Сабақтың тақырыбы: Сөйлеу мәдениеті. 5-8 жаттығулар. Сабақтың мақсаты



бет9/31
Дата08.11.2016
өлшемі8,43 Mb.
#1258
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31

ІІІ. Бекіту кезеңі Қорытындылау. Бүгінгі сабақ ұнады ма? Масканы,әріпті дайындау үшін қандай материалдарды пайдаландыңдар?
ІҮ. Бағалау


Күні: 14. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сөйлемнен берілген білімді қайталау.15-21-жаттығулар.

Мақсаты:

Білімділігі: сөйлем мүшелері туралы білімін тиянақтау;

Дамытушылығы: сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі:дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың типі:Білімді тиянақтау

Әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.



Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру:14-жаттығуды тексеру

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ.Жаңа материалмен жұмыс:

1.Өткенді еске түсіру.Мына сөздерді жайылма сөздерді жалаң сөйлемге айналдырыңдар Балалар балық аулады.т.б Жалаң сөйлемді жайылма сөйлемге айналдырыңдар Айару келді.Жаңбыр жауды.т.б

2.Оқулықпен жұмыс

15-жаттығуды(терең ойлау тапсырмасы) Жайылма сөйлемдерді оқы.Үш сөзден құралған жайылма сөйлемдерге керекті сын есімдерді қосып,төрт сөзден құралған жайылма сөйлемдерге айналдырып жаз.(оқушылар атақты шопанмен кездесті.)



3.Дәптермен жұмыс

Күн ретін, көркем жазу. Пп Пп Пп Пп (Сөйлем жаздыру)

16-жаттығу

Ребусты дұрыс шешсең,мақал шығады.(Ерді намыс өлтірер.Жайылма сөйлемв) Сергіту жаттығу

17-жаттығу

Сызбаны толықтыр. Сөйлем мүшелері



Тұрлаулы мүше



Бастауыш


Тұрлаусыз мүше



Баяндауыш

18- жаттығу ауызша орындау(Терең ойлау тапсырмасы) жаттығудағы сөйлемдерді төмендегі қай себетке салуға болады? 1) себет жалаң сөлем/Жаңбыр жауды./ 2)себет жайылма сөлем /Лаура кітапханаға ткелді.1,2,3,4сөйлдерді саламыз/

19- жаттығу1)Мақалды түсініп оқы.2)Мақалды сөйлем мүшесіне талда.3) Сөйлем мүшелерінің байланысын тап. Ағынды су арнасын табады.

VI. Қорытындылау а) Балалар, бүгін біз не үйрендік? ә) Тұрлаулы мүшені атаңдар. Бастауыш пен баяндауыштан тұратын сөйлемді қандай сөйлем дейміз?

VII Үйге тапсырма: 21- жаттығу .

VІІІ Оқушыларды бағалау

Күні: 13 . 10.2015 ж.

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г. Ш.
Тақырыбы: Әдеби ертегілер. Қарабатыр. Ы. Алтынсарин

Мақсаты:

Білімділігі:мәнерлеп оқуға, түсінгенін әңгімелеуге, ойын жеткізе білуге үйрету;

Дамытушылығы:Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» атты әдеби ертегісі жайлы айта

отырып, тілін , ой өрісін дамыту;



Тәрбиелігі:білімділікке, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі : аралассабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы



Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу.

Көрнекілігі:оқулық, суреттер, кесте.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін сабаққа аудару.



Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау. Жаңа сабаққа даярлық. Ертегілердің қандай түрлерін білеміз?( жан – жануарлар туралы ертегі, қиял – ғажайып ертегісі, шыншыл ертегі).Сергіту сәтін өткізу.

ІІ. Жаңа сабақ:

1. Кейбір ертегінің шығарушы авторы белгілі болғандықтан, оны әдеби ертегі деп атайды. Әдеби ертегілер туған елді сүюді, адамгершілікті, шыншыл болуды уағыздайды.

2. Оқулықпен жұмыс.

«Қарабатыр» әдеби ертегісін оқу, іштей оқу, тізбектей оқу, теріп оқу .

3. Сөздік жұмыс:

Қорықтық – отқа қыздырылған тастарды сүт құйылған ыдысқа салып пісірілген сүт. Жүрекжарды – сүйіншіге берілетін сыйлық.

Жамшылап – бүркемеленіп, жасырынып. Тасат – берік, қатты.

Сергіту сәті

ІІІ. Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Қарабатырдың құстарға айтқан өтінішінде қандай сөз қайталанып келеді?

Ол сөзді қалай түсінесің? (Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана ...).

Қай құс балаға қайрымдылық жасады?

Неліктен солай істеді деп ойлайсың? Қарабатырдың қарындасының сөздерін тауып оқы. 2. 2. Рөлмен оқу, сахналау.

ІҮ. Қорытындылау:

1. Бүгін қандай тақырып өттік? Ертегінің авторы кім? Бұл қандай ертегіге жатады?

2. Халық ертегісімен салыстыра отырып, ұқсастығы мен айырмашылығын тауып, мына үлгілік кестеге сүйеніп жаз.






Халық ертегісі

Әдеби ертегі

Ұқсастығы







Айырмашылығы








Ү. Үйге тапсырма: 1. Ертегіні оқу, мазмұндау, суретін салу.

ҮІ.Бағалау.
Күні: 13. 10. 15

Пәні: Дүниетану

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: « Пайдалы қазбалар» тарауы. Кенді пайдалы қазбалар.

Қара металл кендері.

Мақсаты:

Білімділігі:Пайдалы қазбалар, кенді пайдалы қазбалар, қара металл кендері туралы

түсіндіру.



Дамытушылығы:Ой-өрісін,тіл байлығы, сөздік қорын, есте сақтау қабілеттерін

дамыту.


Тәрбиелігі: Ел байлығын босқа ысырап етпеуге, туған жерін мақтан етуге тәрбиелеу.

Сабақ түрі: Аралас сабақ.

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:Түсіндіру, сұрақ-жауап, әңгімелеу.

Көрнекілігі:Суреттер, темір, күміс. алтын, көмір, қорғасын,алюминий,болат.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу,оқушылардың зейінін, назарын сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

-Жер бедері деген не болды? - Ең биік тау қандай тау?

-Шоқы деген не? -Елімізде жазықтың қандай түрлері бар?

«Алатау»сөзі қандай мағына береді?

Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын, мақсатын хабарлау

Кенді пайдалы қазбалар.Қара металл кендері.

ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Кіріспе

-Пайдалы қазба деген не? Ойланып есімізге түсірейік.

Олар қандай топтарға бөлінеді?

Кенді пайдалы қазбаларға темір, мыс, қорғасын, алтын, алюминий, никель және т.б.кендер жатады.



2. Мұңалімнің түсіндірмесі.

Металл мен олардың қоспалары алынатын тау жыныстары кен деп аталады.Ал кенді байыту дегеніміз кенді бос тау жыныстарынан бөліп алу. Металдар қара және түсті металдар болып бөлінеді.



3.Сарамандық жұмыс. Бірнеше қолда бар металл түрлерін магнитке жақындатып көрейік. Не байқадық? Металдардың кейбірі магнитке жабысады, ал кейбірі магнитке жабыспайды.

Магнитке жабысқан металдар қара металл, ал жабыспағаны түсті металл.

Қара металл түрлеріне тоқталсақ, қара металл кендерінен көбінесе темір қорытылады.

Дүние жүзі бойынша өндірілетін металдың 95% темір үлесіне тиеді.

Шойын мен болаттың түсіне қарай қара металл деп атап кеткен. Қара металл ішіндегі бастылары—магнитті теміртас, қоңыр және қызыл теміртас..Негізгі қорытылып алынатын заты темір болғандықтан бәрін темір кені деп атайды. Ол картада қара үшбұрыш түрінде белгіленеді.Оны ашық әдіспен де, шахталық әдіспен де өндіреді. Темір кені жер қойнауында түрлі тереңдікте кездеседі. Өндірілген кен металл қорытатын домна пештеріне жіберіліп, шойын қорытады. Шойынды басқа арнаулы пеште балқыту арқылы болат алынады.

Еліміздегі барланған темір кені қорының 90 проценті Қостанай мен Атасу аймағында шоғырланған.Олардың ең ірісі Соколов-Сарыбай.



Оқулықпен жұмыс. Өз беттерінше іштей оқыту.

Теріп оқу.(кен, кенді байыту,темір кені, өндіру әдістері)

Дәптермен жұмыс. Күн ретін, ауа райын жазу.

Қара металдарды және түсті металдарды топтап жазу.(магнит арқылы тексерген бойынша)



ІҮ.Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Сұрақтарға жауап алу2.Сарамандық жұмыс.(өздері металл түрлерін магнит арқылы тексеріп көреді.)



V. Қорытындылау:

-Пайдалы қазба аталу себебін айт.- Кен деген не? Кеннің қандай түрлері бар?

-Шойын қалай өндіріледі? Болат ше?

-Қара металдан қандай металдар қорытылып алынады?

Қазақстан картасынан шартты белгі бойынша темір кен орындарын тап.

VI. Үйге тапсырма беру кезеңі оқу, мазмұнжау.Дәптерге қандай әдіспен өндірілетінін жазу, бос орнына қандай жұмыстар жүргізетін едік?

VІI. Бағалау.

Күні: 14. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Әйел – ана. Ақселеу Сейдімбек.

Мақсаты:

Білімділігі:Оқушыларға Ақселеу Сейдімбектің « Әйел – ана» атты ертегісімен таныстыра отырып, қазақ халқының дәстүрі бойынша «Ана» есімді қасиетті адамдарға деген құрмет, қадір көрсете білуге баулу;

Дамытушылығы: түсініп оқуға үйрету, тілін, ой өрісін дамыту;

Тәрбиелігі:білімділікке, ізденімпаздыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі :аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Көрнекілігі:оқулық, суреттер.

Әдісі:сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, тапсырмаларды орындау арқылы іздену.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу,түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Адамның күлкісі – әлемдегі ең ғажайып құбылыстардың бірі. Адам күлкінің көмегімен таныса да, қоштаса да алады. Жымиыс біздің сезіміміздің сарасының ашылуына жол ашады. Күлкі арқылы көңіл күйлеріңді білдіріліп көріңдер. Бір- біріңе жымиыңдар, күлкілеріңді сыйлаңдар. Рахмет! Ендеше сабағымызды бастайық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

Ы. Алтынсариннің «Қарабатыр» атты әдеби ертегісі не жайлы екен?Қарабатырдың құстарға айтқан өтінішінде қандай сөз қайталанып келеді? Ол сөзді қалай түсінесің? (Тұмарымды ал сана, Біздің елге бар сана ...). Қай құс балаға қайрымдылық жасады? Неліктен солай істеді деп ойлайсың?



Өткенді қорыту: Қарлығаш жайлы тағы қандай аңыз әңгіме білесің? Әңгімелеп берші?

Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

Жаңа сабаққа даярлық

-Сені дүниеге әкелшен адамды қалай атайды?

-Ана туралы қандай өлең, ән, жырды білесің?

ІІІ. Жаңа сабақ:

1. Мәтінді түсініп , жалғастырып оқу. теріп оқу.

2. Ертегідегі елшінің , Әйел – ананың сөзін тауып оқы.

3. Күншуақ елін тұтқынға алған жау оларға не істемек болды?

Ер – азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел – ана қандай тапқырлық жасады?

Сергіту сәті

ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?

Ер – азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?

Ү. Қорытындылау: Бүгін қандай тақырып өттік? Ертегі кім жайлы? Ертегідегі тауға, далаға, орманға, көлге қатысты сипаттау сөздерді мына үлгі бойынша жазып шық.

Басын мәңгі қар шалған заңғар таулары. Түгін тартсаң майы шыққандай шүйгін далалары.

Мүлгіген қара орманы. Мөлдіреген өзен – көлдері.

ҮІ .Үйге тапсырма:1.Мәтінді оқу, сурет салу.

ҮІІ. Бағалау.

Күні: 14. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту тәсілдері.

Мақсаты:

Білімділігі:көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың ауызша есептеу тәсілдерін орындауға үйрету;

Дамытушылығы: есептеу тәсілдерін жетілдіру.

Тәрбиелігі: ұқыртылыққа,тазалыққа,еңбексүйгіштікке тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі:түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9-мысалдың орындалуын тексеру.

ІІІ. Жаңа сабақ:

2. Сандарды дұрыс жазу

3. Математикалық диктант



3. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

№ 2. Есептеулердің қалай орындалғанын қара. Есептеу тәсілдерін салыстыр.

+ 459 + 1459
Көп таңбалы сандарды қосу кезінде бірліктерді бірліктердің, ондықтарды ондықтардың, жүздіктерді жүздіктердің, мыңдықтарды мыңдықтардың астына, тағы сол сияқты жазады. Бірліктерді бірліктермен, ондықтарды ондықтармен, жүздіктерді жүздіктермен, мыңдықтарды мыңдықтармен, тағы сол сияқты қосады.

128 5128


587 6587

№ 2(ә). Азайту.


Көп таңбалы сандарды азайту кезінде бірліктерді бірліктердің, ондықтарды ондықтардың, жүздіктерді жүздіктердің, мыңдықтарды мыңдықтардың астына, тағы сол сияқты жазады. Бірліктерден бірліктерді, ондықтардан ондықтарды, жүздіктерден жүздіктерді, мыңдықтардан мыңдықтарды, тағы сол сияқты азайтады.

10 1010

– 7 1 3 – 4 2 7 1 3

3 5 2 1 9 3 5 2

3 6 1 2 3 3 6 1

№ 3. Жан – жақты талқылана отырып, түсіндіріп шығару.



ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 4. Қысқаша жазылуы бойынша есеп құрастыр және оны шығар.



  1. Пошташы 2 күнде неше хат алды? 1 000 + 800 = 1 800 (х)

  2. Пошташы үшінші күні неше хат алды? 2 400 – 1 800 = 600(х)

Пошташы үшінші күні хаттар бар неше бума алды? 600 : 100 = 6 (б)

  1. № 4(ә) өздік жұмыс.

40 : 4 + 8 ∙ 7 ә). 40 ∙ 4 + 8 7 б). 8 ∙ 7 – 40 : 4 в). 8 ∙ 7 – (40 – 4)

Ү. Бекіту. Шығармашылық тапсырма.№ 7

ҮІ. Үйге тапсырма: № 7. - бет.

ҮІІ . Бағалау

Күні: 15. 10. 15

Пәні: Қазақ тілі

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Тақырыбы: Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері 22-27-жаттығулар

Мақсаты:

Білімділігі: Cөйлемнің дара және күрделі мүшелері туралы түсінік беру, сөйлем

мүшелеріне талдату және оның мағынасы туралы білімін тиянақтау;



Дамытушылығы: сөздік қорын, ақыл-ойын, ауызша сөйлеу тілін дамыту;

Тәрбиелігі: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі:аралас сабақ.

Сабақтың типі:жаңа білімді үйрету сабағы.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, көрнекілік, жаттығу жұмыстары.

Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер, тірек сызбалар
Сабақтың барысы:

І Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ Үй тапсырмасын тексеру: 33 -жаттығуды тексеру.

Мақсат қою кезеңі: сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІІІ. Жаңасабақ:
Жаңа сабақты түсініндіруді кесетедегі сөйлемдерді талдатудан бастауға болады:

Сөйлемнің дара және күрделі мүшелері

Дара мүшелер

Күрделі мүшелер

Айгүл ән айтты.

Ол ақ көйлек киді.

Марат жақсы оқиды.


Айгүл ән айтып тұр.

Ол ақ ала көйлек киді.

Марат Нәдірұлы жақсы оқиды.

Кеседегі қарамен жазылған сөйлем мүшелерін өзара салыстыру барысынды оқушылар сөйлем мүшесінің бір сөзден де, екі сөзден де жасалатынын байқайды. Содан өздері тиісті ереже шығарады.



22- жаттығу.

Жоғарыдағы кесте бойынша орындаймыз.



Оқулықпен жұмыс

23-жаттығу.

Жаңылтпашты жатқа жазып, күрделі мүшені табу

сөйлемдерді көшіріп жазып, сөйлем мүшелеріне талдау

24,25- жаттығу.

Мәтіннен күрделі мүшелерді тауып, неліктен күрделі мүше болып тұрғандығын дәлелдеу г) Ешкі туралы сипаттау мәтіннін құру /

26-жаттығу

Сергіту жаттығуы



ІҮ. Қорытындылау

- Балалар, бүгін біз не үйрендік?

-Сөйлемнің дара және күрделі мүшесі туралы не білеміз?
Ү. Үйге тапсырма: 27- жаттығу.
ҮІ. Оқушыларды бағалау


Күні: 15. 10. 15

Пәні: Математика

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.

Тақырыбы: Көп таңбалы сандарды жазбаша қосу және азайту тәсілдері.

Мақсаты:

Білімділігі:көп таңбалы сандарды қосу және азайтудың тиімді тәсілдерімен таныстыру;

Дамытушылығы: көп таңбалы сандардыжазбаша қосу және азайтуды орындау дағдыларын бекіту; есептеу дағдыларын жетілдіру; атаулы сандармен амалдар орындай алу.

Тәрбиелігі: дәптермен, тақтамен жұмыс жасауда ұқыптылыққа, тазалыққа тәрбиелеу

Сабақтың түрі: аралас сабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, есептеу, салыстыру.

Көрнекілігі: қосымша тапсырмалар жазылған үлестірмелер, кестелер

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі. Сабаққа даярлық, амандасу, түгендеу.

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5.

Өткенді пысықтау: Ауызша жұмыс.Зейінділік ойыны:

№ 1. Көрші сандарды ата. Олардың әрқайсысына 1 000-ды қос.



999

9 999

99 999

999 999

1 999

199

999 199

111 999

998, 999, 1 000; 9 998, 9 999, 10 000; 99 998, 99 999, 100 000:

1 998, 1 999, 2 000; 10 998, 10 999, 11 000; 100 998, 100 999, 101 000:



ІІІ. Жаңа сабақ:

1. түсіндіру, еске түсіру, қайталау.

Кітаппен жұмыс. № 3. Талдау, есептеу.


  1. Ірірек бірліктерді кіші бірліктермен алмастырамын.

  2. Амалдарды орындаймын.

  3. Ұсақ бірліктерді ірірек бірліктермен алмастырамын.

  4. Жауабын оқимын.

№ 4. Әр түрлі тәсілдермен шығару.

1). 50 ∙ 3 + 100 ∙ 3 450(тг)

2). (50 + 100) ∙ 3 450 (тг) - Шешудің қай тәсілі тиімді болып табылады? Неге?



Сергіту сәті

ІҮ. Жаңа сабақты пысықтау: Есеп шығару:

№ 5. Есепте.

950 521 – 8 214 = 942 307 22 349 + 5 987 = 16 362 290 000 – 3 175 = 286 825

№ 6. А). Ауданы 16 см2 – ден кем болатын шаршы сыз. 16см2 : 4 = 4 см а = 4 см

Ә). Ауданы 16 см2 – ден кем болатын тіктөртбұрыш сыз.

Ү. Бекіту. Шығармашылық тапсырма.№ 7.

Р = (15 + 8) ∙ 2 = 46 (см) S = 15 ∙ 8 = 120(см2 )

№ 8. Топтық жұмыс.

ҮІ. Үйге тапсырма: № 2. 48 - бет.

ҮІ. Бағалау
Күні: 16. 10. 15

Пәні: Әдебиеттік оқу

Сыныбы: 4 «А»

Сынып жетекшісі: Шамахан Г.Ш.
Сабақтың тақырыбы: Ормандағы оқиға. Қайнекей Жармағамбетов.

Мақсаты:

Білімділігі: Қайнекей Жармағамбетов « Ормандағы оқиға» атты ертегіні түсініп оқуға,

ойланып сөйлеуге, ойын толық жеткізе білуге үйрету;



Дамытушылығы:сөздік қорын, тіл байлығын дамыту;

Тәрбиелігі:адалдыққа, шыншылдыққа, әділеттілікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралассабақ

Сабақтың типі: жаңа білімді үйрету сабағы

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, әңгімелеу, ойын тұжырымдау.

Көрнекілігі:оқулық, суреттер.
Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: Амандасу, түгендеу, оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1.Ақселеу Сейдімбектің « Әйел – ана» атты ертегісі не жайлы айтылады? Ер – азаматтарды аман алып қалу үшін Әйел – ана қандай тапқырлық жасады?

2.Үй тапсырмасын пысықтау:

Автор ертегі арқылы бізге қандай ақыл, өнеге бермекші болып отыр?

Ер – азаматтарды қорғаннан алып шығудың тағы қандай жолын ұсынар едің?
ІІІ. Жаңа сабақ:

1.Мақсат қою кезеңі: Сабақтың мақсатын, тақырыбын хабарлау.

2.Жаңа сабаққа даярлық.

-Орманда не өседі? Қандай ағаштардың түрлерін білесің?

-Сенің үйіңнің жанында қандай ағаштар өседі? Сен қандай күтім көрсете аласың?

3. Оқулықпен жұмыс.

Қайнекей Жармағамбетовтың « Ормандағы оқиға» атты ертегісін түсініп оқу.

-Ертегі қалай аталған? Неліктен осылай аталды деп ойлайсың?

-Екі ағаштың бір-бірімен ренжісуіне не себеп болды?



4.Сөздік жұмыс:Қосақ – сауу үшін ұзын арқанмен мойындарынан бір – біріне тақап қосақтай байланған қой немесе ешкілер тобы.

Сергіту сәті
ІҮ.Жаңа білімді бекіту кезеңі:

1. Қайың мен Қараағаштың қатты ашулануына Тобылғының қандай сөздері әсер етті деп ойлайсың?(шағыстыруы).

Тауып оқы. Қараағаштың қылығы көз алдыңа қандай адамды елестетеді? Әңгіменің қай жері саған ерекше әсер етті? Неліктен? Сенің қай ағашқа жаның ашыды? Неліктен? Қазіргі заманда олар қалай өмір сүреді екен? Бұл ертегіден ойыңа не түйдің? Қандай қорытынды пікір айта аласың?


Каталог: uploads -> doc -> 1345
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
1345 -> Сабақ тақырыбы: Металдар мен сұйықтардағы электр тогы Жалпы мақсат
1345 -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Қазақстан бірінші дүниежүзілік соғыс жылдарында. 1916 жылғы ұлт азаттық көтеріліс


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет