Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет31/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Топонимика


34

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

лаймыз.    Орыс  тіліндегі  предлог  деп  аталатын  грамматикалық  категорияның 

қазақ тілінде баламасы жоқ. Тілімізде оның қызметін жатыс септігінің жалғауы 

атқарады. Мекендік мағынаны білдіретін жатыс септігін орысша местный па-

деж  деп  атайды.  «У»  предлогы  атауларда  да  қолданылғанын  байқаймыз.  «У 

Петровича»  мейрамханасының  маңдайшасындағы  атауға  қарағанда  билинг-

вальды типке жататын «У апашки» атауы лингвистикалық білім-дағдылармен 

қаруланған тілшінің, сонымен қатар потенциалды тұтынушының назарын ауда-

рары сөзсіз. Бұндағы түркі тілдеріне ортақ туыстық қатынасты білдіретін «апа» 

сөзі орысша мәнерге салынып, «апашка» деминутивті түріне деформацияланған. 

Тіркесті  атаудағы  доминант  сөздің  негізінде  адресат  меншік  иесінің  қазақ 

және  ұсынылатын  тағамдар  мәзірі  шығыс,  соның  ішінде  қазақтың  ұлттық 

тағамдарынан құралатынын болжай алады. «Апа» сөзінің орыс тілінде балама-

сы болса да, «сестра, бабушка» аударма вариантының мағынасы туыстық қаты-

насты ерекше бағалайтын және сыйластық, үлкенге құрмет қағидаларын берік 

ұстанатын  қазақ  халқының  тілдік  лексиконындағы  «апа»  сөзінің  мағыналық 

реңкін толық бере алмайтындықтан, номинатор бұл сөзді оригинал нұсқасында 

ұлттық колоритті сақтау үшін стильдік мақсатта қолданған болар деп ойлаймыз.  

«У апашки» гибридті онимін қазақ сөзімен берілген орысша атау деп сипаттап, 

тануға болады. 

Сонымен, қаланың ономастикалық кеңістігі лингвистикалық соны құбылыс-

тардың қатарына жатады. Қарағанды қаласының ономастикалық кеңістігі атау 

қоюдағы  қазіргі  тенденция,  соның  негізінде  қоғамда  болып  жатқан  өзгеріс, 

жаңалықтардың көрсеткіштері болып табылады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет