Мақұлбек рысдәулет солдат жары ұлы Отан соғысы жылдарында



бет16/23
Дата02.07.2018
өлшемі5,99 Mb.
#45422
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23
Сындыбала Оңғарбаева... Дариға Жантоқова... Қанымқыз Тортаева... Мәрзия Ибрагимова... Мұқамбетқали Нұрбаев... Айтжан Бөгенбаев... Керімбай Мырзақұлов... Рүстем Шүпенов... бұлардың бәрі Байзақ ауданындағы бұрынғы «Қызыл Жұлдыз» колхозының еңбеккерлері. Бұлардың бәрі Социалисттік Еңбек Ерлері. Олар таңның атысынан күннің батысына дейін жан аямай еңбек етті. Алдарында бір ғана мақсат, бір ғана тілек болды. Ол- еңбек өнімділігін арттырып, жоғары көрсеткішке қол жеткізу. Осы еңбек майталмандары арасынан бүгінгі тәуелсіздік таңымен бірге оянып, жүрегін қуанышқа толтырып, өмір сүріп жүрген Мәрзия апамызға замандастары туралы айтқан естеліктері үшін мың алғыс! Қайраткерлік қызметтері ерекше, қоғамдық жұмысқа белсене араласқан Дариға мен Мұқамбетқали туралы апай тебірене әңгімелейді. Ұлы Отан соғысынан кейін кеуделеріне Алтын Жұлдыз таққан олар атақ-даңқтарына кір келтірмей кешегі күні қол жеткен табысын әрқашанда еселей түсу үшін еңбектің жаңа биіктеріне ұмтылды.

Облыстық мемлекеттік мұрағаттағы осы кісілерге қатысты құжаттарды ақтарғанда кеңестік дәуірдегі адамның мінезі оның еңбек көрсеткіштерімен өлшенгендігін аңғарсыз. Бір қызығы осы қағидадан әлі де арыла алмай жүрміз. Мұндай жағдайда жалғандық пен көзбояушылыққа бой ұруы мүмкін. Жанды жадыратпайтын, ішке тартпай, сыртқа тебетін деректерге толы мінездемелерді оқығанда сол қоғамның басты байлығы адам емес, оның еңбек көрсеткіші болғанын аңғарасыз. Адамның бір ғана қасиеті--еңбек сүйгіштігін айшықтайтын көрсеткіштерді алға тарту--кісінің бүкіл болмысын таныта алмайтынын білмеген сияқты. Бірақ сол көрсеткіштер бойынша марапаттаған, жазалаған. Сарғайған құжаттарды ақтарған сайын осыны сезіне түсесіз.

1947 жылы қызылша өсіруден жоғары көрсеткішке қол жеткізгендері үшін «Қызыл Жұлдыз» колхозының бірнеше еңбеккерлері мемлекеттік наградаларға ие болды. Бұл жөнінде Мұқамбетқали Нұрбаев 1949 жылы «Қазақтың біріккен мемлекеттік баспасынан» шыққан «Еңбек-ер атандырады» деген кітабында мынандай дерек келтіреді: «1947 жылы қант қызылшасынан мол өнім алғаны үшін колхоздың жеті адамы зор абыройға ие болып, Социалисттік Еңбек Ері атағын алып, бес адамы Ленин орденімен, он төрт адамы Еңбек Қызыл Ту орденімен, он бес адамы «Еңбектегі ерлігі үшін» және «Еңбекте үздік шыққаны үшін» медальдарымен наградталды» делінген. Соғыстан кейін елдің еңсесін көтеруде кеңестік өкімет тыл еңбеккерлерін көптеп марапаттағаны белгілі. Бұл марапаттар еңбек адамдарының бұрынғыдан да аянбай жұмыс істеуіне бастады,соғыс жылдары көрген қорлықтарын ұмыттырғандай болды. Тізгінді босатынқырап, әлеуметтік жағдайларды жақсарту шаралары қолға алынды.



Ұлы Отан соғысында ерліктерімен бүкіл әлемге танылған қазақстандықтар, соның ішінде, қазақтар еңбекте де зор табыстарға жетуі олардың ұлттық мақтаныш сезімдерін әуелетті. Соғысқа дейін «қазақтар соғыса алмайды, жұмыс істеуді білмейді» деп келінген қағидатты тас-талқан еткен олар енді «СССР» деген елде өзге халықтармен терезесі тең екендерін рухани байлықтарымен де танытуға ұмтылды. Тарихтарын танып, өшкендерін жандыруға ұмтылыс ерекше болды. Бұл отаршылдық қасиетті бойларына сіңірген қызыл империяға ұнамады. Сондықтан да өршелене ұлттық танымын молайту үшін алға ұмтылған халықтардың еңсесін басуға бағытталған жұмыс жүйеленді. Сол жүйенің бірі қай салада болсын елі құрметтеген азаматтардан кемшіліктер тауып түрмелерге тоғыту науқанын бастады.

Осы бір кесапат кезеңді марқұм Дариға Жантоқова апамыз әркез толғана, тебірене еске алушы еді. 1952 жылдың соңғы күндерінің бірінде колхоздың бастығы Мұқамбетқали Нұрбаев қамалды. Ел іші дүр ете қалды. «Не дейсің, колхоздың көрсеткіштерінің бәрі өтірік екен. Бұл басы ғана, әлі талайлар ұсталады» деген сөздер күннен-күнге өршіді. Көп ұзамай Дариғаны Қазақ ССР Жоғарғы Кеңесі Алматыға шақырды. Ол кезде Дариға осы Кеңестің Төралқасының мүшесі болатын. Алдын ала қандай әңгіме болатындығын сезген ол Алтын Жұлдызы мен ордендерін бұрынғыдай жарқыратып кеудесіне тақпай орамалға орап, қалтасына сала салды. Әңгіме ұзаққа созылған жоқ. «Сен партияны, Отаныңды алдапсың, оның үстіне ағаң Кәдір Жексембиев фашисттердің тұтқынында болған. Ал сен оны жасырғансың, сондықтан да Жоғарғы Кеңестің Төралқа мүшелігінен шығаруға және атақ-даңқыңның бәрінен айыруға, наградаларыңды алуға шешім қабылданды» деген кеңсе қызметкері Дариғаның куәліктері мен Алтын Жұлдызы мен үш Ленин орденін тапсыруды талап етті. Содан ауылға келісімен ертеңіне колхоздың партия комитетінің хатшысы Дариғаның партбилетін алды. Ал 1953 жылдың 1-ші маусымы күні ол қамалды.

Сол күндерді еске алғанда Дариға апа еріксіз көз жасына ерік беретін.

- Он бес күн түрмеде жатқанда бір-ақ рет тергеуші алдына шақырды. Маған кінә тақпай, колхоз бастығы мен аудандық партия комитетінің бірінші хатшысы туралы әр нәрсені сұрап, мазамды алды. Тіпті 1947 жылы Жамбыл қаласындағы теміржолшылар мәдениет сарайында облыстан мемлекет наградаларына ие болғандарға орден-медальдарды тапсыруға келген Қазақстан компартиясы орталық комитетінің бірінші хатшысы Жұмабай Шаяхметовке көрсетілген құрметтің деңгейін сұрап, колхозшылар берген атты «колхоз есебінен берілді ме?» деген сұрақты қайта-қайта қоюмен болды. Сонымен бірге орталық туралы басшылардың пікірлері қандай екенін сұрады. Мен шындықты айттым. Шын мәнінде Жұмабай Шаяхметовке колхозшылар өз аттарынан ат мінгізген. Оны ол кісі алмай колхоз есебіне қалдырып кеткен. Мен соны айттым. Орталықты жамандайтындар жоқ екендігін де құлақтарына құйдым. Тергеушілер неге мені сол кезде азғын жолға салуға ұмтылғандарын түсіне алмадым. Кейін білдім, сөйтсем, Мәскеуден арнайы тапсырма бар екен, қалайда қазақтың басшыларына қара күйе жағу туралы,- деп, сол бір кезді толқи еске алушы еді Дариға апай.

Сонымен бірге Дариға апай тергеушілердің Нұрбаевқа ерекше шүйліккенін де еске алатын. Оның «гектаршылар» жұмыс тәжірибесін «ұжымдық еңбектті жеке меншік еңбекке айналдыруға ұмтылыс» деп бәле жапты. «Гектаршылар» дегеннің мәнісі былай; әрбір қызылшашыға бір гектардан қызылша алқабы бекітіліп беріледі. Олар қызылша өніп шығысымен жекелеп, шықпаған жеріне қайта егіп, қолмен әрбір балтамырды аялайды. Қызылша пісіп, жетілгенде арасына біз өтпейтіндей тығыз болады. Бос жер болмайды. Міне осындай гектар алқабынан 1000 центнерге дейін өнім жиналатын. Бұл М. Нұрбаевтың бастамасы болатын. Тексерушілер осыны «жеке меншікке тән» деп айыптады. Жалпы осы тәжірибені қазір дамыту керек. Оның әкелер берекесі көп.

Облыстық мемлекеттік архивте Қазақстан коммунисттік партиясы орталық комитетінің 1952 жылғы бюросының 26-шы қазандағы № 5-ші хаттамасы сақтаулы. Мұнда «Жамбыл облысындағы «Қызыл Жұлдыз» және Талдықорған облысындағы Молотов атындағы колхоздарында егіс алқабының көлемін жасыру, түскен түсім туралы жалған ақпар беру және ауылшаруашылығы артелінің жарғысын бұзу жөніндегі мемлекетке қарсы істері» туралы мәселе қаралған. Қабылднған қаулыда 1949 жылы М. Нұрбаевтың бастамасымен 6,57 гектар, 1951 жылы 9,26 гектар алқапқа қызылша артық егілгендігі жөнінде дерегі орын алғандығы айтылған. «Артық егін алқаптарын жасыру арқылы қант қызылшасының түсімін көбейтіп, мемлекетті алдаған» деген айып тағылған. Сонымен бірге біраз көрсеткіштер өсіріліп көрсетілгендігі аталыпты. Бюро қаулысында М. Нұрбаев колхозшылардың қантын саудагерлікпен саудаға салғандығы да жазылған. Шындап келгенде колхоз бастығы құмшекерді сатып, қызылшашылардың тұрмысын жақсартуға жағдай жасаған.

Бюро шешімі өте қатан болды. «Қызыл Жұлдыз» колхозының бастығы М. Нұрбаевты КПСС қатарынан шығарып, қызметінен босатып, сотқа тарту туралы шешім қабылдапты. Сонымен бірге шаруашылықтың партия комитетінің хатшысы Көбеевті қызметінен босатқан. Жамбыл ауданы атқару комитетінің сол кездегі председателі Ескелдиевке сөгіс, аудандық партия комитетінің бұрынғы хатшысы Баймұхамедовке есеп кітапшасына жазылған қатаң сөгіс берілген. Партиялық жазадан Жамбыл облыстық партия комитетінің хатшысы Бойко, Жамбыл облыстық атқару комитетінің председетелінің сол кездегі орынбасары Досымбеков, тағы да басқалар ұмыт қалмаған. Сондай-ақ СССР Жоғарғы Кеңесі Төралқасына М. Нұрбаевтың Социалисттік Еңбек Ері атағын, екі Ленин орденін қайтарып алу ұсынылды. Олармен бірге мемлекет наградаларына ие болған колхозшылар Қоңыр Жексембиевтің, Қазақбай Рахманбердиевтің, Мирхашим Мирдадаевтің, Жұмағұл Сәтиевтің, Ташмет Нарметовтің, Сарыбай Сүлейменовтің, Жәмиля Сыздықованың, Магамет Шидаковтың, Әзиз Кабировтың наградаларын қайтарып алу туралы ұсыныс жасаған.

Байқайсыздар ма, адам тағдыры болмашы ғана егіс алқаптарын жасыру айналасында шешілген. Ал сотта бұл алқаптар егіс алқабына келетін жолдар мен каналдар алып жатқанын дәлелдеуге ұмтылысты тергеушілер есепке алмаған.

Дариға Жантоқованың сол бір кезеңді айтқан естелігінен ұққаным - ағасы Кәдір Жексембиевтің тұтқынға түсуі себеп болса керек. Себебі Кәдір Нұрбаевтың туған бажасы болатын. Қазақ ССР Жоғарғы Соты «мемлекетті алдады» деп М. Нұрбаевты жиырма бес жылға, «ағасының тұтқында болғанын жасырған» деп Д. Жантоқованы он бес жылға бас бостандықтарынан айырды. Қазақстан коммунистік париясы орталық комитетінің жоғарыда аты аталған бюро қаулысында Дариға туралы бір ауыз сөз жоқ. Оны қылмыстық заңның басқа бабымен соттаған. Яғни, Дариғаның «еңбек көрсеткіші жалған» деген тұжырым жоқ. Соған қарамастан ол сотталып, Карлагта үш жыл жазықсыз жапа шегіп, қорлық көрді. Ақыры лагерьде отырған білімділердің көмегімен шындық салтанат қүрды, ақталып, бостандыққа шықты.

Дариға апаймен жарым – Дәметкен екеуміз бірнеше рет ұзақ сөйлескенбіз. Ол кісіні біз, бізді апа ерекше қадірлейтін. Асыл ананың құрметіне тұңғыш немереміздің атын Дариға қойғанбыз. ( Ол биыл Польшада аэропортта қызмет ететін мамандық бойынша жоғары оқу орнын бітіреді. Мақтанышымыз!). Әңгіме айтып отырып жарықтық кейде әлде нәрсе есіне түскенде, бүкіл денесімен ашық-жарқын күлетіні бар еді. Ол кісінің күлкісі адам жанынына ем, ашық көңілдің жарқын тамыры сияқты болатын. Ол ерен еңбегінің нәтижесінде Сталиннің туғанына 70 жыл толу мерекесіне барғанын, жазықсыз жапа шегіп қамалғанын, одан кейін ақталғанын, Ташеновтың қолынан Алтын Жұлдызы мен Ленин ордендерін, партбилетін қайта алғанын, Жылқыбай Аралбаев сынды азаматтың басқаруымен жазықсыз сотталған Асанбай Асқаровты ақтап алу жолында күрескен сәттерін толғана еске алатын. (Сол әңгімелер негізінде «Дариға» атта повесть жазғанмын). Ұзақ бір әңгімелесуден кейін айтқан асыл жанның мына бір сөзі менің есімде өмір бойы қалады.

- Қазақты құртатын, азаматты жазықсыз күйдіретін қызғаншақтық, рушылдық. Жетесіз, көкірегі қараңғы ойы шолақ арызқойлардың жолы болатын сәттер де кездеседі екен. Болмаса Димаштың, Асанбайдың... Мұқамбетқалидың үстінен арыз жазылатын азаматтар ма?! Кезінде біздің үстімізден арыз жазушылар, оны тексеруге келген заң қызметкерлерін үйлеріне шақырып, жайылып жастық, иіліп төсек болғандар бізді көргенде жырқ-жырқ, тырқ-тырқ күліп, доқ көрсетіп, кекірейетін. Тарихта кім қалды? Солар ма? Жоқ! Олардың өзгеге жасаған қысастығы алдарынан шықты. Көріп, біліп отырсам да мен оларды табаламаймын. Қандай заман болса да адам кісілік қасиетін жоғалтпау керек!- дейтін жарықтық.

Бұл – Асыл жаннан ғана, адалдық пен адамгершілікті өмірінің өзегі еткен Адамның ғана жүрегінен шығатын сөз. Бүкіл саналы өмірінде ол ауылдастарынан бір сәт алыстаған, биіктеген емес. Оларға үнемі көмек қолын созып отырған. Қызыл Жұлдыз ауылының үлкені де кішісі де әркез Дариға – Ананы мақтаныш етеді. Ол кісінің атымен аталатын балалар бақшасының, көшесінің бүлдіршіндері мен туғандары жақсының рухы өздерін қолдайтындығына, оң іске жол бастайтындығына сенеді. Дариға Жантоқова еңбектің Қайраткері, Ер Азамат, ойы биік Тұлға! Сондықтан да ондай жандарды ұмытуға болмайды!




Каталог: admin -> files
files -> Ббк 83. 3 (5 Қаз) Қ 25 Қ25 Қалдыбаев Ә. Көңіл көмбесі
files -> Баймаханбет ахмет аяулы соқПАҚ Тараз, 2008 жыл. Менің президентім
files -> Аула драмалық шығармалар әрқилы ойлар атланта жоқ, америка сапары
files -> Тақталас. Пьесалар, бірқақпайлар. Тараз, «Сенім» баспасы, 2006-256 бет
files -> Шағын хикаяттар, әңгімелер, ертегілер, мысалдар
files -> Баймаханбет ахмет жас шынар, ТӘкаппар шынар тараз – 2013 жыл
files -> Арғынбай бекбосын фәнилік драма (2500 рубаят)
files -> Тұрсынхан Жақыпқызы (Сембаевна) Бердалина Өлеңдер мен әңгімелер
files -> Елен Әлімжан бауыржанның пырағЫ
files -> Үміт битенова көҢіл күнделігі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет