Сабақ жоспары №1 «Бекітемін»



бет2/2
Дата06.02.2023
өлшемі122,07 Kb.
#167582
түріСабақ
1   2
Байланысты:
Емдік тамақтану жоспар
Электрлік кіші стансалар, Дерматомикоздар, 5 Ә
Аткинс диетасы — XX ғасырдың 60-жылдары дәрігер Роберт Аткинс жасаған жоғары ақуызды, төмен көмірсулы диета.

  • Вегетариандьіқ диета — ет, балық, құс еттерін жемейтін диета. Вегетариан диетасының бірнеше деңгейі бар:

    • вегетариандық — балық пен еттен басқаның барлығын жейтіндер;

    • веганизм — мал өнімдерінің ешқайсысын дажемейді;

    • шикілей жейтіндер: тағамдағы барлық энзимдер 46°С-та жойылатын бол- ғандықтан, тағамдарды жылытпай жейді;

    • жеміс және жаңғақтар: экологиялық таза жемістерді жейтіндер;

    •  фрукториандықтар: тек жемістер ғана жейтіндер.

  • Зона диетасы — адам организміндегі инсулин деңгейін реттеу үшін 40% көмірсулардан, 30% ақуыздан, 30% майдан тұратын Барри Сире деген дәрігер жасаған диета.

  • Микробиотикалық диета — барлық тамақ өнімдерін инь (салқын, тәтті, бейтарап) және янь (ыстық, түзды, белсенді) деген категорияларға бөледі. Тек екі өнімдердің (көкөністер мен бұл жармалар) қасиеттері ерекшеленбеген. Бұл диета бойынша жоғарыдағы айтылган қасиеттері жоғары болса, ондай тағамдарды азырақ жеу қажет.

  • Қырыққабат сорпасы диетасы — әр түрлі қырыққабаттан дайындалған сорпалар ішілетін диета.

  • Орниш диетасы — жүрек ауруларының алдын алу үшін Дина Орниш деген дәрігердің жасаған диетасы. Бұл диетада аспаздық майлар мен мал өнімдерін жеуге болмайды. Бұлардан басқа қан типіне байланысты, майдың, тұздың, көмірсудың мөлшерлері аз болатын диеталар болады

    Емдік диета— тағамдық өнімдер мен қоректік заттектердің мөлшерлік және сапалық ара қатынасын, аспаздық өңдеу тәсілдерін, тамақтану тәртібін ескере отырып құрастырылған мерзімдік тамақ мөлшері мен құрамы. Тағам құрамындағы қоректік заттектер организмге жеткілікті мөлшерде түсіп тұрмаса, адамның қуат-қарымы кеміп, дертке шалдығады. Науқасты емдеу барысында қолданылатын шипалы әсері мол заттектердің басым көпшілігі тағам құрамына кіреді. Аурудың ағымына, ауырлығына, т.б. белгілеріне сәйкес арнайы құрастырылған емдік диета түрлері бар:

    • құрамындағы қоректік заттектердің басымдығына байланысты:

      • ақуызды;

      • майлы немесе көмірсулы;

      • тұзсыз т.б.;

    • химиялық құрамына қарай:

      • жеңілдетілген;

      • ықшамдалған;

      • элиминациялық;

      • гипоаллергенді т.б., кейде авторының атымен: Карел, Лейбе емдік диетасы, т.б. деп аталады.

    Емдік диетаның мақсаты — қоректік заттектердің мөлшерлік қатынасын өзгерте отырып, организмдегі зат алмасуды ретке келтіру. Аурудың өршіген кезеңінде функциясы әлсіреген органға жеңілдік туғызу үшін белгілі мерзімге аялауыш емдік диета беріледі, кейде арнайы емдік диета орган функциясын арттыру үшін де береді. Әрбір емдік диетаның әр түрлі нұсқалары болады. Оларды аурудың ауырлық деңгейінің өзгеруіне байланысты сәйкестіре отырып тағайындайды



  • 6.Сабақ бойынша рефлексия



    Жаңа сабақты бекіту
    1.Диета сөзінің мағынасы қандай?
    2.Диеталық тамақтанудың маңызы?
    3.Диета түрлері?
    4.Емдік диетаның мақсаты?




    7.Үй тапсырмасы



    Диеталық тамақтанудың маңызы


    Достарыңызбен бөлісу:
    1   2




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет