Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет29/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Топонимика


32

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

Қала менсонимдерінің едәуір бөлігін антропонимдерден және топонимдер-

ден жасалған атаулар құрайды. Бұл трансонимизация процесінің жемісі. Антро-

понимдік менсонимдер көбінесе әйел есімдерімен берілетінін байқауға болады. 

«Асем», «Айнура», «Айжан», «Мика», «Риза», «Арнагүл», «Бибігүл», «Нияз», 

«Анжелика», «Лева»,  «Алатау» т.с.с. дүкендер атаулары мен «Қазығұрт», «Те-

мирлан», «Алмагуль» мейрамханаларының атаулары - осының  мысалы. Бұндай 

шартты-символдық  атаулар  тәуелсіздікке  дейінгі  кезеңдерде  де  номинациялау 

актісінде ұшырасып отырды деуге болады.

Менсонимизациялаудағы қазіргі үрдіс – өзге тілдік кірме атаулар десек, қа-

те леспейміз.  Қазіргі  заман  талабы  мен  тынысы  көшедегі  атаулардан  айқын 

көрінеді.

Жат  тілді  менсонимдерді  үш  топқа  бөліп  қарастыруға  болады.  Біріншісі 

-   менсоним-варваризмдер. Оларға донор тіл графикасымен таңбаланған атау-

лар жатады. Ондай атаулар қала көшелерінде жиі кездеседі, мысалы, «Avalon», 

«Shkiper», «Bomond», «Empair sity» мейрамханалары. Осы секілді атаулардың 

са ны күннен-күнге артуда, алайда олардың мағынасы барлығына бірдей түсінікті 

деп  айтуға  болмайды.  Егер  шет  тілін  меңгерген  адам  үшін  назардағы  оним 

түсінікті, ұғынықты болса, өзге тілді білмейтін қатардағы қала тұрғыны үшін ол 

уәжсіз болып табылады. 

Екінші топқа менсоним-экзотизмдер жатады. Бұл біз қолданатын кириллица 

графикасымен берілген кірме аталымдар. Мысалы, «Мерси» азық- түлік дүкені 

немесе «Арт-кафе», «Дэвачан» мейрамханасы.

Үшінші топта латын графикасындағы орыс не қазақ сөздерінен жасалған мен-

сонимдер: «Sozvezdie» мейрамханасы немесе «Salem» дәмханасы. 

Бұл қатарды екі түрлі тілдік тұлғалардан жасалған гибридтің менсонимдер-

мен толтыруға болады. Ондайларға «Смакfood», «www coffee in дәмхана» т.с.с. 

атаулар жатады.

Біздің мемлекетіміз көпұлтты, көпэтносты мемлекет және Қарағанды қала-

сы полимәдени аймақ болып табылады. Полимәдениеттілік әсіресе басқа ха лық-

тардың ұлттық тағамдарының жиынтығын ұсынатын мейрамханалар мен дәм-

ханалардың субкеңістігінен көрінеді. Ондай атаулардан номинатордың шыққан 

тегін,  ұсынылатын  ас  мәзір  ассортиментін  ажырату  қиынға  соқпайды.  Мыса-

лы, «Ясар» мейрамханасы (шығыс тағамдары), «Мой Тбилиси» (грузин дәмі),           

«Наири»  (армян  кухнясы),  «Арзу»  (ұйғыр  асы)  т.с.с.    Полимәдениеттілік 

компоненті қаланың ономастикалық кеңістігінен орын табуы бұл орайда заңды 

құбылыс деп айтқымыз келеді.  Қаланың кейбір көшелеріндегі атауларға назар 

аударсақ, сан түрлі атаулардың өрісінде негізгі халық мәдениеті бұлыңғыр тар-

тып қалатын секілді болып көрінеді. Ұлттық рухтағы менсонимдер жоқ емес, 

бірақ сұранысқа ие нысандар атаулары көбінесе шет тілдік болып келеді. 

Қаланың орталық бөлігінде орналасқан азық-түлік дүкені «Матросская тиши-



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет