Орман аңдары мен құстарының биологиясы”


Өзін-өзі бақылау сұрақтары



бет19/37
Дата06.02.2022
өлшемі1,13 Mb.
#33695
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37
Өзін-өзі бақылау сұрақтары:

  1. Сүтқоректілер класының жалпы сипаттамасын беріңіз.

  2. Сүтқоректілердің негізгі белгілері, дамуы мен эволюциясы, өрлеу дамуы, морфологиялық және биологиялық ерекшеліктерін сипаттаңыз.

  3. Ашық кеңістіктерде мекендейтін сүтқоректілер туралы не білесіз?

  4. Орман аңдарын атап, сипаттаңыз.

  5. Паналар дегеніміз не?

Әдебиеттер. № 1 дәріс соңында көрсетілген.
9 дәріс тақырыбы – Сүтқоректілерге экологиялық шолу және тіршілік циклдері.
Жалпы сұрақтары: Сүтқоректілердің экологиялық топтары. Жербеті, жерасты, су, орманда мекендейтін, ұшатын аңдар. Сүтқоректілердің жылдық тіршілік циклі. Төлдеу, ұрықтың өсуі. Аңдардың коректенуі, қорекке бейімделуі, түрлі азық топтарының маңызы. Сүтқоректілер санының өзгеру барысы (динамикасы). Өлім-жітім себептері.
Дәрістің қысқаша жазбасы. Жануарлар әлемі жерүсті, балық, су жануарлары деп бөлінеді. Қазір жануарлардың 1 500 000 артық түрлері жазылған. Нақты түрлер саны бірнеше млн немесе ондаған млн жетеді. Жануарлар түрлерінің саны: қарапайымдар-1,5-2,0 мың түрлер; губкалар-5; бунақаяқтылар-750-1050 мың түрлер, оның ішінде 1 млн жуығы жәндіктер; тікентерілілер-5 мың жуық түрлер; моллюскілер - 70-105; ішекқуыстылар-9; құрттар-20-25; қабықтылар, жартылай хордалылар-1500-2000 жуық, хордалылар-50 мың жуық түрлер. Тіршілік қауымдастықтары мүшелерінің өзара іс-қимыл жасауы біртіндеп, барлық организмдердің ұзақ тарихи дамуымен бірге, олар орман бірлестігінен, алдымен өсімдіктер мен жануарлар, оның ішінде аңдар мен құстар қосылуынан пайда болды. Мұндай ортақ эволюция кең кешенді жануарлар түрлерінің пайда болуына жеткізіп, арнайы ағаш егістіктерінде тіршілік етуге бейімдеді. Ондай жануарлардың сыртқы келбеті, қозғалу тәсілдері, қоректену сипаты және басқа белгілері, олардың айқын тіршілік формалары немесе бейімделу типтері және мекендеу орнына байланысты екенін көрнекі дәлелдейді. Құстар арасындағы тоқылдаққа, көктекеге, көкшымшық, қайшыауыз торғай, бал қарағай торғайы, саңырау құр, сұр құр, басқаларға қарасада жеткілікті. Сүтқоректілер арасында–ақ тиін, борша тышқан, ұшар, орман сусары, бұлғын, бұланға қарап, олар нағыз орман мекендеушілер екенін, оған толық бейімделген, ормансыз, тіпті ағаш егістігінсіз тіршілік ете алмайтынын көруге болады. Әдеттегі орман жануарларының басқа тобы тікелей ағаш өсімдіктерімен қоректенуінде байланыспағанымен орман құрған мекендеу жағдайларына тығыз тәуелді болып келеді. Сондықтан мұндай жануарлар ормандағы жануарлар әлемінің негізгі мүшелері қатарына жатады. Ондайға көптеген ұсақ құстар, сілеусін, құну, басқалар жатады. Ақырында, орманды мекендейтіндердің арасында бірталай сүтқоректілер мен құстар (түлкі, қасқыр, ақкіс, орман күзені, көкқарға, бәбісек, сасық көкек, басқалар) басқа ландшафттарға таралған, бірақ тұрақты орманды мекендейді. Кейде, орманда олардың саны көп болады, немесе оқтын-оқтын, әсіресе маусымдық көшіп қону кезінде көрінеді. Орманды мекендейтін құстар мен аңдар, оның тіршілік етуінде өте маңызды рөл атқарады. Орман шаруашылығы үшін жануарлардың практикалық маңызын пайдасы мен зиянын бағалағанда, ол жергілікті экологиялық жағдайға және осы шаруашылықтың бағытына байланысты болатынын есте сақтаған жөн. Сондықтан бір түрдің өзі әр ауданда, әр жағдайда пайдалы да, зиянды да болуы мүмкін. Мысалы, сауысқан ұсақ құстардың ұясын бұзып белгілі зиянын тигізеді, ал ормандағы қорғаныш алқапта ол көптеген зиянды жәндіктерді жояды, оларды төсніш астынан алады. Одан басқа, бөктергіге, басқа пайдалы ұсақ қанатты сауысқанның бос ұясындағы жыртқыштарға ұя салуға мүмкіндікті қамтамасыз етеді. Түлкі, бір жағынан, жабайы, үй құс шаруашылығына зиянын тигізсе, екіншіден-өте көп зиянды кеміргіштерді аулап, жейді, ал өзі өте құнды аңдар қатарына жатады. Қазіргі жүйелеу жыртқыш құстар қатарын-отряд 5 тұқымдасқа бөледі: катартидтер немесе құмай, Жаңа жарық-Нового Света (7 түрлер), балықшы тұйғын (1 түр), түрлі саршатырлар (218 түрлер), құс-секретари (1 түр) және сұңқарлар (60 түрлер). Жыртқыш құстар барлық континенте (Антарктидадан басқа), көптеген ірі аралдарда (Самоа, Кергеленнен басқа) бар. Тіпті, биік ендіктерде, Франц-Иосиф аралында ақсұңқарды кездестіріпті. Жыртқыштардың тек бір түрі ғана Гавайа, Галаппагос, Маврикий аралдарында, 2 түрі - Жаңа Зеландияда. Континенттердің ішінде, ең аз жыртқыштар қанаттылар Австралияда-25 түрлері, ал ең көбі Африка мен Отүстік Америкада 90 жуық бар. Олардың үштен бірі солтүстіктен ауысып келетіндер екенін ұмытпаған жөн. Жыртқыш құстар Европа мен солтүстік Азияда екі есе аз-50 жуық түрдер. Олай болуы да мүмкін, себебі біздің құстар қыстау үшін Африкаға ұшады, ал африкандықтар біздің аймаққа келмейді. Жыртқыш құстардың тұрмыс қалпы, мекендеу жері, ұя салу сипаты, сыртқы бейнесі, көлемі әр түрлі. Олардың ішінде аса ірілері де бар-америка айдарлы құмайы (салмағы 10 кг дейін, қанатының серпуі 3 м дейін), дәуқаршыға, ірі қыран, кейбір құмайлар. Ергежейлері де бар: сұңқар-титімдей, оның салмағы 50- 60 граммға жуық, шамаман сайрауық, сиырқұйрық сияқты. Жыртқыш құстар қызық ерекшелігі-еркек пен ұрғашыларының көлеміндегі айырмашылықтар, олар айтарлықтай болады. Бұл жыныстық диморфизм деп аталатын феномен барлық жыртқыштарға тән емес. Өлексеқоректі құстардың еркегі мен ұрғашысын ажырату қиын. Біркелкі азықты: жыланды, балықты, басқаларды табатын құстардың кейбір түрлеріде осындай. Ал, әр түрлі жылжымалы азықпен (әсіресе құстармен) қоректенетін жыртқыш құстардың жыныстық диморфизмі өте әсер етеді. Мысалы, кейбір ұрғашы қырғи еркегінен екі есе үлкен. Кәдімгі біздің қырғидың еркегінің салмағы 150 грамм, ал ұрғашысы біржарым есе ауыр-260 грамм. Мұндай ғажап белгілердің себебін құстарды зерттейтін ғалымдар-орнитолог қызу талқылауда. Көлемі әр түрлі жыртқыш құстар, тіпті бір түрдегі еркек және ұрғашылары түрлі көлемдегі азықтарды аулайды. Кішкентай, бірақ ерекше жылдам қырғидың еркегі құстардың ұсағын табады. Оларға көкшымшық, сандуғаш, торғай, сайрауық-белобровик жатады. Өте ірі, бірақ шабан ұрғашының азығы салмақты-сайрауықтан көгершінге дейін болады. Түрлі көлемді жұптар нәтижесінде аңшылық территорияда біртүрлі көлемдегі құстар жұбынан гөрі түрлі мекендеушілерді таңдау қолайлы болады. Одан басқа, ұрғашылар жұмыртқаларды басып, балапандарды тоңдырмау мен бірге, ұяны күзету рөлін орындайды. Оған айтарлықтай күш қажет болады. Балапандар кішкене кезінде, оларға нәзік ұсақ құстардың етін берген жөн, ал өскенде қандайда болсын азықты, тойғанша жей береді. Ол кезде балапандарды жылытудың қажеті болмайды, ұрғашылары аңшылық қызметке көшеді. Ол балапандарды азықпен қамтамасыз етуді айтарлықтай жақсартады. Еркек пен ұрғашы еңбектерінің бөлінуі, мамандардың айтуынша, біртіндеп тарихи дамуда әр салмаққа бөлді. Айқын жыныстық диморфизм түсіне орай, жыртқыш құстардың біразында, көп болса, оның үш ондық түрлерінде ғана кездеседі. Онымен бірге, көптеген қырғи, сұңқар еркектері айқын көк немесе көкшілдеу, ал ұрғашылары әдетте күрең-жирен және қоңыр болады. Ол біздің мақұлықаттағы ұсақ күйкентай сұңқарда ең айқын көрінеді. Еркегі қоңыр-сұр, тіпті қара қызыл "шалбарымен", ал ұрғашысы жирен-күрең келеді. Жыртқыш құстарға ең тәні қауырсын түсі жас айырмашылығын береді, ол кейбір түрлерінде-өзіндік қасиеті болады. Жасына қарай түсінің күрт өзгеруі әсіресе танап-поле және дала құладынына тән. Олардың балапандары жирен-күрең, кәрі еркектері-күлгін-сұрдан күміс-аққа дейін. Кейбір жас өзгерісіндегі қызық қыран, субүркіт-орлан құйрығы түсі береді. Жас бүркіттің құйрығы ақ шетінде қара, жетілген түрінде-қара-қоңыр, субүркітте құйрығының түсінің ауысу тәртібі қоңырдан аққа қарай, тіпті қарама-қарсы болады. Өзіндік қасиеті бар сона жейтіндерде ол шоколад түстес-қоңырдан алтын-сарыға дейін байқалады. Ақпанда Кавказда, кейде қаңтарда түлкінің күйлеуі, жұптауы басталады. Қозған еркектері ұрғашыларын іздерімен қуады. Бәсекелестер ымыртта, түнде немесе таң алдында қыңсылап, бір-бірімен таласады. Олардың үруі, шаңқылы алаңдағы ұсақ иттердікіндей болады. Ал, ұрғашылары қандай да бір шетте отырып алып, басын жоғары көтеріп, анда-санда шәуілдейді, қыңсылайды. Жеңімпаз еркегі бәсекелестерін қуып жіберіп, ұрғашысын ерекше аймалап, екеуі жұпталады. Бірақ, одан кейін әр еркегі ұрғашысымен қала бермейді. Әдетте мұндай еркек басқа ұрғашыны тауып алып, оның көңілін тауып, өзінің жылына бір рет келетін жыныстық құмарлығын қандырғанша қамқорлық жасайды. Тек буаз ұрғашының күйлеуі толық аяқталысымен, әрі еркектерде ісінген ен қайтысымен, еркектері екінші рет ұрғашыларды өзіне тартып алып, індегі күшіктерге қамқорлық жасау үшін қайта таласады. Жұпталған кейін 51-53 күн өтісімен ұрғашысы 3-тен 7-ге, кейде 10-ға дейін жүндес-пушистый, күлгін-сұр, көзі ашылмаған, құйрығының ұшы ақ түлкі күшігін әкеледі. Түлкінің көп күшіктеуі тышқандардың далада, орманда көп болған жылына келеді. Түлкі күшігін 2 жұма бойы сүтімен қоректендіреді, одан кейін еркегімен кезектесіп, апанға тоқалтіс, құс, жас қоянды тауып әкеледі де, күшіктерін аулауға үйрету үшін тірі тышқандарды іннің жаны әкеліп жібереді де, олар күшігінен қашып кетпесін деп, аңдып тұрады. Күшіктері тышқанмен ойнайды, табандарымен жерге қысады, қашса артынан қуады, жығылады, қызықты тоңқалаң асады. Түлкілер інін жарада, шыршалы орманда-ельник, орман өзендері мен бұлақтары жиегінде, құрғақ құмды төбеде, батпақ арасында немесе бұташық, қурай өскен қыр төбесінде қазады. Күшіктейтін інде, әруақытта екі інше болады. Оның біреуінде мүкпен-мох, құрғақ жапырақпен төселген шұңқыр-күшіктердің ұясы орналасады. Түлкі күшіктері жылдам өседі. Бір, бір жарым айда олар іннен кетіп, ерікті тышқандарды, құстарды аулай бастайды, ал күзде інді мүлде тастап, орманның жан-жағына кетеді. Омыртқасыздар-жануарлардың ең көп тобы, түрлері жүздеп, мүмкін мыңдап саналады. Олардың көбі, жәндіктер мен жауынқұрттары. Тәуліктік, маусымдық тіршілігі. Кейбір аңдардың тіршілік етуіне жүйелі-тұрақты, циклді сипатта морфологиялық бейімделу кешені, бейімделу реакциясы болғанымен оларға тәуліктік, жылдық кезеңдер қолайсыз болуы мүмкін. Сүтқоректілер 2 топқа: түнгі, күндізгі деп бөлінеді. Түнгілерінің көзі ұлғайған, құлақтары ұзарған, жаңғырыққармаға-эхолокация қабылеті жақсы дамыған. Олардың көбі-күндізгілер. Олар таңғы ерте, кешкі сағаттарда ең жігерлі келеді. Күндізгілердің кейбіреуі ұзақ терең ұйқыға (жарғанат, кірпі, қарақас, қосаяқ, аламан, борша тышқан, сарышұнақ, суыр) батады. Борсық, жанат тәрізді ит, қоңыр, қара аюда ұзақ ұйқы жоқ, тек ұзақ терең ұйқы байқалады.

Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   37




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет