Лекция. Сәндік-қолданбалы ӛнер теориясы мен технологиясы. Жоспары



Pdf көрінісі
бет2/8
Дата02.03.2023
өлшемі0,49 Mb.
#170853
түріЛекция
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
CMTOVCTTACQZ02032023214854
Задания суммативного оценивания за 2 четверть, шоттар 2020, «Sapiens Адамзаттың қысқаша тарихы», СМБӨЖ1, перевод
Алаша - 
әртүрлі жүннен немесе әр түрлі түске боялған мақта мен жүннен 
тоқылған тӛсеніш. Оны 2 түрлі әдіспен: түрлі-түсті жіптерді жарыстыра жолақ 


жасап, әр түсті теріп, кӛп мәнерлі ӛрнектер түсіріп тоқиды. Алғашқысын жолақ 
алаша, соңғысын терме алаша деп, кейде кілем алаша деп те атайды. Алаша 
енсіз тоқылатындықтан тӛсеніш, түс кілем, қоржындар жасағанда бірнеше 
ендерді біріктіріп тігеді. 
Терме алаша 
– тоқығанда оны геометриялық және кӛкӛріс ӛрнекпен 
безендіреді. Мұндай алашаны «терме» деп те атайды. Оны тоқығанда «ілмек», 
«ӛткерме», «мәймӛңке» деп аталатын құралдар пайдаланады. Алашаны 
Қазақстанның әр облысында жергілікті дәстүрге сай, әр түрлі етіп тоқиды. 
«Орама теру» тәсілімен баулар, алашалар, ал ӛрмектің арқауы бір түсті жіппен 
тоқылады. Бұған кӛбінесе ақ не қызыл түсті жіптер пайдаланылады. Тоқу 
барысында әр түрлі түсті жіптерден ӛрнек салып, оның жібі ӛрмектің ерсісіне 
қолмен оралып, арқанмен бекітіледі. Бір түсті теру мәнерімен тек басқұрды 
тоқиды. 
Төсеніш түрлері. 
Тӛсенішті жамбасына жер батудан, сыз ӛтуден сақтануда 
қолданған. Ұлттық тұрмысқа жақыны - тері мен киіз тӛсеніштер. Аң терілер 
мен мал терілерімен жасалған тӛсеніштер – жарғақтар, бӛстектер, тулақтар. 
Мал жүні мен түбітінен есіп, ширатып ызылған, иіріп ӛрмекке тоқылған 
тӛсеніштер. Сондай-ақ қой мен түйе жүні тартылған, сырты тері жарғақ 
тӛсеніштер. Киіз тӛсеніштер қойдың таза жүнінен басылып пісіріліп, қарпылып, 
бір түсті кесек киіз түрінде, бетіне ою-ӛрнектер салынған гүлді текемет түрінде 
де, киіздерді біріне-ірін ойыстырып жасалған сырмақ түрінде кезігеді. 
Киіз тӛсеніштер ішінде сырмақ түрлері: асты-үсті шымқай ақ киізбен 
жабдықталған, бетіне ақ шуда жіппен ғана ою-ӛрнек түсіріле сырылған ақ 
сырмақ. Шымқай ақ киізбен жабдықталған бетіне ақ, қара, қызыл, сары, кӛк, 
жасыл тағы басқа түсті жіптердің бірінен сыңар жиек арқылы ою-ӛрнек түсіріле 
сырылған ақ сырмақтар. 
Асты-үстіне, үсті шымқай қара киізбен кӛмкерілген, бетіне тек қара шуда 
жіппен ғана ою-ӛрнек түсіріле сырылған қара сырмақ. Шымқай қара киізбен 
қапсырылған: бетіне ақ, қара, сары, қызыл, жасыл, кӛк түсті жіптердің бір 
түсімен сыңар жиек арқылы ою-ӛрнек түсіріліп сырылған қара сырмақ. 
Сырмақ киіз ӛлшемі пішіліп алынған соң, сол киіз үстіне тұтас шақталған 
бір түсті матаға басқа түсті матадан ою-ӛрнек ойылып жапсырылады да, осы 
матамен киіз бетін тұтас қаптайды. Сонан соң ою шеттерін қуалай сыңар жиек 
жіппен әрі жиектеліп, әрі сырылып шығарылады. Мұндай сырмақ үстіне тұтас 
қапталған мата ӛңіне сәйкес түстеледі. Кейде мұндай сырмақтардың 
ортасындағы ою-ӛрнек бір мәнерде ойылады. Орта мен жақтаудағы ойылған 
оюлардың мән мазмұны, мәндері бірін-бірі қайталамайды. Сырмақ сырылады, 
жиектеледі, астарланады. Сырмақтың осы бір түрі әрі жеңіл, әрі әдемі болады. 
Кейде сән үшін аң мен мал терілерден сырмақ ортасына тұтастай жапсырылған 
немесе тері мен киізді біріне бірін ойыстырған сырмақтарда болады. Мұндай 
тӛсеніштерге жүні мықты, тез қырыла қоймайтын аң мен мал терілері 
пайдаланып, сырмақ асты жеңіл матамен астарланады. Кӛшпелі, жорықты ӛмір 
талабына сай жабдықталатын осы сырмақ атты тӛсеніштер, кӛбінесе бірыңғай 
таза киізден жасалады. Соған орай үлгісі, кӛлемі, түр-түсі, тіпті қай еденге, 
оның қай жеріне салынатын, тасталатын, жататын орнына дейін нақтап, ат 


қойып айдар тағылады. Мәселен, үлкен сырмақ кішкене сырмақ, тӛр сырмақ, 
тӛсек сырмақ, от киіз, от сырмақ, тері бӛстек. Ал түрі-түсіне қарай – ақ сырмақ, 
қара сырмақ, қара-ала сырмақ, қызыл ала, сары ала, кӛк ала тағы-тағылар болып 
атала береді. 
Пластикалық материалдар және зергерлік бұйымдар. 
Қазақтың халықтық 
зергерлік ӛнері ұлттық мәдениет тарихынан ерекше орын алады. Қазақтың 
зергерлік ӛнері ежелгі дәстүрлердің сабақтастығы мен кӛрші халық – халықтар 
мәдениетінің ӛзара ықпалы арқылы қалыптасқан. Ұлттық қолӛнердің басқа 
түрлеріне қарағанда, зергерлік ӛнердің ӛзіндік жасалу ерекшелігіне тән кәсіптік 
сипаттамасы бар. Қазақ зергерлері кӛбіне жеке дара жұмыс істеп, ӛз ӛнерінің 
қыр-сырын ұрпақтан-ұрпаққа үйретіп отырған. Зергерлердің соғатын 
заттарының түрлері ӛте кӛп. Оған әйелдердің әшекейлері, киім-кешекке 
тағатын түрлі сәнді-сәнді бұйымдары, киіз үйдің ағаш сүйегіндегі ою-ӛрнек, 
жиһаздық заттар, ағаш ыдыс-аяқ, музыкалық аспаптар, қару- жарақтар, ат-
тұрман, әбзелдері жатады. Бұларды әсемдеу үшін – кӛбіне алтынды және 
күмісті молырақ қолданған. Зергерлердің кӛп жасаған бұйымдарының қатарына 
әйелдерге арналған әшекейлер жатады. Әшекейлерді қасиетті тұмар ретінде 
ұстаудың алғашқы белгілері полеолит дәуіріне салды. Тұмар тағушылар ӛзіме 
күш-қуат береді, пәле-жаладан, тӛтенше қауіптен сақтайды деп түсінген. 
Әшекейлеуге қондырылған асыл тастарды әдетте 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет