ә) Үй тапсырмасын пысықтау :
Үйге берілген жаттығуды тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.
1 . Рай категориясы дегеніміз не?
2. Райдың неше түрі бар?
3.Ашық рай қалай жасалады?
б) Жаңа сабақты түсіндіру:
Етістіктің шартты райы қимылдың, іс-әрекеттің болу болмау,іске асу-аспау мүмкіндігінінің шартын білдіреді. Шартты рай етістіктік негізгі және туынды
түбіріне ,етіс және болымсыз етістік тұлғаларына –са,-се жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: бар-са, жүр-се, кел-се
Қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмау мүмкіндігінің шартын білдіріп, -са,-се жұрнақтары арқылы жасалатын рай түрі шартты рай деп аталады.
Жаттығумен жұмыс: Көшіріп жазып шартты райлы етістіктердің астын сызыңдар.
Жеке оқушылармен жұмыс: Берілген етістіктерден шартты рай жасап,әрқайсысына бір-бір сөйлем құраңдар.
Сана, жаз, жүргіз, тазарт, санама
|