Сабақтың өту мерзімі: Сабақтың тақырыбы: Қайталау Сабақтың мақсаты



бет18/28
Дата17.06.2018
өлшемі0,78 Mb.
#42644
түріСабақ
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Жақсы тілектер айту

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

10 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 54-жаттығу (сөздерді табыс септігіне қойып, сөйлем құрау, сұрақ қою)

2. «Аялдама» ойыны. Әр аялдамадағы сұрақтарға жауап беру

3. Есте сақтау диктанты:

Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады.

Тапсырма: табыс септіктегі сөздің астын сызу, сұрақ қою


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы сөйлемді оқиды, табыс септіктегі сөзді табады

2. Топтық жұмыс:сұрақтарға жауап береді, тексереді, қорытынды жасайды

3. Жеке жұмыс: мақалды есте сақтап жазады, табыс септіктегі сөздің астын сызады


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

4 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс.55-жаттығу. Жұмбақты оқып, шешуін табу. Қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, олардың жалғауын табу, қай септікте тұрғанын айту.

Сексеуіл туралы білетіндерін айту


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: жұмбақты шешеді, сексеуіл туралы білетіндерін айтады,қарамен жазылған сөздерге сұрақ қояды, қай септікте тұрғанын айтады



7 мин

56 –жаттығу. Мақалдарды оқып, мағынасын ашу, жатқа жазу. Жатыс септіктегі сөздерді табу, сұрақ қою, қорытынды жасау

Жұптық жұмыс: мақалды жатқа жазады, жатыс септіктегі сөздерді табады, сұрақ қояды, қорытынды жасайды

Сергіту сәті:

1 мин


«Айна» ойыны

Жұптасып, бір-бірінің қимылын қайталайды

Талдау және қолдану:

6 мин


57- жаттығу. Мәтінді көшіріп жазу, ат қою, жатыс септіктегі сөздерді табады, сөйлемнің қай мүшесі болып тұрғанын анықтайды, дәлелдейді

Жұптық жұмыс: мәтінді көші-ріп жазады, жатыс септігін та- бады, сұрақ қояды, қай мүше болып тұрғанын айтады, дәлелдейді

5 мин

58-жаттығу. Венн диаграммасы. Барыс және жатыс септіктерін салыстыру, бір-бірінен қалай айыруға болатыны жайлы қорытынды жасау

Топтық жұмыс: барыс және жатыс септіктерін салыстыра-ды, бір-бірінен қалай айыруға болатынын қорытындылайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

4 мин


Терме диктант.

Берілген сөйлемдерден жатыс септіктегі сөздерді теріп жазу:

Бақыттың кілті –еңбекте. Ананың басқан жерінде пейіш бар. Ер туған жеріне. Ынтымақ түбі – бірлікте.


Жеке жұмыс: жатыс септіктегі сөздерді теріп жазады, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

59 -жаттығу

Күнделікке жазады
Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Табыс септік

Сабақтың мақсаты:

Табыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын байқату

Оқыту нәтижелері:

Табыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысатынын және сөйлемде тұрлаусыз мүше болатынын біледі, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

10 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 46-жаттығу (табыс септіктегі сөздерді табу, дәлелдеу)

2. Сәйкестендіру картасы. Септіктер мен сұрақтарды және жалғауларды сәйкестендіру

3. Есте сақтау диктанты:

Саналы адам сағыңды сындырмас,

Санасыз адам жағыңды тындырмас.


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы мақалды оқиды, табыс септіктегі сөзді табады

2. Топтық жұмыс: тапсырманы орындайды, ойларын тұжырым-дап, бір топ қорғайды, басқа топтар толықтырады, қорытынды жасайды

3. Жеке жұмыс: жазады, табыс септіктегі сөздің астын сызады


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

7 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс. 49-жаттығу. Мәтінді оқу. Қажымұқан кім? Ол туралы қандай әңгіме оқыдық?

Табыс септігі бар сөйлемдерді теріп жазу, сұрақ қою, сөйлемде қай сөзбен байланысып тұрғанын, қай мүше болып тұрғанын айту, пікірін дәлелдеу


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жұртық жұмыс: мәтінді оқиды, сұраққа қол көтеру арқылы жауап береді, табыс септіктегі сөздерді табады, сұрақ қояды, қорытынды жасайды



Талдау және қолдану:

6 мин


50 –жаттығу. Мақалды жатқа жазу, мағынасын ашу. Табыс септіктегі сөздерді табу, қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету

Жұптық жұмыс: мақалды жатқа жазады, табыс септіктегі сөздерді табады, қай сөзбен байланысып тұрғанын көрсетеді, дәлелдейді

Сергіту сәті:

4 мин


52- жаттығу. Сызба бойынша зат есім туралы білетіндерін еске түсіру

Жаппай жұмыс: сызба бойынша зат есімнің түрлерін еске түсіру, ережелерді айту

4 мин

51- жаттығу. Берілген сөздерге табыс септігінің жалғауларын жалғап жазу, табыс септігіндегі сөз екенін дәлелдеу

Жеке жұмыс: сөздерге табыс септігіне қойып жазады, дәлелдейді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


53-жаттығу. Берілген сөздермен сөз тіркесін құрап жазу

... (кімді?) үйретеді. ... (нені?) оқиды. ... (нені?) жуды.

... (кімді?) жақсы көреді.


Жеке жұмыс: сөздермен сөз тіркесін құрап жазады, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

54 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Табыс септік

Сабақтың мақсаты:

Табыс септігінің жасалу жолын түсіндіру, сұрақтары мен жалғауларын таныстыру

Оқыту нәтижелері:

Табыс септігінің жасалу жолын біледі, сұрақтары мен жалғауларын біледі, ажырата алады, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сурет, плакат, маркер


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

10 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 42-жаттығу (барыс септіктегі сөздерді табу, дәлелдеу)

2. Венн диаграммасы бойынша ілік септігі мен барыс септігін салыстыру:

Ілік септігі Барыс септігі

3. Сөздік диктант. Оқушылар мұражайға барды. Асқар мектепке келді.Тікұшақпен таулы жерге қонуға болады.

Барыс сертіктегі сөздерді табу, астын сызу


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы жұмбақты оқиды, барыс септіктегі сөзді табады, дәлелдейді

2. Топтық жұмыс: тапсырманы орындайды, ойларын тұжырым-дап,бір топ қорғайды, басқа топтар толықтырады, қорытынды жасайды

3. Жеке жұмыс: жазады, барыс септіктегі сөздің астын сызады


ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

5 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс. 43-жаттығу. Сөйлемдерді оқу, қарамен жазылған сөздерге сұрақ қою, олардың қай септікте тұрғанын айту.

3. Ереже шығару


1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: сөйлемдерді оқиды, табыс септіктегі сөздерді табады, сұрақ қояды, ереже шығарады, қорытынды жасайды.



6 мин

44 –жаттығу. Жаңылтпашты оқып, жатқа айту, жазу, табыс септіктегі сөздерді табу, дәлелдеу

Жұптық жұмыс: жаңылтпашты жатқа жазады, табыс септіктегі сөздерді табады, дәлелдейді

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Талдау және қолдану:

7 мин


45- жаттығу. Сөздерді оқып, топтау. Сөздерді қандай белгілеріне қарай топтағанын айту, топтардың бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру

Топтық жұмыс: сөздерді оқып, топтайды, сөздерді қандай белгілеріне қарай топтағанын түсіндіреді

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

8 мин


47-жаттығу. Берілген сөздерді ілік, барыс, табыс септіктеріне қойып жазу

Атау

Ілік

Барыс

Табыс

кітап

кітаптың

кітапқа

кітапты




Жеке жұмыс: кестені толтырады, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

2 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

46 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Барыс септік

Сабақтың мақсаты:

Барыс септігі туралы берілген ұғымдарды кеңейту, барыс септіктегі сөздің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын, қай сөзбен байланысатынын аңғарту

Оқыту нәтижелері:

Барыс септігі туралы берілген ұғымдарды кеңейтеді, барыс септіктегі сөздің тұрлаусыз мүше ретінде жұмсалатынын, қай сөзбен байланысатынын саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, сурет, плакат, маркер


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындайды

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру:

8 мин


1. Үй тапсырмасын тексеру: 35-жаттығу (Сөйлемнен барыс септіктегі сөздерді табу, дәлелдеу)

2. Сөз тіркестерінің құрамындағы зат есімдердің түбірін табу, сұрақ қою, қай септікте тұрғанын айту, дәлелдеу, қорытынды жасау.

...ге келу, ... ға бару, ...дің досы, ...ның көзі, ...қа шығу.


1. Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы сөйлемді оқиды, барыс септіктегі сөзді табады, дәлелдейді

2. Топтық жұмыс: тапсырманы орындайды, ойларын тұжырым-дап, қорғайды, қорытынды жасайды



ІІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну:

4 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Оқулықпен жұмыс. 37- жаттығу. Өлеңді мәнерлеп оқу, барыс септіктегі сөздерді табу, қай сөзбен байланысқанын айту, қорытынды жасау




1. Сабақ мақсатын қояды.

2. Жаппай жұмыс: өлеңді мәнерлеп оқиды, барыс септіктегі сөздерді табады, қай сөзбен байланысқанын айтады, қорытынды жасайды.



Талдау және қолдану:

5 мин


38 –жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазу, сөйлем мүшелеріне талдау, барыс септіктегі сөздердің қандай мүше болып тұрғанын және қай сөзбен байланысқанын анықтау

Жұптық жұмыс: бір-біріне түсіндіре отырып, сөйлем мүшелеріне талдайды, барыс септіктегі сөздердің қандай мүше болып тұрғанын анықтайды

Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқу, қимыл-қозғалыс жасау

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

5 мин

39- жаттығу. Тыйым сөздерді оқып, жатқа жазу, барыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланысып тұрғанын сызбамен көрсету


Жеке жұмыс: тыйым сөздерді жатқа жазады, барыс септіктегі сөздердің қай сөзбен байланыс-қанын табады, сызбамен көрсетеді.

6 мин

Шөлді жерлерде қандай жануарлар мекендейді? Құлақты бат-бат туралы білесің бе?

40-жаттығу. Мәтінді оқу, барыс септіктегі сөздерді өзі байланысқан сөзімен бірге теріп жазу



Топтық жұмыс: мәтінді оқып, барыс септіктегі сөздерді өзі байланысқан сөзімен бірге теріп жазады, қорытынды жасайды.

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

9 мин


Шығармашылық диктант

Асқардың күшігі

Бір күні көкесі... қараалакүшікті алып келді. Айбектің қуанышында шек болмады.... ат қойғанша асықты. Ол күшігін «Ақтөс» атағанды жөн көрді.... сүт құйып береді. Күшігі... тойып алып,... басады.



Керекті сөздер: Асқарға, ыдысқа, сүтке, ұйқыға, күшігіне.

Жеке жұмыс: көп нүктенің орнына тиісті сөзді қойып, сөйлемдерді көшіріп жазады, барыс септіктегі сөздердің астын сызады, соңғы сөйлемді сөйлем мүшелеріне талдайды, тексереді

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1. Бүгінгі сабақта не үйрендің?

2. Қай тапсырма қиынға соқты?

3. Қай тапсырма оңай болды?


Ауызша айтады

Үйге: 1 мин

42 -жаттығу

Күнделікке жазады

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Барыс септік

Сабақтың мақсаты:

Барыс септігі туралы түсінік беру, барыс септікте тұрған сөздердің мағыналарын байқату, бұл септіктегі сөздердің етістіктермен тіркесетінін білдіру

Оқыту нәтижелері:

Барыс септігі туралы түсінік алады, барыс септікте тұрған сөздердің мағыналарын, бұл септіктегі сөздердің етістіктермен тіркесетінін біледі

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, кесте, ребус, сызба


Каталог: uploads -> doc -> 0390
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0390 -> Сабақтың тақырыбы: Абай Құнанбаев" Қыс". 4-сынып Сабақтың мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары І сабақ мақсаты
0390 -> Сабақ жоспары Күні: 20. 12 Сабақ: 2 Сабақтың тақырыбы
0390 -> Сабақтың мақсаты: Оқушыларға әдеби шығарма желісіне ілесе отырып сурет салуға үйрету; оқушының көркемдік талғамын қалыптастыру


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет