Лекциялар курсы Редакциясын басцарган mapux гылымдарының докторы



бет29/60
Дата15.11.2016
өлшемі9,23 Mb.
#1826
түріЛекция
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60

1917 жылы мамырда Петроградта бірінші Жалпы ресейлік мүсылмандар съезі болып өтті. Съезде үлттық-аумақтық федеративті негіздегі демократиялық республика үлттық автономия қүру мәселелері қаралды.

Қазақстанда алғашқы Кеңестер 1917 жылы наурызда пай­да бола бастады. Жүмысшы жэне солдаттарға қарағанда шаруа депутаттарының Кеңесі кейінірек, яғни мамыр жэне маусым ай- ларында қүрыла бастады. Кеңестердің көпшілігін алғашқы кез­де эсерлер мен меньшевиктердің үсак буржуазиялық партиясы өкілдері басқарды. Бүған большевиктердің элсіздігі мен аздығы, жергілікті жүмысшылар үйымшылдығының жеткіліксіздігі мен саяси жетілмегендігі, Қазақстанның элеуметтік-экономикалық даму дәрежесінің төмендігі себеп болды. Кейбір мәліметтерге қарағанда, 1917 жылдың наурыз-сәуір айларында Қазақстанда 25- тен астам Кеңестер, оның ішінде 8 жүмысшы, 9 шаруа, 7 солдат депутаттарының Кеңестері жүмыс істеген. Өзінің пайда болуы- нан бастап Қазақстан Кеңестері, эсіресе, жүмысшы жэне шаруа депутаттарының Кеңестері өздерінің қүрамы жөнінен көпүлтты болды. Кеңестердің қүрамына: орыстар, қазақтар, украиндар, та- тарлар, үйғырлар, өзбектер жэне басқа халықтардың өкілдері енді. Солдат депутаттары Кеңестеріне көбінесе орыстар, украиндықтар, ішінара татарлар кірді.

Орталық Азияда жэне Қазақстанның оңтүстігінде мүсылман депутаттарының Кеңестері қүрылды. 1917 жылғы 16—21 сәуірде Ташкентте мүсылман депутаттары Кеңестерінің I өлкелік (Түркістандық) съезі өтіп, ол Уақытша үкіметті қолдады жэне Ресейді басқарудың ең жақсы нысаны Түркістанға жэне басқа да үлттық аймақтарға кең көлемде автономия берілетін жағдайдағы Федеративтік демократиялық республика деп таныды. Съезд Қүрылтай съезіне дайындалуға жэне «Шура-и Ислам» мүсылмандар партиясының бағдарламасын тануға шақырды.

Осы жерде айтып кететін жағдай 1917 жылы көктемде мү- сылмандар қозғалысы негізінде «Шура-и Ислам» партиясы қүрылған болатын. Ташкенттегі съезде (1917 ж. сэуір) қалыптасқан «Шура-и Ислам» партиясының Шымкентте, Әулиеатада, Перовскіде, Қа- залыда жэне басқа қалаларда жергілікті үйымдары болды, оларға мүсылман дінінің православие дінімен тең қүқықтылығы, діни шектеулердің жойылуы, ислам діні оқу орындарының ашылуы, Мек- кеге қажылыққа баруға рүқсат ету жэне басқа да діни қүқықтар мен бостандықтар үшін күрескен татар, өзбек, қазақ діни қайраткерлері мен қатардағы мүсылмандар кірді.

Қазақстандағы қос өкіметтің орталық аудандарға қарағанда өзіндік ерекшеліктері болды, бүл өлкенің отар ретінде әлеуметтік- экономикалық жэне саяси даму деңгейіне, оның көпүлттығы мен халқының қүрамы негізінен үсак буржуазия өкілдерінен шыққандығына байланысты еді. Тап осындай жағдай Түркістан өлкесінде де орын алды. Мүнда патша өкіметі қүлаған соң биліктің үш түрі орнады: олар — Кеңестер, Уақытша үкіметтің атқару комитеттері жэне мүсылмандар үйымы. Егер алғашқы екі билік сырт жағынан қарағанда жергілікті халықтың мүддесіне онша жаны ашымай бүрынғы саясатты жүргізсе, ал үлттық зиялылар басқарған оның соңғысы жергілікті түрғындарды алаңдатқан мәселелерді ше- шуге тырысты.

Сонымен, Ақпан революциясының жеңісінен кейін Қазақстанда қоғамдық-саяси өмірдің біршама жандануында Ресейдің саяси пар- тиялары, әсіресе, олардың жергілікті үйымдары мен топтары өз әсерін тигізді. 1917 жылдың көктемінде болып өткен облыстық қазақ съездері болашақ партияның бағдарламасын әзірлеуге көмектесіп, съездерге қатынасқан делегаттар мен қазақ комитеттерінің мүшелері «Алаш» партиясының элеуметтік негізін қүрады. Осылайша, 1905 жылдың өзінде-ақ қүруға әрекет жасалған «Алаш» партиясы ic жүзінде 1917 жылдың мамыр айында қалыптасып, ал оның ресми тіркелуі 1917 жылдың желтоқсанында жүзеге асқан еді.

Тарихта «Алаш» партиясының саяси үйым болып қүрылуының бастауын 1917 жылдың 21—28 шілде аралығында өткен бірінші Бүкілқазақ съезі айқындап берді. Съезд жүмысына сол кезде қазақ даласының алты облысынан: Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Ферғана жэне Бөкей ордасынан делегаттар қатысты. Съезде 14 мэселе күн тэртібіне қойылды: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиялығы туралы; жер мәселесі; халық мили- циясын үйымдастыру; земство туралы, халық ағарту ici; сот ici; дін мәселесі; әйелдер мәселесі; қазақтар облыстарында Қүрылтай жи- налысына делегаттар сайлау; бүкілресейлік мүсылман съезі туралы; қазақ саяси партиясын қүру туралы жэне т. б. Осылардың ішінде өзінің мазмүны мен саяси маңызы жағынан үлттық автономия, жер мәселесі мен Қүрылтай жиналысына дайындық мәселелері бірінші кезекте, өте саяси пікірталас жағдайында талқыланды. Мысалы, үлттық автономия туралы А.Байтүрсынов пен М.Дулатов тәуелсіз автономиялық Қазақ мемлекетін жақтап сөйлесе, Ә.Бөкейханов қазақ үлттық-аумақтық автономияның Ресейдің қүрамында бо- луын жақтады. Бірақ, ол мемлекет демократиялық федеративті парламенттік республика негізінде қүрылуына басты назар аударды. Бүл көзқарас көпшілік делегаттардың қолдауына ие болды. Соны­мен съездің қарарында: «Қазақ облыстары аумақтық-үлттық автоно­мия қүқығын алуы тиіс» деп жазылды. Сондай-ақ, жер мәселесі де қызу талқыға салынды. Съезд Қазақстанның барлық аймақтары мен Бүхара, Ферғана, Хиуадағы қазақтар қауымдастығынан Қүрылтай жиналысына үсынылған 81 кандидаттың 78-ін депутат етіп сайла­ды. Олардың арасында «Қазақ» газетінің жетекшілері, қазақ үлттық- либералдық қозғалысының косемдері Ә.Бөкейханов, А.Байтүрсы- нов, аймақтардан А.Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Х.Досмүхамедовтар, М.Тынышбаев, М.Шоқаев, С.Асфендияров болды.

Съезде қаралған барлық мэселелер талқыланып, шешімдер қабылдану барысында қазақ үлт зиялыларының ықпалы басым бо­лып отырды. Сайып келгенде, Орынборда өткен бірінші Бүкілқазақ съезі «Алаш» қазақ үлттық саяси партиясын шын мэнінде заңдастырды. Атқару комитеті негізінде партияның басқарушы ор­ганы сайланды.

Сонымен, қорыта айтқанда, Кеңестік дэуірдегі Коммунистік партияның идеологтары Алаш партиясы мен Алашорда үкіметін буржуазиялық үлтшылдық қозғалысының көрінісі деп бағалап келді. Алайда, біздің жоғарыда атап көрсеткеніміздей, жалпы Алаш қозғалысы, соған байланысты XX ғасыр басындағы қазақ үлт зиялыларының қоғамдық-саяси қызметінде «үлтшылдықтың», «буржуазияшылдықтың» ешқандай да белгісі болған емес. «Алаш» қазақ халқының нағыз үлттық демократиялық партиясы болды. Сондықтан, қазіргі де, болашақ үрпақтың да санасында оның өмір сүрген уақыты қазақ халқының ғасырлар бойы армандаған өзінің толық тәуелсіздігін қалпына келтіру жолындағы күресінің ең маңызды бір кезеңі деп бағалануы керек.

11-тақырып ҚАЗАҚСТАН ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ МЕН АЗАМАТ СОҒЫСЫ ЖЫЛДАРЫНДА (1917—1920жж.)

жштшштшшшжшшшшмшшшшшш'

  • 1917 ж. Қазан төцкерісі және оның Қазацстандагы цогамдъщ-саяси өмірге эсері

  • Азамат согысы және социалистік цүрылыстың басталуы

1.1917 ж. Қазан төңкерісі және оның Қазақстандағы қоғамдық-саяси өмірге әсері

Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, езілген халықтарға өзін-өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін күн тэртібіне қоюға тырыспауы, жүмысшыларға 8 сағаттық жүмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан эрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде бүқараның Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Бүл Кеңестердегі большевиктердің ықпалының артуына жағдай жасады. Ал Корни­лов бүлігінің талқандалуы большевиктер беделін біржола көтерді. Осындай жағдайда большевиктер партиясы 1917 жылғы шілде оқиғасынан кейін алынып тасталған "Барлық билік Кеңестерге берілсін" деген үранды қайта көтерді. Енді бүл үран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті қүлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.

1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс ба­сталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды объектілерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.

Қазан қарулы көтерілісінің Петроградта жеңіске жетуі, сондай- ақ Қазақстанмен іргелес Ташкент, Омбы, Орынбор, Астрахань тә- різді ipi қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бүл процесс аймақтың әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени баяу дамуымен, үлтаралық қатынастардың күрделілігімен, жүмысшылар мен большевиктік үйымдардың аздығымен шиеленісе түсті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жүмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, үлттар мен үлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уэдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен қүлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының табанды қарсылық көрсетуі жағдайды одан эрі шиеленістіре түсті.

Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары жэне Бөкей Орда- сында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей жэне Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды. Облыстық орталықтар мен уездік қалаларда кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың жэне жергілікті горни- зондар солдаттарының қарулы көтерілісі арқылы орнады. Перовск (Қызылорда) жүмысшылары мен солдаттары өкімет билігін 1917 ж. 30 қазанда (12 қараша) өз қолына алды. Ташкентте Кеңес үкіметі 1917 жылы 1 қарашада кескілескен үрыс нәтижесінде орнады. Ал 1917 жылдың қараша айының орта кезінде Кеңес өкіметі Черняев (Шымкент) қаласында жеңді. Қараша-желтоқсан айларында Кеңес өкіметі Әулиеатада, Түркістанда, Қазалыда, Арал поселкесінде жэне облыстың басқа да ipi елді мекендерінде бейбіт жолмен ор­нады. Кокшетау, Павлодар, Атбасар, Өскемен уездерінде казак- орыс әскерлерінің басым болуынан Кеңес окіметі үшін күрес біраз қиындыққа кездесті. Кеңес окіметі 1918 ж. наурыз айында Жаркент- те, Сергиопольде (Аягөзде), Талдықорғанда, сәуірдің бас кезінде Лепсіде орнады.

1917 ж. соңы мен 1918 ж. наурызы аралығында Кеңес өкіметі Қазақстанда негізінен қалалар мен басқа да ipi халық тығыз орналасқан жерлерде орнады. Кеңес окіметін орнатумен бірге өлкенің шаруашылығы мен мәдениетін қайта қүру шаралары қатар жүргізілді. Өнеркәсіп орындарында, мэселен Спасск зау- ытында, Қарағанды шахтасында, Успен кенішінде, Ембі мүнай кэсіпорындарында бақылау қойылып, сондай-ақ банктер мемле­кет меншігіне көшірілді. Кеңестердің 2- Бүкілресейлік съезінде қабылданған Жер туралы декрет бойынша алғашқы шаралар жүргізіле бастады.

Қазан төңкерісінің алғашқы күндерінен бастап-ақ облыстық жэне уездік орталықтарда да жүмысшылар мен шаруалардың өкіметін нығайту ici, ауылдық жэне селолық Кеңестерді қүру ісімен бірге жүргізілді. Алайда ауылдың экономикалық жэне мэдени жағынан артта қалуынан туындаған қиыншылықтар, элі де күшті рулық байланыстар қазақ ауылдары мен болыстарында Кеңес өкіметінің органдарын үйымдастыру жөніндегі жүмыстарын қиындатты. 1918 жылдың күзінен бастап басқарудағы ала-қүлалық жойылып, билік Кеңес атқару комитеттері қолына алына бастады. Сонда да болса, ауыл-селоларда элі Кеңестер күш ала алмай жатты. Кеңес өкіметінің нүсқау, жарлықтарын іске асыруға қарсылық күшті бол­ды. Халық азық-түлік тапшылығынан зардап шекті. Кеңес өкіметіне қарсы күштер бас көтерді. Кеңеске қарсы күштердің қарсылығын басу үшін, жергілікті жерлерде өкімет билігін нығайту қажет болды. Кеңес өкіметін нығайту жолындағы күресте облыстық жэне уездік кеңестер съездері көп рөл атқарды. Облыстық, уездік, болыстық кеңестерде жер, азық-түлік, шаруашылық, сот, бақылау, қаржы бөлімдерінің жүмысын жолға қоюға бағытталған шаралар іске асырылды. Кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдері ашылды. Кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жүмыс істей бастады. Осындай төңкерістік шараларды іске асыру барысында, асыра сілтеушілік, солақайлық, теріс әрекеттер орын алып, Кеңес өкіметіне деген сенімсіздік күшейді.

Әсіресе, Қазан төңкерісінің жеңісінен кейін үлттық, ең алды­мен үлттық-мемлекеттік қүрылыс мэселелері өткір сипат алып, талқылана бастады. Кеңес өкіметінің үлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі қүжатта — 1917 ж. 2 қарашада қабылдан- ған "Ресей халықтары қүқықтарының Декларациясында" жэне 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің "Барлық Ресей жэне Шығыс мүсылман еңбекшілеріне" үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік З-съезінде В.И.Лениннің дайындаған "Еңбекшілер мен қаналған халықтардың қүқықтары Декларациясы" қабылданды. Бүл қүжатта Коммунистік партияның кеңес республикасының мемлекеттік қүрылымы түріндегі кеңестік федерацияны ымырасыз жақтайтыны айқын көрсетілді. Декла- рацияда "Кеңестік Ресей Республикасы еркін үлттар одағының негізіндегі кеңестік үлттық республикалардың федерациясы түрінде қүрылады" делінген.

Каталог: files -> DistanceEducation -> Resource -> 161871
Resource -> 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Лекция 2 cаяси ғылымның даму тарихы және негізгі кезеңдері
Resource -> Рабочая учебная программа Барлық мамандықтардың студенттеріне арналған Өскемен Усть-Каменогорск 2014
Resource -> Семинар сабақтарының жоспары политология планы семинарских занятий
Resource -> Лекция №6 саяси режимдер
Resource -> 6 саяси режимдер
Resource -> Тәуелсіз Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуы
Resource -> Берілген сөйлемдердің ішінен септеулік шылауды табыңыз
Resource -> Көркем әдебиет стилі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет