Сабақтарына арналған оқу-әдістемелік құрал Павлодар (075. ) Ббк 74. я 73 А28



бет15/23
Дата06.02.2022
өлшемі447 Kb.
#54886
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23
Сауалнама
1 Сыңсу әндерін білесің бе? Орындап бере аласыңдар ма?
2 Сыңсу әндері қай кезде және қандай жағдайда орындалады?
3 Жар-жар әндерін тыңдаған болсаңыздар, мазмұнын әңгімелеп беріңдер.
4 Үйлену тойларында орындалған беашарды еске түсіріп, мазмұнын, орындаушының шеберлігін сипаттап беріңдер?
5 Беташардағы келінге айтылатын үлгі-насихаттар туралы әңгімелеп беріңдер.
Жаназалау әндері
Халық өміріндегі қайғылы тарихи оқиғаларға, адам қайтыс болғанда естірту, көңіл айту, қоштасу, жоқтау сияқты салт әндерінің ел аузында сақталуы.
Жаназалау әндеріндегі ата-бабаларымыздың өмір құбылыстарына берген бағасы, тоғанысы, дүниетанымдық дәрежесі. Музыкалық-поэтикалық құрылымының өздік ерекшеліктері, өзара байланыстылығы. Жаназалау әндерінің мақсаты.
Естірту – қайтыс болған адамның жайын хабарлаудың әлеуметтік ой-санаға құрылуы. Қайғылы қазаны естірте отырып, көңіл айтылуы. Естірту (дәстүр). «Хабаршылар Ғалидың үйіне, Жамалдың үйіне кісі салып естіртті» (М.Дулатов). Ата-анасы, баласы немесе жақын-жуығы қайтыс болған жағдайд оны айтып жеткізуді «естірту» дейді. Естіртуші адам әлгі кісіге сыпайылап, тұспалдап жеткізіп, тоқтам айтып, оны бекем болуға шақырады. Қайғылы қазаны орынсыз жерде немесе жол-жөнекей, жеңіл-желпі айта салуға болмайды. Халқымызда естіртудің үлкен психологиялқ, классикалық үлгілері бар. Мысалы: «Жиреншеге Қарашаш сұлуды естірту», «Шыңғысқа Шоқан өлімін естірту» сияқты. Естірту қазаға байланысты жерде ған қолданылады.
Жандосұлы Келдібек Шоқан өлімін Шыңғысқа былай естіртіпті:
Ұлы өлмеген руда жоқ,
Қызы өлген Қырымда жоқ,
Қатыны өлмеген халықта жоқ,
Ағасы өлмеген аймақта жоқ,
Інісі өлмеген елде жоқ,
Әкесі өлмеген әлемде жоқ,
Шешесі өлмеген пенде жоқ,
Аққу ұшып көлге кетті,
Дуадақ ұшып шөлге кетті,
Құдай бізге бір гауһар тас беріп еді,
Оны иесі өзі әкетті.
Шоқан деген балаңыз
Бәріміз баратын жерге кетті…
Естірту көпті көрген, жөн-жосық пен сөзді білетін адамдарға тапсырылады.
Жоқтау (салт). «Сен жоқтау айтқалы отырсың, мен тоқтау айтқалы отырмын» (Байдалы би). Жоқтау – аза ғұрпын көтере түсетін, қайғыны басатын, қазаға аса лайықты қаралы салттың бірегей түрі. Қайтыс болған адамның жақсылығын, еліне істеген қызметін, жақсы қасиеттерін паш ететін тұрмыс-салт дәстүрі, жыр, зарлы өлең. Жоқтауды белгілі ақындар немесе сол адамның әйелдері мен ана, қарындастары да шығара беретін болған. Жоқтаудың дінге қатысы жоқ, ол қалыпты халықтық салт, өлімнің берік әдет-ғұрыпы деп ұғыну керек. «Боздағым» атты қазақтың жоқтау жырларында (Алматы 1990ж.) Бұхардың Абылай ханды жоқтауы. Қаз дауысты Қазыбек биді қызы Қамқаның жоқтауы, Абай ұлы Әбішті әйелі Мағыштың жоқтауы сияқты жоқтаудың көркем үлгілері бар. Жоқтау тәрбиелік үлгілі-өнегесі бар, мәдениеттілік пен адамды бағалаудың және оны есте сақтаудың бір белгісі ретінде қалыптасқан. Ол өлген адамның жылына дейін айтылады. Жоқтау азалы, қайғылы, зарлы үнмен жырланады.
Қазір жазба және ауыз әдебиетімізде жоқтаудың үлгілері өте көп. Ондағы парасатты сөздер, жақсыны ардақтау, мадақтау, теңеу сияқты өлең жолдарының көркем қисыны таңданарлық шеберлікпен жырланады. Оның мысалы мынадай:
Алты атасы бай өткен,
Алты атанға жүк артқан.
Жеті атасы бай өткен,
Жеті атанға жүк артқан.
Үйде сұңқар түлеткен,
Қияда сұңқар тілеткен.
Алтайы қызыл түлкі алған,
Қиядан барып теке атқан.
Паршаны бөздей жырттырған,
Жібекті жүндей түттірген.
Қонақ келсе – қон деген,
Қой семізін сой деген.
Шынжырлы қауға тартылған,
Қайыңнан астау шаптырған.
Қаптатып жылқы шаптырған…
(Кеңірбай биді жоқтау)
Айналайын, әкежан,
Қараның болдың ханындай.
Қарайғанды ықтаттың,
Қамысқа түскен жалындай.
Орта жүздің көркі едің,
Қоңыраулы бұйра нарындай.
Ағайынды жинадың,
Алпыс үйлі ауылдай.
Орынды болдың орасан,
«Мыңжылқының» қауындай
Көпке пайдаң көп тиді,
Көктемгі жауындай.
Желінбей қалды жеңсігің,
Жаңа піскен кауындай.
Өте шықты сұм жалған.
Бәйге атының шаңындай.
Адыра қалды ақ ордаң,
Иессіз қалған ауылдай (Әйтекені жоқтау).
.
Қазалы күнде жоқтау айту - ұлттық-дәстүріміздің жақсы үлгісі. Оны айтудың, жалғастырудың ешқандай ерсіліі жоқ. Халық ғұрыпы бойынша жоқтау айтқан әйелдер мен қыздар үш күн бойы аяқ табаққа араласпайды, яғни тамақ әзірлеуге қосылмайды. Біздің қазақ ұлтының осы ырымдарынан-ақ ғасыр бойы жинақталып түзетілген қасиетті салт-дәстүріміздің сыпайы мәдениеті мен әдебінің жоғары болмысы көрініп тұрған жоқ па! Туған халқымыздың осындай тәрбиелік әрі зор рухани мұраларының бірегей де тәлімдік тәсілдер мен жолдарын кейінгі өсер ұрпаққа жеткізе, түсіндіре білу барлық білікті азаматтардың парызы екенін ұмытпағанымыз жөн.
Жоқтау әндеріндегі адам өмірінің мәні мен қортындысының жинақталуы. Жанрлық стилі (метафора, теңеулер). Жоқтау әндерінің өзіндік тілі, өлшемі, көркемдік сипаты, орындаушылары. Қазақ фольклорындағы көркем де, зарлы жоқталардың үлгілері.
«Мұң-шер әндері» - «Жоқтау», «Жылау», «Дауыс» деп түрліше аталғандарымен, бұлар адамның қазасына байланысты келетін азарлы рәсімдер. Қазақ дәстүрі бойынша өлген адамның артында қалған жұбайы, қызы, қарындасы, келіні т.б. ең жақын туыстарының әйелдері оның жылы толып, асы берілгенше қара жамылып үш мезгіл (таңертең, түсте, кеште) жоқтау айтады. Ән 7-8 буынды өлең шумағында құрылып, формасы жағынан жоқтаудың музыкалық-интонациялық әуен-сазы сыңсу, қоштасу, естірту, көңіл айту, т.б. ғұрыптық ән-әуендерінің стиль ерекшеліктерімен сабақтасады.
Жоқтау әндерінің үлгілерін салыстыра қарағанда, дыбыс диапазоны жағынан тар көлемдегі (трихорд, тетрахорд, пентахорд, гексахорд) аралағында және ауыспалы өлшемдер (5/4, 7/8, 3/8, 2/4, 5/8, 6/8) арқылы өрістеумен қатар, көпшілігі дәстүрлі саздарда (ладтарда), секундық, терциялық интонацияларды, дауыс ырғақтарынан құрылатыны анықталады. Поэтикалық мәтіндері 7-8 буынды өлең жолдарымен айтылып , кейде лепті үндермен шығып, «Оу!», «А-ей!», «Ах!» немесе «Ох!» деп, кварта, квинта аралығындағы дыбыстармен көтеріңкі дауыстармен басталып, әр түрлі биіктіктегі дыбыстарда аяқталады.
Қоштасу әндері – жақын адамынын айырудың күйініш-қайғысы.
Көңіл айту әндерінің мазмұнындағы ой тереңдігі мен көркемдік, философиялық дүниетанымы.



Каталог: fulltext -> buuk
buuk -> Қазақстан республикасы білім және ғылым министрлігі жүсіпов нартай қуандықҰЛЫ
buuk -> Мамандыққа кіріспе «Музыкалық білім»
buuk -> МӘШҺҮР – ЖҮсіптің лингвистикалық КӨЗҚарастары оқу құралы Павлодар Кереку
buuk -> Кітаптану және кітап тарихы 050418 «Кітапханатану және библиография»
buuk -> Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі
buuk -> Психотерапия технологиялары
buuk -> ДӘСТҮР – ДӘріс қазақ тілі пәнінен студенттерге арналған оқу құралы Павлодар Кереку 2010 Т. Х. Сматаев ДӘСТҮР – ДӘріс
buuk -> Ашимбетова Р. Д. Журналистің тіл мәдениеті Оқу құралы 050504 «Журналистика» мамандығының студенттеріне арналған Павлодар


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет