Мәшһүр-Жүсіп Шығармаларындағы рухани мәдениет лексикасы


Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара тігудің



бет49/88
Дата06.02.2022
өлшемі3,93 Mb.
#34029
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88
Түйін. Мәшһүр-Жүсіп Көпеев қара тігудің түріне найза шаншуды атайды ол өлген адамның ел мен ер бастаған батыр екендігін көрсетеді. Найзаны сындырсын деп отырғаны жылы толғаны. Ас беруге дайындық жасалсын дегені. Тігілген қараны алып тастау мәртебесі де кім көрінгеннің еншісіне бұйырмаған. Оған сый-сияпат ат берген, шапан жапқан. *Сеп өлікке қатысты да жиналған.
Ас, қонақ ас. Қазан-жабдық бөлімінде де біраз айтылды, қараңыз. Жантемір мырза атанды жас күнінен, Берумен жарастықты қонақ асы (М-Ж., 328); Кісі өлгенге «ас» берілген. Тарихта ұмыт болмаған Сағынайдың асында Ақан серінің Құлагері мерт болған. Қара – жылына «ас» береміз дегеннің де белгісі (Қ. Халид, 180); Арабша «дәм», «тағам» деген сөздің қазақша мағынасы «ас», «тамақ» (С. Мұқанов. 1974. - Б. 112). Ас – завершающим элементом в погребальном ритуале, как правило принято считать ас. Традиционным центральным значением его (т.е. слова ас) является `еде, пища` т.б. (Жанпейісов, 73). Қонақ асы – угошение – (Потанин, 325). Ас – поминка по умершем (Тверитин, 116). Қонаққа беретін тамақ «қонағасы» деп аталды (С. Мұқанов. 1974. – 112 б.). Ш. Уәлиханов астың бірнеше түрін: керез ас – өлген кісіге арналған ас. Керез – өлер алдындағы өсиет сөз; Қырық ас – «қырықы», «қырық күн өткен соң берілетін ас; Ұлы ас – өлген кісіге жылы өткен соң берілетін – ас деп атап өткен [240, б.261-263].
Астың `тағам, ас` деген мағынасы көптеген түркі тілдерінде сақталған. қырғ. ас `шақырылған түстік, еске алу (ас) `; аш беру, ал қазан. аш оздырмақ `ас беру` (БСл, I, с. 49); қырғ. қара аш `жерлеп келгеннен кейінгі кіші ас`, чоң аш `жылына ас беру`(КРС, с. 83); як. аттанар ас `келіннің ата-анасының үйінен аттанып, күйеудің үйіне барардағы дайындалған тағам`; іті кіlläрäр ас `үйленген жастар мінген поездің келерінде беретін ас` (Пекарский, I, с. 164); казан. как төш ашы `үйінде тойда болған, жаңа үйленген қонақтарға берілген кішігірім той` (РСл, с. 584). тадж. оши кенгош `үйлену тойы болар кездегі алдын ала туыстарына, таныстарына кеңесу үшін шақырғанда берілетін тағам`; оши сол `ең жақын туысының жылына жасалған құрмет`; оши нахорû `үйлену тойы кезіндегі таңғы құрмет` (Тадж РС, с. 291); уз. маслахат оши `үйлену тойы болар кездегі тек қана шағын туыстарын кеңесу үшін шақырғанда берілетін той сымақ`; хотин оши `пішпе күні әйелдерге жасалған тағам`; қиз оши `қыз үйінде тойға бір күн қалғанда жасалатын той (кеш); қыздарға ұзатуға бір күн қалғанда жасалатын той (кеш) (УзРС, с. З11); туркм. аш бермек `қайтыс болған ата-анасын еске алу үшін жасалған ас`; агзыбир ашы `некелері қиылғаннан соң ертеңінде берілетін түстік` (Туркм РС, с. 59), казан., мещ. урнаш (вм. үрүн аш) `құпия (үйде үлкені жоқ кезде жасалады) дайындалатын тәтті тағам ` (БСл, I, с. 48), урынаш `кешкі ас кезіндегі отырыс`. Бұл мәліметтерде салыстыра келе Э.В. Севортян былай деп жазды: «Аш, вероятно, из иранского аš.» Одним из старейших среди тюркских значений аш должен быть `суп (похлебка)`, т.е.: 1) `вареная пища, варево`, 2) `не только мясная, но, по-видимому, и растительная`. Достаточно старым должно быть также обобщенное значение `еда, пища`, которое является единственным в древнейших памятниках тюркских языков... Старым следует считать также значение ` (жертвенная), пища` (Gabain Hü), откуда `поминки` в кирг., каз., калп., уйг.» (ЭСТЯ, с.211) [208, б.75]. А. Жилкубаева: Э.В. Севортяннің: ас / аш тегінде пехвалин тілінен ауыса отырып, түркі тілінде ертеде етістікті – зат есімді омоним болғанын, бір мезгілде атау тұлғасында және етістік: `тағам` және `тағамдану` мағынасы болған мұның жанама дәлелі ретінде ол, көне сөзжасам моделін ашіч аш + (и) ч қару жарақ мағынасындағы `қазан` – деген пікіріне сүйенеді (ЭСТЯ, 211) [209, б.310]. Э.В. Севортян қазіргі түркі тіліндегі ас этнонимінің а: ш жеті семантикалық тобының мағынасын көрсетеді. Ас / аш > қазан болуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   88




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет