МАҢҒыстау облысын дамытудың 2016-2020 жылдарға арналған бағдарламасы ақтау, 2017 жыл мазмұНЫ



бет11/19
Дата04.07.2018
өлшемі1,34 Mb.
#46321
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19

Елді мекендердің қоғамдық орындары мен көшелеріндегі жедел жағдайды тұрақтандырудың ұйымдастырушылық-практикалық шаралар кешені іске асырылуда. Қоғамдық тәртіпті қорғайтын және жол жүрісінің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін қызметкерлердің саны артты, патрульдік тексерудің бұрыннан бар бағыттары толықтай қайта қаралды, автопатрулдердің саны көбейді.

Облыс аумағында 310, оның ішінде 229 жаяу патрульдеу бағыты (Ақтау қаласында – 142, Жаңаөзен қаласында – 36), 54 автомобильмен (Ақтау қаласында – 15, Жаңаөзен қаласында – 25), 18 атпен патрульдеу бағыты, 6 стационарлық полиция бекеті, сондай-ақ 3 «Шеп» бекеті (Ақтау қаласында – 2, Жаңаөзен қаласында – 1) әзірленді.

Қоғамдық құрамалардың қатысуымен 2015 жылда 437 (2012 жылы – 485, 2013 жылы – 310, 2014 жылы - 360) әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, олардың көмегімен 17 (2012 жылы – 25, 2013 жылы – 19, 2014 жылы - 35) қылмыс ашылды.

Жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен ішкі істер органдарының жарақталу деңгейі айтарлықтай жақсартылып, негізгі бағыттар бойынша тиесілілік нормаларына жеткізілді.

1.01.2016 жылғы жағдай бойынша Ақтау қаласында 114, оның ішінде 806 жылжымалы, 34 стационарлық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр. Жаңаөзен қаласы бойынша 38, оның ішінде 32 жылжымалы және 6 стационарлық бейнебақылау камерасы жұмыс істеп тұр.

Бейнебақылау камераларының көмегімен 27055-тен аса әкімшілік құқық бұзушылық анықталып, жолы кесілді. 196 қылмыс ашылды.



Жол қауіпсіздігі

ЖКО-да қаза болғандардың саны 2015 жылы 2012 жылмен салыстырғанда өзгерген жоқ. Сонымен бірге ЖКО саны 14,2%-ға және оларда жараланғандардың саны 13,6%-ға өсті.

2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Жол-көлік оқиғаларының саны (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда)» көрсеткішіне қол жеткізілмегені байқалды: жоспар – 21,3, нақтысы – 23,2. Жоспарланған төмендеуге қол жеткізілмеді. Негізгі себеп – автомобильдер санының күрт өсуі, олардың, әсіресе Ақтау қаласында нормативтік санға сай болмауы, облыстық және республикалық маңызы бар автожолдардың жекелеген бөліктерінің қанағаттанғысыз жай-күйі, жүргізушілер мен жаяу жүргіншілердің ұқыпсыздығы.

Мейлінше авариялық қауіпті учаске «Жетібай-Жаңаөзен» республикалық маңызы бар автожолы болып табылады. Ондағы өту бөлігінің ені 6 метрді құрайды, бұл салдары ауыр ЖКО-ның жасалуына әкеледі. Көрсетілген автожол учаскесінде жол жүрісінің қауіпсіздігі жөніндегі 6 билборд орнатылды, сондай-ақ патрульдік құрамында 4 экипажы бар полиция жасағының тәулік бойы патрульдеуі ұйымдастырылды. Сонымен қатар, қала шегінен тыс жолдардың барлық авариялық қауіпті учаскелерінде қозғалыс жылдамдығының режимі 60 км/сағатқа дейін шектелді.

Жедел жағдайды тұрақтандыру мақсатында, облыстағы көшелер мен қоғамдық орындарда жол-патрульдік қызмет желісі бойынша «Мас жүргізуші - қылмыскер», «Автобус», «Қауіпсіз жол», «Назар аудар, жаяу жүргінші!», «Құқықтық тәртіп» сияқты 20-дан аса жедел-алдын алу іс-шара өткізілді.

Жол-патрулбдік қызметтің қызметкерлері 2015 жылда түрлі құқық бұзушылықтар үшін 175,9 мың адамды ұстады. 1059,5 млн. теңге жалпы сомасына әкімшілік айыппұлдар салынды.



5-кесте. Облыс АІІБММ бөлінісінде 10 мың бірлік автокөлікке шаққанда жол-көлік оқиғаларының деңгейі




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

ІІД

25,3

30,3

23,5

23,0

Ақтау қаласы

12,3

17,5

8,4

13,3

Жаңаөзен қаласы

38,1

34,4

27,8

23,6

Бейнеу ауданы

32,8

42,0

28,2

27,0

Қарақия ауданы

61,6

81,4

54,2

53,3

Мұнайлы ауданы

64,8

78,1

85,5

28,0

Маңғыстау ауданы

29,3

37,0

50,3

48,4

Түпқараған ауданы

39,4

46,6

36,2

42,6

Облыста 2012-2015 жылдардағы кезеңде ЖКО санының (10 мың бірлік автокөлікке шаққанда) 2,3 пайыздық орынға, оның ішінде Жаңаөзен қаласында – 14,5 пайыздық орынға, Бейнеу ауданында – 5,8 пайыздық орынға, Қарақия ауданында – 8,3 пайыздық орынға, Мұнайлы ауданында – 36,8 пайыздық орынға төмендеуі тіркелді, бұл – облыс аумағында жол жүрісі қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша бірқатар жедел-алдын алу және рейдтік іс-шараларды өткізумен байланысты болды.


6-кесте. Өңір ЖЖҚ-ның жолы кесілген және анықталған бұзушылықтарының динамикасы




2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

Өсу қарқыны, %

Бұзушылықтардың жалпы саны

78250

76 379

111 696

126414

61,6%

Оның ішінде, мына бұзушылықтар:
















алкогольден мас күйінде

1972

1 971

1 869

1919

-2,7%

қарсы қозғалыс жолағына шығу

551

689

617

763

38,5%

белгіленген қозғалыс жылдамдығын асыру

8360

8 427

10 040

12626

51,0%

6-кестеден 2015 жылдағы Жол жүрісі қағидаларын (ЖЖҚ) бұзушылықтардың жалпы саны көрсеткішінің 2012 жылмен салыстырғанда 1,6 есеге жуық артқаны көрінеді.


Қоғамдық қауіпсіздік бойынша SWOT-талдау

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

ішкі істер органдары бөлімшелерінің, оның ішінде әкімшілік полицияның материалдық-техникалық жарақталуының жақсаруына байланысты, жол қауіпсіздігінің құқық бұзушылықтарын анықтаудың өсуі;

Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласында ЖБО жұмысының аясында қоғамдық орындарда, оның ішінде көшелерде жасалатын қылмыстарды болдырмау, сондай-ақ қылмыстарды iзiн суытпай ашу және көшелер мен қоғамдық орындарда бейнебақылау жүйелерін енгізу;

азаматтарды қоғамдық тәртіпті қорғауға тарту есебінен ұсақ қылмыстардың санын азайту.




ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

тұрмыстық қылмыстардың алдын алу бойынша тиімсіз шаралар (адам өлтіру мен денсаулыққа ауыр зардап келтірудің үштен бір бөлігі тұрмыстық жағдайда, мас кезде жасалады);

жүру бөлігінің енін кеңейтуді, олардың барьерлік қоршаулармен, жол белгілерімен жабдықтауды жақсартуды қажет ететін республикалық және жергілікті маңызы бар жолдардың нашар жағдайы;

жүргізушілерді даярлау жүйесін айтарлықтай жақсартуды қажет ететін көлік құралдары жүргізушілерінің көліктік тәртібінің төмендігі.



МҮМКІНДІКТЕР

«мектептегі» полиция инспекторларының институтын одан әрі дамыту;

халыққа және азаматтық қоғам институттарына нақты сүйене отырып, құқық бұзушылықтың алдын алудың тиімді жалпы мемлекеттік жүйесін құру;

облыстың автожолдарында авариялардың санын қысқарту үшін, көліктік инфрақұрылымды дамыту, облыстың автомобиль жолдарын реконструкциялау, салу және жөндеу.



ҚАТЕРЛЕР

әлемдік қаржы дағдарысына байланысты экономикадағы қиыншылықтар, халықтың бір бөлігінің, әсіресе жастардың жұмыспен қамтылмауы, тонау, ұрлық және басқа пайдакүнемдік-зорлық қылмыстар санының өсуіне әсер етуі мүмкін:

бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандарды әлеуметтік бейімдеу мен оңалтудың толыққанды жүйесінің болмауы салдарынан рецидивтер мүмкіндігі;

облыспен шектесіп жатқан мемлекеттердегі тұрақсыз әлеуметтік-саяси жағдай көші-қон ағынының және оған ілеспе қылмыстардың өсуіне ықпал етеді.




Қоғамдық қауіпсіздік бойынша негізгі проблемалар:

ішкі істер органдарының жеткілікті материалдық-техникалық жарақталмауы;

кәмелетке толмағандар арасында қылмыстардың алдын алу бойынша жұмыстың жеткіліксіздігі;

муниципииалдық полицияның жоқтығы немесе әкімшілік полицияның жергілікті атқарушы органдарға есеп бермеуі;

жол жүрісіне қатысушылардың, бәрінен бұрын жүргізушілердің көліктік тәртібінің төмендігі.

2.1.3.2. Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру



Маңғыстау облысының ерекшелігі түрлі техногендік және табиғи сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына бейімдігі болып табылады. Оларға жойқын жер сілкіністері, «МАЭК-Қазатомөнеркәсіп» ЖШС, «ҚазАзот» ЖШС, «ҚазГӨЗ» ЖШС, газ-ауа қоспаларының жарылысы, Каспий теңізінің солтүстік жағалауында Қаламқас, Қаражанбас мұнай кен орындарының маңындағы аумақтарды су басу, қатты дауылды желдер, эпидемиялар және эпизоотиялық ошақтар және басқалар жатады.
1-кесте. 2012-2015 жылдардағы Маңғыстау облысының төтенше жағдайларының динамикасы




Төтенше жағдайлар саны

Зардап шекті,

адам

Оның ішінде қайтыс болғаны, адам

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

Орташа республикалық көрсеткіш

Маңғыстау облысы

2012 жыл

1 616

28

2 261

122

1 162

36

2013 жыл

1 550

34

2 372

85

1 299

32

2014 жыл

1750

23

2 337

45

1 177

19

2015 жыл

2780

125

2468

42

1222

30

Облыс аумағында 2015 жылы табиғи және техногендік сипаттағы 125 ТЖ (2014 жылы – 23) тіркеліп, 5,2 есеге артты. Бұл ретте, 42 адам зардап шегіп (2014 жылы – 45), олардың қатарынан 30 адам қаза тапты (2014 жылы – 19).

ТЖ санының күрт өсуі, тұтастай алғанда республика бойынша оларды есепке алу және тіркеу өлшемшарттарының өзгеруімен байланысты болды. Тіркелетін ТЖ түрлерінің тізбесі кеңейтілді, оның ішінде ұсақ өрттер де (қоқыстың, шөптің жануы және т.б.) есепке алынады.

ТЖ-дың жалпы санында есепке алынған өрттердің саны 2015 жылда 103 бірлікті құрады. Өрттерден келген материалдық зиян 135 млн. теңгені құрады, бұл – 2014 жылмен салыстырғанда 2,5 есе көп (2014 жылы – 56,4 млн. теңге). Материалдық зиянның өсу себептері ірі материалдық зиянға әкелген өрттердің жекелеген түрлері болып табылады. Бұл ретте, өрттерде 5 адам қаза тауып (2014 жылы – 10), 2 есеге азайды. 12 адам жарақаттанып (2014 жылы – 10 адам), 20%-ға артты.

Өрттердің негізгі себебі – тұрмыстық электр аспаптарын пайдалану, электрмен дәнекерлеу және басқа да от жұмыстарын жүргізу кезінде өрт қауіпсіздігі қағидаларының бұзылуы, балалардың отпен ойнауы, автокөліктегі отын және электр жүйелерінің бұзылғандығы болып табылады.



2-сурет. Судағы оқиғалар динамикасы


2015 жылда судағы 13 ТЖ тіркелді (2012 жылы – 36), 64 %-ға төмендеді, ТЖ кезінде 18 адам суға батып кетті (2012 жыл – 10 адам). 20 адам, оның ішінде 2 адам құтқарылды (2014 жылы – 13 адам).

Жоғарыда санамаланған барлық оқиғалар судағы қауіпсіздік оқиғаларын сақтамаумен байланысты, балық аулау, қауіпті учаскелерде және белгіленбеген жерлерде суға түсу кезінде орын алды.

Судағы ТЖ жағдайларын барынша азайту бойынша алдын ала шаралар алу мақсатында, аудандық және қалалық ТЖ қызметтерінің қызметкерлері құтқару станцияларының қызметкерлерімен бірлесіп, суға түсу мауысымында белсенді жұмыс жүргізді, қауіпті теңіз учаскелерінде бақылау және қадағалау үдерістерін ұйымдастырды, 1225 рейд пен патрульдеу жүргізді (2014 жылы – 986).

Төтенше жағдайлардан сақтандыру аясында мына алдын алу шараларының кешені өткізілді:



  1. Шетпе ауылының маңында ықтимал төтенше жағдайлардан сақтандыру үшін жалпы ұзындығы 8 км 4 топырақ үйіндісі салынды. Қаламқас және Қаражанбас кен орындарында Каспийдің қума толқындарынан қорғайтын екі қорғаныс бөгеті бар (ұзындығы – 46,6 км).

  2. Трассалық екі медициналық-құтқару пунктінің құрылысы аяқталды: «Доссор-Ақтау» трассасында, Бейнеу ауылына жақын жерде және «Ақтау-Жаңаөзен» және «Мұнайшы-Шетпе» жолдарының айрығында, Мұнайшы ауылына жақын жерде.

  3. Жаңаөзен қаласында жұмылдыру резервін кезең-кезеңімен жаңарту басталып, бұрын жоспарланған 300 дана жеке қорғану құралдарының 252 данасы сатып алынды. 2012 жылы 6 автокөлік шығатын өрт депосы пайдалануға берілді.

Халықты оқыту мақсатында қазіргі заманғы оқу форматтары мен техникалық құралдар қолданылуда, мысалға: «Көктем-2014», «Қыс-2014», «Қорғау-2014», «Қатер-2014» республикалық оқу-жаттығулары өткізілді.

Қолданыстағы нормативтік құқықтық және әдістемелік құжаттарға сәйкес, халықты инженерлік, радиациялық, химиялық және медициналық қорғау жөніндегі іс-шаралар жоспарланып, жүзеге асырылуда.

2015 жылы материалдық-техникалық қамтамасыз етуге 196,5 млн. теңге бағытталды. Форт-Шевченко қаласындағы, Құрық ауылындағы және Ақтау қаласындағы жедел-құтқару станциялары үшін модульдік ғимараттар, жедел құтқару автомобилі, байланыс құралдары және басқасы сатып алынд. Өрт сөндіру бөлімдерінің ғимараттарына күрделі жөндеу жүргізуге ЖСҚ әзірленді.

Теледидарлама мен радиарналарға тосқауыл жасау жүйелерінің бірінші кезеңі бойынша 7 млн. теңге бөлінді. 3 аналогтық телеарнаға (31-арна, Қазақстан-Ақтау, Қазақстан) және радиоарнаға (Жолбаян, Вест FM) тосқауыл жасау бойынша жұмыс жүргізілді. Тосқауыл қою жүйелерін құрудың екінші кезеңіне: кабельдік, цифрлық теледидарламаға және радиоарналарға тосқауыл қоюға 10 млн. теңге бөлінді.

Ақтау қаласындағы орталықтандырылған хабарландыру жүйесін жаңғырту мақсатында 2015 жылы жергілікті бюджет қаражатының есебінен 12 нүктелік «Вестник» хабарландыру жүйесі сатып алынып, Ақтау қаласының 10 шағын ауданына, Приозерный шағын ауданына және Өмірзақ ауылына орнатылды.

Азаматтық қорғаныс, төтенше жағдайлардан сақтандыру SWOT-талдау:



МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ

2012 жылмен салыстырғанда төтенше жағдайлар санының – 14,3%-ға, зардап шеккендер санының – 62,3%-ға, қаза болғандар санының – 55,5%-ға азаюы;

облыста апаттардан сақтандырудың және оларды жоюдың тиімді жүйесінің бар болуы;

ТЖ органдарының материалдық-техникалық базасын нығайту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ

облыстың ауылдық елді мекендерінде өртке қарсы қызмет бөлімшелерінің жоқтығы;

құтқару қызметтерінің жабдықпен және техникамен әлсіз жарақталуы


МҮМКІНДІКТЕР

Азаматтық қорғаудың кіші жүйесін жетілдіру;

облыс халқы мен аумағын төтенше жағдайлардан қорғау бойынша алдын алу шараларын қабылдау


ҚАТЕРЛЕР

аумақтың техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың туындауына бейімдігі;

жер сілкіну қатері;

Каспий теңізінің қайраңындағы табиғи көмірсутегілерді игеру салдарынан төтенше жағдайдың туындауы




Саладағы негізгі проблемалар:

азаматтық қорғаныс шараларын ұйымдастыру және орындау жөніндегі басқару органдары мен күштерінің әлсіз материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі;

қорғау құрылыстарының негізгі қоры 1990 жылға дейін жинақталып, 25-30 жылдан аса пайдаланылып келеді. Негізгі құралдардың, жабдықтың және тетіктердің тұрақты тозуы орын алуда, гидрооқшаулау бұзылуда. бұл – агрессивті сипаттағы жер асты суларының басуына әкеледі.

2.1.4. бағыт. Ифрақұрылым

2.1.4.1. Байланыс және коммуникациялар


Телекоммуникациялар және байланыс

Байланыс қызметінің үлесі облыс бойынша 2012-2015 жылдарда 8213,8 млн. теңгеден 11457,0 млн. теңгеге дейін өсті. Байланыс қызметтерінің НКИ 2012 жылы – 107,6%, 2013 жылы – 94,9%, 2014 жылы – 123,5%, 2015 жылы – 117,8% құрады.

Сонымен бірге, 2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Байланыс қызметтерінің НКИ» индикаторына толық қол жеткізілмеді: жоспар 131,2% болғанда, нақтысы - 117,8%. Қол жеткізбеу «Хазаринформ» ЖШС-нің, «SKY Silk» АҚ-ның, «Бикада» ЖШС-нің байланыс қызметтерінің азаюымен байлынысты болды.

Жергілікті телефон байланысының деңгейін цифрландыру 100%-ға жетті. Халық саны 1000 адам және одан артық болатын облыстың барлық елді мекендері 100% мобильді байланыс қызметімен қамтамасыз етілген.

Бүгінге күнге облыста 4G желісінің 154 LTE базалық станциясы салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде: Түпқараған ауданында – 12 БС, Маңғыстау ауданынла – 7 БС, Қарақия ауданында – 5 БС, Жаңаөзен қаласында – 26 БС (оның ішінде Бостанда – 1-еу және Кендірліде – 1-еу), Мұнайлы ауданында – 15 БС салынды.

2014 жылдан бастаған кезеңде Мұнайлы ауданы бойынша нөмір сыйымдылығы шамамен 4 000-нан асатын 10 мультисервистiк қол жеткiзу шкафы салынып, пайдалануға берілді. «FTTH желілерінің құрылысы» жоабсының аясында Ақтау қаласы бойынша оптикалық байланыс желілерінің бұрыннан бар желілері 2014 жылы 6 807 КЖҚ портына және 2015 жылы 1800 КЖҚ портына кеңейтілді. Кейінгі жылдары оптикалық талшық бойынша КЖҚ қызметтерімен қамту және оны халыққа 100%-на беру үшін Ақтау қаласы мен Жаңаөзен қаласында GPON желілерін салу жалғасады.

Маңғыстау облысы бойынша пошта байланысының 40 бөлімшесі мен 20 пункті жұмыс істеп, қызметтер көрсетеді.
Телекоммуникациялар және байланыс бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

облыстың ауылдық елді мекендерінде телекоммуникациялық желілердің дамуы;

Интернет желісіне қолжетімділікті қамтамасыз ету үшін талшықты-оптикалық желі жүргізу жөніндегі жобалардың іске асырылуы.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

талшықты-оптикалық желі жүргізу үшін облыстың кейбір елді мекендерінің шалғайлығы;

жобалардың қымбаттығына байланысты тұрғындар саны 1000 адамға едйінгі шағын елді мекендерді интернет-қызметтермен қамтамасыз етудің мүмкінсіздігі


МҮМКІНДІКТЕР:

телекоммуникациялық желілерді одан әрі дамыту;

телекоммуникациялық операторлардың қызмет көрсету сапасын көтеру.


ҚАТЕРЛЕР:

ақпараттық жүйелерді, пошта байланысын дамыту жөніндегі іс-шаралардың жеткізе қаржыландырылмауы




Телекоммуникациялар және байланыс саласындағы негізгі проблемалар:

облыстың шалғайдағы және адам саны аз ауылдық елді мекендерінде кең ауқымды қолжеткізудің жоқтығы;

ауылдық елді мекендердегі пошта бөлімшелерінің әлсіз материалдық-техникалық базасы.
Халықтың цифрлық сауаттылығы

Халықты, оның ішінде 6-дан 15 жасқа дейінгі балаларды цифрлық сауаттылық дағдыларына оқыту, тиісті білім беру деңгейлерінде жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес жалпы білім беретін мекемелерде жүргізілуде.

Сауаттылықты арттыру курстары жергілікті бюджет есебінен ұйымдастырылуда.

Жүргізілген жұмыс нәтижесінде, халықтың компьютерлік (цифрлық) сауаттылығы 2012 жылғы 50% -дан 2014 жылы 63,4%-ға дейін артты (2013 жылы – 53%).



Цифрлық сауаттылық бойынша SWOT-талдау:

КҮШТІ ЖАҚТАРЫ:

ақпараттық қоғамды дамыту;

азаматтардың дағдыларын арттыруға және одан әрі жұмысқа орналасуына және жұмыспен қамтамасыз етілуіне жағдайлар жасау.


ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

оқытушылардың кәсіби даярлығының төмен деңгейі;

халықтың оқуға деген белсенділігінің төмендігі.


МҮМКІНДІКТЕР:

облыстың мектептеріне компьютерлік техниканы сатып алу үшін бюджеттен тыс (жер қойнауын пайдаланушы-компаниялардан) қаражат тарту ;

жалпы білім беретін мекемелерде электрондық оқыту жүйесін белсенді түрде енгізу.


ҚАТЕРЛЕР:

компьютерлік курстарды ұйымдастыру жөніндегі іс-шаралардың бюджеттен жете қаржыландырылмауы.




Саладағы негізгі проблемалар:

халықтың едәуір бөлігін цифрлық сауаттылыққа оқыту курстарын ұйымдастыруға арналған бюджет қаражатының шектеулілігі.


2.1.4.2. Құрылыс

Облыс ЖӨӨ-нің құрылымында құрылыс 6,7% алады. Құрылыс саласының жалпы республикалық көлемінде облыс 6,1% алады. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2015 жылда 175,5 млрд. теңгені құрады (ҚР бойынша – 2856 млрд. теңге), бұл – 2012 жылдың деңгейіңнен 19%-ға көп (147,4 млрд. теңге).

Тұрғын үй құрылысына салынған инвестициялар көлемі бойынша облыс ҚР-да 5-орын алады – 2015 жылда 32,2 млрд. теңге. Тұрғын үйді пайдалануға беру 2012 жылғы 558,1 мың шаршы метрден 2015 жылы 645 мың шаршы метрге дейін артты.

Облыста 2014-2015 жылдарда 1231,4 мың шаршы метр пайдалануға берілді, бұл – жалпы республикалық көлемнің 13%-ын құрайды. Аумақтық бөліністе пайдалануға беріліп жатқан тұрғын үйдің мейлінше көп көлемі Ақтау қаласы (407,461 мың шаршы метр немесе 66%) мен Жаңаөзен қаласына (184,508 мың шаршы метр немесе 6%), сондай-ақ Мұнайлы ауданына (257,304 мың шаршы метр немесе 8%) келеді.

Қалған аудандар бойынша осы жылдарда: Маңғыстау ауданында – 93,1 мың шаршы метр (8,1%), Түпқараған ауданында – 79,6 мың шаршы метр (0,3%), Қарақия ауданында – 78,2 мың шаршы метр (12%) және Бейнеу ауданында – 131,0 мың шаршы метр (2%) мөлшерінде тұрғын үй пайдалануға берілді.

Қазіргі кезде Маңғыстау облысында, оның ішінде Ақтау, Жаңаөзен қалалары және Мұнайлы, Маңғыстау, Қарақия, Түпқараған, Бейнеу аудандарының ауылдық елді мекендері жаңартылған қала құрылысы құжаттамасымен қамтамасыз етілген.

Облыста тұрғын үйдің 1 шаршы метрін салудың орташа нақты құны 140 мың теңгені, оның ішінде Ақтау қаласында – 140 мың теңгені, Жаңаөзен қаласында – 110 мың теңгені құрайды.

«Қолжетімді тұрғын үй – 2020» бағдарламасын іске асыру аясында Маңғыстау облысында 2014-2015 жылдарда 1231,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Нәтижесінде өңірде 2 мың отбасы тұрғын үймен қамтамасыз етілді. 2015 жылдың 10 айында 7,4 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді (128 отбасы).

Аумақтық бөліністе тұрғын үйге арналған мейлінше көп кезек қалалар мен аудандар кесінінде Ақтау (8495 адам) және Жаңаөзен (3171 адам) қалаларында, сондай-ақ Мұнайлы ауданында (2370 адам) байқалады. Кезекте тұрғандардың саны Қарақия ауданында – 920 адамды, Бейнеу ауданында – 590 адамды, Түпқараған ауданында – 509 адамды және Маңғыстау ауданында – 203адамды құрайды.

Халықтың жылдам өсуіне және өңірге көші-қон ағынының жоғары болуына байланысты, тұрғын үйге мұқтаж азаматтардың саны артты.

Тұрғын үй салудан басқа, 2012-2014 жылдарда әлеуметтік инфрақұрылымның құрылысы жүргізілді. Мәселен, Ақтау қаласында 2 аурухана, 1 дәрігерлік амбулатория (бұдан әрі – ДА); Жаңаөзен қаласында – 3 аурухана, 2 ДА; Мұнайлы ауданында – 1 емхана, 5 ДА; Бейнеу ауданында – 2 аурухана, 2ДА; Маңғыстау ауданында – 1 аурухана, 7 ДА; Қарақия ауданында – 2 емхана, 2 ДА; Түпқараған ауданында – 1 аурухана салынды.

2015 жылдағы тиімділікті бағалау қорытындысы бойынша «Құрылыс жұмыстарының нақты көлемінің индексі» индикаторына қол жеткізілмеді: жоспар – 100,2%, нақтысы – 97%. Негізгі себеп – жұмыстардың ірі көлемі 2014 жылы «Бейнеу-Жезқазған» темір жолын салу, сондай-ақ «Бейнеу-Шетпе» автомобиль жолын салу есебінен қамтамасыз етілді.

Ахуалды жақсарту мақсатында, 2016 жылы облыс бойынша барлық жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарының көлемін толықтай есепке алу, ауыспалы жобаларды уақытылы аяқтау бойынша шаралар қабылдануда.
Құрылыс бойынша SWOT-талдау:

МЫҚТЫ ЖАҚТАРЫ:

10 мыңнан аса отбасының тұрғын үйге қажеттілігінің қанағаттануы;

толықтай жаңартылған Бас жоспарлар мен Егжей-тегжейлі жоспарлау жоспарлары;

дамыған құрылыс индустриясы.



ӘЛСІЗ ЖАҚТАРЫ:

Ақтау қаласындағы жер учаскелерінің тапшылығы;

инженерлік инфрақұрылыммен қамтамасыз етілген учаскелердің жоқтығы;

әлеуметтік тұрғын үйге қажеттіліктің тұрақты өсімі.



МҮМКІНДІКТЕР:

өңірде Өңірлерді дамытудың 2020 жылға дейінгі бағдарламасының іске асырылуы, бұл – тұрғын үймен қамтамасыз етілуді көтеруге мүмкіндік береді;

даму институттары: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ-ның және «ҚИК» АҚ-ның құралдарын пайдалану.


ҚАТЕРЛЕР:

құрылыс материалдарына арналған бағалардың көтерілуі, бұл тұрғын үйдің құнына әсер етеді;

өңірдегі халық санының тез өсуіне және жоғары көші-қон ағынының нәтижесінде тұрғын үйге деген қажеттілікті жабуға қабілетсіздік;

бюджеттік қаржыландырудың қысқаруы, және осының салдарынаноблыс тұрғындарын қолжетімді тұрғын үймен толық қамтамасыз етпеу.



Каталог: media -> uploads
uploads -> Конкурс туралы хабарландыруы Барлық конкурс қатысушыларына арналған ортақ біліктілік талаптар
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"
uploads -> Балалардың құқықтарын қорғау 2013 «Маңғыстау облысының балалар құқықтарын қорғау басқармасы»
uploads -> Форт-Шевченко қаласын дамытудың 2013- 2015 жылдарға арналған кешенді жоспары
uploads -> Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің және бағынышты мекемелердің қызметі бойынша тиімділік талдауы
uploads -> 23. орталық азиядағы тұРАҚты даму "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры
uploads -> Конференция жұмысына 179 елден, оның ішінде Қазақстаннан және әр түрлі қоғамдық ұйымдардан өкілдер қатысты. Онда басты негізгі 5 құжат қабылданды, соның бастыларының бірі «ххі ғасырдың Күн тәртібі» деп аталады
uploads -> Халықты әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту жүйесі басшыларының, мамандарының және басқа да қызметшілері лауазымдарының үлгілік біліктілік сипаттамаларын бекіту туралы
uploads -> Сабақ "Тұрақты дамуға көмектесу" Орталығы" Қоғамдық қоры "Маңғыстау облысының табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы"


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет