Сабақтың тақырыбы: Жібек маталарды талдау. Сабақтың мақсаты: Оқушылардың алған теориялықбілімдеріне сүйене отырып, табиғи маталары туралы білімдерін бекіту. Сабақтың мазмұны: 1. Мататану элементтері. 2. Жібек маталар туралы мәлімет. 3. Жібек маталарын талдау. 4. Төмендегі жоспар-үлгісі арқылы оқушы өз бетімен 1-2 жүн немесе жібек матаны талдау. Құрал-жабдықтар: жүн және жібек маталардың үлгілері, ақ беттер, сызғыш, қарындаш, желім, скотч, плакат «Матаның қасиеттері» т.б. Орындалу реті: І. Мата туралы түсінік беру. 1. Матаның аталуы ___________________________ 2. Талшығы _________________________________ 3. Матаның қолданылуы ______________________ ІІ. Мата беттерін анықтау. 1. Матаның оң мен теріс жағын анықтау. 2. 5х5 см төртбұрыштың ішіне оң жағын көрсетіп жапсыру. ІІІ. Матаның негізі мен арқау жіптерін анықтау. Жиегі бар ма, жоқ па _____________________ 1. 5х5 см төртбұрыш сызу. 2. 4х4 см матаны қиып алу. 3. Негізгі жіптің орналасуын анықтап, жапсырып көрсету (бағыттауыш арқылы →). 4. Арқаулық жіптің орналасуын анықтау, жапсырып көрсету (белгі «+»). ІV. Матаның қасиеттерін анықтау.