Ономастикалық хабаршы №1 (31) 2016



Pdf көрінісі
бет35/98
Дата30.04.2020
өлшемі1,17 Mb.
#65252
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98
Байланысты:
ОНОМАСТИКАЛЫҚ ХАБАРШЫ
Doc1, Doc1, Липидтер, Положение о Дипломной Работе, Пoстмoдеpнизм, Авеста, Мо Янь, комптех, Программалау тілдерінің мүмкіндіктерін пайдалану, 119843.pptx, Kirik7, energy esep, декада физики, аннотация
Топонимика


38

ХАБАРШЫ


Ономастикалық

астың  дәрежесін,  қызығын  осы  бәйгеге  қарап  анықтауға  болады.  Бәйгенің 

ең үлкені әдетте бас палуан мен жүйрік атқа тағайындалады. Аты озып бәйге 

алғандар оның бәрін еліне айдап кетпейді. Бұл жомарттық, мәрттік, ерлік, ғұрып. 

Оның біраз бөлігін әруаққа, ақсақалдарға атап, қалғанын жанындағы жолдаста-

рына бөліп береді. Бәйге казақ халқының рухани, мәдени дәрежесін көтеретін 

және көрсететін үлкен дәстүр.

Айдар (ғұрып). Балалардың төбе шашын ұзартып өсіріп, моншақ араласты-

ра өріп қояды. Мұны —«айдар» дейді. Бұрын ел бұл ғұрыпты көп қолданған. 

Мысалы Кенесарының інісі атақты Наурызбай батырдың айдары болған. Балаға 

Айдар деп те ат қойылады, ол осыдан шыққан. Бұл ғұрып ер балаға жасалады. 

Сәбилерге шаш орнына кекіл, тұлым да қойылады. [7, 48б.]. Өлкемізде Айдар 

(ауыл), Айдарлы (ауыл) сияқты топонимдер ұшырасады. Т.Жанұзақтың айтуын-

ша, атау жердің шоқы мен биік төбенің биіктігін айдарға теңеуден қойылған.

Халықтың  рухани  мәдениеті  жайлы  мол  мағлұматтарды  бойына  сақтаған 

атау лардың  бір  парасы  туыстық,  рулық,  этникалық  қатынастарға  байланысты 

болып  келеді.  «Қоңыр  қазақтың  өзіне  тән  барша  қасиетін  ана  сүтімен,  жусан 

иісімен, күйдің күмбірімен, саумал иісті самалдың лебімен бойына дарытқан, 

көкірегі ояу, көзі ашық, халқының тарихын, өнері мен мәдениетін, тұмса тұнық 

әдебиетін, ғұрпын, салтын білетін, «Мен қазақпын!» дей алатын азамат өзінің 

шықкан тегін, кіндік кесіп, кір жуған ата жұртын қастерлеп, жеті атасын жадын-

да тұтуы шарт» [7,198б.]. Қазақ алысты жақын тұтқан, жақынды бауыр тұтқан. 

Туыстық желіні үзбеген, береке-бірлікті бұзбаған. Қазақта туыстық қатынастарды 

үш жұртка топқа бөліп атайды. Біріншісі — адамның әкесі жағынан туысатын өз 

жұрты әйелдер төркін жұртым деп атайды. Екіншісі шешесі жағынан туысатын 

нағашы жұрты. Ал үшіншісі әйелі не күйеуі жағынан туысатын қайын жұрты. 

Туыстық атаулар да жер-суға ат қоюда назардан тыс қалмағаан. Туыстық атау-

лар негізінде қалыптасқан топонимдер: Әже, Бәйбіше, Атабайбұлақ, Әйелсай, 

Жанбөбек, Бескемпір, Қатынқопа, Балаарқалық, Ұлықыз, Қызқашқан, т.б.

Қазақ даласында «қыз» сөзіне байланысты көптеген жер-су аттары кездеседі. 

Жалпы даламызда әйел затына байланысты қатын, ханым, бике, бегім сияқты 

дәрежені  көрсететін  топонимдер  де  бар.  Мысалы:  Әйелсай,  Қызүшбұлақсай. 

Қызға байланысты жер-су атауларының туындауына нақты тарихта болған қыз 

аты, эвфемизм мен діни нанымдағы қыз образдары, метафоралы түрде қыздың 

дене мүшесіне балау және қыз бұйымдары негіз болады. Әсіресе «қыз» сөзімен 

байланысты  гидронимдер  көп  кездеседі.  Мәселен,  Қызбастау,  Қызқорған, 

Қызтаусу т.б.

Топонимдердің  кейбірі  сол  аймақты  мекен  еткен  ру-тайпалардың  атымен 

байланысты аталған. Жетісудағы Алтай, Амангелдісай, Бақалы, Мұса, Айпара, 

Айту, Бақалы, Балғалы, Кәлпе, Меркі, Наймансүйек, Шажа топонимдері ру аты-

на байланысты қалыптасқан. Мәселен, Бақалы өзені өтетін Сарқан ауданында 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   98




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет