жұмыртқалары аналығының кеудесіндегі ұрпақтық қапшығында "манка" деп аталатын личинкалық сатысына дейін дамиды. "Манка" личинкасы ересек түріне ұқсас, тек аяқтары толық жетілмеген. Өсімдік пен ұсақ жануарларды қорек етеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   137   138   139   140   141   142   143   144   ...   155




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет