Н. У. Шаяхметов, тарих ғылымдарының докторы


Көп жұртты Кенесары жаралаған



бет18/23
Дата27.11.2016
өлшемі10,94 Mb.
#2594
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23

Көп жұртты Кенесары жаралаған,

Жаманды жақсылардан саралаған.

Поштайға келіп сонда қорғалаған,

Саудагер кезіп жұртты аралаған».

М.-Ж. Копеев здесь термин «журт» употребляет в нескольких значениях, особенно вызывает интерес словосочетание «басқа жұрт», «көп жұрт», в котором подразумевается значительное количество родов, патронимий и другие народы (этносы).

«Жақсылар, өнер болса, енді аянба,

Қалмаңыз басқа жұрттың табасына...» [8, 1, с. 55]. В данном тексте «жұрт» тождествен с понятием «халық» - народ. Словосочетание «басқа жұрт» означает другой народ или этнос.

Значение «жұрт» практически соизмеримо с такими базовыми понятиями как «ел», «халық» и идентично в них заложена смысловая нагрузка.

«Дініңді кім қорласа – сол өш қасың,

Қорлықтан ақпап па еді көзден жасың.

Үйде өлген мың шіріктің бірі болмай,



Жұрт үшін арманың не кетсе басың.

Өз жұртын оңған барма жатқа сатқан,

Ерді елдің пайдасы үшін хақ жаратқан.

Ойлайтын елдің қамын ерді жібер,

Жерінен суырып алып көрде жатқан» .

В данном отрывке идет призыв людей к патриотизму, к готовности выступить и идти на жертвы ради интересов своего народа.

«…Халық-жұртыңның қамы үшін қайрат қылып,

Айдалып, атылсаң да арман бар ма?

Түскен жоқ олжа болып шабындыдан,

Ұсталды деумен кендік табылдыдан.

Жұрты үшін жорықта өлсе арманы не,

Өлмей ме жаман да үйде қағындыдан» [8,2 т, с. 69]- говорится о патриотизме, необходимости жертвовать за свой народ.

«…Халық қылып атандыруы бізді қазақ,

Іргелі көп жұрт емес, өзіде аз-ақ.

Болғаннан алты ауызды ынтымақсыз,

Барасың көрінгенге болып мазақ» [8, 2 т, с. 70] – данные строки отражают мысль о том, что без единения народ станет посмешищем для других. Вероятно, существует определенная дифференциация понятия «журт». В данном контексте «журт» на наш взгляд применяется в отношении народа состоявщегося как государство.

В сочетании с «ел» данное понятие обретает еще более мощные параметры. Во многих образцах шежире, так и в поэзии XVIII- начала XIX вв., когда остро встает вопрос о государственной независимости, очень часто «жұрт» употребляется в сочетании с «ел». Этот симбиоз создает чрезвычайно сильное понятие тождественное таким мощным категориям, как нация, государство. В сочетании с термином «ел», «халык» - журт звучит очень сильно. Зачастую в фольклорных текстах, термин «жұрт» употребляется для усиления понятий «халық» и «ел». Например: «…Елсіз, жұртсыз кісінің қүны қанша» [8, с. 109]. Особенно сильно звучит заключительная строка «елсіз, жұртсыз» - «без своей земли и без своего народа», то же самое и в выражении: «Елден-жұрттан дүниесін қашырғаны:

Өзін-өзі түнекке жасырғаны…» [8, 2 т, с. 153].

Таким образом, в поэзии казахского исторического фольклора «жұрт» больше употребляется в значении род, племя, народ, общество. Часто за стихотворениями лежат широкая арена социальной борьбы, национально-освободительной мысли конца XIX - начала XX в.в. Тогда как в шежире и исторических этюдах «жұрт» употребляется в более широком, т.е. базовом значении, и означает государство, нация и другие понятия. Вероятно, смысловое содержание этого понятия со временем потерпело определенную эволюцию. В эпоху средневековья «журт» встречается в значении государства, территории определенного улуса и т.д. С потерей государства в памяти кочевников смысловое поле этого понятия сужается. Именно это обстоятельство актуализирует необходимость семантического изучения многих традиционных понятий.

Теперь рассмотрим термин «жұрт» в сочетании с «ата-мекен», «ата-қоныс», характеризующие также традиционное отношение казахов к земле. Так, в современных словарях указанным понятиям даются следующие обозначения: «Ата - үлкен әке, әкесінің әкелері, бабалары, қария ақсақал» [12, с. 53]. «Мекен – қоныстанған орын тепкен тұрақ жай» [12, с. 63]. «Ата – мекен - ежелгі қоныс, байырғы тұрақ» [23]. Так, казахи свою родную (родовую) землю называют «ата-мекен», т.е. место проживания предков или земля, на которой жили его предки. Этим кочевник-казах навсегда закрепляет свое право на землю.

К понятиям, фиксирующим отношение кочевника к земле, на которой он жил или собирается жить, относятся такие понятия как: «ата-қоныс», «кір жуып, кіндік кескен» или «кіндік қаны тамған жұрт». В некоторых случаях для усиления используется повтор и сочетание нескольких мощных терминов и понятий:

Алаң да алаң жұрт,

Ағала ордам қонған жұрт,

Атамыз біздін бұ Сүйініш

Күйеу болып барған жұрт,

Анамыз біздің Бозтуған



Келіншек болып түскен жұрт.

Қарғадай мынау Қазтуған батыр туған жұрт,



Кіндігімді кескен жұрт

Кір-қонымды жуған жұрт… [1, с. 56]. Данные строки иллюстрируют емкость понятия «журт»: факт рождения человека на земле, привязанность к ней, факт обитания на этой земле передков и родителей.

«Қоныс – 1) мекен, тұрақ, жайлау» [11, с. 63]; 2) «ел мекендейтін орын. Қоныс деп кейбір жерлерді жазда уақытша жайлайтын ауыл жерін де атайды. Кең мағынады қоныс тұрақты мекен жайлары бар орын». В словаре М.Кашгари дается следующее определение, интересующего нас термина: «Қонды-…жұрт қонды (көшіп келген халық қонды, қоныстанды)» [13, с. 253]. Некоторые отечественные историки термину «Коң» дают определение: двор, место (старой, прошлогодней стоянки). Так, «қоныс» понимается как вневременное приземление или вневременное присутствие человека на этом месте. «Ата-қоныс» – земля предков. Здесь также следует рассмотреть такие понятия как «қон, коң, қону, көң», т.е. ночуй, ночевать, стоянка. В современных словарях даются следующие объяснения: «қон - көшкен ел-жұрттың белгілі бір жерге келіп, үй тігуі; адамның бір үйге немесе бір жерге түнеп, шығуы», т.е. место остановки и расположения перекочевавшего рода-народа (племени); ночевка отдельного человека в определенном доме или местности [12, с. 405]. «Қону - ұшып келе жатқан құстың бір жерге келіп қонақтауы, отыруы, немесе көшкен елдің қонысқа орналасуы», т.е. временное приземление птицы или место остановки перекочевывающего рода-племени [11, с. 63]. «Көң – ескі қоныс, қыстау», т.е. оставленное место, зимовка [16]. Стационарные зимники, широкое распространение получили в 30-40 гг. XIX века, так как царское правительство было заинтересовано в упорядочении землепользования в степи. В исследуемый нами период в некоторых регионах (Атбасарский, Тургайский) «көң» имел значение постоянных зимних стоянок, находящихся в частной собственности отдельной большой семьи. Например, в «Материалах по казахскому землепользованию» говорится о том, что «…каждый аул имеет свои стоянки, так называемые кон или коун. Территория эта никаких границ с соседями не имеет, равным образом нет границ и между аулами, но вместе с тем она считается принадлежащей известной группе и вытравление ее другими аулами считается правонарушением. Признаками, определяющими принадлежность данной территории той или иной группы является кон, т.е. помет, оставленный скотом на зимней стоянке…» [17, с. 6]. Наши информаторы дают следующие сведения: «ата қоныс, ата жұрт деп біздің әкелеріміздің әкелері тұрған жерді айтады». «Ата-мекен, ата-коныс деп біздің әкелеріміздің мекендеген жерін айтады», т.е. место, где жили предки [16].

Для более ясного выяснения понятия «ата-қоныс» и производных от него «ата жайлау», «ата қыстау», «ата бабамның жайлауы» необходимо обратиться к материалам исторического фольклора. Так, в произведении Дулата Бабатайулы имеются такие строки:

«Ой, Сандықтас, Сандықтас-

Атамның қонған жайлауы!

Қайнардан суың қайнауы

Шалғынға жонын көмілтіп,

Құлынды қазақ байлауы,

Бал татыған бағланның

Езілтіп етін шайнауы

Сенің арқан емес пе…» [4, с. 82]. В данных строках жырау восхищается землей, на котором жили его предки. Все, что на ней обитало, произрастало является продуктом Земли.

«Кір жуып, кіндік кескен» или «қан тамған жұрт» подразумевается причастность, привязанность человека к этой земле, т.е. факт рождения - кіндік кескен или қан тамған жұрт, его бытование - кір жуып. Для более четкого понимания обратимся к поэме «Козы Корпеш - Баян Сулу», где ярко иллюстрируется отношение человека к родной земле как к живому существу:

«Балталы, Бағаналы ел аман бол,

Бақалы, балдырғанды көл аман бол.

Кірім жуып кіндігім кескен жерім,

Ойнап-күліп, ер жеткен жер аман бол…» [14, с. 31].

В традиционном казахском сознании родовая земля (родовые стоянки: ата коныс) нечто большее, чем частная собственность. Это сознание не соизмеримо такими экономически производными категориями, присущими капитализму Запада. Между Землей и казахом-кочевником существует незримая нить родства. В то же самое время мы считаем, что понятия (в том числе и образные), обозначающие ту или иную территорию кочевников (ата қоныс, ата жұрт, кіндік кескен қан тамған жұрт и др.), и есть категории, позволяющие определить границы этнической территории казахов.

Из вышеприведенных понятий мы видим, как человек сильно привязан к своей родной земле, на которой родился и вырос. Находясь вдали от своей земли, кочевник по ней скучает:

«Туған ел, туған жерім бар,

Сөйлесем айтам сырымды [4, с. 129]. Также следующие строки отражают желание человека поскорей вернуться на свою родную землю, находясь в другой местности: «Қонған жердің қадірін көшкенде білерсің», т.е. цену земле будешь знать тогда, когда будешь вдалеке от нее.

Сакральное отношение казахов к земле, как к первооснове жизни (адам топырақтан жаратылады), так и его последней обители выражается в следующих представлениях: «Жер бетін жырма, сызба ол ырым. Өлім шақырғанды білдіреді. Мысалы, балалар жерді қазып отырса көп кешікпей өлім болады. Соны балалардың періштесі біледі, айтады» - говорит нам информатор [16].

Подводя итоги, можно заключить, что для кочевников земля, наряду с другими предметами поклонения, с древнейших времен являлась священной и ей поклонялись, приносили умилостивительные или благодарственные жертвы. Земля в представлении казахов являлась божественным обиталищем (құдайдың жері), характеризующее столь трогательное и заботливое отношение (жер ана) и даже обожествление Земли и преклонение перед неизведанной сущностью (жер-су, Баяна). Отношение к земле священно, поскольку в ней обитали предки. Культ предков и генеалогические принципы закрепляли почтенное отношение к земле. Земля в самосознании кочевников одушевлена. Кочевник постоянно общается с духом Земли – Жер-Су. В этом заключаются основные специфические моменты отношения казаха к земле в традиционную эпоху.

Таким образом, земля в ценностных представлениях казахов являлась высшим достоянием народа, дарованным ему свыше, и которой необходимо дорожить и почитать.
ЛИТЕРАТУРА
1. Алдаспан. XV-XVIII ғасырдағы қазақ ақын-жырауларының шығармалар жинағы. / Құраст. М.Мағауин. – Алматы: «Жазушы», 1970

2.Артыкбаев Ж.О. Казахское общество в XIX веке: традиции и инновации. - Караганда, 1993

3. Артыкбаев Ж.О. Материалы к истории правящего дома казахов. - Алматы, 2001

4. Бабатайулы Д. Замана сазы: Өлеңдер мен дастандар // Құраст., баспаға әзірлеген Қ.Өмірәлиев. - Алматы: Жазушы, 1991.- 360 б.

5. Броневский С. Записки генерал-майора Броневского о киргиз-кайсаках Средней Орды // Отечественные Записки. – СПб., 1830. – №121, ч. 41 – 43.

6. Древнетюркский словарь. АН СССР Институт языкознания. - Л., 1969

7.Кенин-Лопсан М.Б. Мифологические корни тувинских шаманов // Этнографическое обозрение. - 2000. - № 2. - С. 15-21.

8. Көпеев М.-Ж. Шығармалары. Екі томдық. - Алматы, 1992. -1- 2 т.

9. Қазақ совет энциклопедиясы. - Алматы, 1974. - 950 б.

10. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі. - Алматы, 1959.-1 том. - 500 б.

11. Қазақ тілінің диалектологиялық сөздігі. - Алматы, 1969. – 1 т.

12. Қазақ тілінің сөздігі. – Алматы: «Дайк-Пересс», 1999

13. Қашқари М. Түрік тілінің сөздігі: (Дуани лүғат-ат-түрік) 3 томдық шығармалар жинағы / Қазақ тіліне аударған, алғы сөзі мен ғылыми түсініктерін жазған А.Қ.Егеубай. – Алматы: «ХАНТ», 1998. - 3 т.

14.Қозы-Көрпеш-Баян Сұлу. Лиро-эпос жыры. - Алматы, 1985.

15. Малов С.Е. Памятники древнетюркской письменности. - М.-Л., 1951.

16. Материалы полевых этнографических исследований автора: Бейсембеков Акмадия. – 1935 г.р., с. Акжар, Бухар жырауского района, Карагандинской области, айдабол (арғын); Жакыпбеков Ильяс. – 1936 г.р., с. Акшкол, Актогайского района, Карагандинской области, қаракесек (арғын); Касымбек Жумабекулы. – 1935 г.р., с. Кеншокы, Шетского района, Карагандинской области, қаракесек (арғын); Каримтай Өкпеулы. – 1930 г.р., с. 1 Мая, Баянаульского района, Павлодарской области, қаржас (арғын); Әдил Жунисов. – 1951 г.р., с. Нуркен, Каркаралинского района, Карагандинской области, шалақазақ; Хасенов Тлепбек. – 1936 г.р., с. Нуркен, Каркаралинского района, Карагандинской области, төре.

17. Материалы по киргизскому землепользованию, собранные и разработанные экспедицией по исследованию степных областей под рук. Ф.А.Щербины. Акмолинская область, Атбасарский уезд. – Воронеж, 1902.- Т.3.

18.Потапов Л.П. Алтайский шаманизм. - М., 1991.- 409 с.

19.Седельников Т. Борьба за землю в Киргизской степи. - СПб., 1907

20. Сейидов М.А. К вопросу о трактовке понятия Jer sub в древнетюркских памятниках //Сов. Тюркология. - 1973. - №3. - С. 63-69.

21.Стеблева И.В. К реконструкции древнетюркской религиозно-мифологической системы.- М., 1972.

22. Радлов В.В. Опыт словаря тюркских наречий. - СПб., 1893-1911. - Т.3, ч.1.

23. Хозяйственный быт киргизского, сартовского и русского населения Юго-Восточной части. Чимкентский уезд, Сыр-Дарьинская область. - Ташкент, 1910

24. Этимологический словарь тюркских языков. - М., 1989. - 709 с.


Ғазез Райыс

Шауешек қ., ҚХР
ҚАЗАҚ ШЕЖІРЕСІ ТУРАЛЫ
1. Шежіре деген не? «Шежіре» деген сөздің төркіні арабтың «шыжре» – бұтақ, тармақ деген мағына білдіретін атау сөзден шыққан. Шежіре – бір ұлттың шығу тегі мен аталық нәсілінің тармақтап ұрпаққа, руға таралуын баяндайтын тарих ғылымының бір тармағын түсіндіретін атау. Қазақ ру шежіресі қазақ жазу тарихынан бұрын ауызша сөз өнері көлемінде туып, дамыған «ата тек», нәсіл шежіресі ретінде болды да, шешен, шежіреші, билер ауызша таратты. Бұл шежірелер бір атадан тараған ұрпақтардың, туыс-қандастық қатынасын білдіретін рулық шежіре алғаш сол рудың ақылды аталар аузынан аңыз-ертек ретінде айтылып, соңғы ұрпаққа өсиет, мұра, ақыл, нақыл, шешен тіл арқылы жетіп отырды. Сондықтан қазақ ұрпағына рулық шежіре білуді өсиет, міндет деп үйретіп «жеті атасын білмеген, жетесіздік белгісі», кейде «жеті атасын білмеген, жетімдіктің белгісі» деп айтуда. Оның себебі: 1. жеті атасының кім екенін үйрететін атасы болмады ғой; 2. атасы үйретсе де жетесіз, тексіз намыссыз, зейін-зердесіз балада ақыл ойсыздығыннан үйренбейді; 3. қазақ жеті атаға толмай қыз алыспайды; 4. бір әкеден туған жеті туысты әкесі, баласы, немересі, шөбересі, өбересі, шөпшегі, туажат деп атаудан «шежіре» басталады; 5. жеті саны қазақтың наным-сенім, салтына да қатысты жағы бар киелі тотемдік ұғым.

Қазақтың ата-баба шежіресі рулық, тайпалық, ұлыстық, ұлттық шежіреге ұласқан шежіре. Сондықтан тарихшылар бір ұлттың шығу тегі мен қоғамдық жағдайы туралы зерттегенде алдымен сол ұлттың мұралық аңыз шежірелеріне көңіл бөледі. Қазақта 20-10 атаға дейін тарататын ақсақалдарды «шежіреші» деп атады. Қазақта әр рудың, әр тайпаның өз шежіресі болды. Бұлар көбіне оқығанынан тоқығаны көп, ақылды адамдар болып, олар ата-баба шежіресін жинап, реттеп, жазып, жаратушы, айтып таратушы болды. Бұл шежірешілер өз заманында және ерте заманда болған ірі тарихи оқиғалар, соғыс, апат, жұт, үркін-қорқын, қоныс ауған ел, оқиғаларды, жеке хандар, батырлар, шешендер, жыраулар туралы тарихи мәлімет шежірелік дерек беріп отырды. Және мұндай шежірешілер байырғы қазақ тұрмыс, салты, наным-сенімі, календары, жыл, ай, күн есептері, дәрігерлік, шипагерлік, оташылық қатарлы жан-жақтылы білікті адам болған.



2. Қазақ жазба шежіресі қашан туған? Қазақта жазу мәдениетінің қалыптасу тарих ғылымының дамуына байланысты бұрынғы ауыздан-ауызға тарап, ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып келген шежірелер жиналып жазбаға түсе бастады. Қауырсын, қаламмен қағазға түсірілген шежірелер ру басы мен билер, хан, сұлтандардың қолында сақталды. Ерте орта ғасырларда өмір сүрген, тарихшылар, этнографтар, ғалымдар қазақ шежірелерін жинап, реттеп, сақтауды, өз көзқарастарын қосып баяндауды дәстүрге айналдырған, сөйтіп ауызша шежірелер хатқа түсіп, жазба шежірелерге айналды. Мысалы қазақ тарихшысы ғалым М.Ақынжановтың айтуынша «Қазақ шежіресі есте жоқ ерте заманнан ру-тайпалық дәуірден басталғаннан VII ғасырдан ХХ ғасырға дейінгі мезгілді қамтиды102» деп жазды.

1. Іле өзенінің алқабындағы Алмалық қаласында туып-өскен қаңлы тайпасынан шыққан тарихшы, шежіреші және ақын Жапал Қарши (1230-1315) 1300-жылы жазған шығармасы «Мүлка хат ас-сұрақ» (сөздікке қосымша) атты еңбегінде қаңлы, қыпшақ, найман, оғыз т.б. тайпалардың ХІ-ХІІІ ғасырға дейінгі өмір-тіршілігімен шежіре-аңыздарын баяндаған. Осындай шежіренің бірі «Насіпнама-қазақ» (қазақ шежіресі) қолжазбасы мұнда ХІІІ-ХVІІІ ғасырға дейін баяндаған.

2. Қазақ халқынан шыққан әйгілі тарихшы, ғұлама ғалымдар жинаған шежірелердің құндылары қазақтың Дулат руынан шыққан Мұхаммед Қайдар Дулати (1499-1551) жазған «Тарихи-Рашиди»; 3. Қыдырғали Қосынұлы Жалаири (1530-1605) жазған «Тарих ат тауарих» (Жылнамалар жинағы) және 4. «Көшен Қарауыл шежіресі» (ХҮІІІ ғас.) мен Жәңгір хан шежіресі (1835); 5. Шоқан Уәлиханов жазып алған «Ұлы жүз шежіресі», Ә.Нияз жазған «Үш жүздің шежіресі», Ахмет Жантөрин, Мұса Шорманұлы, Өтеубай Бөжейұлы қатарлы жинаған «Қазақ жұртының шежіресі», Қорғанбек Бірімжанұлының ұйымдастыруымен жиналған «Орта жүз бен кіші жүз шежіресі» (1894) және Торғай қаласында ғалым, ақын, жыраулар бас қосып, бір жыл кеңесіп жасаған шежіре «Ғажайып шежіре», «Шыңғыснама».т.б

3. Қазақ хандығына шежіре неге керек болды? ХV-ХVІІІ ғасырда қазақ хандығы заманында қазақ хандары өзіне қарасты елдің ру, тайпа шежірелерін жинап, реттеп жаздырып хан ордаларында сақтауды өз дәстүріне айналдырды.

Қазақ хандарының әкімшілік басқару жүйесі, жерлік басқару жүйесі емес, ұлыстық басқару жүйесі болатын. Сондықтан қазақ елін, ру, тайпа, ұлыс, жүздерге бөліп басқарғандықтан 200-ден артық ру, тайпалардан құралған қазақ елін билеп басқару үшін хандарға ру шежіресін білуді қажет етті. Нақтылап айтқанда хан басқарған жүйе уәзір, әскери қосын құру, билер белгілеу, ру басшылар белгілеу, қазына алып, салық, рулар, өріс-қоныс, жаз жайлау, қыс қыстау жерлерін белгілеу, рулар ара жер дауы, жесір дауы, құн дауына билік айтуда шежіре білудің маңызы заң білумен бірдей болды. Бұл ру-тайпа шежіресінен сырт ел билеген хандардың нәсілдік шежірелер, сол хан заманында туған ірі оқиғалар жылдарында жаздырып сақтады. Мұндай шежіре Есім хан, Тәуке хан, Әбілмәмбет ұрпақтарында болды.

«Жоғарыда айтылған шежірелердің бір бөлімі Жәңгір ханда сақталған. ХVІІІ-ХІХ ғасырларда қазақ хандары қытай еліне барғанда мәдени қатынаста болған. «Қазақ шежіресі» атты кітап мәнжу тілінде Бейжіңдегі хан сарайы архивінде тұр103. Тарихи, ғылымдық құндылығы жағынан ең құнды мәліметті шежіренің бірін Ш.Құдайбердіұлының «Қазақ, қырғыз һәм хандар шежіресі» араб, парсы, түрік, монғол, орыс, қытай тілдеріндегі мәліметтермен салыстырылып және өз көзқарасы да айтылған. Бұдан қалса тағы бір ғалым Құрманғали Халидов жазған «Тауарих хамса» атты шығармасында өте зор мәлімет бар.

Шежірелік деректерді жазып, жинауда Шәкәрім Құдайбердіұлы, Шоқан Уәлиханов, Нұржан Наушабеков, Мұхаметжан Тынышбаев, Мәшһүр Жүсіп Көпеев болды.

4. Шежіренің түрлері. Шежіре ру шежіресі, тайпа шежіресі, ұлыс шежіресі, ұлт шежіресі, хандар шежіресі, мемлекет шежіресі қатары түрлері болады. Қазақ шежірелерінің жанры бойынша: 1. өлең сөз (поэзия), 2. жайынсөз (проза) шежіре, 3. өрнек (кесте) шежіре, 4. жағрапиялық (жер, су, тау, тас) шежіре, 5. айтыс (ақындық) шежіре қатары жанрларға бөлінеді.

Қазақ шежірелерінің үлкен бір саласы «өлең шежіре» мұнің негізгі себебі: қазақ халқының өмірінде өлең сөздің (поэзияның) атқаратын тарихи традициялық ролі мен мұрагерлік қасиеті жатыр. Қазақ өлең сөзінде «Ата өлең» деген өлең түрі бар. Әсіресе ақындар айтысында ақын әріптесінен «адамға тегін білмеу мін болады, айта отыр ата тегің кім болады» деп жөн сұраса ай тысады. Әне сол өлең шежіре осы ата жөн сұрасудың дамыған түрі – қазақтың ақын халық екендігін, өз өмірін өлеңмен түсіндіру, шежірелік жыр-дастан ету, қазаққа тән қасиет сондықтан өлең шежіре қазақ фольклорының шежірелік бір жанры.

Ал қазақ шежіресінің енді үлкен арнасы «жайынсөз шежіре» (проза) бұл да қазақтың шешендік өнерінің бір саласы ертегі, аңыз-әңгіме, тарихи естелік, әңгіме, ұлы әңгімеге ұласқан жанр түрлері. Мұны жаратушы жазушы адамдар оқымысты, көпті көрген көсем, ойлы, шешен тілді ел аталары ру шежірешілері болған, шежіренің ана үш түрі де осылай тек мазмұндық парықты.

Адамзат қоғамының даму тарихынан алғанда: ру, тайпа, ұлыс, халық, ұлт болып қалыптасу, даму барысы бар. Қазақ шежіресі – қазақ ұлтының үш мың жылдық даму барысының мәдени мұрасының бір саласы.

Қазақ ұлтының шығу тегі (нәсілі) атадан таралуы туралы қазақ шежірелерінің көбінде: барлық «қазақ» аталатын адамдар «қазақ - ата нәсілінен таратылады». Қазақтан Бекарыс, Ақарыс, Жанарыс деген үш ұл туады. Бекарыстың ұрпағын «ұлы жүз» деп атап, одан Үйсін, Қаңлы, Дулат, Түркеш, Жалайыр, Албан, Суан, Шапырашты, Ошақты, Шанышқылы, Сіргелі т.б. тайпалар кірген. Ақарыстың ұрпағы «орта жүз» деп атап одан: Арғын, Найман, Қоңырат, Қыпшақ, Керей, Уақ тарайды. Жанарыстың ұрпағын «кіші жүз» деп атап, одан: Әлімұлы (Әлім, Шүмекей, Кете, Қаракесек, Қарасақал, Төртқара, Шекті), Байұлы (Адай, Беріш, Алшын, Жаппас, Есентемір, Малқар, Таз, Байбақты, Тана, Шеркеш, Ысық, Қызылқұрт); Жетіру (Кердері, Жағалбайлы, Керейт, Төлеу, Табын, Тама, Рамадан) тарайды. Осы рулардың өзіндік ұраны, таңбасы болған.

Ұлт дегеніміз – адамдардың бір территорияда жасаған отандық бірлігі, бір тілде сөйлейтін тілдік бірлігі, бір наным-сенімдегі діндік, бірлігі бір, салт-саналық рухани бірлігі, тұрмыс-тіршіліктегі шаруашылық бірлігі негізінде қалыптасқан қандастық қатынастағы туысқандық бірлігін ұлт дейміз.

5. Шежіренің қазіргі маңызы - бір ұлттың тарихының бір бөлімі болғандықтан, ұлт болудың жоғарғы шарты арқылы ата тегін тани білетін ұрпақты тарих пен қайта тәрбиелеу болып табылады. Біздің шежіре жинап, жария ету мақсатымыз халқымыздың өз шежіресін оқып, білу, танып, қайсысы шын, қайсысы өтірік екеніне зерттеп шындыққа көзін жеткізу, сөйтіп ұлтымыздың мұралық шежіресін табу.

Қазіргі шежіреде қазақтың екі жүзден көп ру шежіресі бар. Осылардың кемістігі айтқан, жазған, не жинаған адамдардың, шежірелік білім әртүрлі, көбіне руына тарту, діндік көзқас бойлап, шежіре тарату, басқаларды қорғау, кемсіту, жауластыру сияқты көзқарастар араласқан. Мысалы, VІІІ-Х ғасырларда қазаққа ислам діні таралуына байланысты қазақтың тегін араптың Аннас сахабасына қатысты таратулар, кейде уақыт жағынан ауыстырулар, жер-су, адам аттарының ауысулар сияқты жаңсақтық болады. Бұған шындыққа көз жеткізу тарихи, ғылыми дәлел сипатқа жеткенше іздеу керек. 4. Шежіре тарихтың бір бөлімі болғанмен, шежірені тарих орнына қоюға болмайды. Сонымен бірге шежіреде ұлтымыздың тарихи, этнографиялық, фольклорлық, тіл біліміндік мол мәлімет бар. Егер шежіреге немқұрайлы қаралса, осы мәліметтен сыр, тарихымыздың мәнді бір қайнар көзінен айрылып қаламыз.



А. Тоқтабай

Алматы қ., Қазақстан
АУЫЗША ТАРИХТЫҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫ
Қазақ тарихы дәстүрлі ауызша тарих. Халқымыздың өмір сүру салтында отырықшылық пен қала мәдениеті болмағандықтан, жылдың төрт мезгілінде көшіп – қонып жүрген халықтың тарихы, мәдениеті, салт – дәстүрі, музыкасы бәрі атадан балаға ауызша беріліп, мұқият сақталып отырды. Мұндай дәстүр сонау скиф – сақ, ғұн, көне түркі, қыпшақ, бергі Қазақ хандығына және ХХ ғасырдың 1- ші ширегіне дейін өз маңыздылығын жоғалтқан жоқ. Ауызша тарихтың өз артықшылықтары бар [1].

Қазақ тарихында ауызша тарихтың бір ерекшелігі үлкен-үлкен тарихи кезеңдерді, оқиғаларды «өнер алды қызыл тілдің» арқасында қысқа да нұсқа жеткізе білуінде. Мысалы: мектеп оқулығынан белгілі ханның бұйрығымен Жиренше шешеннің домалап бара жатқан қақбақты найзасымен тоқтатып, ханға:



  • Сұратқан хан ақымақпа?

  • Сұраған сен ақымақпа? – деп жауап әкелуі алғаш қарағанда сөз сайысы, шешендік өнер жарысы сияқты. Шынтуайттына келсек Қазақ хандығы құрылғаннан бастап хан мен оның қоластындағылардың өзара қарым – қатынасында демократия, адам теңдігі, азаматтың қоғам көрністері айқын көрінеді. Қазақ хандығында әубастан батыстың да, шығыстың да, орыстың да деспотиясы болмаған дала демократиясы осы оқиғадан көрнеді. Бұл оқиға шын болған. Хан деп отырғанымыз Керей мен Жәнібектің біреуі, Асанқайғы, Жиренше шешен осы дәуірде өмір кешкен тарихи қоғам қайраткерлері. Патшаны, коральді дәл осылай сынау батыс, ресей қоғамынында болған емес, олай дейтініміз корольге, царьға былай сөйлеу өлім жазасымен тең болған.

«Асанқайғы 3-жыл қазаққа лайықы қоныс іздеп елді Жиделібайсайға көшіреміз – деп тоқтауға келіп, көш алдында үш жыл қойға қошқар салғызбасын, биеге айғыр шаптырмасын, әйелге еркек қатыспасын» [2] - деп ханға айтып әмір қылдырыпты. Менің ойымша бұл оқиғанда үлкен бір кезеңді бейнелейтін шындық жатыр. Бұл Алтын орда құлап, Алтынорданың қойнынан туған жас Қазақ хандығына лайық жер іздеп, ел бастаған азаматтар мен Асанқайғының шарқ-ұрып Еуразия далалары мен тауларын шарлаған кезбен тұспа - тұс келеді.
Енді келесі бір төрт жол тартхи өлеңге назар аударайық!

Тәке болып ханымыз

Рахат тауып жанымыз

Он сан алаш бірігіп

Ойран болды жауымыз [3].
Осы төрт өлең жолдарын 1987 жылы Орал облысынан жазып алғанымда археологтардың алтын қазып алғанындай қуанышымда шек болған жоқ. Кейінірек 1992 жылы қазақтың тарихи тулары атты мақаламда жарияладым. Кейін көрнекті заңгер – ғалым С. Өзбекұлы Тәуке хан туралы монографияларына этиграф етіп алды. Тәукенің заманын қазақтар «боз торғай қой үстіне жұмыртқалаған заман» - деп қарттар жылап есіне алатынын көптеген зерттеулершілер жазды. Тәуке өлген соң хандық үшке бөлінді, оған біз тоқталмаймыз. Менің ойымша бұл өлең шумақтары Тәуке туралы поэманың не болмаса үлкен тарихи өлеңнің бізге жеткен үзіндісі болса керек, әрине тегінде өлеңнің авторы болған, бірте – бірте халық өлеңіне айналып кеткен.

Қазақ жерін 1,5 ғасыр бойы алдымен мысықтабандап кіріп, артынан қазақты қан қақсатқан орыс отарлаушылығын төрт жолмен бейнелеген өлең бүкіл бір дәуірді көрсетеді.


Көрінісі орыстың,

Текеметтің түріндей.

Ойлағаны жауыздық,

Жарадан аққан іріңдей [4].


1986 жылы Омбы облысы, Шарбакөл ауданына барған сапарымда Кошке Кемеңгерұлының әйелімен және ұлы Нарынбаймен жолығып, ол кісілер маған Кошкені түрмеге алып кетіп, үйді НКВД – ның қызметкерлері тексеріп қағаздарын алғанда, баспа бетін көрмеген бір қолжазбасын жүн көрпенің тысын сөгіп, ішіне тығып алып қалғандарын айтып, қолжазбаны маған көрсетті. Қолжазбаның аты « Қазақ тарихына кіріспе» деп аталады екен. Алып оқи бастағанымда жоғарыдағы өлең жолдары көзіме бірден басыла кетті. Кошке ағамыз өлеңді Шортанбай Қанайұлынікі деп жазыпты. К. Кемеңгерұлында «ойлағаны жауыздық» дегені, «ойлағаны жамандық» - деп жазылыпты. Мұныңда себебі бар. 1,5 ғасыр орыстың тепкісін көрген ел «жамандықты жауыздыққа» айналдырған, тегінде орыс отаршылдығының айырықша қатыгездігін атап көрсеткен Халел Досмұхамедов: «..... Дәуірлеп келе жатқан орыс байларының сауда капиталымен жауласам деп, кіші жүздің жүз жарым жылдай тарихы қанмен жазылғандай болды».

Енді коммунистік – отарлаушылық дәуірдегі халықтың қанатты сөздеріне назар аударайық. Бір адам: «.... Айналайын үкімет баласың – ау, кім бұрын айтса соған нанасың - ау» - депті [5]. Большевиктер өкімет басына келісімен 20-30 жылдары ондаған мың адам жазықсыз жаламен құрбан болды, сотталды, атылды. Осыны көріп тұрып әбден дымы құрыған қарапайым қазақтың сөзі болса керек. Осы орайда Черчильдің 1946 жылы Фультонда сөйлеген сөзі еріксіз еске түседі «Большевизмде, фашизм сияқты адамзатқа бірдей қауіпті».

20-30 жылдары большевиктер халықтың бетке шығар қаймақтарын атып – асып болған соң, сөзін сөйлейтін қорғаны жоқ халықты коллективтендіру деген желеумен малын, астығын тартып алып жаппай қырғынға ұшыратты: сонда Оңтүстік Қазақстан облысы, Бостандық ауданы, Шақшам селосының тұрғыны, қазақ асырап алған Саша деген орыс баласының айтқаны:
Қазақстан қағынды

Қағынбасқа не қылды

Жалғыз атты қу кедей

Бай – кулак болып табылды [6].


Ес біліп қалған Сашаны Ташкенттің көшесінде қаңғып жүрген жерінен Жанысбек деген қазақ асырап алған. Саша бұл өлеңінде екі елді салыстырып өлең шығарған. Өзбекстанда ашаршылықтың ұшығыда болған жоқ, қайта аш – жалаңаш қазақтар Өзбекстанға шұбырды, өзбектерге жалданды, тіпті ұл-қыздарын сатып жанын аман алып қалғандар туралы деректер молынан кездеседі. Қазір Қазақстанда аштық туралы жазған кейбір әдебиеттерде: «Қазақтар көшпенді болды, малынан айырылған қазақ аштыққа ұшырады» - деп айтылады. Бірақ бұл қорытынды бүкіл Қазақстанның қазақтарына байланысты деп айтуға келмейді. Менің жинаған материалдарым бойынша Жетісудың, Оңтүстік Қазақстанның қамбасынан астығын тартып алғаны салдарынан қаншама қазақ аштан өлгені туралы ауызша тарихтың деректері бар. Алайда бұл басқа әңгіме.

1980 жылдардың ортасынан бермен қарай батыс және американ тарихнамасында ауызша тарихтың артықшылықтары көптеп жазылып, айтыла бастады. АҚШ – та Вьетнам соғысына қатысушылардан сұрақ – жауап алу, естеліктер жинау дәстүрлі құрғақ (сухой) тарихқа күтпеген нәтижелер берді. Ауызша тарихтың бір ерекшелігі оқиғаға қатысушы адам, оқиғаның бел ортасында жүреді, көзімен көрген қолымен атқарған нәрсені жүрегімен сезіп аузымен айтқанда, дәстүрлі тарихқа қарағанда фактілері анағұрлым нақты дәл және қызықты болады.

1991-1994 жылдары осы жолдардың авторы Манчестер (Англия) университетінің профессоры Теодор Шаниннің жобасында болып жұмыс істеді. Т. Шаниннің жобасы бойынша Орта Азия республикаларының шаруаларының ( бұл жобаға Тәжікстан кірген жоқ, себебі бұл кезде азамат соғысы жүріп жатқан) 70-80 жыл бойы айта алмай келе жатқан дауыстарын жазып алу көзделді. Әрбір ғылыми қызметкер қазақ, өзбек, қырғыз, түркімен шаруасының кеңес өкіметі орнағанға дейінгі және одан кейінгі оқиғаларды рет – ретімен диктафонға жазып алу, екі мыңдаған сұраққа жауап алу, сөйтіп бірнеше ұрпақтың тағдырын сөзбен айтып жеткізу үлкен нәтижелер берді. Жобаның авторы Т. Шанинның сөзімен айтсақ: бүгін керегі «бір ғасырға жуық кептеліп қалған шаруаның дауысы бәрінен қымбат». Ғылыми қызметкерлер жұмыс тыңғылықты болу үшін 3 – 4 ай бойы ауылдарда, селоларда, қышлақ – қыстақтарды тұрып селолықтармен күнделікті қарым – қатынаста болып жұмыс істеді. Т. Шанин бұл жұмысты тек Орта Азияда емес, Ресейде, одан бұрынырақ оңтүстік – шығыс Азияда, Иранда атқарған екен.

Ауызша тарих деректерін қазіргі егеменді еліміздің жаңа тарихына мейлінше молынан пайдаланған дұрыс. Даланың ауызша тарихы деректерін шебер пайдаланудың үлгісі деп М. Тынышбаевтың, А. Сейдімбековтың еңбектерін айтуға болады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет