Орман аңдары мен құстарының биологиясы”



бет22/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37
Дәрістің қысқаша жазбасы. Сүтқоректілер (жерүсті) немесе аңдар омыртқалы жануарлардың ішіндегі ең жинақы класс. Жердің мезозой заманындағы геологиялық тарихының үш дәуірінің алғашқысы-триас соңында аң тәрізді жорғалаушылардан жекеленді. Дене температурасы тұрақты, оларға іштей ұрықтану және ұрығы жатырда дамуы, анамен ұрпақтың қағанақ арқылы байланысы, тірідей туу, ұрағын ана сүтімен қоректендірі, денесі түкпен жабылуы тән. Организм дегеніміз–ашық өзін - өзі реттейтін жүйе, ол өзіне қажет әлді азық қорытылуынан, Күннен таралған қуатты-энергия пайдаланудан алады. Қуат пен затты үздіксіз сіңіріп, тіршілік тәртіпке келу, келмеу, зор молекулалық кесел келтіру, келтірмеу арасында тепе-теңдікке ұмтылмайды. Қайта, тірі организмге, оның құрылысы мен қызметі сияқты, әрі қуатқа айналып, пайдалануда тәртіпке келу тән. Сонымен, ішкі тәртіпке келуді сақтау ғана емес, ерікті қуатты күн сәулесінен немесе азықтан алып, тірі организм ортаға балама-эквивалент қуат санын қайтарады. Бірақ, оның пайдалы түрі-форма аз, негізінде жылу түрінде бөлініп, одан соң ыдырап, Ғаламға кетеді. ҚР мекендеген омыртқалылар 6 класқа бөлінген, оның түрлер саны: дөңгелекауыздылар-2, балықтар-103, қосмекенділер-9, бауырымен жорғалаушылар-12, құстар-400, сүтқоректілер-70. Осылардың әр түріне қысқаша сипаттама: биологиясы мен экологиясының ерекшеліктері, таралу аймағы, мекендейтін орны, сыртқы түрі, саны, тұрғындар үшінгі маңызын беру қажет. Амфибиялар немесе қосмекенділер жер тарихындағы көне палеозой кезеңінде су және жерүсті омыртқалылардың аралық тобы ретінде пайда болды. Олар жерде тіршілік етіп, суда көбейеді. Барлығы 4000 түрден артық, 2: құйрықсыз және құйрықты қатарлары-отряд бар. Құйрықтылардың денесі ұзынша, құйрығы ұзын, аяқтары қысқа болады. Қазақстанда құйрықтының бір бұрыштістілер-Углозубы тұқымдаспен, 2: уссури құйрықты бақа-тритон, сібір бұрыштістілері түрлерден тұрады. Құйрықсыздардың қаңқасы қысқа, басы қозғалмайды, құйрығы тек балаңқұртта-личинка болады, артқы аяқтары (секіруге) алдыңғыларынан ұзын келеді. Бауырымен жорғалаушылар-рептилии (қолтыраун-крокодил, тасбақа-черепаха, кесерткі-ящерица, жылан) палеозойдың тас дәуірінде пайда болды. Олар суда, жерде мекендейді, жұмыртқа салады немесе тірі туатындар, 8000 түрлері бар. Адамның табиғатында, тіршілігінде жерүсті жануарлары өте маңызды рөл атқарады. Әсіресе, ет, жүн, емдік заттар, басқа азық, шикізат беретін кәсіпшілік жануарлар, сүтқоректілер, құстар, басқалар. Адамдар жануарларды ғылыми, мәдени-ағартушылық, әсемдік-эстетика, тәрбиелік мақсаттарда пайдаланады. Жануарлардың жанама маңызы да аз емес. Көптеген майлы, дәнді, емдік, басқа өсімдіктер жәндіктермен тозаңданады. Жануарлар топырақ түзілу процесіне, өлі органикаларды санитарлық тазалауға, түскен жапырақтарды, шөп төсеніштерін, өлген ағаштарды өңдеуге белсенді қатысады. Олар үзіліссіз топырақты қопсытады, ауаның келуін жақсартады, оның құнарлылығын арттырады. Сүтқоректілердің арасында ұшатын, қалықтап ұшатын, секіретін, ағашта өрмелейтін, жерде жылдам жылжитын, топырақты қазатын, суда малтыйтын түрлері кездеседі. Жерде олардың барлығы 4000 жуық түрлері бар. Қазақстанда жерүсті сүтқоректілердің 58 түрі мекендейді. Олар 7 отрядқа: жәндіктәрізді-4, жарғанат-26-27, қоянтәрізді-2, кеміргіш-15, жыртқыш-5, жұптұяқты-4 және дақтұяқтыларға-1 біріккен. Қатар-отряд, тұқымдас-семейство, туыс-род және түрлердің-вид: көлемі, тіс формуласы, тіршілік қалпы, мекендеу тығыздығы, мекендеу орны, шаруашылықтағы маңызы, түр және дарақтарының-популяция ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беру қажет. Адамдар мен жабайы жануарлардың өзара қарым-қатынасындағы қауіпсіздік негіздері. ҚР улы жануарлар. Жануарлардың қауіпті мінез-құлқы. Шабуылдың алдын алу. Одан қорғану тәсілдері. Жабайы жануарларды үркіту әдістері. Үй жануарларын ұстау ұсынымдары.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет