Манғыстау облысы. Жаңаөзен қаласы. №17 «Балауса» балабақшасы. Утарова Инжу Утемисовна



бет4/4
Дата04.07.2018
өлшемі113,37 Kb.
#46374
1   2   3   4

Білуі керек: Өлеңнің мазмұнын.

Болуы керек: Сурет, үнтаспа, хрестоматия.

Қолынан келуі:Наурыз мейрамы туралы түсініктері қалыптасып, салт дәстүрді құрметтеуді.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңі.

Мақсаты:Құрдастарымен қарым қатынас жасау және өзара әрекеттестік ережелерін сақтауға үйрету, келіспеушілікті шешудің тәсілдерін таба білу қабілеттерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Көркем сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік:Дастарын сыйлауға тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Досбекке апта күндерін үйрету.

Билингвальдық компоненты: мамандық наубайшы, тас қалаушы

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, шаттық шеңберін өткізу.

Достарды біз қолдаймыз,

Қиын шақта қорғаймыз,

Біздің топта ұл қыздар

Тату- тәтті ойнаймыз.

Шеңбер бойына тұрады.


Балалар шеңбер бойына тұрып, өлең жолдарын айтады

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Бүгін ерекше күн. Біз оқу іс әрекетінде поляк ақыны Юлиан Тувимнің «Бәріміз үшін бәрі де» өлеңімен танысамыз.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру.

Сергіту сәті

Зуылдаймыз, зулаймыз,

Алыс- алыс жерлерге.

Бақытты біз достармыз

Сапар шеккен елдерге.

Сұрақ- жауап арқылы өлеңнің мазмұнын ашу

-Қандай мамандықтарды білесіңдер?

-Тас қалаушы деген кім?

-Наубайшы деген кім?

Мақал- мәтел айту.

Еңбек етсең ерінбей

Тояды қарның тіленбей.

Еңбек түбі береке.

Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.

Мұқият тыңдайды


Қимылдар жасайды.


Балалардың жауабы.

Қайталайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

«Құрылысшы» сюжетті желілі ойыны.


Ойынды ойнайды.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Өлеңнің мазмұнын.

Болуы керек: Сурет, үнтаспа, хрестоматия.

Қолынан келуі:Ойын арқылы мамандықтар түрлерін ажыратуды.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Үш жолдас» (әңгіме).

Мақсаты:Әңгімені мәнерлеп оқып, мазмұнын түсіндіру.

Дамытушылық:Достық қатынасты бағалай білуге баулу.

Тәрбиелік: Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Досбекке апта күндерін үйрету.

Билингвальдық компоненты: мамандық наубайшы, тас қалаушы

Әдіс тәсілдері: Өлеңді оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Ортақ мекен жер шары,

Төбемізде бір аспан.

Барлық ұлттың баласы

Достығымыз жарасқан.

Бір біріне қуаныш сыйлайды.



Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, суреттен не көріп тұрсыңдар?

- Кәне, осы суретке қарап әңгіме құрастырайық.

-Ал сендер достық дегенді қалай түсінесіңдер?

-Достық дегеніміз- екі адамның арасындағы сыйластық. Ендеше,

балалар,бір біріңе адал, қамқор,

тату дос болуларың керек. Қазіргі оқылатын әңгіме: «Үш жолдас»деп аталады.

Хрестоматиядан «Үш жолдас» әңгімесін оқу. Әңгіме желісін,

мазмұнын айту.

Сергіту сәті

Алма баққа барайық,

Алма теріп алайық.

Ең үлкенін, жақсысын

Досымызға сыйлайық.

Сұрақ- жауап.

-Әңгіме не жайында болды?

-Шынайы дос қандай болуы керек?

«Достық» туралы мақал мәтелдер айту.

Досы көпті жау алмайды,

Ақылы көпті дау алмайды.

Досы көппен сыйлас,

Досы азбен сырлас.



Балалардың жауабы.


Достар тату болу керек

Тыңдайды.
Өлең мазмұнына сай қимылдар жасайды.

Қайталайды.


Дос туралы

Адал, шыншыл

Балалар тәрбиешімен бірге қайталайды.


Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

«Менің досым» ойынымен аяқтау.


Ойынды ойнайды.




Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: шығарманың мазмұнын

Болуы керек: Сурет, үнтаспа, хрестоматия.

Қолынан келуі:Ойын арқылы мамандықтар түрлерін ажыратуды.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Өкпелеме» (әңгіме).

Мақсаты:Шығарма мағынасын түсінуге, кейіпкерлердің қарапайым іс әрекетін бағалауға, олар жайлы айтуға, кейбір адамгершілік қасиеттерге сипаттама бере білуге үйрету.

Дамытушылық:Балаларды шығарма мазмұнын салыстыра отырып.

Тәрбиелік: Достаса білуге, адал достыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Досбекке апта күндерін үйрету.

Билингвальдық компоненты: өкпелеме

Әдіс тәсілдері: Әңгімені оқып беру және оның мазмұнын түсіндіру.

Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Балаларды шеңбер бойына тұрғызып, төмендегі өлең жолдарынайтып, қимылдар жасату.

Ал, балалар, тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Оңға-солға түзу тұр,

Солға-оңға түзу тұр.

Жоғары-төмен қарайық.

Бойымызға күш жинап

Бір тынығып алайық.


Шеңбер бойына тұрып,бірге қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

-Аленді,балалар, бәріміз орнымызға жайғасып отырайық.

Бүгінгі оқу іс әрекетінде ақын Мұзафар Әлімбаев атамыздың «Өкпелеме» өлең шумағын тыңдап көрейік.

Өлеңді мәнерлеп оқу.

Сұрақ жауап арқылы мазмұнын ашу.

- Осы оқылған өлең шумағында не жайлы айтылған?

- Өлеңнің авторы кім?

- «Өкпелеме» сөзін қалай түсіндіңдер?

Сергіту сәті

Біздер тату боламыз,

Гүл- гүл жайнаймыз,

Жаттығуда сергіп қаламыз,

Бір, екі, үш,

Жоғары қолды созамыз.

Жоғары- төмен қарайық,

Орнымызды табайық.




Мұқият тыңдайды.


Балалардың жауабы.

М.Әлімбаев

Қимылдар жасайды.



Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

Педагог оқу іс- әрекетін өлең жаттатумен аяқтайды.



.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығарманың мағынасын түсінеді.

Игереді: жақсы қасиеттерді сипаттай білуді.

Меңгереді: «Өкпелеме» деген сөздің мағнасын түсінуді.

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Түлкі мен Тырна» (әңгіме).

Мақсаты:балаларды әдеби кейіпкерлердің әрекеттерін, жүріс тұрысын талдауға, оларға қабылданған ережелерге сәйкес баға беруге үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:хрестоматия, суреттер, ойыншықтар.

Сөздік жұмыс: тырна, жайпақ табақ, құмыра.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Шаттық шеңбері

Алақанды ашайық,

Күннің нұрын малайық,

Жүрек жылуын салайық,

Осы жақсы лебіздерді

Бір бірімізге сыйлайық.



Балалар шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Балалар, бүгін біз «Түлкі мен Тырна» ертегісін оқып, мазмұнын ашамыз.

«Түлкі мен Тырна» ертегісін оқып беру.

Сергіту сәті

Қанат жаям жалма жан

Талпынғандай ұшуға.

Иіліп келіп қол созам

Аяғымның ұшына.

Сұрақ жауап арқылы мазмұнын ашу.

- Түлкі кіммен дос болыпты?

- Түлкі қонағын қалай күтіпті?

- Тырна Түлкіні қалай күтті?



Қимылдар жасайды.


Тырнамен балалардың жауабы.

Рефлексивті – түзетушілік

Қорытындылау:

- Түлкі қандай аң?

- Тырна қандай құс?


Жабайы, қу

Мойны ұзын




Күтілетін нәтиже:

Біледі: ертегінің мазмұнын.

Игереді:ертегідегі кейіпкерлердің әрекеттеріне баға беруді.

Меңгереді: жақсы қасиеттерді.

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Аққу қаздар» ойыны.

Мақсаты:қарым қатынас ережелерін сақтауға үйрету, өзге адамғамейірімділікті, қамқорлық қатынас білдіруді ниеттеуді жалғастыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:аққу мен қаздар атрибуттары, қасқырдың маскасы немесе киімі.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Ұйымдастыру кезеңі.

Балаларды шаттық шеңберіне тұрғызу.

Психологиялық сәт:

Қаңқ, қанқ, қаздарым,

Тізені сәл бүгіңдер,

Қолды артқа устаңдар,

Кәне, қазға ұқсандар.

Тектен текке тұрмайық,

Мойындарды бұрайық,

Бойымызға күш жинап,

Бір тынығып алайық.


Көнілді күймен балалар шаттық шеңберіне тұрып, қайталайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

Бүгінгі оқу іс -әрекетін «Аққу мен Қаздар» ертегісінің желісі бойынша өте қызықты әрі тартымды ойын арқылы түрлендіру.

Сұрақ- жауап арқылы ойынның толық мазмұнын айтып беру.

- Ал, балалар, сонау орманшылар елінен аңдар қонаққа келіпті. Олар өздерімен біргеқызықты ойын ала келіпті. Қазір біз сол ойынды өзіміз ойнап көрейік.Әрбір бала өз қалауы бойынша ұнаған атрибуттарынбасына киіп, рөлге еніп, ойнап көрсетеміз.Ойын өте қызықты.

- Ал ендеше, төрлетіндер, орман аңдары!

Қасқыр келіп, ойын шартын түсіндіреді. Ойын әрі қарай жалғасады.

- Балалар, сендердің бүгінгі көңіл күйлерің өте жақсы болған сиақты.


Балалар тыңдайды.

Балалар қызығушылық танытады(өздерін еркін ұстайды).




Рефлексивті – түзетушілік

Сендерге ойын түрінде өткен іс әрекеті ұнады ма?Ендеше бұл ойынды таза ауадасеруенде жалғастырамыз.

Балалардың жауаптары.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: ұжымдық қатынаста ойнай білуді.

Игереді:ойынға қызығушылық танытады.

Меңгереді: адамгершілік қасиеттерді.

«___»___2016ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2016ж.

4«Құлыншақ»тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: Абай «Жаз» өлеңі.

Мақсаты: балалардың жаз мезгілі туралы білімдерін тиянақтау. Көктем мезгіліндегі ерекшеліктермен салыстыра отырып табиғатқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Қолданылатын көрнекі құралдар:жыл мезгілінің суреттері , үнтаспа, хрестоматия.


Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Ұйымдастыру кезеңі.

«Ақылшы дос балдырған» әні орындалады.

Көктем, көктем, көктемде

Біз бау бақша еккенде.


Қарсы шығар алдыңнан

Ақылшы дос балдырған.


Жайдары жаз келгенде,

Жеміс жидек тергенде,


Шөп сарғайып қалғанда,

Біз мектепке барғанда.


Көңілді қыс келгенде

Біз сырғанақ тепкенде.




Үнтаспаға педагогпен қосылып орындайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

Сурет бойынша әңгіме(жыл мезгілдері)

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Олай болса, бүгінгі іс әрекетімізде Абай атамыздың «Жаз» өлеңімен танысамыз. «Жаз» өлеңін оқып беру.Әрбір оқылған шумақтарына толық түсінік беру.

Сұрақ- жауап.

- Оқылған өлең шумағындане туралы айтылған?

- «Ұзарып», «күркіреп» деген сөздерді қалай түсінесіздер?

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

«Аққу- қаздар» ойыны.

Қорытындылау.



Ойынды ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: өлең мазмұнын түсінеді.

Игереді:өлеңге сүйене отырып, жаз мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді:сұрақ жауап арқылы суреттергеәңгіме құрастыра білуді.

Тәрбиеші:

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

3тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жайлау» өлеңі.

Мақсаты:шығарма кейіпкерлерінің жүріс тұрысына эмоциялық ықпалдастық танытуға талаптандыру. Ұқсас жағдайда кейіпкерлердің әрекеттерін және өзінің жүріс тұрысын бағалауға үйрету.

Қолданылатын көрнекі құралдар:жайлау көрінісі бейнеленген суреттер, төрт түлік малдың макеттері.



Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

Ұйымдастыру кезеңі.

Психологиялық сәт:

Тікірейіп құлағы

Менен бұрын тұрады.

Бойын жазып керіліп,

Беті қолын жуады.

Орындарынан тұрғызып, жаттығу қимылдарын жасату.


Шеңбер бойына тұрып орындайды.

Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Кіріспе әңгіме.

- Ал ендеше, балалар, бүгінгі оқу іс әрекетінің ерекшелігі:барлығымыз шеңбер бойында ата әжеміздің жайлауында отырғандай сезініп, әңгіме желісін тыңдаймыз.

«Жайлау» өлеңін оқу.

Сұрақ жауап арқылы әңгімелеу.

- Жылдың неше мезгілі бар?

- Әр мезгілді ата.

- «Жайлау» деген қалай түсінесіздер?

- Жайлауға қай мезгілде адамдар қоныстанады?

Мазмұнын сұрақ жауап арқылы толық ашу.

Балалардың жауабы.



Рефлексивті – түзетушілік

«Ойлап, тап!» ойыны.

Түйе, бота маң басқан,

Төрт аяғын тең басқан.

Шұнақ құлақ бес ешкі,

Қос- қос лақты бес ешкі,

Төрт қозылы екі қой,

Бәрін бірге ойлап қой.


Балалар ойын ойнайды.


Күтілетін нәтиже:

Біледі: жыл мезгілдерін

Игереді:жаз мезгілінің ерекшелігін.

Меңгереді:«жайлау» сөзінің мағынасын.

«___»___2015ж. Тексерілді:_______әдіскер:Бекджигитова С.Б.

«___»___2015ж.

№4 тобында ұйымдастырылған оқу іс – әрекеттің технологиялық картасы

Білім беру саласы:Қатынас.Әлеуметтік орта

Ұйымдастырылған оқу іс – әрекеті:Көркем әдебиет

Тақырыбы: «Жұмыстың бәрі жақсы»өлең.

Мақсаты:Қоршаған ортаның жан- жақтылығы жайлы түсініктерін кеңейту.

Дамытушылық:Сөздік қорларын молайту,сөйлеу қабілетін дамыту.

Тәрбиелік:Ұқыптылық пен сабырлылыққа тәрбиелеу.

Жеке жұмыс:Көркемге шарды үрлетуді уйрету.

Әдіс тәсілдері:түсіндіріру,көрсету,уйрету




Іс – әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс - әрекеті

Балалардың іс - әрекеті

Мотивациялық қозғаушы кезең

-Балалар,бәріміз ортаға шығып, «Шаттық шеңберін»құрайық

Шеңбер болып тұрайық жылы жүзбен,

Бізге келген қуаныш нұр ізбенен.

Шуақ толған жанымыз,жүрегіміз,

Үлгі алсын көрген жан мына бізден.

-Аленді мен сендерді ыңғайланып

Отырыуға шақырамын.

-Бүгінгі оқу іс-әрекетімізде ақын Мұзафар Әлімбаевтың «Жұмыстың бәрі жақсы»өлеңімен танысамыз.




Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Ұйымдастырушылық - ізденушілік

Құрылысшы:

Қолда темір қалағым,

Содан сарай қаладым.

Алматыдан аумайтын,

Әсем қала саламын.

Шахтер:


Орны бөлек елдегі

Шахтердің көп еңбегі.

Тау-тау болып үйілген,

Оның қазған кендіреді.


Ұстаз:

Оқу-білім ордасы,

Ұстаз оның арнасы.

Ұстаздық деген ұлы іс,

Адамдардың айнасы.
Сұрақ-жауап.

-Өлең шумақтарында не жайлы айтылған?

-Кім біліп береді?


Мұқият тыңдайды.



Ұстаз
Жүргізуші

Рефлексивті – түзетушілік

-Балалар,мына суреттерге назар аударыңдар.Кімдерді көріп тұрасыңдар?


Балалар сұрактарға жауап береді.


Күтілетін нәтиже:Қоршаған орта жайлы білімінің көбеуі.

Білуі керек:Заттарды күтіп ұқыпты ұстау қерек екенін.

Болуы керек:затты түр-түсіне қарай қалай сипаттау керектігін;

Қолынан келуі:сөйлем құрастыра білу,түстерін ажрата білуді
Каталог: wp-content -> uploads -> 2017
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Аңыз әңгімелер «Асан қайғының жерұйықты іздеуі»
2017 -> Сабақтың тақырыбы: Ы. Алтынсарин әңгімелері
2017 -> Сабақтың тақырыбы Мен не үйрендім? Сабақ негізделген оқу мақсаты
2017 -> Сабақтың тақырыбы : Жылқы. С. Мұқанов
2017 -> Сабақтарында «мнемотехника»әдісін пайдалану. №48 «Ақ көгершін»
2017 -> Оқушыны іздендіру жолы – шығармашылық
2017 -> Сабақтың тақырыбы Менің отбасым. І дыбысы мен әрпі
2017 -> Әңгіме шебері Ы. Алтынсарин
2017 -> Б.Қ. Абдыкаимова №56 «Береке» балабақшасы тәрбиеші Астана қаласы
2017 -> Қысқа мерзімді жоспары: Мұғалімнің аты-жөні


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет