ОҚУ-Әдістемелік кешен «Экономиканы мемлекеттік реттеу» пәні бойынша



бет3/11
Дата18.06.2017
өлшемі2,41 Mb.
#19436
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11

1)Салықтық реттеу бірінші бағыты мемлекеттік реттеу. Ол салық салу белгілерін, салықтық жеңілдіктер еңгізу, салықтан босату, сонымен қатар кезеңдік алымдар мен баждар белгілеуде көрініс алалды.

2)Қаржы-несиелік реттеу. Мемлекеттің ақша айналымы және ақша төлеміне, яғни ақша төлемін, әсер етуі. Олар: ақша эммисиясы, орталық баға арқылы ақша массасын төлеуіне әсер ету.

3)Бюджеттік реттеу мемлекеттік органдар мемлекеттің және шығындалуына басшылық жүргізе алады. Сонымен қатар мемлекет қосымша бюджетке төлемдер белгілеуге мүмкіндігі бар.

4)Бағалық реттеу. Нарықтық экономика жағдайында мемлекеттік бағаның шекті дәрежесін белгілейді және осы нормадан жоғарламауын қадағалайды.

5)Әлеуметтік реттеу. Бұл мемлекеттің әлеуметтік тиімділік, тұрғындар өніп-өсуі, қорғау, адамдарға өмір сүру жағдайын жасау және т.б. Әуелі реттеу негізінде әлеуметтік сақтандыруды, бостандық, денсаулықты сақтандыру қолданылады.

6)Монополияға қарсы мемлекеттік реттеу. Табиғи монополияны қоспағанда барлық монополистерді мемлекет шектеу жасайды немесе тыйым салады.

7)Сыртқы экономикалық мемлекеттік реттеу. Бұл мемлекеттің экспорт және импорт ұғымына, сыртқы сауда проц-не мемлекеттік шекарадан, тауар, валюта нарығында айырбастау, капиталды мемлекеттіке кіруі және шығуы бойынша құралдар мен шаралар қолданылады.

Нарық экономикада маңызды рөл атқарады, онда халықтың тіршілік әрекеті үшін, халық тұтынатын тауарларды дайындауда тікелей өнім өндіріледі. Бұл аспектіде соңғы 15 жылдағы мемлекеттің нарықпен өзара байланысы қалай қалыптасқаньш және дамығанын қадағалау қажет. «Біз мемлекет орнаттық, нарық экономикасын кұрдық және ол қайтарымын енді беруде», - деп атап өтті ҚР Президенті.

Трансформациялык кұлдырау көптеген әлеуметтік-экономикалық проблемаларды тудырды, біріншіден, нарықтың кезең-кезеңмен даму сатысына сокпай өтіп, дамыған елдердің деңгейі жақын бағдары ретінде қабылданды. Екіншіден, агроөнеркәсіп тауарларының бағалары, әлемдік рыноққа қарағанда жоғары, теңгенің долларға бағамы көтерілді, бұл импорттың экспортқа қарағанда артықшылығын көрсетті.

Сөйтіп, қазіргі кезендегі мемлекеттің ең маңызды міндеті — экономикалық дағдарыстан өту. Бұл республика экономикасыньщ трансформациялану бағыттарьш обьективті негіздеуді, экономика-ны жаһандандыру жағдайы бойынша онын көріну нысандарының ерекшеліктері мен заңдылыктарын негіздеуді талап етеді. Бүл мәселелерді шешпей мемлекеттің нарық пен экономикалық қатынасын дамытудағы олардың рөлін анықтау қиын.



Осы уақытқа дейін мемлекет жоспарлау мен басқарудың тиімді жүйесін құра алмауда. Халықтың тұрмыс деңгейі әлі де болса өте темен. Банкілердегі азаматтардьщ салымдары ЖІӨ-нің 10%-ын, ал сол уақытта АҚШ-та 30%-ын құрды. Ішкі нарықта шетел капиталының басым жағдайда болуы экономиканың дамуына теріс әсер етті. Бәсекелестіктің киындықтарын бастан кешіре отырып, қазақстандық кәсіпкерлер шетелдік тауарлардың қазақстандық рыноктарда шектеуді қажет етеді. Осыған орай 1999-2001 жылдары отандық өнеркәсіп тұтынушылардың сұранысын қанағаттандырып үлгере алмауынан еңбек өнімділігі бұрынғыша төмен болуына қарамастан импорт бойынша бірқатар шектеулер қабылдады.

Шетелдік инвесторлар Қазақстан экономикасының дамуына мүдделі еместігін ескере отырып, ерекше шетелдік инвестицияларға бағдарланбағаны жөн. Сонымен бірге мұнайгаз нарығы жұмсалымдарьшан жоғары табыс алатын инвесторлардың көпшілігі инвестиция ағьшын өсіруді жалғастыруда. Мұның нәтижесінде, жинақ ақша мөлшері инвестициялық белсенділіктің ауқымына елеулі әсер етпейді. Өкінішке орай, мұның бәрі, республиканың салымшылары үшін епті тәсіл жасау мүмкіндіктерінің жоқтығына әкеледі.

Экономика жағдайында мемлекеттің ауыл шаруашылығының рөлін жете бағаламау сезіледі. Оның салдары ретінде, ауыл шаруашылық өнімдерінің кейбір түрлерін өндіру тоқтатылды. Ауылдық жерден қалаға жұмыс күшінің жылыстауы жұмыс қолдарын пайдалануцағы сәйкессіздікке әкеледі. Алайда, ең бастысы, ауыл шаруашылығы бағалардың тепе-теңдігін бұзады.
3. Шағын кәсіпкерлікті (ШК) мемлекеттік қолдау туралы заңда, ҚР-ның Конституциясына негізделеді және азаматтық кодексте.

ҚР-ның Заңы «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы» (19 маусым 1997 жыл) және ҚР-ның өзге де нормативті-құқықтық актілерден тұрады. Заңды тұлға құрмайтын жеке адамдар және қызметкерлеріні орташа жылдық саны 50 адамнан аспайтын және активтерінің жалпы құны орта есеппен 1ж. ішінде 60000 еселенген айлық есептік көрсеткіштен аспайтын кәсіпкерлік қызметпен айналысатын заңды тұлға шағын кәсіпкерлік субъектілері болып табылады

Заңды тұлға құрмайтын кәсіпкерлер, сондай-ақ мынадай ұйымдық құқықтық нысандардағы заңды тұлғалар:


  • толық серіктестік

  • томандиттік серіктестік

  • жауапкершілігі шектеулі серіктестік

  • қосымша жауапкершілігі бар серіктестік

  • өндірістік кооператив, шағын кәсіпкерлік субъектілері болуы мүмкін.

ШК субъектілері қызметкерлерінің орт. жылдық саны барлық қызметкерлерді, оның ішінде жеке еңбек шарты бойынша, жұмысты қоса атқаруы бойынша, жұмыс істейтіндерін осы субъект филиалдарының өкілдіктерінің және басқа да өлшемдерінің, қызметкерлерін ескере отырып анықталады. Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі принциптері:

1) ШК ҚР-да дамытудың бағымдығы

2) ШК-ті мемлекеттік қолдаудың кешенділігі

3) ШК-ті қолдау инфрақұрылымның және жүзеге асырылатын шараларының шағын кәсіпкерліктің барлық субъектілері үшін қол жеткізудің болуы

4) ШК-ті қолдау мен дамыту саласныдағы халықаралық ынтымақтаытық болып табылады

ШК-ті мемлекеттік қолдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1. ШК субъектілері үшін кадрлар даярлауды, қайта даярлауды және олардың біліктілігін арттыруды ұйымдастыру

2. Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің мемлекеттік қаржылық , стат-қ , материалдық-техникалық және ақпараттық ресурстарды сондай-ақ ғылыми техникалық технологияларды пайдаланудың жеңілдікті жағд-р жасау

3. Шағын кәсіпкерлік субъектілері мемлекеттік тіркеудің, олардың қызметін лицензияларын оңайлат. тәртібін белгілеу

4. ШК субъектілері үшін салық салудың кеден бажын төлеудің жеңілдікті режимін қамтитын қолайлы жағд. жасаудың құқықтық режимін белгілеу

5. ШК-ті ынталандыруды қолдау мен дайындау үшін инвестицияларды, оның ішінде шетел инвестицияларын тарту мен пайдалану жүйесін жасау.

Мемлекеттік органдар өз қызметі шегінде ШК-к субъектілерінің қызметімен ҚР-ң үкіметі белгіленген тәртіппен тексеру жүргізіледі.

ҚР-ның үкіметі орт. және жергілікті атқарушы органдары шағын кәсіпкерлікті қолдау жөніндегі мемлекеттік , салалық-аймақтық бағдарламалардың шеңберінде осы қызметті қаржыландыру жолымен сондай-ақ ш.к. субъектісіне мемлекеттік меншікті үйлерді ғимараттарды, өндірістік үй-жайлармен өзге де мүліктерді жеңілдікпен беру жолымен ш.к.-ң инфрақұрылымын қолдаумен дамытуды қамтамасызетеді. ҚР-ң үкіметі орталық атқарушы органдарын мемлекеттік кезең жүйесі арқылы ш.к. субъектілерінің осы заманғы жабдықтар мен технологиялар алуына жәрдемдеседі, технопарктер лизингілік орталықтар шағын инновациялық қызметтер орталықтарын венчурлық фирмалар мен ш.к. субъектілерін қолдау мақсатында құрылатын басқа да инфрақұрылым объектілерін құру жөніндегі шараларды өзгертіп жүзеге асыру.

4 Дәріс.Болжау және жоспарлау мемлекеттік реттеудің негізгі әдістері ретінде

Дәріс мазмұны
1. Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.

3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау
1 Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау. Экономиканы мемллекеттік реттеудің әдістері мен нысаны

Мемлекеттік экономикалық бағдарламалау – елдің әлеуметтік –экономикалық дамуын мемлекеттік реттеудің ең жоғары нысаны. Мемлекеттік бағдаарламалау бір уақытта экономика дамуының ғаламдық мақсатын қамтамасыз ету үшін экономикалық ресурстарды кешенді пайдалану әдісі болып табылады.

Бағдарламалау –жоспарлаудың ең көп тараған нысаны. Жоспарлау, болжау, бағдарламалау – ЭМР –дің құралдары. Мемлекеттік бағдарламалау – стратегиялық жоспарлаудың маңызды құралы.

Бағдарлама –директивтіктің белгілі бір дәрежесіне тән нақты құжат.

Бағдарламада анықталатындар;


  • реттеу мақсаты;

  • мақсатқа жетуді қамтамасыз ететін, экономикалық саясаттың нұсқалары;

  • жобаларды, олардың бюджетін, басқару жүйесін және бағдарламаны жүзеге асыруды бақылауды ресурстық жабу;

  • экономикалық саясаттың оңтайлы нұсқасын таңдау критьерийі.

Бағдарламалар бір және көп мақсатты, аймақтық, құрылымдық, ұлттық және интернационалдық сипатта болуы мүмкін.

Экономиканы жоспарлау және болжауда жүйелі –кешенді және бағдарламалы – мақсатты тәсіл деп бөліп көрсетеді.

Жүйелі кешенді тәсіл ғылыми негізделу және тиімді басқару қағидасы бойынша құрылады.

Бағдарламалық – мақсатты тәсілдеме мақсатты бағыттың, белгеленген шаралардың кешенділігін, тапсырманың мекен жайын, міндеттілігін және шараларды жүзеге асыру мерзімінің белгеленгенін, реурстардың негізгі көздерінің қатаң бірлігін көрсетеді.


2. Болжамдау және индикативтік жоспарлау.
Ұлттық болжау ұлттық экономиканы дамыту бағыты туралы ғылыми негізделген жүйенің қалыптасу үдерісін көрсетеді. Оның мазмұны ұлттық экономиканың дамуының мүмкін түрлі нұсқаларының спектрін анықтауда оңтайлы шешім қабылдауға байланысты.

  • Болжау – әлеуметтік –экономикалық үдерістерінің дамуын ғылыми алдын ала көру қағидалары, әдістері туралы ғылым.

  • Болжау – объектінің жағдайының ғылыми негізделген гипотезасы.

  • Болжау – стратегиялық жоспарлаудың ғылыми сатысы; алдағы кезеңдегі экономиканы реттеу бойынша үкіметтің атқарымдық шешімдері және жоспарлы ғылыми базасы.

Ұлттық болжаудың мақсаттары:

- экономиканың даму үрдісіне ғылыми талдауды қосатын, ғылыми алғышартты құру;

- қалыптасқан үрдіс, белгіленген мақсаттар ретінде есептелетін, алда тұрған қоғамдық ұдайы өндірісті, алдын ала көре білу нұсқасы

- қабылданған шешімдердің мүмкін нәтижелерін бағалау;

- басқару шешімдерін қабылдау үшін әлеуметтік –экономикалық және ғылыми –техникалық даму бағыттарын негіздеу.

Аралықтары бойынша болжаулар жедел (ай, тоқсан), қысқа мерзімді (1-3), орта мерзімді (5-7жыл) , ұзақ мерзімді (15-20 жыл) және алыс мерзімді (20 жылдан жоғары) болуы мүмкін.


2. Экономиканы тікелей басқару негізінен әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және бағдармалау арқылы жүзеге асырылады.

Жоспарлау экономиканы реттеудің бір бөлігі болып табылады Жоспарға оны толықтыратын болжау және экономикалық талдау жүргізіледі.

Болжау дегеніміз – белгілі бір объектінің болашақтығы жәй-күйі, даму жолдары туралы ғылыми дәлелдеу. Болжамдарды зерттеп, дайындау процесі болжау д.а. Болжау-қоғам өнімінің барлық саласында теория мен практиканы байланыстырып тұратын өте маңызды түйін болып саналады. Қоғам дамуының болжаудың негізгі бағыты болып экономикалық болжау саналады.

Экономикалық болжау - қоғамдық ұдайы өндіріс процесі, ал зерттеу заты экономикалық объектілердің даму заңдылықтары, болашақ жай-күйі экономикалық жоспарлау, әзірлеу әдістері. Сондықтан экономикалық болжау дегеніміз эономикалық процестің барлық әдіс тәсілдерін, құралдарын қолдануға экономикалық құбылыстарды зерттеудің ғылыми әдістемелеріне негізделген экономикалық болжам жасау процесі.

Экономикалық болжау келесі 4 топқа жіктеледі:

1) болжау кеңестеріне байланысты:

ә) макроэкономикалық (халық шаруашылық)

а) құрылымдық (салааралық , аймақтық)

б) экономикалық кешендер (агроөнеркәсіптік, отынэнергия инвестициялық)

2) болжау мінездеме бай-ты

ә) оперативті (1 айға дейін)

а) қысқа мерзімді (1 ай-1 ж. дейін)

б) орта мерзімді (1 ж.-5 ж)

в) ұзақ мерзімді (5-15,20 ж)

г) алыс мерзімді (20-дан артық)

3) зерттеу объектісіне бай-ты:

ә) өндірістік қатынастың даму болжамы

а) ғылыми-техникалық процесс даму болжамы

б) халық шаруашылығының даму динамикасы

в) мемлекеи ресурстардың даму болжамы

4) функционалдық белгісі бойынша:

а) барлау болжамдары

б) нормативтік болжамдар
3. Мемлекеттік реттеудің теориясы мен тәжірибесі және шет елдердегі индикативтік жоспарлау

Индикативті жоспарлау бұл нарық экономикасының қызметіне ықпал етудің негізгі әдістері, мемлекеттің әлеуметтік –экономикалық саясатын жүргізу құралы. Ол мемлекет шараларының ықпалынсыз қиын тиетін, тек нарықтық әдістермен жүзеге асырылуға тиісті, экономикалық өмірдің көптеген мәселелерін шешуді қамтамасыз етеді. Индикативті жоспарлау параметрлердің жүйесін қалыптастыру үдерісін көрсетеді. Бұл серпін, құрылым, экономиканың тиімділігі, қаржы жағдайы, ақша айналымы, тауарлар нарығы және бағалы қағаздар, баға қозғалысы, жұмыспен қамтамасыз ету, өмір сүру деңгейі және т.б. тәрізді көрсеткіштер болуы мүмкін.

Индикативтік жоспарлау нарық экономикасының жағдайы мен мемлекеттік реттеу әдістерінің бүкіл әлемде кең тарауы үшін ең қолайлы болып табылады.

5. Дәріс. Экономиканы реттеудің қаржы-бюджеттік әдістері
Дәріс мазмұны
1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу

2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы


1 Ел экономикасын бюджеттік реттеу
Мемлекеттік бюджет– бұл мемлекеттік шығындардың және оларды қаржылық жабу көздерінің жылдық жоспары. Ол ұлттық табыстың бір бөлігінің қайта бөлуге жататынын көрсетеді және есептік кезеңдегі табыстар мен шығындардың балансы түрінде жасалады.

Әкімшілік аумақтық басқару құрылымына байланысты елдің бюджеті орталықтық, жергілікті болады.



Бюджет – мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыруда қаржымен қамтамасыз етуге арналған орталықтандырылған ақша қоры. Бюджет экономикаға бюджет механизмi арқылы ықпал етедi. Мұнда бюджеттiң бүкiл экономикаға ықпал құралы ретiндегi рөлi көрiнедi. Бюджет механизмi-мемлекеттiң ақшалай қаражаттарының орталықтандырылған қорын құру және пайдалану формалары мен әдiстерiнiң жиынтығы. Экономиканы реттеу орталықтандырылған қаражат қорының көлемiн белгiлеу, оны құру, пайдалану формалары мен әдiстерiн реттеу, бюджеттi құру және орындау процесiндегi қаржы ресурстарын қайта бөлiске салу жолымен жүзеге асырылады.

Бюджет жүйесі бюджеттің және ҚР ұлттық қорының сондай-ақ бюджеттік процестермен қатынастардың жиынтығы. ҚР-да мынадай деңгейлі бюджеттер бекітіледі.

- Республикалық бюджет

- Облыстық бюджет

- Республикалық маңызы бар қала-Астана бюджеті

- Аудан бюджеті

Республикалық бюджет – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыратын және орталық мем. орг-ң оларға ведомствалық бағынысты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және мемлекеттік саясаттың жалпы респуб. бағыттарын іске асыруға арналған орталықтандырылған ақша қоры республикалық бюджет болып табылады. Тиісті қаржы жылна арналған респ. бюджет ҚР Заңымен бекітіледі.

Облыстық бюджет – салықты және басқа да түсімдер есебінен қалыптастырылатын және облыстық деңгейдегі жергілікті мемлекеттік органдардың респуб. маңызы бар қаланың-Астана немесе Алматының-оларға ведомствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функциялары қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті әкімш.-аумақтық бірліктер мемлекеттік саясатты іске асырылуына арналған орталықтандырылған ақша қоры обл. бюджет. Респуб. маңызы бар қала Астана бюджеті болып табылады Тиісті қаржы жылына арн. обл. бюджеті Респ. маңызы бар қаланың Астананың бюджеті облысы Респуб. және Астана маслихатының шешімімен бекітіледі.

Аудан бюджеті – салықтық және басқа да түсімдер есебінен қалыптастыру арқ. және ауданның (обл. маңызы бар қаланың-о.м.б.қ.) жергілікті мемлекеттік орг-ң оларға ведозмствалық бағынышты мемлекеттік мекемелердің міндеттері мен функцияларын қаржымен қамтамасыз етуге және тиісті аудандағы мемл. саясатты іске асыруғак арналған орталықтандырылған ақша қоры.(Аудан немесе о.м..б.қ . маслихатының шешімімен бекітіледі).

Төтенше мемлекеттік бюджет-республикалық және жергілікті бюджеттер негізінде қалыптастырылады және ҚР-дағы төтенше немесе соғыс жағдайларында енгізіледі.

Ұлттық қор – ҚР-сы Үкіметімен ҚР Ұлттық банкіндегі шотында шоғырландырылатын мемлекеттік қаржыларды актив түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда өзег де мүлік түріндегі активтері.

ҚР-дың ұлттық қоры мемлекеттің тұрақты әлеу/к экономикалық дамуын қамтамасыз етуге экономикалық шикізат секторына тәуелділігін және қолайсыз сыртқы факторлардың ықпалын төмендетуге арналған. Ұлттық қоры жинақтау және тұрақтандыру функцияларын жүзеге асырылады.

Жинақтау қызметі– қаржы және материалдық емес активтерді қоспағанда өзге де мүліктердің қолданылуын қамтамасыз етеді.

Тұрақтандыру қызметі– шикізат ресурстарына әлемдік бағаның конъюктурасына Республикалық бюджеттің тәуелділігін төмендетуге арналған. ҚР-сы ұлттық қорының түсімі мен жұмсалуы Ұлттық және шетел валюталарымен жүргізіледі.

Бюджеттің құрылымы:

Кірістер – бюджет игіліктерін реттеу мемлекеттің қаржы активтерін сатудан түсетін түсімдер, сондай-ақ мемлекеттік қарыздар бюджеттің болып табылады

Шығындар – бюджет несиелері, қаржы активтерін сатып алу, қарыздар бойынша негізгі борышты өтеу бюдж. шығыстары болып табылады
3.Мемлекеттік басқарудың бюджеттік қатынастарды реттеу саласындағы құрылымын келесі органдар құрайды:

1) ҚР-ның Президенті

2) ҚР-ның Парламенті

3) Рес-қ бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті

4) ҚР-ның Үкіметі

5) Экономикалық жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

6) Бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық үкіметті орган

7) Бюджеттік атқару жөніндегі орт. үкіметті орган

8) Ішкі бақылау жөніндегі орт-қ уәк. орган

9)Маслихат

10) Жергілікті атқарушы орган.

Мемлекеттiк билiк органдарының Ұлттық табысты қайта бөлу үшiн және бюджеттiк кiрiстi құруға қолданылатын негiзгi әдiстерiнiң бiрi –салықтар, мемлекеттiк несие мен ақша эмиссиясы болып табылады.




Қазақстанның мемлекеттік қаржы бюджетінің құрамы.

Мемлекеттік бюджет –экономикалық саясаттың шоғырландырылған түрі.

Бюджеттік жүйе –барлық деңгейдегі бюджет жиынтығы. Мемлекеттік бюджет құрылымы бюджеттің табыстары мен шығындарының құрылымын көрсетеді.


  • Бюджеттік табыстар – мемлекеттік қазынаға түсімдер. Олар салықтық және салықтық емес түсімдер есебінен құралады.

  • Салықтық түсімдер –міндетті салықтар түрлері және тұрғындардан, кәсіпкерлерден және мемлекеттік кәсіпорындардан алымдар.

  • Бюджетке салықтық емес түсімдер –мемлекеттік меншікті және мемлекеттік мүлікті пайдаланудан, сыртқы экономикалық қызметтен, мемлекеттік мүлікті жекешелендіруден, мемлекеттік қарыздан, роялтидан түседі.

  • Бюджеттік шығындар – бұл экономиканы дамытуға әлеуметтік аяны, қорғанысты, мемлекеттік борышты жабуға және т.б. қажеттіліктерге бағытталатын қаржылық ресурстар.

Мемлекеттік бюджет жүйесі – экономикалық қатынастарға және құқықтық нормаларға негізделген түрлі деңгейлер бюджеттерінің, сонымен бірге бюджет процесі мен қатынастарының жиынтығын білдіреді.

Бюджетаралық қатынастар -мемлекеттік басқарудың деңгейлері арасында функциялар мен өкілеттіктердің ара жігін дәлме -дәл ажыратуға, бюджеттер деңгейлерінің арасында түсімдер мен шығыстарды бірыңғай бөлуге, сондай- ақ бюджетаралық қатынастарды айқындау әдістерінің біртұтастығы мен ашықтығына негізделген.



Бюджетаралық қатынастарды жетілдірудің негізгі проблемалары:

  • аумақтық бюджеттердің нашар салық базасы;

  • қайта бөлу саясатындағы тұрлаусыздық.


Қазақстан Республикасының бюджет жүйесі

Бюджеттік шығындардың қызметі. Бюджеттік шығындардың негізгі қызметіне саяси, әлеуметтік және шаруашылық жатады.

Саяси қызметі әлеуметтік экономикалық құрылысты қолдау және өзіне мемлекеттік басқаруды, әскерді, қауіпсіздікті, сыртқы саяси қызметті, БАҚ қолдаудан тұрады.

Әлеуметтік қызметі елдегі әлеуметтік экономикалық жағдайды тұрақтандырудан, әр түрлі табыс топтарының өмірлік деңгейі және табыстардың айырмашылық деңгейін жұмсартудан, әлеуметтік қызмет көрсететін салаларды қолдаудан тұрады.

Экономикалық қызмет төмендегіден тұрады:


  • Экономикада бәсекелестікке қабілетті нарықтық ортаны қалыптастыру;

  • Ең маңызды мәні бар, кейбір салаларды қолдау жолымен экономиканы құрылымдық қайта құру;

  • Отандық өндірушілерді сыртқы нарыққа шығаруға көмектесу;

  • Ішкі және сыртқы борышты төлеу бойынша міндететемелерді орындау.

Бюджет тапшылығы – мемлекеттік шығындардың табыстан көп болуы. Бюджет тапшылығын жабу тәсілдері:

  • ішкі мемлекеттік қарыздар –мемлекеттік бағалы қағаздарды сату, сыртқы бюджеттік қорлардан қарыз алу;

  • сыртқы мемлекеттік қарыз –жеке кәсіпкерлерден, мемлекеттерден және халықаралық қаржылық ұйымдардан қарыз алу.

  • Мемлекеттік белгілерді шығару.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және қабылдау тәртібі. Мұнда мемлекеттің табыстары мен шығындарының заңмен белгіленген қалыптасқан үдерісі бар.

Бюджетті әзірлегенде оны дайындаушылар белгілі бір экзогендік межеленген жағдайдан шығады. Мұндай жағдайда әлеуметтік-экономикалық даму мақсаттары мен ішкі және сыртқы экономикалық шектеулер ұлттық экономиканың дамуы ретінде көрінеді.



Мемлекеттік бюджетті әзірлеуге енетіндер:

1. Әлеуметтік-экономикалық дамудың мақсаттары:

  • халықтың жекеленген азаматтарына көмек;

  • әлеуметтік аяны ұстау;

  • өндірушілерді талғамалы қолдау;

  • ғылыми және қорғаныс әлеуетін қолдау.

2. Экономиканың дамуына сыртқы экономикалық шектеу:

  • экспорттық мүмкіндіктер;

  • импорттық мүмкіндіктер.

Мемлекеттік бюджетті әзірлеу және жүзеге асырумен айналысатын институттарға - Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі, Қаржы министрлігі, Индустрия және сауда министрлігі, Қазынашылық бас басқармасы, Санақ палатасы, биліктің заң органдары кіреді.
2 Салық және салықтық жүйе. Салық түрлері. Қазақстанның салық жүйесінің қалыптасуы

1) Фискалды саясат- ол мемлекеттік бюджетпен байланысты реттеу құралдарын қамтиды. Яғни, үкімет шығындары салықтары мемлекетпен байланысты жүйеленеді. Үкімет шығындары арқылы мемлекеттік сектор, әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі, сатып алу қызметтері жүзеге асады. Яғни ұлттық табыстың барша халыққа тиетін үлесі үкімет шығындары арқылы көрінеді:

Мемлекеттік сатып алу 2- түрде болады 1) мемлекеттік ішкі, сыртқы қажеттілігін орындауға арналған. 2) нарықты реттеуге арналған.

Бюджет тапшылығы халық шаруашылығының қаржылық қайшылықтарына әкеледі. Мүмкін сол себепті мемлекет шығындарының тиімділігін арттыруға әлеуметтік-экономикалық дамуға тұрақтылықты қамтамасыз етуге оларға реттеушілік қызмет беру маңыздыболып есептелінеді. Фискалдық саясаттың екінші маңызды құралы болып салық табылады. Экономиканың мемлекеттік реттеуде ол 2- рөл атқарады.

1)үкімет шығындарының толықтыру көзі және бюджет саясатының материалдық негізі.

2)ол экономиканы реттеу құралы яғни ынталандыру бөлу және бақылау функциясын атқарады. Сол себептен кез-келген мемлекет әлеуметтік-экономикалық дамуында өзінің іс-қимылы үшін қажетті фискалдық саясат жүргізуі. Фискалдық саясаттың негізгі міндеті: нарықты жалпы сұраным мен ұсынымға бейімделген ықпал арқылы нарық өзгерісіне сәйкес кемшіліктерін түзетуге есептелінеді. Фискалдық саясат оның экономикалық жағдайларының өзгерісін ескере отырып екі бөлімге бөлуге болады. 1)дискрециондық саясат – ол үкімет саясаты, оның шешімдері негізінде іске асырылатын саясат. Оның құралдары болып түрлі бағыт саладағы бағдарламалар және салық мөлшерін өзгерту шешімі жатады.

2)Құрылған стабилизаторлар саясаты- ол өзін-өзі реттеу жағдайында жұмыс жасайтын механизмдерді пайдалану олар экономикадағы өзгеріс түрлерін мемлекет шешімдерінсіз өздігінен ескеріп отырады. Олардың қатарына салық төлемдеріндегі автоматты өзгерістер әлеуметтік және жұмыссыз кездегі төлемдерді жатқызуға қалады.

Мемлекет табыстарының негізгі көзі – салық болып табылады. Салықтағы кез келген өзгерістер саяси күрестің, ақпарат құралдарындағы сынның объектісі болады.

Салық –бұл алдын ала белгіленген заңды тәртіпте шаруашылық субъектісінің табысының бір бөлігін мемлекет пайдасына алу.

Салық жүйесі дегеніміз –салықтың жиынтығы сондай –ақ салықтық бақылау әдістері мен нысандары және салық заңын бұзбауға жауапкершілік.

Салық жүйесінің негізгі түсініктері: салықтық ауыртпалық, салық базасы, салық мөлшерлемесі, салық жеңілдіктері, салық салудың шегарасы.

Салықтар-мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар мемлекеттің біржақты тәртіппен заң жүзінде белгіленген белгілі бір мөлшерде жүргізетілетін қайтарымсыз және өтемсіз сипатта болатын бюджетке төленетін ақшалай төлемдер. Салықтық экономикалық мәні мыналар:

- салықтар ш.ж.с. және халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастың бір бөлігін білдіреді.

- салықтар Ш.Ж.С-ң, жеке тұлға мен мемлекет арасындағы мемллекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын экономикалық категория.

- салықтар мемлекеттің құрылуы мен п.б. және мемлекеттің өмір сүруі негізі болып табылады.

Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қатанды болса. оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекете өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Сондықтан салықтар мемлекеттің тұрақты қаржы қоры.

Салықтардың мынандай түрлері болады: тікелей және жанама; салықтық өндіріп алатын органдарды басқару бойынша; аймақтық, жергілікті, мемлекетаралық; қолдану тәртібі бойынша; жалпы және арнайы.

Тікелей салықтар- жеке немесе заңды тұлғаның табысынан өндіріп алынады, ол нақты және жекеге бөлінеді. Нақты тікелей салыққа жер салығы, бағалы қағаздарға алымдар енеді. Жеке тікелей салықтар: азаматтардан алынатын табыс салығы; табыс көзінен немесе декларация бойынша өндіріп алынатын салықтар; пайдаға, мұраға, сыйға, мүлік бойынша салықтар. а) резидент азаматтардың және резидент емес азаматтардың табыстарына салынатын салықтар;

Жанама салықтар- бұл тікелей емес тауарлардың немесе қызметтердің бағасына енгізілетін, тауарлар мен қызметтерге салынатын салықтар. Бұл салықтың тауарлар мен қызметтерге деген сұранымға байланысты соңғы тұтынушыға ауысады. Олар үш түрлі болады: акциздер, ҚҚС, сатудың кейбір түріне салықтар, кедендік баж салықтары.


Каталог: ebook -> umkd
umkd -> Мамандығына арналған Сұлтанмахмұттану ПӘнінің ОҚУ-Әдістемелік кешені
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Қазақстан Республикасының
umkd -> Студенттерге арналған оқу әдістемелік кешені
umkd -> ПӘннің ОҚУ Әдістемелік кешені 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті» мамандығына арналған «Ұлы отан соғысы және соғыстан кейінгі жылдардағы қазақ әдебиетінің тарихы (1941-1960)» пәнінен ОҚытушыға арналған пән бағдарламасы
umkd -> «Балалар әдебиеті» пәніне арналған оқу-әдістемелік материалдар 2013 жылғы №3 басылым 5 в 050117 «Қазақ тілі мен әдебиеті»
umkd -> ПӘннің ОҚУ-Әдістемелік кешенінің
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> 5 в 011700- Қазақ тілі мен әдебиеті
umkd -> «Филология: қазақ тілі» мамандығына арналған


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет