Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры Сабақтың мақсаты



бет3/3
Дата11.03.2017
өлшемі1,62 Mb.
#11449
түріСабақ
1   2   3

3 сәуір 2014

 

  • 2039

 

  • 0

  • 0

Геометриялық пішіндерге арналған дидактикалық ойындар
Мақсаты: Балаларға біреуі артық немесе кем санды тауып, атауды үйрету.
Көрнекілік: Ою - өрнектер, геометриялық пішіндер салынған карточкалар жиынтығы, геометриялық пішіндер.
Барысы: Балалар геометриялық /ұшбұрыш, шаршы, дөңгелек және с. с./ пайдаланып, мұғалімнің тапсырмасына үндеместен жауап беруі тиіс.
Тәрбиеші тапсырма береді, балалар оны орындайды.:
а/дөңгелектерден біреуін артық етіп, ұшбұрыштарды қойыңдар /үш дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
б/мұндағы дөңгелектерден біреуін кем етіп, шаршыларды қойыңдар /бес дөңгелек салынған сандық карточканы көрсетеді/;
в/дәл осындай пішінді көрсетіңдер /дөңгелекті көрсетеді/және осыларға сәйкес тапсырмаларды көрсетіндер.
Ойын соңында қорытынды шығарылады. Қатені аз жіберген қатар ұтып шығады. Ойынның барысында балалардың зейіні, қол қимылының жылдамдығы, дәлдігі қалыптаса бастайды және санауды, біреуі артық немесе кем санды тауып, оны атауды үйренеді.
«Дәл осындай пішінді тап»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндер жайлы білімдерін бекіту, пішіндерді атауға, ажыратуға, салыстыруға жаттықтыру.
Ойынның құрал - жабдықтары: бала саны бойынша құлыптың суреттері, геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: алдарындағы сиқырлы құлыпты ашуды ұсыну. Құлыптың кілттері де сиқырлы, геометриялық пішіндерден құралған екенін айту. Әр бала құлыпқа сай келетін кілтті алып, құлыпты ашады.
«Үйдің есігін жабайық»
Ойынның мақсаты: заттарды өлшемі бойынша салыстыруға, жуан және жіңішке заттарды ажыратуға жаттықтыру. Ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: үйдің, есіктің суреттері.
Ойынның мазмұны: қағаздан қиылған, есігі жоқ үйдің суретін балаларға тарату. Жуан және жіңішке есіктерді үйдің өлшеміне сай келтіріп салуды ұсыну.
«Вагондарға дөңгелек таңдау»
Ойынның мақсаты: геометриялық пішіндерді ажыратуға, қасиеттерін білуге жаттықтыру, ойлау қабілетін дамыту.
Ойынның құрал - жабдықтары: қағазға салынған вагондар, әртүрлі геометриялық пішіндер.
Ойынның мазмұны: Балалар вагондарға лайық дөңгелектерді әртүрлі пішіндердің ішінен табады.
«Үй құрылысының ретін көрсет»
Мақсаты: түстерді ажыратуға жаттықтыру; ойлау қабілеттерін, қабылдау, ес, зейін процесстерін дамыту.
Құрал - жабдықтары: баланың саны бойынша әртүрлі түсті жолақтар, пішіндер, үй суретінің үлгісі.
Мазмұны: Балаларға үйдің суретінің үлгісін көрсету. Балаларға әртүрлі жолақшаларды, пішіндерді таратып беру. Үлгіге қарап осы пішіндерден үйді құрастыруды ұсыну

Ертегілер еліндегі ғажайып математика



  • muhambetova

 

  • 31 наурыз 2014

 

  • 4872

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Ертегілер еліндегі ғажайып математика
Мақсаты: Білімдерін тиянақтау.
Білімділік: Баланың қарапайым математикалық түсініктерден алған білімін тиянақтау, геометриялық пішіндерді танып, ажырата білуін жетілдіру, қарапайым сан мен санаутүсініктерін қалыптастыру, апта күндерін ажырата білуге үйрету.
Тәрбиелік: Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандарды тура, кері санауға үйрету, логикалық ойын арқылы баланың қиялын, ой - өрісін, есте сақтау қабілетін дамыту.
Пәнаралық байланыс: Тіл дамыту, математика, әлеуметтік орта, шығармашылық
Көрнекілігі: Геометриялық пішіндер, тура, кері санауға арналған сандар, санауға арналған қонжық маскалары, алма ағашының макеті, шығармашылық ойынға арналған пішіндер салынған кілемшелер, алманың муляжы, үйшік макеті, ертегі кейіпкерлері, слайд.
Сабақты ұйымдастыру:
Балалармен шаттық шеңберін құрамыз.
Амандасу үлкенге,
Тәрбиенің ісі ғой
Ал, кәнекей, бәріміз
Сәлем,- дейік үлкенге
Қайырлы күн, қонақтар.
Қайырлы таң, балалар
Балалар орындарына отырады.
Тәрбиеші: Жылдың қай мезгілі?
Балалар: Қыс айы
Тәрбиеші: Қыс айларын ата?
Балалар: Желтоқсан, қаңтар, ақпан
Тәрбиеші: Қымбатты балалар, қандай ертегі білесіңдер?
Балалар: «Маша мен аю», «Түлкі мен ешкі», «Қасқыр мен қоян»
Тәрбиеші: Олай болса, Маша мен аю ертегісінің қойылымын тамашалаймыз!
Балалар, бүгін біз ертегілер еліндегі ғажайып пішіндермен таныспақпыз. Ерте, ерте, ертеде бір әсем сарайда Маша атты бір ерке қыз өмір сүріпті, оның әдемі сарайы болыпты. Сол сарайда жалғыз тұрыпты. Жалғыз тұрып іші пысқан Маша былай деп армандайды:
Маша; Асылым:
О, шіркін? Менің мынадай сарайымда көп достарым болса ғой! Мен олармен бірге есеп шығарып, ойнап көңіл көтерер едім.
Осы кезде біреу есік қағады.
Аю: (Бекұлан) Кім бар мына әсем сарайда? Рұқсат болса кірейін.
Маша: Мен Машамын. Сен кімсің?
Аю: Мен Аюмын. Мен үшбұрыш ала келдім, сені таныстырайын, оның үш бұрышы, үш қабырғасы, үш төбесі бар. Ол тура сенің үйіңнің төбесіне ұқсайды.
Маша: А солай ма, мен білмеппін. Үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
1 - тапсырма. Бір аптада неше күн бар?
Жауабы: Бір аптада жеті күн бар.
Дүйсенбіде доп ойнадым далада
Сейсенбіде серуен құрдым қалада
Сәрсенбіде сурет салдым сәндетіп
Бейсенбіде би биледім әндетіп
Жұма күні жидек тердім ағаштан
Сенбі күні кино көрдім клубтан
Жексенбіде үйде болдым дем алдым
Осылайша өте шықты бір апта.
Біздің балаларда апта күндерін айтып береді.
Маша: Жарайсың! Кіре ғой сарайға.
Бір кезде Қасқыр келеді.
Қасқыр:(Ақмерей) бұл сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қасқыр: Мен қасқырмын. Менің қолымдағы төртбұрыш, оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы бар. Ол теледидарға ұқсайды.
Маша: Солай екен ғой, үйге кіру үшін менің тапсырмамды орында.
2 - тапсырма
1 - ден 5 - ке дейін тура, кері санап бер.
0 1 2 3 4 5 5 4 3 2 1 0
Маша: Дұрыс, үйге кіре ғой
Ойын: Көршісін тап
Қоян(Айша): Бұл әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Қоян: Мен қоянмын, Мен саған таныстыруға дөңгелек әкелдім., оның бұрышы жоқ, допқа, күнге ұқсайды.
Маша: мм, қане маған берші, Үйге кіру үшін мына тапсырманы орындайсың.
3 - тапсырма.
Алма ағашта бес алма
Қандай тәтті жесе алма,
Бесеуінде жеп қойсаң
Қалады онда неше алма.
Қоян: 0 алма.
Маша: Дұрыс айтасын, кіре ғой.
Тәрбиеші: Балалар мен сендерге осындай есеп айтайын кім шешеді екен?
Төрт қонжық орманда
Келе жатты қорбандап
Біреуі шаршады
Әрмен қарай бармады.
Тәрбиеші: Жарайсыңдар!
Осы кезде түлкі кіріп келеді.
Түлкі: Мына әсем сарайда кім тұрады?
Маша: Мен Машамын, сен кімсің?
Түлкі(Данара). Мен түлкімін. Менің қолымдағы шаршы пішіні.
Оның төрт бұрышы, төрт қабырғасы тең.
Маша: Солай екен. Онда сен менің тапсырмамды орында.
4 - тапсырма. 1 - ден 5 - ке дейін санамақ айтып бер.
Данара:
Бір дегенің бесік,
Содан шықтық өстік.
Екі дегенің елім,
Өзен тауым көлім
Үш дегенім үміт,
Үміт артар жігіт
Төрт дегенім төзім,
Төзе білім өзім
Бес дегенім бақыт,
Бағалайтын уақыт.
Тәрбиеші: Жарайсың Түлкі.
Енді біздің балаларда санамақ білетін болар, қане кім айтып береді?
Сергіту сәті:
Бойды сергек тік ұста
Емін - еркін тыныста
Оң қолыңды соз алға
Қол ұшына қарада
Үшбұрыш сыз ауада
Сол қол босқа тұрмасын
Шеңбер жасап тынбасын.
Тәрбиеші: Енді балалар аңдарды ортаға шақырып отырғызайық.
5 - тапсырма. Саусақпен санап үйренейік:
Бес кәмпитім көп еді,
Сараңдығым жоқ еді.
Бір кәмпитім атаға,
Бір кәмпитім әжеге,
Бір кәмпитім мамаға,
Бір кәмпитім папаға.
Өзімеде жете ме?
Қорытынды.
Тәрбиеші: Балаларға пішіндерге ұқсас заттарды теледидардан көрсету.
Балалар пішіндер туралы тақпақтар айтайық:
1. Данагүл: Пішіндерді үйрендім
Қабырғасы тік сайлы.
Үш бұрыш бұл үйлердің
Шатырына ұқсайды.
2. Қайсар: Бөлініп - ап екіге,
Отырған сәт шетінде.
Төртбұрышта ұқсайды
Үстелдердің бетіне.
6 - тапсырма. Балаларға логикалық сұрақ:
Айгүлдің мамасы дүкеннен екі төртбұрышты доп сатып әкелді. Оның біреуін бөпесіне берді. Нешеуі қалды?
Ағашқа бес торғай қонды, оның екеуі ұшып кетті. Ағашта неше торғай қалды?
Сандар шығып тақпақтарын айтады:
1. Батыр: Мені білгін келсе,
Мен таяқша бірмін.
Барлық санға жол бастап,
Ең басында тұрамын.
2. Азиз: Бірден кейін тұрамын,
Сандар іші тұрағым.
Бірге бірді қосқанда,
Иіліп мен шығамын.
3. Галифа: Екіден соң әрқашан
Үш саны боп қаламын.
Қос мүйізі майысқан
Ұлттық ою саламын.
4. Арайлым: Достар мені төрт дейді
Беске бірім жетпейді
Бірақ үшке ағамын
Жақсысымын бағаның
5. Айсұлтан Арайлым:
Әр қолда саусақ бес - бестен
Шықпас тегін ол естен
Біліп санның шамасын
Мысал ойлап табасың.
7 - тапсырма. Балаларға шығармашылық ойын: «Кілемшені толтыр»
Тәрбиеші:
- Балалар сендерге ертегі ұнады ма?
- Біздерге қонаққа нелер келді?
Маша: Сендермен бірге ойын ойнап, есеп шығарып, көңілімді көтергендеріне қуаныштымын. Сіздерге ризамын.
Тәрбиеші: Балалар сіздерге машаның кәмпиті бар екен.
Балаларды Маша мадақтайды.
Рольдегі балалармен таныстыру:
Маша - Асылым
Аю - Бекұлан. С
Қасқыр - Мерген
Қоян - Айша.
Түлкі - Данара
Осымен бүгінгі «Ертегілер еліндегі ғажайып математика» атты ұйымдасқан оқу іс - әрекетіміз аяқталды.
Балалар: Қол ұстасып тұрайық
Шеңберді біз құрайық.
Көріскенше күн жақсы,
Сау саламат болайық!
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: Балалар геометриялық пішіндерді атап, ертегі кейіпкерлерін дұрыс атай білді,
Игеру керек: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, кері тура санауды, сұрақтарға дұрыс жауап беруді игеру керек.
Меңгеру керек: Геометриялық пішіндерді ажыратуды, ертегі кейіпкерлерін шатаспай меңгергендері байқалады.

Есептер еліне саяхат



  • vini

 

  • 11 наурыз 2014

 

  • 1909

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Есептер еліне саяхат.
Мақсаты: Балалардың қарапайым математикалық түсініктерін қалыптастыру, саусақ маторикаларын, логикалық есептерді бере отырып, ойлау есте сақтау қабілеттерін дамыту. Тапқырлыққа, қайырымдылыққа тәрбиелеу.
Шаттық шеңбер: Арайлап таң атты,
Алтын сауле таратты
Жадырайды даламыз,
жарқырайды қаламыз
Қайырлы таң достарым,
Қайырлы таң апайлар.
Қызықты сәт: Маша мен аюдың әуені ойнатылып залға аю көңілсіз кіріп:
- Саламатсыңдар ма, балалар!
Балалар:
- Саламатсыз ба, аю!
Аю:
- Балалар сендер машаны көрген жоқсындар ма? білмеймін қайда кеткенін, ауладағы зымыранымда жоқ, ай тентек қыз қайда екен ай?
Тәрбиеші:
- Аю, сен уайымдама біз бір амалын тауып көрерміз. Біздің балалар көмектеседі, солай ма балалар?
Балалар:
- Иа, көмектесеміз
Тәрбиеші: Балалар аю зымыраным жоқ дейді зымыранның не екенін білесіндер ме?/Балаларға айтып түсіндіріп суретін көрсету/
Ендеше балалар мына геометриялық пішіндерден зымыран жасап көрейік
Д\О: Зымыран құрау
Балалар геометриялық пішіндерден сенсорикалық әдіспен ілгек, замок, жапсырмақ арқылы зымыран құрастырады.
Тәрбиеші: Көрдің бе, аю? біздің балалар зымыран жасады. Енді аспан әлеміне барып машаны іздеуге көмектесеміз
Аю:
- Менің зымыраныма ұқсайды.
Тәрбиеші:
- Балалар, қане бәріміз аспан әлеміне ұшайық. Аспан әлемі үлкен, қызықты, әдемі. Біз аспан әлеміне ұшу үшін скафандр киюіміз қажет себебі онда ауа жеткіліксіз болады, сондықтан сақтануымыз қажет. Қане бәріміз зымыранға мінейік.
/Балалар көздерін жұмып, ұшып бара жатқан елеспен аспан әлеміне келеді./
Тәрбиеші:
- Ой, балалар қараңдаршы аспан әлемінеде келіп жеттік./Балаларды аспан әлемімен таныстырады.\
Аю:
- Маша, қайда екен ай?
Тәрбиеші: Мына ғаламшарлардың қай жерінде жүр екен. Мүмкін бізге мына жұлдызшалар көмектесін шығар. Жол көрсетер.
1ші жұлдызшаға барайық.
1. Тапсырма:
Машаны табу үшін менің сұрақтарыма жауап беріңдер. Ең әуелі жыл мезгілін айтып беріңдер?
2. Тапсырма:
Пісіп тұрған төрт алмұрт
Қызығатын көрген жұрт
Екі алмұртты бұтақтан
Алып жеді Ердаулет
Қанша қалды алмұрттан?
3. Тапсырма:
Аспанда үлкен жұлдыз көппе, кішкентай жұлдыз көппе?
4. Тапсырма:
Санамақтар айтып бер?
Аю:
- балалар мен шаршадым, маша табылатын емес енді не істейміз?
Тәрбиеші:
- Аю ендеше сергіп алайық табылады, уайымдама
Сергіту:
Ал, санайық 1, 2,
Томпаңдап біз билейік
Аяғымыз қайда екен?
Міне аяқ алақай
1, 2 деп басайық
Айналып біз алайық.
5. Тапсырма:
Үйге келді, Алдияр?
Оған қоса Мадияр
Кейін келді Айдана
Қанша болды бар бала?
6. Тапсырма: Машаның сүйікті тамағы?
Аю: Айтпақшы мен каша пісіріп алып шығып едім, оның қарны да ашқан шығар.(Аю балаларға карточкалар таратып береді, кашаның суреті салынған)
Тәрбиеші: Аю саған ботқа жоққой, машада жоқ.
- Балалар Маша мен аюға неше ботқа керек?
Балалар: Екеу керек.
Сол кезде Маша шығып:
- Қандай керемет иіс, ботқанын иісін - ай. Қарным ашты менде жейінші?
Тәрбиеші: Маша табылдың ба? Қайда кетіп қалдың?
Аю: Неге кетіп қалдын сұранбай?
Маша: Кешіріңдерші, сұранбай енді ешқайда кетпеймін.
Аю: Біз шаршадық. Мен кішкене ұйықтап алайыншы.
Тәрбиеші: Аюды ұйықтатпау үшін онымен ойын ойнайық. Сосын зымыранмен ауылымызға, тобымызға қайтамыз.
Қ. 10:"Өз үйіңді тап"
Балаларға үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелектің сүретін таратып беру. Балалар Аюды оятады.
Аю, аю тұршы.
Ұйқыдан ояншы,
Ұйқыңды ашшы.
Жан - жағыңа қарашы.
Енді бізді қушы.
Аю оянып балаларды қуғанда өздеріне ұқсас пішінге барып тығылады.(ойынды бірнеше рет қайталау)
Тәрбиеші: Балалар, енді тобымызға оралайық, Машаны таптық. Қанекей балалар осы аспандағы күннің жылуын бір - бірімізге сыйлайық.
Балалар: Шеңбер болып, тұрайық
Алақанды ашайық.
Күннің нұрын салайық.
Жиналған жылы шуақты.
Қонақтарға шашайық.
Қорытындылау:
- Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?(ия)
- Біз қайда бардық?(Аспан әлкміне бардық)
- Аспан әлеміне немен бардық?(Зымыранмен)
- Оны қайдан алдық?(Өзіміз жасап алдық)
- Ол қандай пішіннен жасалды?(Үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек)
- Тапсырмадағы есептер оңай ма екен?(Ия)
- Балалар, енді зымыранға мініп, тобымызға қайтайық

Математика әлемінде



  • vini

 

  • 28 ақпан 2014

 

  • 1412

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: «Математика әлемінде»
Мақсаты: Балалардың геометриялық пішіндер туралы алған білімдерін бекіту, назар аударуын, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Барысы: Амандасу
Біздің топта ұл - қыздар,
Тату - тәтті ойнаймыз.
Әлемде бар адамға
Тек жақсылық ойлаймыз.
Тәрбиеші:- Жарайсыңдар! Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
- Балалар бір аптада неше күн бар?
- Жеті күн бар.
- Дұрыс. Сендер математика әлеміне барғыларың келе ме?
- Ия.
- Біздер математика әлеміне баруымыз үшін жаяу жүруіміз керек
Д\о «Бағдаршам»
- Алдымызда не тұр?
- Бағдаршам.
- Балалар, бағдаршам - жолда жүру тәртібін реттейтін құрылғы.
- Неше көзі бар?
- Үш.
- Пішіндері қандай?
- Дөңгелек.
- Түстері ше?
- Қызыл, сары, жасыл
- Қызыл жанғанда не істейміз?
- Тоқтаймыз.
- Сары жанғанда ше?
- Дайындаламыз.
- Жасыл жанғанда ше?
- Жасыл - жаяу жүргіншілер жүруіміз керек.
Қызықты сәт.
Ренжіп мысық кездеседі.
Тәрбиеші: Мысық, сәлеметсің бе, қайдан жүрсің?
Мысық: Кеше мен мақтақызбен ренжісіп үйден шығып кетіп едім, енді әбден тоңдым, оның үстіне қолғаптарым да тесіліп қалды.
Д\о «Тесік қолғаптар»
Тәрбиеші: Балалар, мысықтың қолғаптарын жөндеп, әдемілеп берейік. Ол үшін стол жанына жақындайық.
Балалар стол жанына жақындап түрлі - түсті қағаздардан жасалған «қолғаптарға» үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш пішінді қағаз қиындыларын жапсырады.
Т\ш: Балалар қандай пішіндер жапсырдыңдар?
Б\р: Үшбұрыш, дөңгелек, төртбұрыш.
Мысық: Ой, рахмет! қолғаптарым бүтінделіп, әдеміленіп қалыпты.
Т\ш: Мысық, сен балалармен бірге математика әлеміне барғың келе ме?
Мысық: Иә, барамын.
Осы кезде мысық қорапша тауып алады.
Мысық: Балалар, қараңдар менің не тауып алғанымды.
Т\ш: Қорапшада не бар, көрейік. Балалар, бұл математика ханшайымының қорапшасы екен, мұның ішінде бізге тапсырма берілген екен.
1 - тапсырма: «Ұқсасын тап»
Балалар плакатқа үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелекке ұқсас заттарды қойып шығуы керек.
2 - тапсырма: логикалық есеп.
Бір ағашта 5 алма,
Бірін бердім Санатқа.
Бірін бердім Қанатқа,
Сенде қалды неше алма?
3 - тапсырма: Ұзын, қысқа жолақтарды ажырату.
Д\о «Гүлдесте»
Балалар үш топқа бөлініп қызыл гүлдерді қызыл жолаққа, көк гүлдерді көк жолаққа, сары гүлдерді сары жолаққа қадайды.
- Балалар, қорапшадағы математика ханшайымының тапсырмаларын орындадыңдар. Енді бойымызды сергітіп алайық.
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ.
5 - ке 5 - ті қосқанда
Болады екен 10 саусақ.
Математика әлемінің есігі ашылып, алдарынан математика ханшайымы шығады.
Математика ханшайымы: Қош келдіңдер! Сендер менің жіберген тапсырмамды орындадыңдар. Көп нәрсе білетіндеріңді мен мына «сиқырлы таяқшам» арқылы бі ліп отырмын.
Енді сендер басқа да не білетіндеріңді көрсетіңдерші.
Санамақ айту. Сұрақтар қою.
Ойын: «Үшбұрыштар мен дөңгелектер»
Балалар шелекке үшбұрыш пен дөңгелекке ұқсас заттарды жинайды

Баланың тіл байлығын дамыту



  • Кулай

 

  • 21 ақпан 2014

 

  • 948

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: Баланың тіл байлығын дамыту.
Оқу іс - әрекетінің мақсаты:
* Балалардың қарым - қатынастарын бір - біріне деген сыйластығын, қоршаған ортаға деген және сүйіспеншілігін арттыру.
* Сауат ашу сабағынан алған білімдерін қорыту мақсатында кестемен жұмыс, текшелерден сөз құрап, дыбыстық талдау жасау.
* Оқушылардың дыбыс, әріп, сөз, сөйлем туралы білімдерін бекіту. Мәтінді оқыту.
* Жаз туралы суретті плакаттан қысқаша әңгіме құрату, тіл байлығын дамыту.
* Жеке - жеке тапсырмалар беріп, белсенділігін, қызуғышылығын, сөздік қорын, ой өрісін дамыту.
* Ы. Алтынсариннің өлең - шумақтарын айтқызу.
Көрнектілігі: Кесте, текшелер, суретті плакат, әр балаға таратпа материалдар, сөз жұмбақтар т. б.
Методикалық әдісі: Сұрақ - жауап, түсіндіру, тақпақ айту, әңгіме құрау.
Ұйымдастыру: Күннің көзі ашылып,
Көкте шуақ шашылып
Құтты қонақ келіпті,
Төрімізге еніпті.
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой
Сәлем дейік үлкенге.
Кіріспе сөз:
- Балалар біз бүгін жыл бойы сауат ашу сабағынан нені үйрендік, яғни дыбыс, сөз, сөйлем туралы, сөздерге дыбыстық талдау жасай келіп, жаз туралы әңгіме құрап, мәтін оқып, тақпақтар айтамыз.
- Көзімізді жұмайық
- Дыбыс естіледі
- Сонда дыбыс әріп туралы не айтамыз?
- Дыбысты құлақпен естиміз, әріпті көзбен көреміз, оқимыз, тақтаға, дәптермен жазамыз.
Сұрақ:
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты дыбыс, дауыссыз дыбыс?
Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?
Екіге: жуан және жіңішке
Дауысты дыбыс қалай айтылады?
Созылып, әндетіліп, еш кедергіге ұшырамай.
Дауыссыздар қалай аталады?
Қысқа, созылмай, кедергіге ұшырап айтылады.
Нешеге бөлінеді?
Қатаң, ұяң, үнді.
Тапсырма:
Жуан дауысты дыбыс.
Жіңішке дауысты дыбысты кестеден көрсету
Жалпы әріптердің жиынтығын не дейміз?
Алфавит.
Әріптерді қоссақ не шығады?
Сөз.
Сөз, сөйлем туралы айту.
Мамыр, Отан, аға, бала, сабақ сөздерін текшемен жаздыру.
Сөйлем дегеніміз не?
Сөзді, сөзге қосып бір тиянақты ойды білдіреді.
Сөйлемнің неше түрі бар?
Хабарлы, сұраулы, лепті.
Мысалы: Мен ойнадым.(Хабарлы)
Сен сабақ оқыдың ба? ( сұраулы)
Жасасын, Қазақ елі! (Лепті)
Сөйлем қалай жазылады? Бас әріппен. Сөйлем біткен соң қандай тыныс белгісі қойылады?
Нүкте.
Тыныс белгілер: нүкте, үтір, сұрақ белгісі, сызықша.
Сөзді неге бөліп оқимыз?
Буынға.
Та - ма - ша, те - ре - зе, ба - ла - лар, жаз. Буынды қалай білеміз?
Сөзде қанша дауысты дыбыс болса, сонша буын болады.
Сергіту сәті:
Балалар биыл Ыбырай Алтынсарин атамыздың туғанына170 жыл толды.
Біз қандай шығармаларын білеміз?
*«Әке мен бала»
*«Бақша ағаштары
*«Асыл шөп»
* «Бай баласы мен жарлы баласы»
Қысқаша өмір баяны туралы - Бекзат.
Өлеңдері: 1. « Кел балалар оқылық».
2. «Өнер білім бар жұртта
3.«Балқожаның оқудағы баласына жазған хаты»
Сөйлем құрату
Оқушы мектепке барады. Сара ойнады. (дыбыстық талдау жасату)
Тапсырмалар:
1. Нүкте орнына әріп жазу.
2. Сөздерді дұрыс жаздырту.
3. Буынға бөлу.
4. Буындарды дұрыс қою.
5. Табиғат дегеніміз не?
Бізді қоршаған орта тау, тас, ауа, жер, ұшқан құстар, ағаштар т. б.
6. Үй құстарының атын жазу
*Суретпен әңгіме құрату
7. Тексті оқыту.
8. Жаз өлеңі
9. Қорытынды рефлексия, сұрақтар.

Мендегі сәбіз 3 саны



  • --жанаргул

 

  • 11 ақпан 2014

 

  • 1369

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: Таным.
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің бөлімі: Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру.
Тақырыбы: «Мендегі сәбіз» 3 саны.
Мақсаты: Сәбіздерді санау арқылы 3 санын менгеру.
Білімділігі: Логикалық ойын есептер шығару арқылы балаларды 3 санымен таныстыру. Санамақтар айтқызу. 3 санын ретімен санауды үйрету.
Дамытушылығы: Баланың жаңжақты ойлау қабілетін, танымын сұраққа толық жауап беру деңгейіне қарай тапсырмалар орындауға қалыптастыру. Қарапайым математикалық ұғымды қалыптастыру, сөздік қорын, тілін, зейін қабілетін дамыту.
Тәрбиелігі: Шығармашылыққа, тапқырлыққа, шапшаңдыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Оқу іс - әрекетінің әдіс тәсілдері: Көрнекілік әдіс, деңгейлік оқыту әдіс, дидактикалық ойын, модульдік әдіс, ақпараттық жүйеде, оқыту әдісі, аукциондық әдіс.
Көрнекіліктер: Үлкен сәбіздер, кіші сәбіздер, үй геометриялық пішіндер, қояндар, диагностика, үнтаспа, ақпараттық құрал.
Ұйымдастыру бөлімі:
Пихологиялық тренг. «Жүрек жылуы»
Т: Балалар сәлеметсіздер ме!
Т: Балалар менің қолымдағы не?
Б: Жүрек
Т: Балалар мен сендерді өте жақсы көремін, сендерді ақылды тапқыр балалар деп ойлаймын.
Т: сендер мені жақсы көресіздерме?
Т: Ал, бәріміз, оң қолымызды өзіміздің жүрегімізді ұстап көрейікші
Т: Ал, менім жүрегім бір әдемі әуен тындайықшы деп тұр
Т: Әуен тындаймыз ба, балалар? ( әуен қосылады)
Б: Иә,
Т: Балалар көзімізді жұмып әуен тындайық.
Т: Көзімді жұмып ойланып кетіппін, мен мама мен кітап ханаға бара жатырмын, балалар сендердін ойларыңа не түсті?
Б: мен бала бақшада ойнап жүрмін, мен дүкеннен қуыршақ сатып алдым, мен Бәйтеректі көрдім, мен қыс мезгілін суретін салдым, мен шана салдым, мен қар домалатып жүрмін.
Т: Ой, балалар біздер бәріміз көзімізді жұмып қиялдап отырғанда «Көңілді сәбіздер» еліне бірақ шығыппыз ғой.
Жаңа материалмен таныстыру.
«Ғылыми орталық»
Т: Балалар неше сәбіз көріп тұрмыз?
Б: 3 сәбіз
Т: 1 сәбіз қандай түсті?
Б: Сары
Т: 2 сәбіз сарғышқызыл
Т: 3 сәбіз қандай түс?
Б: Қызғылт
Т: Балалар 1 сәбіз жаңадан пісіп келе жатқан сәбіз түсі сары болады. 2 сәбіз сарғыш бұлда жаңадан пісіп келе жатқан сәбіз екен. 3 сәбіз қызғылт сары сәбіз бұл піскен сәбіз. Бұл сәбіздердің бізге пайдасы көп сәбізді көп жесек бойымыз өсіп,
ақылымыз көп болады. Сәбіз жерде топырақ астында өседі. Жер бетіне тек сәбіздің сабағы шығады, ол көкөністерге жатады.
I - Тапсырма
Т: Мына бір сәбізді сендерге сатамын бұл сәбізді сендер алу үшін, 3 топқа тапсырма беремін,
Мынау «Сиқырлы қораптар»
1 топқа « Пішіндердің ішінен сәбізге ұқсасын тап»
2 тапқа «Сәбіз қайда өседі?»
3 топқа «Үлкен сәбізді құрастыру»
Т: Тапсырманы орнындаған топқа сәбіз беру.
II - Тапсырма «Модульдік әдіс»
Т: Мынау балалар қояндар, қояндар нені жақсы көреді?
Б: Сәбізді
Т: 3 қоянның бір үйшігі бар екен
Т: 1 қояның түсі қандай?
Б: Ақ түс
Т: Ақ қоянда неше сәбіз бар?
Б: 1 сәбіз бар
Т: 1 - саны туралы кім санамақ біледі? Бақтемір
Санамақ: Бір балапан ұяда,
Бір балапан қияда
Екеу болды есебі
Қалды ұяда нешеуі? (бір)
Т: 2 қояның түсі қандай?
Б: Күлгін
Т: Күлгін қоянда неше сәбіз бар?
Б: 2 сәбіз бар
Т: 2 - саны туралы кім санамақ біледі? Анэль
Санамақ:
Бір ағашта екі алма,
Мен де алмайын, сен де алма.
Қызыл емес, көк екен
Әлі піскен жоқ екен. (екі алма)
Т: Күлгін қоян мен ақ қоянда үйшіктен сәбіздерін алған екен
Т: 3 қоянның түсі қандай екен?
Б: Қара
Т: 3 қоян көңілсіз екен балалар, не үшін көнілсіз екен балалар, қара қоянға көмек берейік, көмектесеміз бе?
Б: Әрине, апай.
Т: Қара қояның неге көңілсіз?
Б: Сәбіздері жоқ
Т: Олай болса үйшіктің бірінші терезесін ашып көрейік.
Т: 1 терезеде 1 сәбіз, 2 терезеде 2 сәбіз, 3терезеде 3 сәбіз, қара қоянға үйшіктен сәбіздерді алып берейік.
( Балалардын жеке - жеке қара қоян ға көмек береді)
Т: Өте жақсы, балалар қара қоянға көмектестіңдер.
Сергіту жаттығу:
1 - деген де тұрайық,
2 - дегенде алақанды соғайық.
Оң жаққа иіліп,
Сол жаққа иіліп,
Біз жүгіріп алайық.
3 - дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Дидактикалық ойын: «Бұл қай кезде болады?»
Ойынның шарты: Балалар бір жылда неше жыл мезгілі бар?
Б: 4 мезгіл бар
Т: 4 мезгілді кім айтады? (көктем, жаз, күз, қыс)
Т: Осы төрт мезгілді мына, пішіндер арқылы бейнелейміз. Көктемде дөңгелек пішін жасыл түс, жаз да төртбұрышты пішін қызыл түс, күз сопақша пішін сара түс, қыс мезгілі үшбұрыш пішін ақ түс. (Айналамыз сарқыраған су ағып жатыр құстар жылы жақтан ұшып келіп жатыр, балалар құстарға ұя салып жүр жердің бәрі жап – жасыл, бұл қай мезгіл?
Б: Көктем ( дөңгелек пішін, жасыл түс)
Т: Балалар жаң – жағымыздың бәрі қызарып, күніміз ысып тұр, балалар суға түсіп жүр, бұл қай мезгіл?
Б: Жаз мезгілі (төрт бұрышты, қызыл түс)
Т: Талдың бәрі сарағайып, жерге түсіп жатыр айналамыздағы сарғайып қурап кеткен, құстар жылы жаққа ұшып кетті, күн суық жел, бұл қай мезгіл?
Б: Күз мезгілі (сопақша пішін, сары түс)
Т: Дала аппақ қар, балалар шанамен сырғанап ойнап жүр, адамдар қалың кейніп алған, күн аяз, далада қар жауып тұр, бұл қай мезгіл?
Б: Қыс мезгілі (үшбұрыш пішін, ақ түс)
Т: Өте жақсы балалар, балалар бізге кішкентай бейне тақта көмекке келіп тұр екен, менімен бірге 3 санын қайтала дейді. (1, 2, 3 санын қайталау)
Т: 1 саны туралы кім тақпақ біледі?
Мені келсе білгін,
Мен таяқша бірмін.
Сандарға жол бастап,
Ең бірінші тұрмын. 
Т: 2 саны туралы кім тақпақ біледі?
Бірден кейін тұрамын,
Бірден кейін тұрамын.
Бірді – бірге қосқанда,
Мен шығамын қарағым (2 саны)
Қортынды: Дидактикалық ойын: «Ойлан да, тап»
Т: Балалар бейне тақта ға қарандаршы Сәбіздердің суреті бейнеленген. ой балалар бейне тақтадан сәбіздер жоқ болып кетті, бейне тақтаға көмектесеміз бе?
Б: Әрине, апай
Т: Сәбіздерді тапбу үшін біздерге сұрақтар берілген екен
1 сұрақ
Сәбіз қайда өседі? (талда ма, жерде ме )
Пішкен сәбіздің түсі қандай? (жасылма, қылғылтпа)
Ақ қоянда неше сәбіз бар? (бір сәбіз бе көп сәбіз бе)
Көгілдір қоянда неше сәбіз бар? (екі сәбіз бе, бір сәбіз бе)
Қара қоянда үйшіктен неше сәбіз алып бердіндер?
(3 сәбіз бе? 1 сәбіз бе?)
Диагностика
Т: Балалар сұрақтарға өте жақсы жауап бергендерін үшін сендерге үш түсті (қызыл, сары, жасыл) дөңгелектерді өте жақсы білгендерін үшін сендерге түстерді беремін. (әр бала өзінің қалташығына әр түсті дөңгелектерінін орнын тауып салады)
Т: Өте жақсы балалар сендер көп біледі екенсіндер, көп білгендерін үшін сендеге көп оқысын деп, ертегі кітаптарды сыйға беремін.
Т: «Мендегі сәбіз 3 саны» атты ашық сабағымыз аяқталды сау болыныздар!


Білім беру саласы: «Қатынас»
Бөлімі: «Тіл дамыту»
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекетінің тақырыбы: «Мысық»
Мақсаты: 
Білімділік: Балалардың үй жануары – мысық туралы әңгімелей білуге үйрету. 
Дамытушылық: 2 - 3 сөзден тұратын сөйлем құрату арқылы ауызекі сөйлеу тілдерін дамыту. 
Тәрбиелік: Жануарларға деген қамқорлық сезімдерін ояту.
Көрнекіліктер. Сүт ішіп отырған мысықтың суреті. Ойыншық үй жануарлары.
Әдіс - тәсіл: әңгімелесу, сұрақ - жауап, көрсету, ойын.
Іс - әрекет кезендері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс - әрекеті себепті қызығушылығын ояту кезеңі
Балалармен сәлемдесіп, шаттық шеңберін жасайды.
Орнымыздан тұрамыз
Күнге шаттана қараймыз,
Қуана қолымызды соғамыз,
Осылай күнге жылу шашамыз.
Таңғаларлық сәт: сиқырлы қорапша. Тәрбиеші балаларға қорапшадан ойыншықтар алып көрсетеді:
- Балалар, осы ойыншықтарды білесіңдер ме?
- Мынау не? Ал, мынау ше?
- Ат, сиыр, қой, түйе
- Балалар бұлар қандай жануарлар?
- Үй жануарлары.
Үй жануарларының пайдасы, түрлері туралы сұрайды. Төлдері туралы сұрайды.
Тәрбиеші балаларға сүт ішіп отырған мысықтың суретіне қарауды ұсынады.
- Мынау - мысық. Мысық сүт ішіп отыр. Себебі мысық сүтті жақсы көреді. Мысықтың түсі қара, екі көзі, екі құлағы, төрт аяғы, құйрығы бар.
Е. Елубаевтың «Ала мысық» өлеңін оқып береді.
Беті - қолын жуады.
Тышқандарды қуады,
Тазалықты сақтайды,
Апам оны мақтайды.
- Балалар, мысық қалай дыбыстайды? (Мияу, мияу).
Балалар мысықтың дыбысын салады.
Балалардан мысыққа қалай күтім жасайтының сұрайды, білмесе айтады.
Сергіту сәті:
Тікірейіп құлағы
Менен бұрын тұрады.
Бойын жазып керіліп,
Беті - қолын жуады.
Балалар тәрбиеші мен бірге қимылдарын орындайды.
«Мысық нені жақсы көреді?» дидактикалық ойыны.
Суреттен мысықтың нені жақсы көретінін таңдап алу.
Балалармен жұмыс:
«Мысықтың суретін құрастыру.»
Дидактикалық ойын: «Айырмашылығын тап»
«Мысық пен тышқан» қимылды ойыны.
Мысық, мысық ұйықтайды,
Тышқан, тышқан жорғалайды: пи - пи.
Тәрбиеші балалардың жауаптарын қорыта, білмегендерін үйретеді. Тілдері келмеген кейбір сөздерді қайталатады. Мысалы: мысық, мияулайды т. Б

Кел ойнайықта ойлайық



  • -Ардак

 

  • 8 ақпан 2014

 

  • 1856

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: «Кел ойнайықта ойлайық»
Мақсаты: Балаларды ойын әркеті арқылы дамытып, сөздік қорын молайту, шығармашылық, қоршаған ортаға деген катынасын танымын қалыптастыру.
Әдіс – тәсіл: түсіндіру әдісі, сұрақ жауап әдісі, саяхатқа шығу әдісі, ойын әдісі
Қолданатын көрнелілік құралдары: Орман макеті, гүлзарлар бейнесі, бейне тақта, үнтаспа, маша қуыршақ макеті, сөйлегіш қалам, пішіндер, үйшік, аю бейнесі, көбелек.
Тәрбиеші: Балалар біз бүгін табиғат аясына саяхатқа шығамыз. Біздің айналамызда жасыл орман, қазір біз гүлдердің жайқалып өсіп тұрған аланға келдік. Дала гүлдері әдемілігімен көздің жауын алып, иісі мұрынды жарады өзімізге ұнаған бір гүлмен танысамыз.
Балалар мына кереметті қара! мына гүл қимылдап өздігімен жылжып барады. Алайда бұл жылжыған көбелек екен.
Көбелек сендерге бір нәрсе атқысы келіп құлақтарыңның тұсына келеді.
Міне, енді сендерге сыбырлап жатыр, мұқият тыңдаңдар
Үнтаспадан дауыс естіледі
Маған тиіспе балақай! табиғатты қорғай біл, табиғат ана сендерді сендерді жақсы көреді әр бір шөп, өсімдік, гүл, құмырысқа, өрмекші барлығыда өмір сүргісі келеді. Өтінемін осыны мәнгі есіне сақтаңдар балақайлар!
Көбелек: Достар мен сендермен бірге ойнағанды ұнатамын, мен ұшамын сендер қуындаршы! (көбелек орманға қарай ұшып кетеді)
Қимылдық ойын: «Бұл ненің ізі?»
Ойының шарты: қай аңның ізі екенін табу. Аюдың қимыл әркетітің жасау және ізін басып орманға бару.
(Бейне тақтадан Машаның әні естіледі )
Маша: Ой балалар сендер екенсіндер ғой, мен аю досымшығар деп қуанып қалып едім, аю досыммен ойнайындеп ойындар алып келдім, ендеше сендермен бірге ойнайтын болдым.
Алақай – Алақай - Алақай
Достарым мен атам мен Әжеммің құралдарын қосып алдым маған ажыратып беріңдерші?
Дидактикалық ойын:
Бейне тақтадан Ата мен әженің құралдарын ажыратып жинап беру
Дидактикалық Ойын: «Көршісін тап»
Ойының шарты: үйшіктегі көршісінен адасқан сандарды ретімен орналасыру
Сандарды Тура және кері санау
1 2 3 4 5
Тәрбиеші: Маша сен аю досының құлпынайын орманнан теріп келші.
Мен сен келгенше достарымен ойын ойнай тұрайын
Балалар біздер орманға кіргенде мен мына жануарды көрдім
Бұл не балалар? аң ба? жануар ма?
Балалар: үй жануары сиыр, жылқы, түйе, қой
Дыбысы сиыр (му – му)
Тәрбиеші: Көмекші досым «Зерек» қаламнан сұрайыншы
«Зерек» қаламмен төрт түлік суретімен дыбыстарымен таныстыру
Маша: Достарым мен орман арасынан құлпынайды теремдеп адасып әрең шықтым сендерді көргеніме қатты қуанып турмын.
Тәрбиеші: маша сенің теріп келген құлпынайыңа рахмет
Балалар құлпынай жеміске жатады ма? көкөніске жатады ма?
Балалар: жеміс ке жатады, ол талда өседі
Олай болса көмекші құралым «Зерек» тен сұрайын
Тәрбиеші: балалар біздің әсем гүліміз шөлдеп тұрған сияқты, ал жақын маңда су жоқ енді қайтсек болады?
Ойын шарты: балалар қолмен үстел үстін тырсылдатып жаңбыр дыбысын салады ( бейне тақтадан жауаған жаңбырдың дыбысы естіледі)
Тәрбиеші: Міне, балалар біздің әдемі гүлдеріміз жанбырдың суын ішіп әдеміленді.
Тәрбиеші: Балалар Маша жаңбырға жаурамай турғанда аю досына апарып тасайық!
(Машаны аюдың үйшігіне апару)
Енді өзіміз жаурамай тұрғанда балабақшамызға ормалайық.
Мадақтау
(енді балалар біздің досымыз Машаның аю досының жақсы көретін жемісі құлпынайды маған көмектескендерін үшін құлпынайды сыиға беремін.
Қане, балалар құлпынайдың дәмі қандай екен? Тәтті ме?, ащы ма?





















 

  • Оқушыларға





















 

  • Сертификат алу

 

  • Бізбен байланыс

 

  • Сайтқа тіркелу

 

  • Танысу бұрышы

Начало формы

Іздеу

Конец формы



  • Мен қазақ болғаныма мақтанамын

  • Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

  • Интеллектуалдық марафон

  • Қош бол, балабақша!

  • «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

  • Мемлекеттік рәміздер

  • Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)

  • Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем

Оплаченная Реклама:
Заработок в интернете
Новинка - 70 долл. на SEO sprint
Крайне важно прочесть полностью, если Вам нужны деньги
150 рублей за 15 минут! 
Зарабатывай от 1000 долл. в месяц
Как я зарабатываю на форексе в среднем 2231 долл. в месяц? ..


FireFall — многопользовательская командная браузерная игра в жанре шутера

Қарапайым математикалық ұғымдарды қалыптастыру.

  • -Ардак

 

  • 7 ақпан 2014

 

  • 2677

 

  • 0

  • 0

Тақырыбы: «Ертегі еліндегі сандар»
Мақсаты: 
Білімділік: Логикалық есептер шешу, санамақтар айту, «Көршісінен адасқан сандар»сандарды ретімен үйіне орналастыру, сандар туралы тақпақтар айту, пішіндерді танып үйшігіне орналастыру, нүкте арқылы сандарды қосу.»Пішіндер неге ұқсайды»жұмбақ жасыру, пішіндерден бейне құрастыру ертегі кейіпкерлері арқылы ой қиялын шыңдау.
Дамытушылық: Логикалық ойын ойнату арқылы есте сақтау қабілетін дамыту, ой - өрісін, білімділігін зейінін, байқампаздығын, танымдық құзыреттілігін дамыту.
Тәрбиелік: Ой еңбегіне бейімдеу, еңбек сүйгіштікке, татулыққа, ұжыммен жұмыс істеуге, бірлікке тәрбиелеу.
Пәнаралық байланысы: Тіл дамыту, көркем әдебиет.
Әдіс – тәсілдер: көрсету, ертегіні сахналау, дид/ойын, піндерден бейнелер құрастыру әдісі, сергіту сәті, жұмбақ жасыру, мадақтау, қортындылау.
Көрнекілігі: Қасқыр мен жеті лақ ертегі кейіпкерлері, түлкі, нүктелі сандар, үйшіктегі сандар, геометриялық пішіндер үйшігі, орман бейнесі
Тәрбишінің іс - әрекеті
Мотивациялық қозғаушы күш
Сәлемберу тәрбиенің басы ғой!
Бір шаңырақ астында,
Тату – тәтті тұрамыз.
Бірге ішеміз астыда,
Бірге сауық сайран құрамыз.
Балалар: Достық шеңберімен қимылдар жасау
Тәрбиеші: Балалар біздер қандай ертегілер білеміз?
Балалар: Мақта қыз бен мысық,
Бауырсақ, жеті лақ ертегісін білеміз
Тәрбиеші: Суреттер бойынша еске түсіру. Үлкен ешкінің жылаған дауысы естіледі, балалар бұл ненің дауысы?
Балалар: Ешкінің дауысы
Тәрбиеші: Кәне, тыңдайық қай жақтан шығады?
Орманға қандай көлікпен барамыз?
Балалар: Орман жақтан
машинамен
машина дыбысын салып орманға жетеді
Тәрбиеші: Онда машинаға мінеміз, тез - тез орналасу.
Іздену ұйымдастырушы: (Алдарынан майысып түлкі шығады)
Тәрбиеші: Балалар түлкі біздердің затымызды ұрламақшы. Түлкіге не деп айтамыз?
Балалар: алаяқ ұрлама
Түлкі: жоқ балалар мен сендермен дос болғым келеді. Орманға кіргілерің келсе менің тапсырмаларыма көмек беріңдерші! Мына пішіндерді үйшігіне орналастыралмай тұрмын.
Түлкі: «Пішіндер неге ұқсайды»
Балалар: дөңгелек, сопақша, төрт бұрыш, тік төрт бұрыштың, үш бұрыш үйшіктерін тауып беру
жұмбақ жасыру.
Таңмен көзін ашады,
Әлемге нұрын шашады
Балалар: күн
Төрт бұрышты, бір ауызды.
Балалар: сандық тік төрт бұрышқа ұқсайды
Айдалада ақ отау,
Аузы, мұрны жоқ отау.
Балалар: жұмыртқа сопақша пішінге ұқсайды.
Тікен - тікен тік пісте,
Қысы – жазы бір түсте.
Балалар: шырша үш бұрышқа ұқсайды.
Төрде жатып шалқиған,
Дәу қарыны бар қампиған.
Балалар: жастық төрт бұрышқа ұқсайды.
Түлкі: Балаларға рахметін айтып, жол көрсетіп жібереді.
(Жолмен келе жатып үлкен ешкіні кездестіреді)
Ешкі: достарына қасқыр менің лақтарымды ұрлап кетті деп жылайды.
Тәрбиеші: Ешкі Жылама сенің лақтарынды іздеп тауып аламыз.
Балалар: Ешкімен бірге лақтарды іздеуге шығады. Алдарынан
қасқыр шығып жәй жүрсің дерме?
Балалар: Біздің ешкіміздің лақтары қайда?
Қасқыр: көргенім жоқ дейді!
Қасқыр: жарайды, сендер менің сұрақтарыма жауап беріңдер лақтардың қай жерде екенін айтамын!
1 тапсырма.
«Көршісінен адасқан сандар»
Балалар: сандарды ретімен үйіне орналастыру, тура және кері санау
2 тапсырма.
Сандар туралы санамақтар, тақпақтар сұрау.
Қасқыр шаршаған боларсыңдар бірге билейік.
Сергіту сәті:" жеті лақ ертегісінің музыкасымен билеу»
(оңға, солға иілу, жоғары – төмен қарау, алақан соғу, қимылмен жасау)
3 тапсырма
Пішіндерден бейнелер құрастыру.
Балалар: шырша, үй, омыртқа ою,
үйрек, аққала құрастыру
4 тапсырма
Логикалық есептер шешу
Бес алманың үшеуін,
Досың сұрап алады.
Айтшы сонда нешеуі,
Өз қолыңда қалады? Балалар: еку
«5»алған балаға 5 алма.
«4»алған балаға 4 алма.
«3»алған балаға 3 алма.
«2 алған»балаға неше алма? Балалар: 2 - алма
Бес бұтақты шыршада,
Бұтақ сайын екі алма.
Біреуін бер досыңа,
Сонда қалмақ неше алма? Балалар: Шыршада алма өспейді
Қолымда 1 алмұрт табақта 2 алмұрт
Қосқанда барлығын болады неше алмұрт? Балалар: 3 - алмұрт
Қасқыр енді 5 - ші тапсырманы шешеңдер лақтарды беремін дейді.
«Сандарды нүкте арқылы қосу»
Қасқыр көздеріңді жұмыңдар деп, өзі лақтар тұрған жерге барады да лақтарын шығарады.
Балалар: Берілген үлгі бойынша сандарде нүкте арқылы қосу.
Ешкі: әндетіп лақтарын қарсы алады.
Лақтарым, шырақтарым!
Есік ашып қайда кеттіңдер
шұнақтарым!
Өрісінен енең келді,
Сендерді іздеп шаршап келді.
Үйде мамаң жоқта есікті ешкімге ашуға болмайды деп ескертеді.
Ешкі: достарына рахмет айтып өз алғысын білдіреді
Балалар: машинамен ешкіні лақтарымен бірге балабақшаға алып қайтады.
Тәрбиеші: Балалар біздер қайда бардық?
Балалар: Орманға
Тәрбиеші Орманда қандай аңдарды көрдік?
Балалар: Түлкімен, қасқырды
Тәрбиеші Кімге көмек бердік?
Балалар: Ешкіге
Тәрбиеші Қасқырдың қай тапсырмасы ұнады?
Балалар: Сандар көршісін тауып берген, пішіндерден бейне құрастырған, нүкте арқылы сандарды қосу ұнады.
Ешкі рахмет айтып балаларға өз отбасының суретін беріп мадақтайды.(жеті лақ ертегісі)
Күтілетін нәтиже:
Біледі: сандарды, пішіндерді танып орналастыруды біледі.
Игереді: логикалық есептерді шешуді, сандарды нүкте арқылы қосуды, пішіндерден бейнелер құрастыруды. математикалық ұғымдарды

Киелі сандарға саяхат



  • Мамытқызы

 

  • 11 қаңтар 2014

 

  • 2155

 

  • 0

  • 0

Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас», «Әлеуметтік орта», «Шығармашылық».
Оқу іс - әрекеті: қарапайым математикалық ұғым, тіл дамыту, айналамен таныстыру, бейнелеу, жапсыру
Тақырыбы: «Киелі сандарға саяхат»
Мақсаты: Сандарға байланысты заттық, ұлттық ұғымдарды меңгерту. Имандылық, ізгілік, адамгершілікке тәрбиелеу. Сенсорлық қабылдау теориялық ойлау деңгейін дамыту.
Сөздік жұмыс: кем, бір, қосақ бір қосағы кем, жетінші түстің жұбы жоқ.

Балалар, бізде бүгін қуанышты күн, біздің тобымызға көптеген қонақтар келіп отыр. Қонақтарымызға достық шеңберімізді құрып, амандасайық, біз бір - бірімізді өте жақсы көреміз, тату достармыз, қане қол ұстасып бір - бірімізге жылу сыйлайық, (Балалар шеңбер құрып тұрады) біз күнде күнге қарап, күннің оттың жылуына жылынып, өзімізге жақсы тілектер айтыуымыз керек. Сонда күні бойы көңіліміз көтеріңкі болып, күніміз жақсы өтеді.


Аспан түрді түндігін,
Жерге сәуле таратты.
Неткен ашық күн бүгін,
Қайырлы таң, қайырлы күн.
Сәлеметсіздер - ме, апайлар!

Балалар, қазір жылдың қай мезгілі? Күз.


Күз мезгілінде неше ай бар? Үш ай бар.
Дұрыс айтасыңдар, үш ай бар, саусақпен санайықшы?. Қыркүйек, қазан, қараша.

Ғажайып сәт.


Ой, балалар, қараңдаршы бізге Дана атамыз қонаққа келіпті. Сәлеметсіз бе!

Дана ата:


Сәлеметсіңдер ме, балалар! Мен сендерді тәртіпті, үлгілі, жақсы балалар деп естіп, сендермен киелі сандар мекеніне саяхатқа бірге барайын деп, өзімнің жылуымды ала келдім.
- Ой, балалар, Дана атамыз бізге не алып келген екен?
От, жанып тұрған шырақ алып келіпті.
Барлығымыз отқа жылынып өзіміздің тілектерімізді білдірейік.
(Балалар әдептілік, ізгілік, ұқыптылық жайлы жақсы тілектерін білдіред) і.

Аспанымыз ашық болсын!


Әдепті инабатты болайық.
Әке шешеміз аман болсын!
Қазақстан елі жасасын!
Көк туымыз биік болсын!

Дана ата: тілектерің қабыл болсын балалар.


Енді мен сендерді киелі сандар мекеніне саяхатқа шақырамын.(балалар жол жүреді.)
Балалар алыс жол жүріп шөлдеп келеміз.
Бізге не керек? су керек.
Күн болмаса қайтер едік? Қараңғы қорқынышты болар еді.
Ауа болмаса қайтер едік? Дем ала алмай қалар едік.

Міне, балалар, киелі сандар мекеніне келдік. Ұзақ жол жүріп шаршаған шығарсыңдар, қане отырып тынығайық. Дана атай сізде отырыңыз.


Балалар отбасы Әке, шеше және баладан құралады.
Нешеу екен?
Бізге жолда нелер қажет болды? Ауа, су, күн. Нешеу? үш еу.
3саны киелі екен балалар.
Дана ата: Ой, балалар, мен ұмытып барады екенмін ғой, менің қоржынымда сендерге арналған сыйлығым бар.
Тәрбиеші: Қане, балалар Дана атаның қоржынындағы сыйлықты көрейік. Балалар бес санына байланысты ұлттық аспаптар мен бесқарудың суреттері бар екен.

Бес аспап: қобыз, домбыра, сыбызғы, дауылпаз, жетіген.


Бес қару: мылтық садақ, қылыш, найза, айбалта.(көрсету, тақтаға ілу, санау)
Қане, балалар, Дана атаның қоржынының екінші жағында не бар екен?
Сандар екен.(сандарды санап үстел үстіне қою).
Балалар сендер білесіңдер ме?, күн бұзылып жаңбыр жауып басылғанда аспаннан нені көреміз? Кемпір қосақты
Дұрыс айтасыңдар!
Кемпір қосақтың түсі неше түстен тұрады? жеті түстен тұрады екен
Қане, балалар, кемпірқосақтың түстерін атап тақтаға ілейік. (балалар түстерді атап тақтаға іледі)
Балалар бір аптада неше күн бар, атап өтейікші?
Жеті күн; дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі жұма, сенбі, жексенбі
Біз балабақшаға қанша күн келеміз? 1 - дүйсенбі, 2 - сейсенбі, 3 - сәрсенбі, 4 - бейсенбі, 5 - жұма
Қай күндері демаламыз? 6 - сенбі, 7 - жексенбі
Балалар біз балабақшаға келетін күннің бесінші жұма күні имандылық күні. 3, 5, 7сандары жәй сан емес киелі сандар екен.
Енді, балалар бір ойын ойнап сергіп алайық.
Ойын: «Жанды апта»
Ойын шарты: Үстел үстіндегі сандардан жеті күнді тауып, қатарға тұрып, апта күндерін ретімен атап шығайық.
Балалар, сендер апта күндерін білесіңдер ме?
Ендеше бір қадам алға шығып өздерің туралы айтып беріңдер?
1 - дүйсенбі, 2 - сейсенбі, 3 - сәрсенбі, 4 - бейсенбі, 5 - жұма
6 - сенбі, 7 - жексенбі
Ойынды барлығың өте жақсы ойнадыңдар балалар.
Саяхатымыз аяқталды, енді балабақшамызға қайтып, саяхатта көріп білгендерімізден, өз шығармашылығымызбен екі топқа бөлініп жұмыстар жасайық.
I - топ. Әке, шеше, бала отбасылық сурет салу.
II - топ. Бес аспап пен бес қаруды ажыратып жапсыру.
III - топ. Жеті түспен кемпір қосақты бояу.
Балалар барлығың жақсы жұмыс жасадыңдар, суреттерің сондай тамаша болыпты, Дана атайдың қоржыны құр қайтпасын суреттерімізді сыйлайық.
Дана атай:
Сендерге көп - көп рахмет балалар!
барлығың өнерлі екенсіңдер, енді мен қайтайын Қош сау болыңдар!
Сау болыңыз!
Қорытынды бөлім;
Балалар біз қайда бардық? Киелі сандар мекеніне саяхатқа бардық.
Бізге бүгін қонаққа кім келді? Дана атай келді.
Саяхат сендерге ұнады ма? Саяхат қызықты болды, бізге ұнады.

Балалар, сендер әрдайым осындай білімді, кішіпейіл, ақылды болыңдар. Бүгінгі іс - әрекетке жақсы қатысқандарың үшін рахмет! Ендеше, балалар, келген апайларға, жүрек жарды сөзімізді айтып,


шығарып салайық.

Жамандықтан жиренген,


Жақсылықты үйренген.
Тілді таза сөйлеген,
Біз ақылды баламыз.
Ризашылықпен сіздерге
Қош айтамыз апайлар.

Күтілетін нәтиже


Білу керек: Заттық ұғымдарды түсінігіне қарай байланыстыра білу, танып білу, санау, ұлттық ұғымдағы танымдары қалыптасады.
Үйрену керек: Сенсорлық түстерді дұрыс қабылдау, санның өсу, кему ретімен дұрыс орналастыра білу.





















 

  • Оқушыларға





















 

  • Сертификат алу

 

  • Бізбен байланыс

 

  • Сайтқа тіркелу

 

  • Танысу бұрышы

Начало формы

Іздеу

Конец формы



  • Мұғалімдер арасында "Екі жұлдыз" мұғалімдер күніне орай

  • Интеллектуалдық марафон

  • Қош бол, балабақша!

  • «Қош келдің, Жаңа жыл» 2015 жылдың балаларға арналған ертеңгілігі

  • Мемлекеттік рәміздер

  • Қазақтың келіндері- ай (келіндер сайысы)

  • Ұстазым-ұлағатым, үлгі өнегем

  • Мен қазақ болғаныма мақтанамын

Оплаченная Реклама:
Заработок в интернете
Заработай от 50 долл. в день
20pro12
Пожалуй, самый простой способ заработка денег через интернет..
150 рублей за 15 минут! 
Крайне важно прочесть полностью, если Вам нужны деньги


FireFall — многопользовательская командная браузерная игра в жанре шутера

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

  • Молдахан М

 

  • 9 тамыз 2013

 

  • 15828

 

  • 0

  • 0

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру

Бүгінгі бөбек – ертеңгі азамат – қоғам иесі. Балғын бөбектерге ең алғаш жол көрсетуші, бағыт беруші – балабақша тәрбиешілері. Өйткені білім мен тәрбие негізі баланың жеке басын қалыптастыру негізі балабақшада қаланады.

Балаларға сандарды айту, түсіндіру, артық, кем, тең қатынастарын анықтауда салыстыру тәсілінің мәнін түсіндіру, сандарды тура және кері санауға жаттықтыру. Ұзындығы мен ені, биіктігі мен жуандығын салыстыру арқылы сөздік қорларын молайтып, математикалық ұғымдарын қалыптастыру. Балабақшадағы балалардың білімін зерттеу тәрбиешінің ең маңызды, негізгі жұмыстарының бірі. Зерттеу жұмыстары баланың оқу жылы басындағы білім деңгейін жыл бойында оны жетілдіруге мүмкіндік береді. Нәтижесінде, топқа тез үйреніп, жыл соңында балалардың ілгерілеуін анықтайды. Зерттеу әр баланың жетістік көрсеткіштерін анықтауға көмектеседі. Зерттеу әдісін таңдау оның мақсатына байланысты. Стандарттан алынған тапсырмаларға сүйеніп, балалардың деңгейін жоғары, орташа, төмен деп аламыз. Әр тоқсан сайын және жыл соңында балалардың білім деңгейін тексере отырып балл қойылады.

- тапсырманы қатесіз өз бетінше орындаған бала


- тапсырманы үлкендердің көмегімен орындаған бала
- тапсырманы қатемен орындаған бала
- тапсырманы орындамаған бала

Балалардың танымдық іс - әрекетін дамыту, олардың құзіреттілігін қалыптастыруда зерттеу жұмыстарының маңызы өте зор. Көптеген зерттеулер балалардың көзқарасын кеңейтуде және қасиеттерінің дамуына әсер етеді. Балалардың ойлау қабілетін дамытуда математика пәнінің алатын орны ерекше. Оның әрбір жұмысы ой белсенділігін қажет етеді. Зерттеу балалардың ойлау қабілетін жетілдіретін жаттығу жұмыстарын жүргізуге көп көңіл бөлу керек. Олар әртүрлі математикалық логикалық есептер, сөзжұмбақтар, математикалық ребустар, жұмбақтар мен жаңылтпаштар, санамақтар. Енді соның ішінде математикалық логикалық есепке тоқталайық.


Бес бұтақты ағашта,
Бұтақ сайын бір алма.
Біреуін бер Маратқа,
Сонда қалмақ неше алма?
(4 алма)
Қазақ ауыз әдебиетінен орын алған ерте заманнан бастап бүгінгі күнге дейін даму, өсу үстінде келе жатқан жанрдың бірі санамақ. Санамақтарды халық негізінен, жас балаға сан үйрету мақсатымен шығарған. Санамақтар арқылы мектеп жасына дейінгі балаларды қоршаған ортадағы дүниені тану мен қатар халқымыздың атадан қалған салт дәстүрін де санау арқылы үйренеді, әрі дүниені таниды. Баланың қисынды ойлауы мен математикалық ойлау қабілетін дамытады. Атау ұйқастырып санау арқылы бала санауды үйренеді, әр санға ұқсас заттарды танып біледі. Қолданып жүрген санамақтарымнан мысал келтірейін.
Саусақтарды салалап,
Кел санайық санамақ.
Бірім – бірлік,
Екім – елік,
Үшім – үскі,
Төртім – түскі,
Бесім – бесік,
Алтым – асық,
Жетім – желке,
Сегізім – серке,
Тоғызым – торқа,
Оным – олжа,
Санамақты санадық
Енді сәл дем алалық.
Санамақтар әртүрлі мағынада болады. Осындай санамақтар арқылы балалардың тілін дамытып, санау қабілетін арттырамын. Санамақтағы әрбір сөзді, атауды есінде сақтаса, олар білімді, жеті атасын білетін, болашағынан үміт күттірер азамат болып өседі деп ойлаймын. Саусақ санау ойыны баланы сан үйренуге қызығушылығын арттырады. Осы санамақтарды бос уақытта, күннін екінші жартысында жаттату арқылы мағыналарына түсінік беремін. Санамақтар балаларға ұлттық нақышта тәрбие жұмыстарын жүргізумен бірге оларды мектепке даярлайды.

Мектеп жасына дейінгі балаларға қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру тақырыбында зерттеу жұмысын жасадым.


Зерттеу барысында қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыруда санды тура санау, санды кері санау, цифрларды тануы, көлем, салыстыру, геометриялық пішіндер, кеңістікті бағдарлау, уақыт ұғымдарын төмендегі тапсырмалар арқылы зерттедім.
1 - тапсырма: 1 - ден 5 - ке дейін тура санау.
1. Суреттегі алмұртты дұрыс санап беру керек.
2. Суреттегі балапандарды сана.
3. Алма ағашының басындағы алманы сана.

2 - тапсырма: 5 - тен 1 - ге дейін кері санау.


1. Ауызша 5 - тен 1 - ге дейін кері сана
2. Суреттегі санды көрсетіп, 5 - тен 1 - ге дейін кері сана.
3. Сан қатарындағы жазылмай қалған санды жаз.

3 - тапсырма: Цифрларды тануы.


1. Суреттегі цифрларды дұрыс көрсетуі керек.
2. Цифрларды ретімен жаз.
3. Суреттегі цифрды ретімен сызықпен сызып қос.

4 - тапсырма: Көлем.


Көлемді сипаттап айта білу үшін мына тапсырманы пайдаландым.
1. Суреттегі нәрсенің көлемі үлкенін тап.
2. Суреттегі заттың қайсысы ауыр.
3. Қайсысы кіші екенін ата.

5 - тапсырма: Шамаларды салыстыру.


1. Қай ағаш биік?
2. Қайсы жануардың бойы қысқа?
3. Суреттегі екі жолдың қайсысы жіңішке?

6 - тапсырма: Геометриялық пішіндер.


1. Заттар қандай геометриялық фигураға ұқсайды? Геометриялық фигураны шаршының ішіне сал.
2. Қай пішін жоқ? Соның суретін сал.
3. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден құрастырылған.

7 - тапсырма: Кеңістікті бағдарлау.


1. Не қайда орналасқан?
2. Қыздың оң жағында не бар?
3. Суретте жоғарыда не бар?
4. Қайда жасырынған?

8 - тапсырма: Уақыт.


1. Мынау қай уақыт?
2. Мезгілдердің ішінен күз мезгілін көрсет.
3. Кешкі уақытты көрсет

Оқу іс - әрекетінде көрсетіп, түсіндіріп серуен кезінде бақылау жүргізіп, қоршаған ортадағы заттарды салыстыру арқылы түсінік бердім. Соның нәтижесін тоқсан соңында тапсырма беру арқылы орындаттым.

Барлық тапсырманы орындағаннан кейін тоқсан соңында балалардың балдарын есептеп зерттеу кестесіне салдым. Алынған қорытынды бойынша баланың даму деңгейі және оның мектепке қаншалықты дайын екенін анықтадым.
35 - 40 балл болса баланың деңгейі жоғары. Ол тапсырмаларды жеңіл орындайды. Оның даму деңгейі жасына сай келеді. Бала мектепке баруға дайын.
25 - 30 балл болса баланың деңгейі орташа. Оған көмектесу қажет. Баланың қиын тиген бөлімдерге көңіл аудару керек. Сол бөлімдерге қосымша тағы жұмыс жүргізу керек. Сонда бала жақсы нәтижеге жетеді.
15 - 20 балл болса баланың деңгейі төмен. Бүл көрсеткіш баланың әзірге мектепке дайын еместігін білдіреді. Баламен көбірек жұмыс жүргізуді қажет етеді.
5 - 10 балл болса бұл нәтиже жеткіліксіз, бала мектепке баруға мүлдем дайын емес. Оның даму деңгейі жасына сай келмейді.

І - тоқсанда тобымдағы балалардың жинаған нәтижесі.


Нәтиже
18 бала – жоғары
4 бала – орташа
3 бала – төмен.

«1-10-ға дейінгі сандарды қайталау»



  • КлараБ

 

  • 13 мам 2013

 

  • 3911

 

  • 0

  • 0

Білім саласы: қатынас, таным, әлеумет.
Білім бөлімі: математика, тіл дамыту, көркем әдебиет.
Тақырыбы: «1 - 10 - ға дейінгі сандарды қайталау»
Мақсаты: Сандарды білуге, кері санай алуға, заттың санын білуге, математикалық тапсырмаларды дербес шеше білуге, логикалық ойлау қабілетін дамытуға дағдыландыру.
Көрнекілігі: слайдтар, кеспе сандар, суреттер
Барысы: Балалар бүгін біз « Математика патшалығына саяхат
жасайық. Қане, дайынбыз ба?
1 - кезең. « Санды тап» ойыны
Слайд 1 көрсетіледі.(балалар сандарды атайды.)
Қолдарындағы кеспе сандарды көрсетеді. Балалар осы сандар туралы санамақ білеміз бе? Кім айтады?
1 - дегенім – бесік,
Шықтым содан өсіп,
2 - дегенім - елім,
Далам, тауым, көгім,
3 - дегенім - үміт,
Үміт артар жігіт.
4 - дегенім - төзім,
Төзе білем өзім.
5 - дегенім - бақыт,
Бағалайтын уақыт.
6 - деген – ақыл,
Тыңдағаның мақұл.
7 - деген - жалау,
Жүректегі алау.
8 - деген - сөзің,
Серт беретін кезің.
9 - деген – тоқтау,
Елдің жоғын жоқтау.
10 - дегенім – Отан,
Қорға соны, ботам!
Суретпен жұмыс.(заттардың санын санау )
Ал енді кері санайық. 10, 9, 8, 7, 6, 5, 4, 3, 2, 1, 0
2 - кезең. «Кім жылдам?» ойыны Слайд 2 көрсетіледі (балалар артық затты табады.)
Енді мен сендерге жұмбақтар жасырайын, шешуін табыңдар.
Алты қырлы,
Алтын сырлы.
(қарындаш )
Екі ағайынды,
Екеуі де бір үйде.
Бірін - бірі көрмейді.
(көз)
3 - кезең. «Ойлан тап.
Слайд 5. ( сандарды қосып, теңдіктің шешуін дәлелдеу.)
4 - кезең. Адасқан сандарды тауып, сұрақтарға жауап беру.
1. Көп саннан азға қарай сана
2. Қайталанған санды тап
3. 7 - ден үлкен санды тап
4. 7 - ден кіші санды ата
5. 3 - тен кіші санды тап.
5 - кезең. Тиісті таңбаны қой, есепті шығар.
Жауабын тексер.
Міне, балалар өз білімімізді тексердік. Жарайсыңдар!

ктеп жасына дейінгі балаларды ақыл-ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу



  • jadyra-kasaiy

 

  • 10 сәуір 2013

 

  • 10026

 

  • 0

  • 0

Мектеп жасына дейінгі балаларды ақыл - ой тәрбиесі арқылы дербестікке тәрбиелеу.

Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие - адам қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Бұл баланың әсерленгіш, еліктегіш, ойлауды, сөйлеуді меңгеруімен алғаш рет бөтен ортаға бейімделуімен сипатталатын кезең Мектеп жасына дейінгі тәрбиенің негізі бес жасқа дейін қаланады.


«Бес жасқа дейін жүргізілген барлық тәрбие ісіңіз - бүкіл процесінің тоқсан проценті», - деп Жүсіп Баласағұни балалық кезеңдегі тәрбиенің маңызын анық көрсеткен.
Баланың ақыл - ойын жүйелеу, ойлау қабілетін жетілдіру, дәлдікке үйрету шындыққа тәрбиелеу мақсатында, сауаттылыққа баулу - бүгінгі күн талабы.

Мектеп жасына дейінгі баланы дамытатын, өсіретін әрі тәрбиелейтін де негізгі іс - әрекеті - ойын.


Ойын арқылы бала өзін қоршаған ортамен, табиғатпен, қоғамдық құбылыстарымен, адамдармен, олардың еңбегімен, қарым - қатынастарымен танысады.
Белгілі педагог А. С. Макаренко баланың өміріндегі ойынның атқаратын қызметі туралы; ''Үлкендер үшін жұмыстың, қызметтің маңызы қандай болса, балалар үшін ойынның маңызы сондай болады - деген; ''
Біз балалардың ойнай жүріп, анасының, әкесінің барлық мамандық иелерінің қызметтерін атқарып жүретінін байқаймыз. Мектепке дейінгі кезең біз түсінгендей өмірдің тек алаңсыз кезеңі ғана емес, ересектерге олар тек киімі бүтін, қарны тоқ болса ойнап - күлуді білетін сияқты көрінеді.

Барлап қарасақ балалар өмірінде де ересектер өміріндегідей күрделі, күрмеуі қиын, кейде тіпті шешілмейтін проблемалар көп және олар балаларды ренжуге, қапалануға мәжбүр етеді. Қиыншылықтармен күресуге, жеңе білуге, қуануға үйретеді.


- Түрлі - түсті текшелерден үйді қалай салу керек?
- Ойыншықтарды өзара қалай бөлісеміз?- деген болмашы сұрақтарды өздері олар ересектер ше талқылап жатады.

Сонымен мектепке дейінгі кезең – баланың жеке тұлға болып өзін - өзі сезінуінің алғашқы сатысы демек адамгершілік ақыл – ой және басқа да қасиеттерінің ең маңызды кезеңі. Баланың мәдениетті сөйлей білуі үй ішінде, балабақшада, отбасында алған білім тәрбиесіне байланысты. Біздің басты міндетіміз баланы жан - жақты дамыта отырып тілін дамыту. Сөздік қорларын байытумен қатар есте сақтау қабілеттерін арттыру.


Баланың ана тілінде таза еркін сөйлеуін мектепке дейінгі кезеңде меңгертуге тиіспіз.
Ұлы педагог К. Д. Ушинский:”Кімде кім баланың тіл қабілетін дамытқысы келсе, ең алдымен оның ой - өрісін қабілетін дамытуы тиіс “- деген. Әрбір ұйымдастырылған оқу іс - әрекеттерін өткізуде тәрбиешінің шығармашылығы, әдіс - тәсілдері тиімді пайдалануы, оқу іс - әрекетін түрлендіріп ұйымдастыруда ойындарды мақал - мәтелдерді, жұмбақтарды қолдануы балалардың қиялын шарықтатады. Білімді меңгерту үстінде баланың ойлау қабілеті ұштасады.
Кішкентай балалар тез еліктегіш жан - жағына алаңдағыш келеді. Сөзді мәнерлеп айтуда болсын, балалар тәрбиешіге, үлкендерге еліктейді. Тіл дамыту, Көркем әдебиет оқу іс - әрекеттерін ойын арқылы өткізу адамгершілік мінез – құлықты қалыптастыруға ықпал етеді. Сәлемдесуге баулу, достыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеуге бейімдейді. Мен өз тәжірибемде балалар тілін дамытуда, ой - өрісін кеңейту мақсатында мына жобаларды негізге ала отырып жұмыс жасаудамын.

- Тілді дұрыс меңгеру;


- Ауыз екі сөйлей білу;
- Көркемсөз үлгілерін үйрету және игерген білімдерін қолдана білу;
- Сөздік қорын молайту;
- Дыбыстарды анық айтуға үйрету
Осы жобаларды меңгерген бала мектеп табалдырығын аттауға емін - еркін сөйлей алатын деңгейге жетеді.
Мектеп ж. д. бала көзбен көріп таныған затты дұрыс қабылдап, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда оларға суреттеп көрсетіп әңгімелеу өте әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне өмір мен табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана сезіміне, жүйелі сөйлеуіне әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.
Мектеп жасына дейінгі бала көзбен көріп, таныған заттарды дұрыс қабыл, елестете алады. Сондықтан баламен сөйлескенде, әдеби шығармаларды оқығанда, оларға суреттер көрсетіп, әңгімелесу әсерлі болмақ. Шығарма мазмұнына немесе балалардың іс - әрекетіне, өмір табиғат құбылысына арналған көркем суреттер баланың сана - сезіміне, жүйелі сөйлеуге әсер етеді. Өмір құбылысын нақты көріп тануға жол ашады.

Бала оқыған әңгіме, ертегі мазмұнын сурет арқылы тез қабылдап түсінеді. Сондықтан ертегі, әңгімелердің суреті айқын, шығарма мазмұнына сай болуын ескерген жөн. Баланың тілін, сана - сезімін жетілдіру, эстетикалық талғамын байытуда теледидар арқылы берілетін мультипликациялық фильмдерді көрсетіп әңгімелесу, оқылған шығармаға байланысты диафильмдер, компьютер қолдану пайдалы.

Балаға диафильм немесе теледидардан әр түрлі қызықты көрсетілімдерді көрсету қазіргі заманда өте қажет. Бала теледидар көріп отырғанда жан - жағындағылар дауыстап сөйлеп, әңгімелесу болмауын ескерген жөн. Көріп не тыңдап отырғанда бала жақсы түсініп, қабылдайтын болуы керек. Сонымен бірге баладан алған әсерін айтып беруге үйретіп отыру қажет.
Бүгінгі күн талабы – баланың ақыл - ойын дамыту, ойлау қабілетін жетілдіру, өзіндік іскерлік қасиеттерін қалыптастыру, заман талабына сай ойы жүйрік етіп тәрбиелеу.
Білім беру жүйесінің барлық сатыларының алдында тұрған көкейкесті мәселелерінің бірі – білім сапасын арттыру, оның әдістемесін жетілдіру, жас ұрпақтың тұлғалық ойлауын дамыту болып табылады.
Заман талабына сай жас ұрпақ тәрбиелеуде мектепке дейінгі бала тәрбиесімен айналысатын қызметкерлер, тәрбиешілерге жауапты міндет жүктеледі. Бұл міндетті кең байтақ республикамыздың барлық мектепке дейінгі мекемелерде қызмет атқаратын мамандар абыроймен атқарып келед

Математика еліне саяхат



  • Ж_а_н_а_р

 

  • 31 қаңтар 2013

 

  • 13745

 

  • 0

  • 0

«Ер Төстік» ортаңғы тобының ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Білім беру салалары: «Таным»
Бөлімдері: ҚМҰҚ
Тақырыбы: Математика еліне саяхат (1-ден 5-ке дейін санау)
Мақсаты: 1. Білімділік: 5 көлемінде сандық есептеу дағдысын дамыту, сандарды тура және кері санауға, сандар көршісін атауды, кеңістікті бағдарлау оң, сол, алдыда, артта ұғымдарын дамыту. Геометриялық пішіндер туралы білімдерін кеңейту. Апта күндерін атауды үйрету, балалардың тілін дамыту жұмыстарын жалғастыру, білімге деген құштарлығын арттыру.
2. Дамытушылық: Балалардың білімін дамытушы ойындар арқылы әртүрлі тапсырмаларды орындай отырып, салыстыру, санау, топтау дағдыларын ойын арқылы дамытып, санамақ айту арқылы сөздік қорларын молайту, ой - өрісін дамыту.
3. Тәрбиелік: Балаларды тапқырлыққа, іздемпаздыққа тәрбиелеу. Табиғат пен адам арасындағы қарым - қатынас арқылы татулыққа, бірлікке, еңбек сүйгіштікке тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Санамақ таяқшалар, геометриялық пішіндер кесінділер, ойыншықтар, үйшік.
Әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің іс - әрекеті
Балалардың іс – әрекеті
Мотивациялық - қозғаушылық Сабаққа ұйымдастыру. Балалар барлығымыз жылулық шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасайық.
Күннің көзі ашылып,
Көкке шуақ шашылып,
Құтты қонақ келіпті,
Төріме міне еніпті,
Амандасу үлкенге
Тәрбиенің басы ғой,
Ал қанекей бәріміз,
«Сәлеметсіз бе,» дейік үлкенге,
Сәлеметсіздер ме, апайлар!
(Балалар қонақтармен амандасады).
- Қане барлығымыз орнымызға отырайық. Балалар қазір жылдың қай мезгілі?
Күз мезгілі
- Күз мезгілінде неше ай бар?
Үш ай бар: Қыркүйек, қазан, қараша
- Бір аптада неше күн бар?
Бір аптада жеті күн бар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі.

- Мен сендерге жұмбақ жасырайын, мұқият тыңдаңдар


Туысқан бес кісі, Бірінен – бірі кіші. Бәрінің аты бір, Ең кішісі шеткісі. (шешуі: бес саусақ)
- Сандарға арналған санамақ кім біледі?
Айдана: «Бір үйде біз нешеуміз?» санамағы.
Бас бармақ - әкем, Балан үйрек - шешем, Ортан терек - ағам, Шылдыр шүмек - әпкем, Кішкене бөбек - мен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде біз бесеуміз.
Іздену барлау Д. о «Үйшік».
- Қараңдаршы балалар жазық далада үлкен емес, кіші емес бір үйшік тұр. Сол жазық дала бойымен 1 саны жүгіріп келеді, үйшікті көреді де есікті қағады, ешкім дауыс бермеген соң ішке кіреді. Осында тұрайын деп отырады. Солай 2, 3, 4, 5, сандары келіп берілген тапсырманы орындап барлығы бірге тұрады.
5 саны: Есік тұтқасын ұстап ойланады. Әрі ойланып, бері ойланып сопақша пішін деп жауап беріп, үй ішіне кіреді. Осылайша сандар бірге тату - тәтті дос болып бірге тұрады. (Сандар қатарымен тұрады)
Балалар қандай сандар екен? Осы сандармен ойын ойнайық «Қай сан жоқ?» Ойлау қабілеттері арқылы сандарды санау арқылы, жоқ санды табу.

Сергіту сәті: 1 дегенде тұрайық,


2, 3, 4,- алақанды соғайық,
Оң жаққа бұрылып,
Сол жаққа бұрылып
Бір отырып, бір тұрып,
Біз жүгіріп алайық.
5 дегенде асықпай,
Орнымызды табайық.
Балалар, есікті біреу қағып жапқан сияқты, естисіңдер ме? - Хош келдің, сен кімсің?
Жалқаубек: - Сәлеметсіңдер ме, балалар, менің есімім. Мен көмек сұрап келдім. Маған апайым тапсырма берді. Сендер көмектесесіңдер ме?
1 - тапсырма: сандарды тура және кері санау.
2 - тапсырма: мына пішіндер қандай пішіндер деп аталады? Қанша бұрыштары бар? Түстері қандай?
Санамақ таяқшалардан қандай пішіндер құрастыруға болады? Жалқаубекпен ойын ойнайық. Геометриялық пішіндерге, сандарға байланысты сұрақ - жауап арқылы ойлау қабілеттеріңді байқап көрейік. 
«Көңілді математика» ойыны.
1. Қандай зат дөңгелек тәрізді болады?
2. Екі тышқанда неше құйрық?
3. Сендердің жастарың нешеде? (Балалар қуана ойнайды).
1 саны: Мен - 1саны, Бір дегенім - бала, Санды дұрыс сана. Сенің қанша атаң бар? Сенің қанша апаң бар?
2 саны: Мен 2 санымын, сен қызыға қараған. Екі дегенім – ешкі, Таудан келер кешке. Лағы оның қанша? Ізде келмей қалса.
3 саны: Мен 3 санымын, құралған екі ілмектен. Үш дегенім - үйім, Үйде жақсы күйің, Бақшадан да қалма, Тап - таза боп киін.
4 саны: Мен 4 санымын, иілген үшкір шығанағым. Төрт дегенім - түлік, Жүрген мұны біліп, Жылқы, сиыр, түйе, қой, Санаңа мұны түйіп қой.
5 саны: Мен сопақша пішінмін деп кіріп кетеді.
1, 2, 3, 4, 5,
(Балалар таңырқай қарайды).
Жалқаубек
Көмектесеміз
1, 2, 3, 4, 5; 5, 4, 3, 2, 1.
Геометриялық пішіндер. Үшбұрыш – қызыл түс, Төртбұрыш - көк түс, Дөңгелек – сары түс, Сопақша – жасыл түс. Санамақ таяқшалардан үшбұрыш, төртбұрыш құрастырады.
1. Күн, доп, қарбыз 2. Екі құйрық 3. Төртте, бесте
Рефлексивті – қорытындылау
- Жарайсыңдар балалар, өте тапқыр екенсіңдер. Жалқаубек біздің балалардың білімге деген құштарлығын байқаған боларсың. Сен де апайлар берген тапсырманы күнделікті орындап жүр.
- Балалар мен сендерге беретін сыйлықтарым бар. Балалар сендерге көп - көп рахмет!

Күтілетін нәтиже Білуі немесе хабардар болуы: 1-ден 2-ге дейін сандарды біледі, таниды.


Қалыптасқан әдет: Тура және кері санайды.
Істей біледі: Суреттерге қарап сан құрамын ажыратады

Сабақ жоспары. 1 сынып. 8 саны және цифры

Сабақтың тақырыбы: 8 саны және цифры 
Сабақтың мақсаты:8 санымен және цифрымен, ол санды шығарып алу жолдары, оның сандар қатарындағы орнымен таныстыру.Оқушылардың ойлау,есептеу дағдыларын дамыту,8 цифрын дұрыс жазуға үйрету. 
Сабақтың типі:аралас сабақ 
Сабақтың әдісі:сұрақ- жауап, 
Көрнекілігі: сандар қатары, 8 цифрының үлгісі,дидактикалық материалдар 

Сабақтың барысы: 


I. Ұйымдастыру:Күн міне ерте оянды, 
Әйнекке біздің қарады. 
Асығамыз сабаққа, 
Шақырған соң математика. 
II. Үй тапсырмасын сұрау.Үйге берілген тапсырманы пысықтап ,талдау. 
«Кім жылдам»ойынымен 7 санының құрамын жазу 
III. Мақсат қою. 
1.0-дан 7 дейін тура, кері санау 
2. қандай санды жоғалтым. 0..2...4...6... 
3.Лргикалық тапсырма 
Алты қонжық көңілді, 
Тергісі келіп таңқурай. 
Тоғайға қарай беттеді, 
Шаршаңқырап ең кішісі, 
Қалып қойды достардан. 
Ал енді жауап беріңдер? 
Озып кеті қонжықтың, 
Алға қарай нешеуі? 
4.Жұмбақ шешу 
Менімен таныс емесің, 
Теңіз бүбі қонысым. 
Аяғым сегіз ,басым бар, 
Айтшы қане кіммін мен ?(сегізаяқ) 
Сегіз аяқ ,сегіз қол, 
Кестелейді тігеді. 
Жібектей әсем дөңгелек, 
Пайдасын шебер біледі 
Болғандықтан ол керек 
Алыңдар сатып шыбындар 
Сендерге де сол керек. (өрмекші ) 
-Бүгін біз сабақта не үйренеміз?8 санын шығарып алуды,8 цифрын жазуды. 
IV. Жаңа сабақ: 
- Сандар қатарындағы 8 санының орны қайда? 
- 8 саны қай саннан кейін келеді? Неліктен? 
5. кітаппен жұмыс: 
№ 1 тапсырма бойынша оқушылар 8 санын қалай шығарып алуға болатынын айтады.түсіндіреді. 
Сергіту сәті; 
Бір ,екі , үш 
Бойға жинап күш. 
Қолға қалам аламыз 
8 санын 
Әдемі етіп жазамыз. 
6.Дәптермен жұмыс 
- № 2 тапсырма бойынша 8 цифрының жазу үлгісімен танысу,жазу. 
7.өзіндік жұмыс:№ 3,5 
Сергіту сәті: 
-Санамақайту. 
Сегіз дегенім- сеңсең. 
-Сегіз дегенім-сертің, 
Серт беретін кезің. 
-ребус шешу: к г 
-мына ребусты шешсеңдер бір сан шығады.( С 2 З) 
V. Сабақты бекіту: 
- « құлпынай жинап себетке сал»ойыны 
- - 3-7 сандарының құрамын табу. 
Сабақты қортындылау: 
-Қандай санмен таныстық ? 
- 8 саны қай санан кейін тұрады ? 
- бгінгі сабақ ұнады ма ? т.б 
- сабаққа қатысқан оқушыларды мадақтау, бағалау

Тақырыбы: 8 саны мен цифры

Бөлімдері: Математика

Оқу  тәрбие  міндеттері:

Білімділік: Сандар  қатарын  қайталау, 8 санын қосу  және  алу. 8 санының  құрамынмен  таныстыру.

Дамытушылық: Оқу –танымдық, коммуникативтік, ақпараттық-технологиялық  құзыреттіліктерін, ойлаудың  математикалық  стилін, логикалық  ойлау құрылымдарын  дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілік  және  экологиялық  тәрбие  беру.

Сабақтың  түрі:Ертегі  сабақ

Сабақтың  әдіс-тәсілі: Оқу  және  жазу  арқылы  сын  тұрғысынан  ойлау, ақпаратты- коммуникативті  технологиясы.

Сабақтың  көрнекіліктері: интерактивті  тақта.

Сабақтың  барысы: 1.Психологиялық  ұйымдастыру  кезеңі. «Достар» психологиялық  жаттығуы  арқылы  көңіл-күй  орнату.Топта  отырған  оқушылар  бір  қолдарын парта ортасына  біріктіріп,  бір-біріне  іштей  жақсы  тілектер  тілейді.

Кіріспе  әңгіме:

- Балалар бүгінгі  сабақ   өзгеше  болады.Қалың  орманның  қандай  болатынын  білесіңдер ме?Сендер  өздеріңді  орманда  серуендеп  жүргендей   сезініңдер.Реолаксация  жасалынады.

(Оқушылардан  көздерін  жұмып, ормандағы  сайраған  құстардың дауысын, жапырақтардың  иісі, т.б  көздеріне  елестетеді.Көздерін  қайта  ашу сұралады.)

-Орман  ішінен  бізге  жол  көрсететін  бір  құс  кездесті. Бұл құсты  танисыңдар ма?Бұл  оқымысты  үкі.(интерактивті  тақтадан қолына  кітап  ұстаған, көзілідірік  киген  оқымысты  үкі  шығады)

-Балалар  оқымысты  үкінің  бізге арнайы  дайындаған  тапсырмалары  бар  екен.

Үкінің  1  тапсырмасы:Суретте  7 ағаш көрінеді.

(Арнайы  нота  берілген батырманы  басып, үкіні  7 рет  гуілдетеді.)

Алған білімдерінің  диогностикалық  кезеңі.

Үкінің  2-ші  тапсырмасы:

2 санының  көршілерін  ата!

5 санының  көршілерін  ата!

Аптаның  5-ші күнін  ата!

Аптаның  7-ші күнін  ата!

Аптаның  нешінші  күні  демаламыз?

Көршілеріңнің  нөмерін ата!

Мысалы: мен  6-шы  үйде  тұрамын,Балнұр 7-ші  үйде  тұрады,  ал  Ринат қай үйде  тұрады?

7 саны  неге  (зат) ұқсайды?

Жаңа  сабақ.Үкінің  3-ші  тапсырмасы: №1  есепті  шығарып  жаңа  сабақты  түсіндіру.

1-7  =8        8-1=7

6+2=8         8-2=6

5+3=8         8-3=5

4+4=8         8-4=4

Әліппе-дәптер  бойынша  есептерді  шығару.

Үкінің  4-ші  тапсырмасы. Жемістер  арқылы №2 есепті  шығару  беріледі.

Үкінің 5-ші  тапсырмасы  сендерден  орман туралы  ән есту  екен.Бізде  үкінің  тапсырмаларын  орындаймыз деп  шаршаппыз, кішкене  сергіп  алайық, балалар.

Сергіту  сәті. Мыстан  кемпір

Қалың  орман арасында,

Теріс қарап  үйшік  тұр.

Сол  үйшіктің  ортасында,

Мыстан  кемпір  билеп жүр.

Қыран құстың  ұрыны  бар,

Көзі оттай  жайнаған.

Жез  тырнағын  іске  салып,

Дудар шашын  тараған.

Қорқып  кеттік  жалмауыздан,

Жүрегіміз дүрсілдеп.

Түрін  сенің  қандай  жаман,

Ағаш  аяқ  дүрсілдеп.

Оқымысты  үкінің  6 – шы  тапсырмасы.8  санының  жазылуын  үйрету.

Үкінің 7-ші  тапсырмасы: математикалық  жұмбақтар

Үйге  кірді Алдияр,

Оған  қоса  Мадияр.

Кейін  келді  Айдана,

Қанша  болды бар  бала?(1+1+1=3)

Ағаштағы  төрт  алмұрт,

Өскен  екен  тимей құрт.

Самал  алып  екеуін,

Қалдырған екен  нешеуін?  (4-2=2)

Көлден ұшты 7  қаз,

Қайтып  қонды  2  қаз.

Қонбады  оның  нешеуі,

Қане  кім  тез  шешеді?  (7-2=5)

8.Сабақты  қорытындылау кезеңі.Үкінің  соңғы  тапсырмасы  8  санына  байланысты  есептер  құрастыру.

Үкі  шығып  оқушыларға  рахмет  айтады.

Үйге  1ден – 8ге  дейін  тура  және  кері  санауды  үйрену, сабаққа  қатысып  отырған оқушылар  бағаланады.

Жүктеу үшін астындағы жарнаманы басыңыз


Автор: Маханова З.А.


8 саны мен цифры

Сабақтың тақырыбы: 8 саны мен цифры.

Сабақтың мақсаты: 8 санымен, оның цифрымен таныстыру.Өткен 7 санына 1-ді қосып, 8 санын алуға болатынын түсіндіру. «+», «-» таңбаларын пайдаланып сегізге дейінгі көлемде жазбаша, ойша есептер құрастыру.Тура және кері санау.8 санын қос қошқар мүйіз өрнектерін балаларға көрсете отырып, естерінде сақтау жұмысын жүргігу.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ- жауап, көрсету, жаттықтыру, ойын.

Көрнекілігі: сандар, суреттер, таңбалар.

 

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

«Көршісін тап» ойыны.

 

 



 

 


5

 


 

 


 

 

4

 

 

 

7

 

 

 

3

 

2.Жаңа тақырып.

   Өткен сабақтарды қайталап, қандай цифрымен танысқандарын, олардың әрқайсысының неге ұқсайтынын, неше бірліктен құралатынын еске түсіріп, жаңа өтілетін санмен танысады.

Оқушылардың қисынды ойлау қабілетін дамыту мақсатында жұмбақтар жасыру.

       1. Бұл санға да ал үлгі,

           Қар адамға кәдімгі.

           Қыс түссе болды аулада,

          Келтіріп тұрар сәніңді.

          Бір ғана саған тапсырма:



         Үшінші басты жапсырма!

               8 саны және цифры   Сабақтың мақсаты: 1,8 саны,,оның шығуы, сандар қатарындағы орны туралы түсінік, 8 цифрын дұрыс жазуды қалыптастыру.     2. Оқушылардың жан-жақты ойлауын, ізденуін, алған білімдерін одан әрі дамыту.     3. Ұлттық ойынға,пәнге қызығушылығын арттыру, толық жауап беруге, зейінділікке тәрбиелеу.    Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, ойын арқылы мысадар шығару.    Көрнекілігі: цифрлар, сурет, орамал, карточкалар.    Сабақтың барысы:    І. Ұйымдастыру кезеңі    ІІ. Өткен сабақты қайталау   А) 1,5,6,7 сандарының құрамын, сандар қатарын қайталап, еске түсіру.   Ә) Балалар,бүгінгі сабақта біз «Орамал тастамақ» ойынын ойнаймыз. Тақтада 3 топқа 3 мысалдан тапсырма беріледі. Әр топқа 3 баладан шығып, 3 топ жарысады. Ойын барысында мысалды орындай отырып, шығарып болған бала өз тобының келесі мүшесіне орамалды табыс етеді. Қай топ тақтада жазылған 3 мысалдың жауабын тез орындап, сынып оқушыларына орамалды желбіретіп көрсетсе, сол топ жеңімпаз атанады.            1-топ                 2-топ               3-топ            3+_= 5      _+1=6        6+_=7          _ +1=5        3+_=6        3+_=7           _+0=5        4+_=6                  _+2=7  2. «Тай жарысы» ойыны. Оған 1 жасқа келген жылқы алынады. Тайға мініп шабатын баланың жасы7-8 жас шамасында болады.Тайға ер тоқым салынбайды, жайдақ шабады.    Тайлардың суреттерінің артындағы сандарды 

Ғылыми Жобаның мазмұны Кіріспе. ..................................................................3 1. Негізгі бөлім. ....................................................... 1. 1. Сандардың шығу тарихы. ...............................5 1. 2. 7 саны – қасиетті сан. .....................................7 1. 3. 7 санына байланысты Қазақ аспаптары. ..........11 Қорытынды. ..........................................................16 Пайдаланылған әдебиеттер.....................................17 Бұл жоба Қазақ халқының бір санынан бастап әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік кие болатынын, мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Әр санның өзіндік қасиеті шариғатқа қатысты, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Ұлы ғұлама, әлемнің екінші ұстазы Әбу-Насыр Әл-Фараби бұдан мың жылдан аса уақыт бұрын «адамға ең бірінші білім емес, тәрбие керек. Тәрбиесіз берген білім адамзаттың қас жауы», - деген қағидасын ұстанамын. Ал Пифогор болса: «Әр сан өзіндік ерекшелікке ие» деген екен. Ғалымдардың бұл тұжырымдарына сену-сенбеу әркімнің өз еркінде. Басқа ғылымдар мен дін қағидаларының да болжамдарға сай келе бермеуі мүмкін. Дейтұрғанмен, әр санның адам өмірінде белгілі бір маңыз иеленетін жоққа шығара алмаспыз. Математика өмірді сан арқылы бейнелейді. Тіршілік ете бастаған алғашқы кезеңде адам баласы жазу-сызудан бұрын-ақ санауды үйренгені хақ. Сен сандарды жалықтыратын нәрсе деп ойлайсың ба? Тағы да ойланып көр. Адамдар қалай санай бастаған? Адамдар санай бастаған кезде, сірә, санау үшін қол саусақтарын пайдаланған болар. Барлық адамдарда он саусақтан болғандықтан, ондықтармен санау ыңғайлы болған. Біздің қазіргі заманда санаудағы ондық жүйесі осылай туындаған. Адамзат баласы сандардың атауын ойлап тапқанға дейін саусақтар есептеудің ең қолайлы тәсілін табуға көмектескен. Сен бірдеңе санау кезінде саусақтарыңды пайдалансаң, ешқашан да жаңылыспайсың. Саусақтарыңа қарап–ақ, сандарды атамастан оларды көз алдыңа елестете аласың. Саусақтар мен сандар арасындағы байланыс көне замандардан бері бар. Тіпті қазір де біз “сан” сөзін пайдаланамыз. Ол “саусақ” деген ұғымды білдіреді. Міне біздің зерттеу тақырыбымызға арқау болып отырған да осы сандар арасындағы 7саны және оның қасиеті. Қазақ халқы тілге бай. Әр сөзін талдай білген, әр сөзіне мән берген халық. Қазақ үшін әр сөздің ғана емес, әр санның өзіндік қасиеті, шариғатқа қатысы, тәрбиелік мәні, саналы орны болған. Расында Қазақ бір санынан бастап, әр санның қадірі мен қасиетін салмақтап, өзіне тән ерекшелігін саралай білген, орнына, маңызына сай қолданған. Әр санда өзіндік ие болатынын мақсаты мен мағынасы болатынын сезе, түйсіне білген. Кіріспе Математика – ғылымдардың ішінде ең ерте шыққаны, оның тарихы ғасырлар түкпірінде жазу мен сызу жоқ кезде басталған. Адамзат тағылығының даму дәуірінің табалдырығын аттап басқан заманда «артық», «кем», «үлкен», «кіші» ұғымдары туған. Бұлар кейін «тең» ұғымының шығуына негіз болған. Күн көріс қамы тіршілік үшін жүргізілген күрес ерте заманның адамдарын айналасындағы заттарды санауға, нәрселердің мөлшерін өзара салыстыруға, жыл мезгілдерін айыруға мәжбүр еткен. Заттарды санаудан 1, 2 , 3, 4, 5, … т. с. с. натурал сандар ұғымы қалыптасқан. «Нәрселерді санағанда қолданылатын сандар натурал сандар деп аталады. » Кез келген натурал санды он цифр 0, 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9 арқылы жазып көрсетуге болады. Сандарды осылайша жазу тәсілі ондық тәсіл деп аталады. Ең алғашқы сандар, яғни цифрлар б. з. д. 2 мыңжылдықта болған деседі. Тарихқа жүгінсек, дерек көздері сандардың ежелгі Вавилонда қолданылғанын айғақтайды. Ол кезде сандар 1 мен 0-ден ғана тұрған секілді. Бірлік, ондық, жүздікті құрайтын санақ жүйесі болған. Кейіннен атақты ойшыл Пифагор сандарды 1-ден 9-ға дейін қысқартқан. Бірнеше бірліктерге бөлген. Ол өз шәкірттеріне сандар әлемді билейді деп үйреткен. Әрбір сан, цифрдың түбінде қандай да бір ой, идея жатыр. Сол идеяның мән-мағынасын түсіну үшін ғалымдар арнайы ғылым - нумерологияны ашқан. Нумерология арқылы әр санның шығу төркінін, мән-мағынасын, оның адам өміріне деген әсерін ұғынуға болады. Нумерологияшыл ғалымдардың ойынша әр адамның жаны өзінің нумерологиялық кодымен тікелей байланысты. Ол кодты шеше білген адам өз тағдырының толық иесі бола алады. Қарап отырсақ, әркімнің өзі сенетін бақытты және бақытсыз сандары болады. Біреудің бақытты саны - 13 , бақытсыз саны - 9 делік. Мұндайға шын көңілімен сенетіндер айдың 13-і күні кез келген тірлігін сенімділікпен іске асырады. Ал 9-ы күні әр қадамын абайлап басып, тіпті үйден шықпай, төрт қабырғаның ішінде күн ұзаққа қамалып отырып алатындар да бар. Cөйтіп, ол 13 саны байқалған жерде ба¬тыл жүрсе, 9-дан үнемі сақтанады. Жеке адамды қойшы, мұндай құбылыстарға жаппай халық боп сенетініміз де бар емес пе? Өзіміздегі «жеті қазына», «ер кезегі үшке дейін», «сәрсенбінің сәтті күні» ұғымдары, тұрақты көршіміз - орыстардың «қасиетті үштігі», америкалықтардың естігенде жандары түршігетін, күні бойы үреймен өткізетін «айдың 13-дегі жұмасы» тағы басқа түсініктер жоғарыда айтқанымызға дәлел бола алады. Сан атаулының бәрі бірдей қолданылмайды. Атап айтсақ, ерекше мәнде қолданылатын «төрт», «жеті», «тоғыз», «қырық» сандары. Сан есімдердің ішінде кейбір сандар сандық мәнімен қатар басқа мағынада қолданылуымен ерекшеленеді. Бұндай жағдай, әсіресе осы сандардың тұрақты тіркестерде, аңыз-әңгімелерде, жыр-дастандарда, салт-дәстүрлерде және басқа дүниетанымға байланысты қолданылғаны көзге анық түседі. Сонымен бірге бұл құбылыстың тарихы да арыда жатқаны байқалады. Ғылыми Жобаның зерттеу мақсаты: Жобадағы мақсат: Қазақ халқының салт-санасы мен ата-бабасынан келе жатқан дәстүрін өз бойындағы ерекше қасиеттерін таланты мен дарындылығын, өзгелерден ерекше табиғи қабілеті арқылы биіктерден көріну. Қасиетті сандар арқылы тәрбие берген салт-дәстүрін сол қалпында сақтап қалу. Сонымен қатар бұл киелі сандар туралы ең маңызды, қызықты және түсінікті нәтижелерді жинақтау. Көптеген шешілмеген проблемаларды атап көрсету. Ғылыми Жобаның міндеттері: – Қасиетті сандармен танысу. – Қасиетті сандардың өмірде алатын орнын түсіндіру. – Киелі 7 санының сандар қатарында орнын көрсету. Мәселе: Білім беруде және тәрбие саласында қасиетті сандардың алатын орнын зерттеу. Зерттелетін зат: Халықтық педагогика элементтерін кеңінен пайдалану, ұрпақ бойында адамгершілік қасиетін дамытуда пайдасы бар екенін зерттеу. Жердің жүзін мекендеген халықтардың көбісі ерте кезден-ақ жеті санында сиқырлық күш бар деп санаса, оны киелі, қасиетті деп ұғатын да ұлттар бар. Біздің ата-бабаларымыз да жеті санын қастерлеп, бірқатар таным-түсінігі мен табиғат құбылыстарын, аспан денелері мен заң, жүйелерді жеті санымен атайды. Аллаһ Тағаладан пенделеріне түскен қасиетті кітаптардың бірі – Тауратта жеті саны 500 рет қайталанады. Қазақтардың таным - түсінігінде Жеті ата. Бұл – Қазақ халқының дәстүрлі салт-санасында адамның ата жағынан тегін таратудың нақты жүйесі. Әрбір Қазақ баласы өзінен бастап жеті атасының аты жөнін білуге міндетті. Мұны әке-шешесі, ата-әжесі үйретіп, жаттатуға тиіс. Өйткені қазақта жеті атаға дейін қыз алыспайды, оған дейінгі ұрпақ бір атаның баласы – туыс саналады. Қазақтар негізінен жеті атаны былайша таратады: 1. Бала. 2. Әке. 3. Ата. 4. Үлкен ата. 5. Баба. 6. Түп ата. 7. Тек ата. Сондай-ақ, адамдар атасынан төмен қарай атағанда былайша ататек жалғасады: ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене. Мұнан соң туыстың атаулар әрі қарай: жүрежат, туажат, жұрағат, жат жұрағат, жегжат, жамағайын болып кете береді. Жеті аталық ұстаным әрбір қазақтың, бүкіл халықтың бабалар рухы алдында іштей жауапкершілік сезімін оятатын күшке ие. Ол – этникалық тұтастықтың қуатты арқауы, темірқазығы. Сол себепті ата-бабаларымыз: «Жеті атасын білмеген: жетесіз», «Ата – тегін айтқанның айыбы жоқ» деп ұрпақтарына жеті атасын білуді өсиет, аманат етіп айтып кеткен. Қазақтар бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат, жүрежатты «Жеті пұсты» деп те атайды. Жеті қазына. Ол жөнінде пікір таласы көп. Алайда қазақтар ертеде жеті қазынаға мыналарды жатқызған: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ілім-білім. 4. Жүйрік ат. 5. Құмай тазы. 6. Қыран бүркіт. 7. Берен мылтық. Қазақтар жеті қазынаны «жеті ырыс» деп танып, оған мыналарды жатқызған: 1. Адамның ақыл-ойы, санасы. 2. Денсаулық. 3. Ақ жаулық (ердің жары). 4. Бала (өмір жалғасы). 5. Көңіл (көңіл мен пейіл кең болса, ынтымақ, береке орнайды). 6. Жер («Жерсіз – ел тұл, ерсіз – жер тұл»). 7. Ит. Жігіттің жеті қазынасы Жүрдек аты –жігіт қаны, қанаты Қыран бүркіт – қарым күші, қуаты. Құмай тазы - бастан берік сенімі, Ақ мылтығы – сөнбес оты, серігі Алмас кездік – жігіт сусы, һәм мысы Ау жылымы – амал, айла, әдісі Қара қақпан серті себі тірліктің Осы жеті қазынасы жігіттің. Ал, Ислам аңызы бойынша, жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Қыдыр (қызыр). Қыдыр дарыған адам бай болады. 2. Бақ. Ол ерекше жаратылған құдірет иесі. Бақ дарымайды, қонады. 3. Ақыл (Байлық пен бақыттың тірегі). 4. Денсаулық. 5. Ақ жаулық. 6. Тұз (Ол – Алланың адамдар мен жан-жануарларға берген несібесі, таусылмайтын кені). 7. Ит. (Адам Ата мен Хауа Ананың алғашқы серігі). Қазақтардан басқа халықтарда да жеті қазына туралы өзіндік таным, түсінік бар. Мысалы, грек аңыз - әңгімелерінде жеті қазынаға мыналар жатады: 1. Көк аспан. 2. Күн (барлық зат оның шуағынан нәр алады). 3. Ай (түнгі тіршілік нәрі). 4. От (От – Күннің жердегі сүлдесі. Оны пайдалану арқылы адамдар дүниенің төрт бұрышына тарады). 5. Су. (сусыз тіршілік жоқ). 6. Жер (тіршілік анасы). 7. Ит. Жеті қат көк. Ол – аспан әлемі туралы мифологиялық түсінік. Оның үш мағыналық сипаты бар. Біріншісі: Аллаһ Тағала аспанды жеті қабатты етіп жаратқан. «Алланың жеті аспанды қабат-қабат етіп жаратқанын көрмедіңдер ме?» (Құран Кәрім, 72 сүре, 14 аят). Екіншісі: жеті жұлдызға байланысты атау. Олар: Ай, Мер- курий (Ғұтрад), Шолпан (Зуһ-ра), Күн, Марс (Миррих немесе Қызыл жұлдыз), Юпитер (Мүштари), Сатурн (Зұхал). Үшіншісі: ежелгі түркілік мифологиялық түсінік негізіндегі мағына. Ол мұсылмандық ұғыммен сіңісіп, ұмытылып кеткен. Жеті қат жер. Ежелгі наным-сенім бойынша олар мынандай: 1. Тұңғиық. 2. Жылан. 3. Су. 4. Қос балық. 5. Қара тас. 6. Көк өгіз. 7. Жер. Жаратылыстың сегізінші қабаты – тағдырдың талайы жазылған «лайық» атты жазу тақтасынан, тоғызыншы қабаты – «күрсі», «мінбер» және «тақ» орнатылған тәңірлер әлемінен тұрады. Жетіқарақшы. Ол – аспанның солтүстік жарты шарындағы шоқжұлдыз. Оның 1, 8 көрінерлік жұлдыздық шамаға дейін жалтырап көрінетін ең жарық жұлдыздары – Алиот пен Дубке. Жетіқарақшының жарық жеті жұлдыздың сыртқы пішіні шөміш тәрізді. Оның шеткі екі жұлдызы бойынша Темірқазық жұлдызын табуға болады. Жетіқарақшы наурыз, сәуір айларында жақсы көрінеді. Темірқазықты айнала қозғалатын жетіқарақшы арқылы жер тараптары мен түнгі мезгілді айыруға болады. Аптаның жеті күні. Олар: дүйсенбі, сейсенбі, сәрсенбі, бейсенбі, жұма, сенбі, жексенбі. Кемпірқосақтың жеті түсі. Жарық мынандай жеті түстен тұрады: қызыл, қызғылт-сары, сары, жасыл, көгілдір, көк және күлгін. Күн сәулесі жаңбыр тамшысына түскенде, жарықтың жеті түсі сынып, тамшы арасынан көрініп, кемпірқосақ пайда болады. Жеті жарғы. Ол – Тәуке хан (1678-1718) тұсында қабылданған Қазақ халқының дәстүрлі әдет-ғұрып заңдарының жинағы. Тәуке хан «Қасым ханның қасқа жолы» мен «Есім ханның ескі жолын» одан әрі жетілдіру арқылы осынау заң жүйесін өмірге әкелген. Ол 20-ғасырдың басына дейін қолданылып келді. «Жеті жарғы» деп аталуы Тәуке ханның бұрынғы заңдарға енгізген жеті өзгертуіне байланысты» дейтін тұжырым бар. Ол жеті өзгеріс мынандай: 1. «Халықтың ханы, сұлтаны, пір -әзіреті қастан өлтірілсе, олардың әрқайсысы үшін жеті кісінің құны мөлшерінде құн төленсін». 2. «Төрелер мен қожалардың жай қатардағы біреуі өлсе, олардың әрқайсысына екі кісінің құны төленсін». 3. «Сырттан кірген адам үйге кірерде мініп келген атын босағаға байлағандықтан, біреуді теуіп өлтірсе, бүтін құн, үйдің жапсарына байлаған ат теуіп өлтірсе, жарты құн, ал үйдің артына байлаған ат теуіп өлтірсе, тек ат-тон айып тартады». 4. «Ата-анасын туған баласы ренжітіп, қарсы келіп, қол жұмсаса, онда ол баланы ата-ана өлтірсе де ерікті, сұраусыз болады». 5. «Кәмелетке жеткен баласы туған ата-анасына тіл тигізіп сөккені үшін (қол тигізбесе) қара сиырға не қара есекке теріс мінгізіп, мойынына құрым іліп, ауылды айналдыру керек». 6. «Құйрық – бауыр жесіп, құда болған соң ақ баталы жесір басқаға кетсе, оған берілген қалыңмал жесір иесіне түгел қайтарылып, оның үстіне қалыңсыз қыз немесе бір қыздың қалыңмалы беріледі». 7. «Ұры айыр түйеге нар, атқа аруана, тайлаққа, атан, тайға ат, қойға тана төлейді. Оның үстіне үш тоғыз айып төлейді». Әрине, бұл жеті өзгерістен басқа да «Жеті жарғыда» жер дауы, отбасы, неке заңы, қылмыс пен құн дауы, куәлік ету, ант беру, тонаушылық және тағы да басқа жағдайларға, рәсімдерге байланысты әдет-ғұрып, заң шаралары өз көрінісін тапқан. Жеті жұт. Бұлар: 1. Құрғақшылық. 2. Жұт (мал қырылу). 3. Өрт. 4. Оба (ауру). 5. Соғыс. 6. Топан су. 7. Зілзала (жер сілкіну). Жеті жоқ. Ол былай: 1. Жерде өлшеу жоқ. 2. Аспанда тіреуіш жоқ. 3. Таста тамыр жоқ. 4. Тасбақада талақ жоқ. 5. Аллаһта бауыр жоқ. 6. Аққуда сүт жоқ. 7. Жылқыда өт жоқ. Жеті жетім. Бұл жөнінде мынандай даналық сөздер бар: Тыңдамаған сөз жетім, Киюсіз тозған бөз жетім. Иесіз қалған жер жетім. Басшысы жоқ ел жетім. Аққу, қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ер жетім. Замандасы қалмаса – Бәрінен де сол жетім. Жеті ғашық. Халықтың ән – жырында жеті ғашық мынандай екі нұсқада кездеседі: а) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Тахир – Зухра, Арзу – Қамбар, Уәлик – Ғарра, Уәки – Күлшаһ. ә) Ләйлі – Мәжнүн, Жүсіп – Зылиха, Фархад – Шырын, Баһрам – Күләнда, Сейпілмәлік – Бәдіғұл, Бозжігіт – Анула (кей нұсқада Қарашаш), Зияда – Хорлы (Хорлы - Ғайын). Әлемдегі жеті санымен аталатын кереметтер Вавилондықтардың түсінігінше, әлемде жеті планета бар. Сол себепті олардың ғибадатханалары да жеті деңгейлі. Бірқатар діндерде де жеті саны киелі: еврейлердің балауыз қойғышы, шырағдандары, менорлары жетіден. Ислам дінінде Жеті аспан: күміс, алтын, меруерт, ақ алтын, жақұт, анартас және ғажайып жарық. Жеті шәріп: Мекке шәріп, Мәдина шәріп, Бұхар шәріп, Шам шәріп, Қатым шәріп, Құддыс (Мысыр) шәріп, Кәләм шәріп (Құран). Жеті тозақ: 1. Сағир. 2. Лазо. 3. Сақар. 4. Жахим. 5. Жаһаннам. 6. Хауия. 7. Хатома. Христиан дінінде Жеті саны: сенім, үміт, қайырымдылық, әділеттілік, сабырлық, ақылдылық және рухтың күші. Таурат кітабы бойынша: Құдай 1 – күні жарықты, 2 – күні аспанды, 3 – күні жерді, 4 – күні Күн, Ай және жұлдыздарды, 5 – күні балықтар мен құстарды, 6 - күні аңдар мен адамдарды жаратқан, 7 – күні дем алған. Бұл әлемді жаратуға арналған жеті күн деп аталады. Өлімге себепкер жеті күнә: 1. Тамақсаулық. 2. Жалқаулық. 3. Нәпсіқұмарлық. 4. Өркөкіректік. 5. Ашу. 6. Қызғаншақтық. 7. Сараңдық. Бұл жеті күнәні XV ғасырда суретші Иероним жоғарыдағы суретте тамаша бейнелеген. Әлемнің жеті кереметі Алғашқы жеті керемет: 1. Египет пирамидасы. 2. Вавилонның аспалы бағы. 3. Ертедегі Артемида храмы. 4. Олимпиядағы Зевстің мүсіні. 5. Галикарнастағы Мавсол патшаның табытханасы. 6. Жерорта теңізі аралығындағы Гелиостың (Күн Құдайы) қолдан жасалған мүсіні. 7. Александрия маягі. Бесінші ғасырдан бері танылған 7 керемет: 1. Рим колизейі. 2. Александрияда жер астында жол пішінде қазылған мазарлар. 3. Қытайдың ұлы қорғаны. 4. Англиядағы алып тас қорған. 5. Италиядағы Пиза қисық мұнарасы. 6. Қытайдың Нанжин қаласындағы фарфор мұнара. 7. Ыстамбұлдағы әулие София ғибадатханасы. Жеті континент. Олар: Африка, Антарктида, Австралия, Еуропа, Солтүстік және Оңтүстік Америка. Гептатлондағы (жетісайыс) спорттың жеті түрі. Олар: тосқауылдармен 100 метрге жүгіру, биіктікке секіру, 200 метрге ату, ұзындыққа секіру, 800 метрге найза лақтыру. «Жеті саны – бақытты сан, ол - адамзаттың сүйікті саны». Көп халықтың түсінігі осындай. Жеті ішекті қазақтың музыкалық аспаптары Сылдырмақ. Қазақ ерте заманда көшпенді халық болғандықтан, түрлі музыкалық аспаптарды тұрмыста кеңінен қолданған. Ағаш, қыш, темір, мүйіз сияқты күнделікті өмірде пайдаланатын шикізаттан алуан түрлі аспаптарды жасап шығарған. Алғашында ол шаруашылыққа қажет бұйым болса, кейіннен ырғақты ұстап тұратын музыкалық аспапқа айналған. Соның бірі сілкімелі аспап – сылдырмақ. Әрбір ұрып ойнайтын аспаптың өзіндік ерекшеліктері бар. Олардың сыр-сипаты мен ерекшелігі тембрлік және динамикалық дыбысталуына қарай айқындалады. Сондай-ақ Орта Азия халықтары мен латын америкасы елдерінде бір-біріне ұқсас аспаптар көп кездеседі. Соның бірі - маракас аспабының қазақи формасын музыканттар өзі ойлап тапқан. Халқымыз төрт түлік малдың етін жеп, көлік ретінде пайдаланудан бөлек, оның сүйегін де кәдеге жаратқан. Соның бірі - ат тұяғының дүрсілі сияқты малдың жүрісін білдіретін аспап - мүйізше. Ол ерте заманда әуенді сүйемелдеуші аспап ретінде қолданылған. Шеберлер немесе музыканттар аспаптың дыбысталуына қарай оның санын қасиетті 7 санына дейін жеткізген. Ал оларға қолданылған шикізатты Қазақстанның әр аймағындағы және әр түрлі жастағы ірі қараның сүйектерінен жинайтын болған. Жетіген - Қазақ халқының көп ішекті шертпелі аспабы. Жалпы тұрқы ұзынша, жәшік тектес етіп жасалады. Бетіне жұқа тақтайдан қақпақ жабылып, үн беретін ойықтары салынады. Жетіген — жасалуы да, ойналу әдіс-тәсілі де өте күрделі аспап. Ертеректе ел арасында сақталған көне Жетігеннің ішегі аттың қылынан тағылып, тиектің орнына асықтар пайдаланылатын болған. Аспаптың құлақ күйі осы асықтарды әрлі-берлі жылжыту арқылы келтірілген. Ішек сандары жетеу болғандықтан, аспап Жетіген аталған. Жетігеннің ноталық жүйесін анықтаған ғалым - зерттеуші Б. Сарыбаев болды. Жетіген аспабына байланысты оны ертеде жеті ұлынан айырылған күйші - өнерпаз жасап, “Жетігеннің жеті күйін” шығарыпты дейтін аңыз бар. Аспаптық-фольклорлық музыкамызда ерекше орын алатын бұл аспап 1970 жылдан бері Т. Сарыбаев, Е. Құсайынов, С. Мерекеев, т. б. музыкашылардың орындауында жаңаша сипатқа ие болды. Жетіген аспабының қазіргі шеберлер жасаған үлгісінің дыбыс ауқымы 2 — 2, 5 октаваға дейін жеткізілді. Қазақ халық музыка аспаптары мұражайында Жетіген аспабының этнографиялық сипаттамалар бойынша жасалған көне үлгісі мен жетілдірілген үлгілері сақталған. Ғылыми Жобаның қорытындысы Қазақ халқында 7 саны - ерте замандардан киелі сан болып есептеледі. Ол дегеніміз - 7 қазына, ұлттық тағамдардағы 7 түрлі қоспалар, әлемнің 7 кереметі, аптаның 7 күні, кемпірқосақтың 7 түсі, Жетіқарақшы жұлдызы т. б. Ертегілерде 7 батыр, 7 ағайынды, 7 ұл, 7 қыз...т. с. сияқты болып кездеседі. Бастапқыда балалар Қазақ тілінде аптаның жеті күнін еске түсірді. Халқымыздың ежелгі дәстүрінің бірі, бала туғаннан кейін 7 күннен кейін тойлап, адам дүниеден өткеннен кейін 7 күннен кейін жетісін өткізеді. Егер адам 7 ұлттың тілін білетін болса – дана адам болып есептеледі. Қазақтарда мынадай ырым бар, кімде-кім өз жанында жайсыздық сезінетін болса, өзінің немесе жақындарының өміріне қауіп төніп тұрғанын сезініп, киелі жұма күні - 7 шелпек пісіреді. Бұл 7 шелпекті 7 үйге таратып беру керек. Сондай-ақ шелпекті жеген адам «Қабыл болсын» деп, ал берген адам «Әумин» деп айту керек. Осы тұрғыда қазақтарда «Өлі разы болмай, тірі байымайды» деген мақал бар. Яғни, осылай аруақтарды еске алып отырса адамның өмірде жолы болып отырады, аруақтар қолдап, қоштап жүреді деген мағына береді. Сол себепті де 7 саны сәттілік, ырыс-береке әкелетін киелі сан болып есептеледі. Ақыртас жөніндегі аңыз бойынша, аса зор денелі де күшті құрылысшы кетпенімен жеті жерге тастаған топырағынан жеті төбе пайда болған. Ал, «Алпамыс батыр» эпосында Байбөрі мен Аналық бір бала көтеру үшін дүниенің жарымын аралап, жеті әулиенің зираттарына түнеп жүріп армандарына жеткен... Иә, шынында да біздің әлемде қызықты әрі жұмбақ жайттар өте көп кездеседі. Ал, тарих дәстүріміздегі құпиялар мен ашылымдар қаншама десеңізші

Дереккөзі: http://www.zharar.com/kz/science/770-gylymi.html?utm_source=ZHARAR
© www.ZHARAR.com

Каталог: uploads -> doc -> 074d
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
074d -> Сабақтың атауы Жаз. Мақсаты І. Балаларға жайқалған жаз мезгілінің ерекшелігі туралы түсіндіру
074d -> Сабақтың тақырыбы Қайырымдылық. М. Сүндетов Сілтеме
074d -> Сабақ жоспары Мектеп: Қ.Қайдосв орта мектеп Тақырып: «Арман-жарқын болашақ бейнесі»
074d -> Сыныбы: 3«Г» Тақырыбы: Қайталау. Кестелік көбейту және бөлу


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет