Өсімдіктер физиологиясы пәнінен электронды оқулық мазмұНЫ


Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері



бет11/12
Дата29.03.2017
өлшемі4,55 Mb.
#12442
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
2.Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері

Тұқымның өнуі.  Көптеген өсімдіктердің өсіп-даму дәуірі  тұқымның өнуінен басталады. Тұқым 3 негізгі бөліктен тұрады:

Жабын ұлпалар-тұқымның ішкі бөліктерін механикалық зақымдалудан , ұрықты сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғайды., газ және судың алмасуын реттейді.

ұрық ұлпалары ( сабақ, жапырақ, тамыр бастамалары)

қорлық заттар сақталатын орын-эндосперм

     Көптеген қос жарнақтыларда қорлық заттар дән жарнақтарында эндоспермде сақталады. Тұқымның өнуі суды сіңіріп бөртуінен ұрықтың көлемі ұлғайып, қабығының шытынауынан басталады.

      Тұқымның өнуінің алғашқы кезеңінен бастап-ақ оның құрамындағы органикалық заттар ферменттердің әсерінен ыдырап, белоктардан-амин қышқылдар, полисахаридтерден-моносахаридтер және т.б. пайда болады да оларды ұрық пайдаланады.  Кейінірек ұрық өскінге , жетілген өсімдікке айналғанда тұқым жарнақтары алғашқы жапырақтың қызметін жоғалтып, сарғайып қурап қалады.

Өркеннің қалыптасуы     Өркеннің негізгі бөліктері –сабағы, жапырақтары, бүршіктері, гүлшелері эмбриондық ұлпаның туындысы болып есептеледі. Өркеннің төбелік меристемасынан  қалыпты өркеннің өсу төбешігі (апекс) меристемалық клеткалардан құралады. Өркен төбешігі өздігінен қарқынды дамуға қабілетті болғанмен қоректік заттармен қатар фитогармондарды қажет етеді.

Жапырақтың өсіп-дамуы.   Жапырақ 4 сатылы қалыптасады:

бастапқы пішіннің қалыптасуы

жапырақ сағағының қалыптасуы

бүйір меристемадан жапырақ алақанының қалыптасуы

алақанның созылып өсуі

Жапырақтың алғашқы бастамасы кішкене төмпешік сияқты болады. Меристеманың бір бөлігі жапырақ қынабында қалып қояды да жаңадан қалыптасатын бүршікке бастама болады. Ол бүршіктен соңында жапырақты немесе гүлді өркендер дамуы мүмкін.

Сабақтың өсуі .  Жеке сабақтардың өсуі өркеннің өсіп дамуына ұқсас деуге болады. Сабақтың өсу аймағын  төбелік ұштық меристема құрайды. Оның клеткалары тез бөлінеді. Осы аймақтан созылып өсу аймағы , оған жалғаса клетканың жіктелу аймағы орналасқан. Жіктелу аймағында эпидермис, орталық өткізгіш шоқ және алғашқы қабық ұлпалары қалыптасады.Қос жарнақты өсімдіктерде өзекше айналасын ксилема, ксилема айналасын флоэма клеткалары қоршап жайғасады.

Тамырдың өсіп қалыптасуы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырларының өсу төбешігі құрылысы жағынан онша күрделі емес, оның ұзындығы 1-2 мм, одан бүйір бөліктер пайда болады.Тамыр меристемасынан тамыр ұлпалары  қыны  қалыптасады. Өсіп тұрған тамыр 4 аймаққа (зонаға) бөлінеді.

Тамырдың ұшында эмбриондық меристема тамыр қынымен қоршалады.

Одан соң созылып өсу, тамыр түкшелері және бұтақтану аймақтары орналасады. Негізгі тамыр онша ұзақ өспейді де , кейінірек өте қарқынды бұтақтанып жанама тамырлар пайда болады.Тамырдың өсуіне қажетті ауксиндердің концентрациясы сабаққа қарағанда төменірек болады.



ҮІ. Өсімдіктердің өсуі мен даму физиологиясы

1.Өсу туралы жалпы ұғым, өсу кезеңдері

2.Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері

3.Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар

4.Лабораториялық жұмыс

5.Тест тапсырмалары

6.Қайталау сұрақтары

 

Өсу туралы жалпы ұғым, өсу кезеңдері



Өсімдіктердің жалпы тіршілік дәуірі өсу және даму деген ұғымдармен сипатталады. Өсу процесі - өсімдік мүшесінің ұзарып, жуандап, көлемінің, салмағының ұлғаюымен және жеке мүшесінің (жапырақ, бұтақ, өркен, тамыр т.б.) жаңадан калыптасып, сандарының көбеюімен бейнеленеді. Өсімдіктердің және оның жеке мүшелерінің өсуі клеткаларының өсуіне байланысты. Жалпы айтқанда, өсу жеке мүшелерінің және тұтас өсімдік организмінің тіршілік әрекетінің нәтижесі болып есептеледі. Өсімдіктердің тіршілік мерзімі өсу және көбею деген екі кезеңге бөлінеді. 1-ші өсу кезенде жапырақтары, сабақтары, тамырлары қарқынды қалыптасып көбейіп бұтақталады, түптенеді, гүл мүшелері қалыптасады, 2-ші кезеңде өсімдік гүлденіп, жемістенеді. Бұл кезеңде мүшелерінің өсуі тоқтап, органикалық заттар сақтағыш (қор) мүшелеріне шоғырланады.

Өсімдіктердің дамуы деген ұғым сапалы физиологиялық және морфологиялық, биохимиялық өзгерістерді бейнелейді. Мұндай өзгерістер онтогенездің белгілі сатыларын - жастық шағын, жыныстық жетілуін, көбею, қартаю және тіршіліктің тоқтау кезеңдерін сипаттайды. Бір организмнің өзінде өсу мен даму құбылыстарының үйлесімділігі түрліше болуы мүмкін. Өсімдіктердің өсуі қарқынды жүріп дамуы баяу немесе керісінше, дамуы қарқынды болып, өсуі бәсеңдеуі мүмкін.

Қорыта айтқанда, өсу мен даму процестері өзара тығыз байланыстылықта және тәуелділікте жүзеге асады. Өсу мен даму құбылыстарының жалпы сипаты ең алдымен өсімдіктердің тұқым қуалаушылық белгілеріне, яғни генетикалық факторларға тығыз байланысты. Осы замандағы биологияда зат алмасудың, клеткалар мен ұлпалардың жіктелуі мен мамандануының, өздігінен реттелудің негіздерін одан әрі тереңірек зерттеуде. Клетканың физиологиясы мен биохимиясын, сондай-ақ генетикасын зерттеу үшін өсімдік клеткалары мен үлпаларын қолдан жасанды ортада өсіру әдісі көп мүмкіншілік туғызады. Осы әдісті пайдаланып жасанды қоректік орталарда, өте мұқият бақылауға болатын жағдайда өсімдіктің жекелеген протопластарынан бастап ұрыққа дейінгі бөліктерін қолдан өсіріп түтас жеке өсімдік алуға болады (13-сурет).

Оқшауланған ұлпаларда және нуклеиндік (Н) пен ауксиндік (А)

алмасу арасында тепе-тендігі жылжыған өсімдік клеткаларында

регенерация процестерінің басқарылуы



Жеке клеткалардың, ұлпалардың және мүшелердің өсуі сигмоидтық немесе 8 тәріздес қисық сызықпен бейнеленеді (14-сурет). Бұны өсудің үлкен қисық сызығы деп атайды. Өсудің сигмоидтық қисығы төрт негізгі бөліктен құралады: 1. Бастапқы пәрмендену (индукциялық) немесе лаг-кезеңде анық өсуді дайындайтын жасырын процестер жүреді; 2. логарифмдік (қарқынды) өсу кезеңде өсу уақытқа байланысты түзу сызықпен бейнеленеді; 3. Баяу өсу кезеңі; 4. Бір сарынды (стандартты) кезеңде өсудің көзге көрінетін процестері байқалмайды. Бұл құбылыс өсудің үлкен кезеңі деп аталады. Бұл тек жеке клеткаларға тән емес, тұтас өсімдік организміне тән.



     Өсімдіктің өсуі 3 кезеңге бөлінеді:

Ұрықтық (эмбриондық)  кезеңде клетканың барлығы цитоплазмаға толған вакуолсіз күйде болады. Көлемі белгілі шамаға жеткен алғашқы клетканың бөлінуінен екі жас клетка п.б. Олардың біреуі эмбриондық (меристемалық) күйінде қалады да 2-сі тікелей немесе біраз уақыт өткен соң жаңадан бөлініп белгілі ұлпа клеткаларына айналады. Меристема алғашқы және қайталама болып бөлінеді. Алғашқы меристема   ұрық ұлпаларынан тікелей қалыптасып өркеннің және тамырдың , прокамбийдің өсу төбешігіне (аймағына) айналады. Қайталама меристема тозды камбий (феллоген) эпидермис немесе ұрық клеткаларынан дамиды.

Клетканың созылып өсу кезеңінде көлемі ұлғайып, вакуолдер қалыптасады. Бұл клетканың көлемдері алғашқы меристемалық клеткаларға қарағанда бірнеше жүз есе ұлғаяды. Клетканың созылып өсуі ауксиннің, әсіресе гетероауксиннің әсерінен жеделдейді.

Жіктелу (дифференциалдану)  -эмбриондық клетканың қызметі жағынан белгілі бір бағыттарда дамуы. Бұнда меристемалық клеткалардан  паренхима, өткізгіш шоқтар, склеренхима талшықтар клеткалары қалыптасады.

Өсімдіктің жеке мүшелерінің өсу ерекшеліктері

Тұқымның өнуі.  Көптеген өсімдіктердің өсіп-даму дәуірі  тұқымның өнуінен басталады. Тұқым 3 негізгі бөліктен тұрады:

Жабын ұлпалар-тұқымның ішкі бөліктерін механикалық зақымдалудан , ұрықты сыртқы қолайсыз әсерлерден қорғайды., газ және судың алмасуын реттейді.

ұрық ұлпалары ( сабақ, жапырақ, тамыр бастамалары)

қорлық заттар сақталатын орын-эндосперм

     Көптеген қос жарнақтыларда қорлық заттар дән жарнақтарында эндоспермде сақталады. Тұқымның өнуі суды сіңіріп бөртуінен ұрықтың көлемі ұлғайып, қабығының шытынауынан басталады.

      Тұқымның өнуінің алғашқы кезеңінен бастап-ақ оның құрамындағы органикалық заттар ферменттердің әсерінен ыдырап, белоктардан-амин қышқылдар, полисахаридтерден-моносахаридтер және т.б. пайда болады да оларды ұрық пайдаланады.  Кейінірек ұрық өскінге , жетілген өсімдікке айналғанда тұқым жарнақтары алғашқы жапырақтың қызметін жоғалтып, сарғайып қурап қалады.

Өркеннің қалыптасуы     Өркеннің негізгі бөліктері –сабағы, жапырақтары, бүршіктері, гүлшелері эмбриондық ұлпаның туындысы болып есептеледі. Өркеннің төбелік меристемасынан  қалыпты өркеннің өсу төбешігі (апекс) меристемалық клеткалардан құралады. Өркен төбешігі өздігінен қарқынды дамуға қабілетті болғанмен қоректік заттармен қатар фитогармондарды қажет етеді.

Жапырақтың өсіп-дамуы.   Жапырақ 4 сатылы қалыптасады:

бастапқы пішіннің қалыптасуы

жапырақ сағағының қалыптасуы

бүйір меристемадан жапырақ алақанының қалыптасуы

алақанның созылып өсуі

Жапырақтың алғашқы бастамасы кішкене төмпешік сияқты болады. Меристеманың бір бөлігі жапырақ қынабында қалып қояды да жаңадан қалыптасатын бүршікке бастама болады. Ол бүршіктен соңында жапырақты немесе гүлді өркендер дамуы мүмкін.

Сабақтың өсуі .  Жеке сабақтардың өсуі өркеннің өсіп дамуына ұқсас деуге болады. Сабақтың өсу аймағын  төбелік ұштық меристема құрайды. Оның клеткалары тез бөлінеді. Осы аймақтан созылып өсу аймағы , оған жалғаса клетканың жіктелу аймағы орналасқан. Жіктелу аймағында эпидермис, орталық өткізгіш шоқ және алғашқы қабық ұлпалары қалыптасады.Қос жарнақты өсімдіктерде өзекше айналасын ксилема, ксилема айналасын флоэма клеткалары қоршап жайғасады.

Тамырдың өсіп қалыптасуы. Жоғары сатыдағы өсімдіктердің тамырларының өсу төбешігі құрылысы жағынан онша күрделі емес, оның ұзындығы 1-2 мм, одан бүйір бөліктер пайда болады.Тамыр меристемасынан тамыр ұлпалары  қыны  қалыптасады. Өсіп тұрған тамыр 4 аймаққа (зонаға) бөлінеді.

Тамырдың ұшында эмбриондық меристема тамыр қынымен қоршалады.

Одан соң созылып өсу, тамыр түкшелері және бұтақтану аймақтары орналасады. Негізгі тамыр онша ұзақ өспейді де , кейінірек өте қарқынды бұтақтанып жанама тамырлар пайда болады.Тамырдың өсуіне қажетті ауксиндердің концентрациясы сабаққа қарағанда төменірек болады.

Өсімдіктің өсуіне байланысты қимыл-қозғалыстар

        Өсімдіктердің өсуіне байланысты қимыл - қозғалыстар Өсімдіктердің өсуіне байланысты толып жатқан қимыл -қозғалыстар- өте көп кездеседі. Солардың ішінде тропизмдер (грек. tropos -бұрылу) деп аталатын түрі көбірек орын алады. Жарықтың бір жақты әсерінен өскіндер, сабақтар, бұтақтар жарық түскен бағытқа қарай иіліп өседі. Бұл құбылыс фототропизм. деп аталады. Өсімдік тіршілігінің жердің тарту күшіне байланысты бағытталып өсуі геотропизм деп аталады. Олардың негізгі тамыры тік төмен карай (оң геотропизм) өседі де, негізгі сабақ (дің) жоғары қарай (теріс геотропизм) өседі. Өсімдік мүшелерінің химиялық қосылыстарының әсерінен өсу бағытының өзгеруі хемотропизм деп аталады. Өсімдік мүшесінің басқа бір денемен жанасуына байланысты өзгеруі тигмотропизм деп аталады. Бұдан басқа термо-, электро-, травмотропизм құбылыстары кездеседі. Өсімдіктерде жан-жақты (диффузиялы) әсер ететін жағдайларға байланысты настиялық деп аталатын қимыл-қозғалыстар да көптеп кездеседі. Жылан қияқ, қызғалдақ сияқты өсімдіктер салқын жерден (+10°) жылы жағдайларға (+20-25°) ауыстырылса, гүлдері тез ашыла бастайды. Бұл термонастия деп аталады. Термонастиядан басқа фотонастия. сейсмонастия, гидронастия, хемонастия т.б. түрлері кездеседі. Нутация (лат.nutatio - тербелу, шайқалу) - айналма немесе тербелмелі қимыл, шырмалып өсетін өсімдіктерде және тамырда байқалады. Өсіп тұрған өркен өздігінен шайқалып көлденең біліктен ауытқиды. Нутациялық қимыл созылып өсу аймағындағы клетканың қарқынды өсуінің нәтижесінде байқалады.

ӨСІМДІКТЕРДІҢ   ҚОЛАЙСЫЗ  ЖАҒДАЙЛАРҒА   ТӨЗІМДІЛІГІ

Өсімдік ортаның қолайсыз жағдайларының әсерінен біртіндеп бейімделушілігінің нәтижесінде оның төзімді және төзімсіз топтары, түрлері, өкілдері пайда болады, Ортаның қолайсыз жағдайларына өсімдіктердің төзімділігі негізінен екі бағытта қалыптасады: ортаның қолайсыз (күз, қыс) кезеңдерінде өсімдіктер түгелінен немесе ішін-ара зат алмасу, өсіп-өну процестерін тоқтатып тыныштық күйге ауысады; екіншіден, керісінше тіршілік әрекеттерін күшейтіп, қолайсыз жағдайларға барынша актив түрде төтеп береді. Төзімділіктің алғашқы түрі белгілі мерзімділікпен әсер ететін жағдайларға (үйреншікті-қыс пен жаздың, жазғы қуаңшылықтар т.б.) байланысып қалыптасып, екіншісі-үйреншіксіз, кездейсоқ, күтілмеген жағдайларға (радиация, шаң мен газ, індетті аурулар туғызатын организмдер, химиялық улы заттар) байланысты қалыптасады.

Температуралық жағдайларға байланысты өсімдіктер ыстыққа, суыққа, аязға төзімді және төзімсіз болып бөлінеді, Сумен қамтамасыз етілуіне байланысты өсімдіктер қуаңшылыққа, ылғал молдығына, су басуға төзімді және төзімсіз деп аталады. Бұдан басқа топырақтың түрлі тұздардың мөлшеріне, түрліше індетті аурулар туғызатын микроорганизмдер әрекеттеріне байланысты індетті ауруларға, газдың әсеріне төзімді және төзімсіз өсімдіктер топтары ерекшеленеді.

Заппер И. өсімдіктердің әртүрлі экологиялық топтарға жататын өкілдерінің ыстыққа төзімділігін зерттеді. Ол зерттелген өсімдіктерді ыстыққа төзімділік деңгейіне қарап, төмендегідей 6 топқа бөлді:

Көлеңкеде өсетін өсімдіктер t0 -лық максимумы +40,5-42,5°С (мысалы, саумалдық, шытырлақ).

Су өсімдіктері +41,5°С (элодеа, валиснерия).

Біршама көлеңкелеу жерде өсетін өсімдіктер +45°-46°С (шыршай, қырыққұлақ т.б.).

Қуаңшылыққа төзімді өсімдіктер +48°С (қалампыр, андыз т.б.).

Қоңыржай   аймақтарда   өсетін   өсімдіктер   +44-45°С   (сасық меңдуана, қара алқа).

Ыстыққа  өте  төзімді  жасаңшөптер   (суккулент)  +48,5-54,5°С ыстыққа шыдай алады.

Фотосинтез процесі тыныс алуға қарағанда жоғары температураға сезімталдау келеді. Кейбір өсімдіктердің ыстыққа төзімділігі тамырларының тереңдеп өсуіне байланысты транспирацияның жоғары қарқындылығымен анықталады. Суккуленттердің ыстыққа төзімділігі ұлпаларында байланысқан судың көп болып, тұтқырлығының жоғары болатындығымен анықталады. Сонымен қатар, температураның көтерілуінен өсімдік клеткаларында «стресс» белоктарының синтезделуі жеделдейді.

Өсімдіктердің суыққа-аязға төзімділігі. Температураның төмендеуі ферменттік жүйелерге әсер етіп, белоктар ыдырап, қарапайым төзімді заттарға айналады. Сонымен қатар қанттардың және белоктарды коагуляцияланудан қорғайтын, басқа заттардың мөлшері көбейеді. Төмен температураның әсерінен зат алмасу процесі бұзылып, өсімдік зақымданып және тіршілігін тоқтатуы да мүмкін.Төмен қолайсыз температураның әсерінен клетка өлімінің негізгі екі себебі бар: 1) сусыздану, 2) мұздың қысымынан клетка құрылысының бұзылуы. Клетка аралықтарында пайда болған мұз клеткадан суды өзіне тартып. оны сусыздандырады. Өсімдіктердің қатты суыққа төзімділігі клеткалардағы физикалық-химиялық өзгерістерге байланысты. Қыстайтын жапырақтарда және басқа мүшелерде қанттардың мөлшері көбейіп, крахмалдың мөлшері азаяды.Байланысқан судың мөлшері артып, аязға оңай айналмайды. И.И.Туманов     (1931)     өсімдіктердің шынығу     теориясын қалыптастырды. Осы теорияға сәйкес өсімдіктер қыстың қолайсыз жағдайларына бейімделе бастайды, күзде фотосинтез тоқтамайды , бірақ тыныс алу төмендейді   т.б.

 

Лабораториялық жұмыс



Тамырдың өсу аймағын анықтау.

Қажетті материалдар мен құралдар:асбұршақтың,үрмебұршақтың өнген, тамыр ұзындығы 2см келетін тұқымдары,тушь, тігін түйрегіші немесе ине,миллиметрлік сызғыш, ауыз тығынымен тығындалатын шыны банка,қайшы, картон қағазы, сорғыш қағазы, пинцет, жіп.

Өсімдіктің тамыры мен сабағының өсуі төбе меристемалық клеткалардың өсуі нәтижесінде қамтамасыз етіледі.Клетканың өсуі бірінен кейін бірі кезектесіп келетін үш кезеңнен тұрады.а)эмбриональды,б)созылу және с)ДИФФЕРЕНСАЦИЯЛАНУ.Клетка көлемінің күшті артуы екінші кезеңде болады.Тамырдың өсу аймағын бірдей қашықтықта тамырға таңба салу арқылы табуға болады.

Жұмыстың орындалуы:тамырының ұзындығы 1,5-2,0см үш асбұршақ немесе үрмебұршақтың өнген тұқымын алып,тамырына зақым келместей мм сайын тушьпен таңба салынады.Сонан соң ылғалды камера даярлау керек.Ол үшін шыны банка алып, оның ішкі қабырғасын сорғыш қағазбен қаптап, ыдыстың ішіне 1/3 бөлігіне дейін келетін су құйылады.Бұл банканың аузын тығын немесе тығын болмаған жағдайда қақпақ болатындай картон қағазын қиып алып, одан тігін түйреуішін өткізіп, ұшына тамырын тік төмен қаратып тұқым жарнағынан түйреп орналастырады.Осылай даярланған банканың аузы жабылып термостатқа қойылады.Бір күн тәулігінен кейін таңба аралықтарының қашықтауына қарай тамырдың өсу аймағы анықталады.Үш өсімдік тамырындағы таңбалардың арифметикалық орташа саны алынып, төмендегі кестені толтырып, қорытынды жасалады.Тамыр ұшындағы таңбадан бастап әрқайсысының аралықтарының қашықтығы өлшенеді.



кесте

Обьект

Таңбалар арасының қашықтығы,мм

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

Тамырлар

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Арифметикалық орташа саны

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 




 




 

 

 

 




 




 




 

 

 

 

Жапырақтың тамыр түзілуіне әсері.

 

Қажетті материалдар мен құралдар.:траденсканция өсімдігінің ұшынан алты жапырақты сабақтары,пробирка штативі, мақта, 6пробирка, алюминий фольгасы немесе жұқа жарық өтпейтін қара қағаз.Өсімдік сабағының тамыр түзілуінде жапырақтың кіші бөлімі немесежапырақтың түгелдей болуының маңызы зор.Оның себебі жапырақта физиологиялық активті қосылыстар синтезделіп,өсімдік сабағына ағып келеді де, ауксин қосылыстар көшіп, ең алдымен сабақтың төменгі ұшында клеткалық құрылысы жоқ шоғыр (каллус)түзіліп,онда тамырдың пайда болуына әсер етеді.



Жұмыстың орындалуы:алты пробирка алынып,оларға 1-2см толмайтындай су құйып даярланады.1-пробиркаға барлық жапырақтары қалдырып салынады,2-пробиркаға барлық жапырақтарын және ұшындағы өсу нүктесіне дейін жұлып тастап салынады.3-пробиркаға барлық жапырақтарын қалдырып, бірақ әрбір жапырақ жеке алюминий фольгасымен қапталынады,4- пробиркаға барлық жапырақтарын жұлып, тек төбе жапырағы ғана қалдырылады,5-пробиркаға үш жоғарғы жапырақтарын алып тастап, төменгі үш жапырағы қалдырылады.

Өсімдік тамыры қараңғыда түзілетіндіктен пробиркалардың төменгі бөлімдері жарық түспейтіндей қараңғыланады да, штативке пробиркаларды орналастырып, күшті жарық түсетін жерге қойылады.Күн сайын бақылау жүргізіп, қай түрінде тамырдың түзіліп, өсе бастағаны анықталады.Тәжірибені 10 күн жүргізіп, одан кейін тамырдың қандай болып түзілгенін, ұзындығын, көлемін ескеріп, қорытынды жасалынады.

 

Тест тапсырмалары



 

1.Өсу дегеніміз не?

а)клеткалар мен мүшелердің қайтымсыз ұлғаюы

в)клеткалар мен мүшелердің қайтымсыз салмақтың артуы

с)бүкіл организмнің қайтымсыз ұлғаюы

д)клеткалардың, мүшелердің және бүкіл организмнің жаңа құрылымдық элементтер түзу нәтижесінде қайтымсыз сандық ұлғаюы

е)клеткалар мен мүшелердегі және бүкіл организмдегі сапалық өзгеріс

2.Даму дегеніміз не?

а)бүкіл организм мен оның жекеленген мүшелеріндегі қызметтік белсенділіктің сандық өзгерісі

в)бүкіл организм мен оның жекеленген мүшелеріндегі құрылымдық сандық өзгерісі

с)онтогенез барысындағы мүшелер мен организмдегі құрылымдардың қызметтік жіне сапалық өзгерістері

д)бүкіл организмдегі құрылымдардың сапалық өзгерістері

е)бүеіл организмдегі және оның жеке бөліктеріндегі қызметтік сапалық өзгерістер.

3.оОрганизмнің зиготадан табиғи өліміне дейінгі жеке даму қалай аталады?

а)өсу, ждіктелу

в)онтогенез,

с)жастық

д)өзгерістер

е)фенотип

4.Қартаю барысында жапырақта қай қосылыс мөлшері артады?

а)абсциз қышқылы

в)белок


с)нуклеин қышқылы

д)хлорофил

е)синтетазалар

5.Қартаю процесі ненің көмегімен үдейді?

а)индолил сірке қышқ.

В)гиббереллинмен

С)этиленмен

д)кинетинмен

е)ауксинмен

6.Өсімдіктің тыныштық күйден шығуына қай гормон әсері етеді?

А)ГИББЕРЕЛЛИН

В)АБСЦИЗИН

С)АУКСИН

Д)ИНДОЛИЛ СІРКЕ ҚЫШҚЫЛЫ

Е)ЭТИЛЕН

7.Ұрықтың даму кезеңіне төмендегілердің қайсысы жатпайды?

а)проэмбрио

в)глобуло

с)квадрант

д)жүрек


е)торпедо

8.Дәннің өнуіне қандай кезең жатпайды?

а)ісіну

в)жарылу


с)абсциз қышқылының түзілуі

д)гетеротрофты өсу

е)автотфты қоректену кезеңіне өту

9.Ювениль кезеңге қай көрсеткіш жатпайды?

а)гүл бүршіктері жоқ

в)тамыр түзгіш қабілеті жоғары

с)өткізгіш шоқтары қарапайым

д)жапырақ құрылыстары ерекше

е)жыныстық көбею мүшелері жетілген

10.Репродуктивті кезеңге тән емес қасиеттер?

а)гүлдеуге дайын

в)көбею органдары жетілген

с)ұлпалар мен мүшелері ауксинге бай

д)ауксинге бай

е)ұрық пен жеміс түзілген.

 

 



Қайталау сұрақтары.

1.Өсу туралы жалпы ұғым

2.Өсімдік мүшелерінің әрекеттестігі

3. Өсімдік өмірі туралы ұғым

4.Фототропизмнің механизмін түсіндіріңіздер.

5.Өсімдіктің өсуі мен дамуына сыртқы жағдайлардың әсері

6.Өсудің үлкен қисық сызығы

7.Настиялық қимыл-қозғалыстар

8.Нутация-бұл қандай құбылыс

9.Өсімдіктердің көбею физиологиясы

10.Жылу су өсімдік бүршігінің жарылуына қалай әсер етеді?

 

 



 


Каталог: Книги
Книги -> 3. ҚАбдолов әдебиет теория – сының негіздері жоғары оқу орындарына арналған оқУ ҚҰралы мазмұНЫ
Книги -> “Қош,махаббат” Алматы 1988 жыл Ақынның жыр жинақтары
Книги -> Қазақcтан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Книги -> Көкшетау 2011 Құрастырғандар
Книги -> АҚША, несие, банктер
Книги -> А. А. Букаева 5В090200 Туризм мамандығына арналаған КӘсіби қазақ тілі
Книги -> М а 3 м ұ н ы қазақ тілі леқсикологиясына кіріспе қазақ лексикологиясының мақсаты мен зерттеу объекгісі лексика
Книги -> Қ а з а қ тіліні ң грамматикас ы 1 т о м Алматы, 1967
Книги -> Сүлейменова Зәуре Екпінқызы Қошанова Мараш Төлегенқызы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет