Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы



бет3/3
Дата25.12.2016
өлшемі0,61 Mb.
#4831
1   2   3

Күтілетін нәтиже:

Білу: Отбасы туралы, оларға жататын мүшелерін тауды білу.

Меңгерту. Жанұя мүшелері туралы тақпақты жаттауға, отбасындағы адамдарды құрметтеуге, үлкендердің айтқаннын тыңдауға, кішіге көмек көрсетуді білу.


Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Шай қайнатып үйрену.

Мақсаты: Құманға шай салу, қайнаған су құю, кеселерге құю сияқты ойын ыдыстарының атауларын еске ,жасауды үйрету. Еңбекқорлдыққа тәрбиелеу. Инабаттылық пен адамгершілікке тәрбиелеу.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Психожаттаығу жасау

Достық шеңбері

Біз кішкентай баламыз,


Өсіп - өніп толамыз
Тату - тәтті дос болып,
Достық шебін құрамыз.

Балалар өлеңді жеке айтты.



Ұйымдастыру - іздену

Дос бол сабын, сумен сен,
Жиі – жиі жуын сен.
Таңертен де, кеште де,
Жуын күндіз, түсте де.
Жуын тамақ алдында,
Жуын тамақ соңында.
Жуын ұйықтар кезінде,
Жуын тұрған мезгілде.
Су мен сабын - бір жолдас,
Жоймас олар кір болмас.
Қолынан көп іс келетін адам өзін сенімді де, күшті сезінеді. Жалқаулық ең жаман әдет.
Ата – анамыздың көңіл күйі жақсы болсын десек, үй - ішін жинақы, таза ұстауымыз керек. Бөлмені жинастырып болған соң міндетті түрде желдетіп алу қажет.
Тамақ ішіп болған соң үлкендердің ескертуісіз өз ыдысымызды жуып қойған жөн. «Табағы таза адамның тамағы да таза» дегенді ұмытпайық.
Ас үстінде.
Асқа отырар алдында міндетті түрде қолды жуу керек. Кір қолмен тамақ ішу – тәрбиесіздік қана емес, денсаулыққа да қауіпті. Дастарқан басында өзгелердің тәбетін бұзатын қылық жасама. Тағамды, табақты езгілеп, берекесін алма.
Ас үстінде көп сөйлемеген дұрыс. «Ас үстінде жалқаумын, саңырау да, мылқаумын» деген мәтел сөз бар.
15– оқушы Үй іші дастарқан басына жайғасар кезде жасы кішілер үлкен адамдар отырып болғанша күте тұруы керек. Нан турасып, ыдыс – аяқ қойысуға көмектесуге болады. Тамаққа үлкендерден бұрын кірісуге болмайды.
Балалар бізге қонаққа Қуыршақ Айгүл келді.

ол сендерді көктем мерекесімен құттықтауға келіпті.

Айгүл Қуыршақ ты балалар алады. Қуыршақты кәне балалар қонақ қылайық. Үйге келген қонқты аналарын қалай күтіп қарсы алады.

Олай болса балалар шай жасайық. Дастарханға қандай ыдыстар қойылады. Шайды немен құяды. Шайды қалай дайындайды.



Сюжеттік ойын ойнайды.

Қуыршақ сендерге ,шайды жақсы құяды екенсіңдер, кімнен үйрендіңдер рахметін айтып қоштасады.




Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Күнге қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, біртұрып,
Жаттығулар жасаймыз.

Ойыншық асхана ыдыстары ,

Қуыршақ

Берілген тапсырманы балалар орындады.



Рефлекістік

түзету


Қимыл қозғалыс арқылы сұрақтарға жауап беру

Ахана ыдыстарын атаңдар?

Қонаққа кім келді?



Балалар сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: балаларға асхана ыдыстарын ажырату, ұқыптылық пен тазалыққа және келген қонақты қарсы алуды білу.

Игеру: өздеріннің әр ұстаған заттарды дұрыс пайдаланып орындауды игеру.

Меңгерту: Берілген тапсырма бойынша орындауды меңгереді


Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Сиқырлы дорба

Мақсаты: Дыбыстарды және сөздерді анық айтуға, сұраулы сөйлемдерді қолданып интонациялық мәнерлі айтуға ықпал жасау, ұзақ дем шығаруға жаттығу. Сөйлеу темпін өзгерту қабілетін дамыту, баяу сөйлеу, есту зейінің жетілдіру. Еңбекқорлдыққа тәрбиелеу.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Психожаттаығу жасау

Арайлап атқан таңымыз аппақ,
Арайлап атқан таңымыз ашық,
Арайлап атқан таңымыз жарқын,
Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!


Балалар өлеңді жеке айтты.



Ұйымдастыру - іздену

«Ғажайып қалта» ойнын ойнауды ұсынады. Ойынның шартын түсіндіреді. Қалтада көкөністер мен жемістер болады. Балаларға көкөністер мен жемістерді бір-бірлеп алғызады. Аттарын айтқызып көкөніс не жеміс екенін ажыратып беруді сұрайды. «Қандай?» деген сұраққа жауап берулерін күтеді. Олардың үлкен – кішкентай, тәтті – ащы екенін, түстерін және қайда өсетінін айтады, сөз тіркестерін дұрыс айтуға үйретеді.
Дыбыстық жаттығу жасату.
Ті-ті- тәтті.
. «Кім жылдам?» дидактикалық ойыны.
Шашылып жатқан көкөністер мен жемістерді жинайды. Шапшаңдыққа, жылдамдыққа үйретеді. Кім көп, тез жинаса сол жеңеді.
2. «Дұрыс сал!» дидактикалық ойыны. Балалар сиқырлы сәтке таң қалады.
Ойын ойнауды қуана қабылдайды.
Көкөністер мен жемістерді ажыратады.
Көк, қызыл деп жауап береді.
Балалар қимыл-қозғалыс пен өлең сөздерін бірге қайталайды.
Балалар қуана жинайды.
Үлестірмелі материалмен жұмыс. Жемістердің суреттерін тарелкеге, көкөністердікін себетке жапсырады.

«Жануарларды орналастыр» дидактикалық ойыны №16


Мақсаты: Балаларды тақтада және қағаз бетінде бағытты таба білуге үйрету.
5 бала кезекпен тақтадағы тапсырманы, ал қалғандары үстелдің үстіндегі парақ қағазда фишкамен орындайды.
- Оң жақтағы жоғарғы үйшікке ақтиінді орналастыр.
- Сол жақтағы төменгі үйшікке мысықты орналастыр.
- Төменгі оң жақтағы үйшікке аюды орналастыр.
- Жоғарғы сол жақтағы үйшікке қасқырды орналастыр.
- Барлық аңдарға үйшіктер жетті ме?
«Ертегі кейіпкерлерінің жұбын тап» дидактикалық ойыны

. Қай ертегіде қандай кейіпкерлер бар.

Сюжеттік ойын: Ертегі кейіпкерлері туралы айту, сахналау. «Қызыл телпке», «Бауырсақ», «Жеті лақ» ертегілері т.б.



Біз кішкентай баламыз
Өсіп - өніп толамыз.
Көкке қарап талпынып,
Күнге қолды созамыз
Қанат қағып ұшамыз,
Қарлығаштай қалықтап,
Бір отырып, біртұрып,
Жаттығулар жасаймыз.
Сергіту сәті

Орнымыздан тұрамыз,


Қолымызды көтеріп ,
Алма ағашындай жайқалып ,
Әдемі болып өсеміз

Магнит тақтада ілінген ертегі кейіпкерлерді орналастыру.

Ғажайып қорап, сиқырлы қалта

Тапсырмаларға байланысты суреттер мен макет ойыншықтар, жұмсақ ойыншықтар.

Кәрзеңке


Рефлекістік түзету

Қимыл қозғалыс арқылы сұрақтарға жауап беру
Жемістердің суреттерін тарелкеге, көкөністердікін себетке салады.
Балалардың не үйренгендерін сұрайды, тілдерін дамытуға көмектеседі.



Балалар сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білу: Балалардың логикалық ойлауын, зейінін, есте сақтау қабілетін дамыту, тапсырманы дұрыс орындай білу.


Меңгерту: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша жауап берурге, сөздерге анықтауыш таңдау білуге үйрет, сұрақ беруге құлшынысын арттыруды меңгерту.

Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Төрт түлік

Мақсаты: Үй жануралары туралы ұғымдарын өзіндік қалыптастыруды жалғастыру. Жануарлар әлемнің өзіндік ерекшелігімен тіршілік ету ортасының байланысы туралы түсіндіру.Еңбекқорлдыққа тәрбиелеу.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Психожаттаығу жасау

Арайлап атқан таңымыз аппақ,
Арайлап атқан таңымыз ашық,
Арайлап атқан таңымыз жарқын,
Арайлап атқан таңымыз қуанышты болсын!


Балалар өлеңді жеке айтты.



Ұйымдастыру - іздену

Төрт түлік туралы тақпақтар

Мінезім жайлы сиырмын,

 Байлығымын бір үйдің.

Етім дәмді, сүтім бал,

Сырымды менің ұғып ал,

Арғымақ тұлпар жылқымын,

Мақтанымын жұртымның.

 Ерге қанат тұлпар мен,

 Қалай түлік келер маған тең.

Қой-ешкі бір түлікпіз,

 Бірге өстік еш күдіксіз.

Еті тәтті, сүті бал,

Қой-ешкі ең құнды мал.

Ең зор түлік түйемін,

 Тікенді шөпті сүйемін.

Пайдалансаң сүтім шұбат,

 Дертке дауа, жанға қуат.

Сиырдың төлі бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді. Сиырдың пірі – Зеңгі баба. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады.

Жылқының төлі  құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.

Түйенің төлі бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -   Ойсылқара.

Қойдың төлі қозы. Қой шөп, жем жейді, су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды.  Қойдың пірі – Шопан ата.

Басында екі таяғы бар,

Төрт аяғы бар,

Адам деуге болмайды, сақала тағы бар. (ешкі)

Ешкінің төлі лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.

Үй жануарлар қалай дыбыстайды . Соны атап көрелік.

Түйені  көс-көс.

Дидактикалық ойын. «Не, қайда өмір сүреді?»
Енді төрт түліктің төлдерін қалай атайтынын көрейік.
Сиыр төлі – бұзау
Жылқы төлі – құлын
Ешкі төлі - лақ
Қой төлі – бота



Бой сергіту сәті.
Мақалар
• Мал өсірсең қой өсір,
Өнімі оның көл - көсір.
• Малды баға біл,
Бабын таба біл.
• Мал төлімен жарасты,
Жер гүлімен жарасты.
• Ұлыс бақты болсын,
Төрт түлік ақты болсын.
• Ер қанаты – ат.
• Сиырдың сүті – тілінде.
• Байлықтың көзі – жылқының түгі.



«Мал баласын қалай сүйеді?»
Қой сүйеді баласын «қоңырым»
Ештеңені білмейтін «момыным»
Сиыр сүйеді баласын «торпағым»
Қараңғыға баспаған «қоқағым»
Түйе сүйеді баласын «тайлағым»
Жабу жапса жарасқан «жайнағым»
Сөзжұмбақ
1. Түйенің төлі.
2. Сүттен кейін не жасалады?
3. Жылқы төлі.
4. Сүттің бетіне шығатын зат.
5. Малды кім бағады?
6. Ешкі төлі.
7. Балаға ең жақын адам.



Сиыр – сүт, қаймақ, май, ірімшік, сүзбе, құрт, ет, терісінен киім тігеді.
Жылқы – жүк тасиды, қымыз, ет, терісінен киім тігеді.
Қой – жүнінен киім тоқиды, ет.
Ешкі – түбітінен киім тоқиды, ет.
Түйе – жүк тасиды, шұбат, жүнінен киім тоқиды, ет.



Рефлекістік түзету

Төрт түлікті атаңдар?

Малдың қандай пайдасы бар?

Үй жануарлары қалай дыбыстайды?





Күтілетін нәтиже:

Білу: Балалардың үй жануарларының пайдасы мен қасиеттері туралы білу.


Меңгерту: Тәрбиешінің сұрақтары бойынша жауап берурге, сөздерге анықтауыш таңдау білуге үйрет, сұрақ беруге құлшынысын арттыруды меңгерту.

Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Менің көңілді әуезді добым

Мақсаты: Ойыншық туралы әңгіме құрауға үйретуді жалғастыру. Затты сипаттауға, оның түсін, көлемін, материалын белгілеуді үйрету.Ойыншықтарын ұқыпты ұстауға тәрбиелеу.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Шаттық шеңбері жасалды.


Енді бір – бірімізге сәлем берейік.

Балалар, менің қолымда қандай затты көріп тұрсыңдар?

Балалар: Доп


Балалар шеңберге тұрады

Бала, бала баламыз,

Бақшамызға барамыз,

Тату-тәтті тұрамыз

Сәлемет бе, міне мен!

Доспын енді сенімен!

/бір – бірлерінің қолдарынан ұстап тұрады/


Ұйымдастыру - іздену

Бұл жай доп емес, сиқырлы доп. Бұл сиқырлы допты алақаныма салып, айналдырып доп туралы тақпақ айтайық.

Добым, добым, домалақ,

Қайда кеттің домалап.

Қызыл, жасыл, сары, көк

Ойнайтын сенімен бала көп.

балаларға себеттің ішінен кішкентай доптарды алып таратады.

Балалар доптарды қолдарына ұстап, қарайды.

Балалар, бұл доп неден жасалған?

Доп қандай, қатты ма, жұмсақ па?

Доппен біз не істейміз?

Тәрбиеші: Допты соққанда, ол секіреді. Себебеі, ол желденген.

2. Мнемотехнология сызбасы (интерактивті тақта бойынша)

Мақсаты: сызбаға сүйеніп допты сипаттауға үйрету, заттың түсін, пішінін, көлемін ажырата білу біліктілігін қалыптастыру.

Балаларға сызбаны көрсетіп допты қалай сипаттауға болатынын айтады, мнемотехнология сызбасына сүйенеді.

Мынау не? – Доп

Доп қандай? – домалақ

Түсі қандай? – қызыл, жасыл, сары, көк

Доптың көлемі қандай? – үлкен (кішкентай)

Балалар допты басқанда, ол жұмсақ басылады, сосын өз қалпына қайта келеді. Қазір біз сендермен тәжірибе жасаймыз: допты суға салайық. Қане, қараңдаршы доп бата ма, жоқ па? Батпайды екен. Қалай ойлайсыңдар неге, батпайды?

Дидактикалық ойын: «Дұрысын тап»

Үстел үстіне ағаштан, пластмассадан, резинадан жасалған бірнеше ойыншықтар қою. Балалардан резинадан жасалған ойыншықты тауып көрсетуді сұрау.

Тәрбиеші: Балалар, ойыншық туралы қандай тақпақ білеміз?

Қане барлығымыз бірге айтайық.

Ойыншықтар қандай, қандай,

Қызыл, жасыл, сары, көк,

Түрлі – түсті түстері

Көз тартады өздері.

Ойыншықпен не істейміз?

Тәрбиеші: Ойыншықтар бізге ренжімеу үшін не істеуіміз керек?! Оларды лақтырмаймыз, сындырмаймыз, жуамыз. Біздің топта ойыншықтардың өз орны бар. Біз ойнап болғаннан кейін, оларды жинап орнына апарамыз. Біздің ойыншықтар таза. Олар бізге ренжімейді. Сабақта қолданған ойыншықтарды өз орнына апарып жинап қояйық.

Доп суреттері, доптар мен ойыншықтар

Резинадан жасалған.

Жұмсақ


Ойнаймыз

Серігту сәті


Добым, добым домала

Қайда кеттің бомалап

Балшыққа тек жолама

Бүлдіресің қолымды

Ойнаймыз


Рефлекістік

түзету


Доп ненеден жасалады?

Доптың түрлерін айтыңдаршы?







Күтілетін нәтиже:

Білу: Затты сипаттауға, оның түсін, көлемін, материалын белгілеуді үйрету білу.


Игеру: сызбаға сүйеніп допты сипаттауға үйрету, заттың түсін, пішінін, көлемін ажырата білу біліктілігін қалыптастыруды игеру.

Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Жаңбыр

Мақсаты: Қоршаған табиғаттың сұлулығын көре білуге тәрбиелеу, оған қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру, табиғатты қорғау дағдыларын қалыптастыру.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Қазір қандай мезгіл? Көктем

Көктем айларын атаңдаршы?

Қар еріп , күн жылиды. Қыста ұйқыдағы аңдар оюнады.

Құстар ұшып келеді.

Ауа- райы қандай болады?






Ұйымдастыру - іздену

Жұмбақ жасыру

Ат шаптырым аумағы,


Байқалмайды салмағы.
Мың кессең де ол мейлі,
Жүреді,ұшып өлмейді. (Бұлт)
Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
Сырылдатады шәйнегн,
Ұнатпаса да жұрт, мейлі.
Тереземіздің әйнегін
Жуады,
Бірақ сүртпейді.   (Жаңбыр)

Көктем айында жаңбыр көп жауады. Нөсерлі жаңбыр, ақ жаңбыр болып жерге жауады. Жаңбыр жауса жер көктеп, талда бүршік жарады.

Жаңбыр қалай жауады?

Дыбысын салу. Тырс- тырс себелейді.

Қолымызбен жасайық.

Жаңбыр жауғанда қалай қорғанамыз.қолымызға қол шатыр ұмстаймыз. Ол болмаса үстіміз су болады.

Балалар жаңбырдан соң ауа- райы таза қош иісті болады. Содан кейін аспанда не пайда болады?

Кемпірқосақ

Ол қандай болады? Әр түрлі түсті сызықтар көрінеді. Жаңбыр қатты жауғанда күн күркірееп найзағай ойнайды. Ол от сияқты жарық- жұрық етіп тез арада көрініп ғайып болады.

Балалар біз табиғаты аялап қорауымыз керек. Табиғатқа су , күн, жылу керек.Ол болмаса айналамызда өсіп тұрған табиғат болмайды. Сондықтан қоршаған ортамызды өзіміз ластамай таза ұстауымыз қажет.

«Жаңбыр» туралы өлең оқу.


- Тырс! Тырс!
Жаңбыр кеп жауады,
Терезе қағады.
- Тырс! Тырс!
Жылғалар ағады,
Сылдырап әуенге салады.
- Балалар бұл тақпақта не туралы айтылды? - Жаңбыр туралы.
Жаңбыр қайда жауды?
Балалар барлығың мына суретке қараңдаршы.
- Нені көріп тұрсыңдар?
- Бұлттан не жауып тұр?
- Көк түсті бояуды көрсетіп түсіндіреді.
- Көк түсті не болады?
- Тамшының пішіні қандай

Кім табиғат туралы тақпақ біледі.



Сергіту сәті жасалады

Тербеледі ағаштар

Алынан жел еседі

Кіп- кішкентай ағаштар

Су құйғанда өседі.
Тілдік қимылды ойын ойнайды
- Жаңбыр жауады. Тырс!
- Жаңбыр жауады. Тырс! Тырс!

- Жаңбыр көп жауады.


Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!
/бір орында тұрып, секіреді/
- Көктем мезгілі
- жылиды.
- жауады.
- жарады.
- ұшып келеді.
- шығады.
- Наурыз тойын.
- Балалар жауабы.
- Жаңбыр туралы.
- Жаңбыр терезеге, жерге, гүлге, шөпке жауды.
- Балалардың алған әсері жайлы сөздерін тыңдау.
- Көзімізбен көрдік.
- Құлағымызбен естідік.
Үстелді саусақ ұшымен соғу
- Бұлтты көріп тұрмыз.
- Жаңбыр жауып тұр.
- Су, өзен, гүл, заттар болады.
- Пішіні сопақша.
Балалар жұмыс жасар алдында саусақты бояуға салмай тұрып, ауада көрсетеді.
- Тырс! /алақанды бір рет соғады/
- Тырс!, Тырс! алақанды екі соғады
Тырс! Тырс! Тырс! Тырс! Тырс!


Құстар туралы мақал айту.

Құс төмен ұшса жаңбыр жауады,


        Жоғары ұшса күн жылы болады.



Рефлекістік

түзету


Көкем мезгілінің айларын атаңдар?

Көктем айында ауа- райы қандай болады?

Бүгін сабақта не өттік?

Жаңбырдың дыбысы қандай?




Балалар сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жыл мезгілі көктемнің басты ерекшеліктерін. Жаңбырды бейнелеудегі бояу түсін, дыбысын, пішінін,

бейнелеу тәсілін біледі.
Түсінігі: Мезгілдің басты ерекшеліктерін бейнелеу жайлы түсінік қалыптасады.

Шағын орталық тобында ұйымдастырлыған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы


Өтілетін күні: _______________201 ж Тәрбиеші: О.С.Отарова

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекеті: Тіл дамыту

Тақырыбы: Қаздар мен аққулар ертегісі

Мақсаты: Адами сезімдерін қатынастар әлемінен сыр шертетін ертегілер мен әдеби шығармаларды тыңдауға оңдағы оқиғалардың дамуын бақылауға, мазмұнын түсінуге, кейіпкерлердің қылықтарын бағалап, өзінің қарым- қатынасын білдіруге тәрбиелеу.

Әрекет

кезендері



Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Дәлелдеу-ояту

Ұйымдастыру бөлімі

Қазір қандай мезгіл? Көктем

Көктем айларын атаңдаршы?

Қар еріп , күн жылиды. Қыста ұйқыдағы аңдар оюнады.

Құстар ұшып келеді.

Ауа- райы қандай болады?






Ұйымдастыру - іздену

Үнтаспадан жәй әуенмен «Құстар әні» орындалады,осы кезде бір топ бала бастарына құстардың суретін тағып,құсша қанаттарын
қағып залға кіреді да,әр ағаштың түбіне барып қонады.
Көктем:   Балалар ерте көктемде ұшып келетін құстарды еске тү-
сірейікші, ол үшін мен сендерге құстарға байланысты жұмбақ жасырамын.
        Шарлап келіп даланы,
        Үйіме,үйін салады.        (Қарлығаш)

        Су бетін сүзіп,


        Ақ құман жүр жүзіп.    (Аққу)

Балалар,сендер бейнекөріністен көрдіңдер? Құстардың


атын атаңдаршы (қарға,сауысқан,торғай,қарлығаш,тыр-
на,қараторғай,аққу).
Біз сендермен серуенге шыққанда жылы жақтан көп құстардың ұшып келгенін көрдік.
Көктем:   -Көктем құстарын кім атайды?
Балалар:   -Қараторғай, қарлығаш,тырна.
Көктем:   - Осы құстар нені қорғайды?
Балалар:   - Ағаштарды.
Көктем:    - Ағаштар не үшін керек? 
Балалар:   - таза ауа шығарады.
Көктем:   - Ендеше сол таза ауамен дем алып көрейік.(балалар 
тыныс алу жаттығуын жасайды)

Баллар мен сендерге «Қаздар мен аққулар» ертегісін әңімелеп берейін орыс халқының ертегісі. Сендер бұл ертегіні мультфильм арқыл көрдіңдер.


Ал енді осы құстар туралы тақпақ,мақал-мәтел,тыйым сөздер
кім айтады.

Құстар туралы нақыл сөздер.
Құсқа тас лақтырма.
Құстардың жұмыртқасын жарма.
Аққуды атуға болмайды,
 Досыңды сатуға болмайды.
Құстың ұясын бұзба,
 Қарғысқа қаларсың.
Д/ойын: Ұшты- ұшты


Сергіту сәті жасалады
Аспанға қарайық 
Күнге қолды созайық
Құстар қалай ұшады
Қанаттарын қағады
Құстар қонады
Құстар су ішеді
Жем жиді
1-2-3,1-2-3 құс аспанға ұш
1-2-3 құс аспаннан түс.

Құстар туралы тақпақтар айтылды.


Келіп көктем құстары,
Бау-бақшада ән салды.
Оларды жас достары
Ұя жасап қарсы алды.
Көктем келді,құс келді,
 Ойнаймыз біз саз илеп.
 Біздің көлге түстенді,
 Былтыр кеткен қаз-үйрек.
 Ля-ля-ля,ля-ля-ля,
Былтыр кеткен қаз-үйрек.


Рефлекістік

түзету


Балалар сендерге сабақ ұнады ма?
-    Ұнады.
-    Біз сабақта нелер туралы әңгімелестік?
-    Құстар туралы әңгімелестік,тақпақтар айттық,мақал-мәтелдер,
құстар туралы тыйым сөздер айттық.     



Балалар сұрақтарға жауап берді.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Балаларды жергілікті жердің құстарымен таныстырып, оны күтіп-баптауға,аялауға,оларға мейірімділікпен қарауды білді.



Игерді: Тілдерін дамыту,сөздік қорларын молайту. Балаларды табиғат арқылы адамгершілікке тәрбиелеу және экологиялық білімдерін толық ұғымға жетілдіруді игеру.
Каталог: uploads -> doc -> 0653
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі
0653 -> Сабақтың тақырыбы: «Адам бойындағы қасиеттер: Шындық пен өтірік» Сабақтың мақсаты
0653 -> Сабақтың мақсаты: Білімділік мақсаты
0653 -> Сабақтың түрі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың әдісі: ойқозғау, түсіндіру, сұрақ-жауап
0653 -> Урок Сабақ жоспары/План урока Сабақтың тақырыбы/ Тема урока: Основные формы изменчивости, генотипическая изменчивость, мутация. Причины и частота мутации, мутагенные факторы, Эволюционная роль мутации
0653 -> Тақырыбы: «Әлем таныған Президент» Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет