1. Жедел өткен шақ етістіктің түбіріне –ды,-ді,-ты,-ті жұрнағы мен жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады. Мысалы: бар+ды+м, бар+ды+ң, бар+ды+ңыз.
2. Бұрынғы өткен шақ есімше формасының –ған,-ген,-қан,-кен жұрнағына жіктік жалғауының көрсеткіштері қосылуы арқылы жасалынады: ал+ған+мын.
Бұрынғы өткен шақ –ып,-іп жұрнақты көсемшеге жіктік жалғауы қосылуы арқылы жасалады: көр+іп+пін, бар+ып+пын.
3. Ауыспалы өткен шақ: көсемшенің –а,-е,-й формаларына –тын,-тін жұрнақтарын қосып барып жасалады. Мысалы: бар+а+тын+мын, кел+е+тін+мін.
1. «Көне түркі ескерткіштері» мәтінін оқу.
2.Мәтінді аудару.
3.Сөздікпен жұмыс.
ІV. Жаңа сабақты бекіту.
1.Мәтін бойынша сұрақтарға жауап беру.
2. Мазмұнын өз сөздеріңмен әңгімелеп беріңдер. Жаттығулармен жұмыс.
1.2-жаттығу. Берілген сөздерге синонимдер жазыңдар.
ескерткіш – көне –
өмір – аймақ –
ірі – салт –
- жаттығу.Етістіктерді бұрынғы өткен шақ түрінде жазыңдар.
1. Мен кеше кеш (тұр...). 2. Әпкем мектепте екі жыл жұмыс (істе...). 3. Таңертең досым телефон (соқ...). 4. Өкінішке орай, оны ешкім (тыңдама...). 5. Жексенбіде біз үйде (болма...). 6. Олар түсте асханада (тамақтан...). 7. Достарым мен (шығарып сал...). 8. Сіздер қашан (таныс...). 9. Жаңа тақырыпты оқушылар жақсы (түсін...). 10. Сен оны неге (күтпе...). 11. Менің нағашым өткен жылы (үйлен...). V. Қорытындылау:
Сабақты қорытындылап, студенттердің білімін бағалау. VІ.Үйге тапсырма беру:
88 бет, 1.4-жаттығу. Төмендегі етістіктерді өткен шақ түрлеріне қарай үш бағанаға бөліп жазыңдар.