Т. С. Баизбаева Бұл бағдарлама жалпы білім беретін мектептің 6-7 сынып оқушыларының биология пәні бойынша берілетін орта білім мазмұнының базалық деңгейі негізінде жасалды. «Өсімдіктер»



бет6/8
Дата15.09.2017
өлшемі1,37 Mb.
#33769
1   2   3   4   5   6   7   8

Жузім ұлуын - жүзімдіктен, ал жалаңаш шырышты бау-бақшалар мен өзге заттар астынан кездестіре аламыз. Бұлардың көпшілігінің денесін бақалшақ қаптайды. Бақалшақтарының пішіні әр түрлі болады. Кейбіреулерінде, мысалы, жалаңаш шырыш денесінде бақалшақ қалдығы ғана сақталған. Денесі жұмсақ. Бақалшақты ұлулардың денесін жобалан бас, тұлға және аяққа жіктеуге болады. Аяғы дененің астыңғы бөлігі - бауырын толық қамтитындықтан, бұлар бауыраяқты ұлулар класына жатқызылады. Бауыраяқтылардың 80 мыңға жуық түрлері белгілі. Бау-бақшаға, жүзімдіктерге, баққа жалаңаш шырыш, жүзім ұлуы айтарлықтай зиян келтіреді.

Тоспаұлулар - паразиттік жолмен өмір сүретін таспақұрттардың аралық несі. ұлудың жер астынан алынған қалдықтары (Маңғыстау ұлутасы) құрылыста пайдаланылады.

Қосжақтаулы ұлулар класы



Бұлар - Жер шарына кең таралған көпжасушалы жәндіктер. Олар мұхитта, теңізде, тұщы суқоймаларында, өзендерде тіршілік етеді. Құрлықта кездеспейді. Жануартекті жеммен қоректенеді, паразиттік жолмен өмір сүретіндері де бар. Қосжақтаулы ұлулар класының өкілі айқұлақ. Олардың бақалшағы ашып-жабылатын екі жақтаудан тұрады. Сондықтан бұл жәндіктер қосжақтаулы ұлулар деп аталған. Бұлардың бас бөлігі жойылып кеткен. Денесі тек тұлға және аяқтан ғана құралады. Мысалы, айқұлақтың аузы аяғының қасында орналасқан. Айқұлақта бас болмағандықтан, оның тілі де, жұтқыншағы да жоқ. Сондықтан қорек тікелей өңешке түседі. Одан қарынға өтіп, ішекке барады. Қосжақтаулы ұлулар - дара жынысты жәндіктер. Олардың ғаламшарымызда 20 мыңға жуық түрлері мекендейді. Бұлар суды денесі арқылы өткізіп, оны бактериялардан, планктон және қалқып жүрген өлі қосындылардан сүзіп тазартады.

«Планктон» - грек сөзі, «кезбе» деген мағына береді. Ол - теңіздің қалың қабатында кезіп жүріп тіршілік ететін ұсақ тірі ағзалар жиынтығы. Теңізде тіршілік ететін кейбір қосжақтаулы ұлулар (мидия, устрица, гребешок) тағам ретінде пайдаланылады. Теңіз қосжақтаулыларының бақалшағынан түйме жасалады. Көптеген ұлулардың бақалшағынан ұн тартылып, ірі қараға жем ретінде беріледі.Мидия-калифорниялық мидиялар-"бисал тізбегі" деп аталатын талшықтары арқылы жартастарға жабысып тірішілік етеді.Гамбут хитондары-"қақпақша" аталатын сегіз тілемшеден тұратын ұлулар. Мүйізді ұлудың артқа қарай бағытталған мүйіз тәріздес өсінділері бар қарақошқыл қабыршағы болады. Қосжақтаулы ұлулардың ағаштан жасалған құрылыстар мен кеме түбін тесетін түрлері бар. Олар өте қауіпті зиянкестер болып табылады. Денесінің алдыңғы бөлігіндегі қосжақтаулы кішкене бақалшағымен сүректі бұрғылан теседі. Сөйтіп өзіне жол салады да, ағашты пайдалануға жарамсыз етеді.

Каракатица

Басаяқты ұлулар класы

Олар - ең жоғары құрылымды жәндіктер. Бұларда бақалшақ жойылып кеткен. Суы тұзды және оңтүстіктегі теңіздерде, мұхиттарда ғана өмір сүрелі. Басаяқты ұлулар - өте ірі жәндіктер. Мысалы, тереңсу кальмарының ұзындығы - 18 м, мұның 10 метрі қармалауыш. Қармалауыштың жуандығы 20 м. Басаяқтылардың денесі бастан және түлғадан құралады. Ауыз төңірегінде өте күшті 8 - 10 қармалауыштар болады. Қармалауыштардың ішкі жағында бірнеше қатар сақиналанған сорғыштар бар. Сегізаяқтар қармалауыштардың жәрдемімен су түбінде жүріп, қорегін ауданды. Сөйтіп бұлардың басындағы қармалауыштар аяқ қызметін де атқарады. Каракатина және кальмар өте баяу жүру үшін қармалауышы мен басын алдыға қаратыл жүзеді. Өте шапшаң қозғалу қажет болған жағдайда денесінің артқы бөлігімен реактивті қозғалады. Аяғы (қармалауыштары) басында болғандықтан, бұл жәндіктер басаяқты ұлулар класына жатқызылады. Басаяқтылардың қазіргі кезде 800-ге жуық түрлері бар.



Басаяқты ұлулардың бір өкілі - кальмар. Шеміршекті бассүйегінде ми орналасады. Бұл - оның басы. Бастың екі жағында үлкен көздері бар. Оның құрылымы адам көзінің құрылысына ұқсас. Бір қызығы: көздің біреуі бір затты, екіншісі екінші затты жеке-жеке көре алады. Кальмарлар су тереңінде сағатына 50 шақырымдық жылдамдықпен жүзіп, қорегін аулайды.

Сегізаяқ


Каракатица да - басаяқты ұлу. Ол су түбін ала тіршілік етеді. Құмда жасырынып жатқан асшаянды аулайды. Жемін аулау үшін құмға бас бөлігіндегі ойыстан су атқылатады. Құм жан-жаққа ұшып, асшаян көрініп қалады. Енді оны ұстап жеу каракатинаға қиындық келтірмейді. Сегізаяқ су түбінде баяу қозғалады. Өзге басаяқтылар тәрізді сегізаяқ жауынан сиялы сұйықтығын шашып, құтылып кетеді. Бір қызығы сегізаяқты «сиқырлан» ұйықтатуға болады. Ол үшін сегізаяқтың аузын жоғары қаратыл, қармалауыштарын төмен салбыратса болды. Ол дереу ұйқыға баталы. Енді оған не жасаса да сезбей, ұйықтай береді. Бұлар жыртқыш болғандықтан, теңіздегі балықтарды, шаянтәріздестерді, өзге ұлуларды, т. б. қорек етеді. Кәсіптік балық үйірінің шырқын бұзып, оларды құртады (мысалы, қиыршығыстық кальмар). Сондай-ақ басаяқты ұлуларды тісті киттер, акулалар, ескекаяқтылар (теңізмысық), т. б. қорегіне жаратады. Кейбір елдердегі тұрғындар каракатицаны және сегізаяқты тағам ретінде пайдаланады.

Көптеген елдерде каракатица мен кальмар кәсіптік мақсатта ауланады. ұлулар - түрлер саны бойынша бунақденелілерден кейінгі екінші орындағы жәндіктер. Олардың қазіргі кезде 80 мың түрі бар деп есептеледі. Ұлулар типіне жататын жәндіктердің денесі жұмсақ, үш қабатты, екіжақты симметриялық көпжасушалы, құрылысы ұқсас болып келеді. Олардың денесі бастан, тұлғалан, аяқтан (қармалауыштардан), бақалшақтан және бақалшақ қалдығынан тұрады. Денесі бунаққа бөлінбеген. Асқорыту жүйесі едәуір күрделі. Тіс орнына - үккі, асқа қатысты без - бауыр мүшелері бар. Қантарату жүйесі - ашық. «Жүрегі» - екі құлақша, бір қарыншадан тұрады. Табиғатта қосжынысты және дара жынысты ұлулар кездеседі. Жүйке жасушалар жинақталып, түйінге айналады. Тынысалу өкпежәне желбезек арқылы жүзеге асады. Бізге ұлулардың үш класы көбірек таныс. Олар, бауыраяқты ұлулар, қосжақтаулы ұлулар және басаяқты ұлулар.[1]



Буынаяқтылар (Arthropoda) — омыртқасыз жануарлар типі. Олар теңіз, мұхитсуларында, өзен мен көлдерде, топырақта, үңгірлерде, орманда, ашық далада, шөлді жерлерде тіршілік етеді. 1,5 млн-нан аса түрлері белгілі. Буынаяқтылар 4 тип тармағына бөлінеді: желбезектыныстылар (Branchіata), хелицералылар(Chelіcerata), трилобиттәрізділер (Trіlobіtomorрha), кеңірдектыныстылар(Tracheata). Бұлардың дене құрылысы айқын сақиналарға жіктелген, 2 жақтаулы симметриялы. Аяқтары буын-буынға жіктелгендіктен Буынаяқтылар болып аталған. Денесі бас, көкірек және құрсақ бөлімдерінен тұрады. Дене сыртын хитин қабығы (кутикула) жабады. Ол қорғаныш әрі сыртқы қаңқа қызметін атқарады, оған бұлшық еттері жабысып бекиді. Буынаяқтылардың жүйке жүйесі жұтқыншақ маңындағы ганглиядан және құрсақ тізбегінен тұрады.Сезім органдары  иіс, дәм сезу мүшелері жақсы жетілген. Буынаяқтылардың өздігінен көре алатын фасетті көздері және тек жарықты сезе алатын көзшелері болады. Аяқтарының буындардан тұруы олардың жүрісін бағыттап отыруға, алуан түрлі күрделі қимылдар жасауға мүмкіндік береді. Қан айналу жүйесіашық, жүрегі көп камералы. Буынаяқтылар денесіндегі целом қуысы, алғашқы қуыспен бірігіп кетіп, дененің тұрақты қуысын (миксоцель) құрайды, мұны аралас қуыс дейді. Тыныс алу жүйесі — желбезектерден (суда тіршілік ететіндерде), өкпе мен кеңірдектен (құрлықтағыларында) тұрады. Ас қорыту жүйесі ауыз қуысынан басталып, аналь саңылауымен аяқталады. Алдыңғы, ортаңғы және артқы (без қызметін атқаратын мальпигий түтік тәрізді өсінділерін түзеді) ішектері болады. Зәр шығару жүйесі суда тіршілік ететіндерінде көкірек аяқтарының түп жағында, ал құрлықтағыларында мальпиги түтігінде (артқы ішектің түтік тәрізді өсіндісі) орналасқан. Буынаяқтылар дара жынысты, кейбір түрлері жыныссыз (партеногенездік) жолмен көбейеді. Эмбрионалдық дамуы көп жағдайда түрленіп өтеді, сондықтан дернәсілдер мен ересек түрлерінің арасында айырмашылық көп. Буынаяқтылардың өсуі мен дамуы түлеуге байланысты, яғни олар түлеп, бұрынғы қатты қабығын (кутикуланы) тастаған сәтте ғана өседі. Буынаяқтылардың маңызы өте зор. Мысалы, кейбір шаянтәрізділер тағам ретінде пайдаланылады, жібек құртынан өнеркәсіп шикізаты алынады. Олармен балықтар, сүтқоректілер қоректенеді. Кейбір түрлері улы келеді (қарақұрт,бүйі, шаян, т.б.). Бұлардың ішінде масылдық тіршілік ететіндері немесе жұқпалы аурулардың қоздырғыштарын адамға және жануарларға жұқтыратындары да бар (мыс., қан сорғыш кенелер, т.б.). Қазақстанда Буынаяқтылардың барлық кластарына жататын түрлер кездеседі. Олардың зиянды және масылдық түрлері, сондай-ақ, бау-бақша, егінзиянкестері зерттеліп, биол. және экол. ерекшеліктері анықталуда.[1]

Бунақденелілер - буынаяқтылар типіне жататын көпжасушалы, омыртқасыз жәндіктер класы. Бұлар - ғаламшардың кез келген түкпірінде таралған жануарлардың ең үлкен тобы. Оны жануарлардың әр түрлі тобындағы түрлердің салыстырмалы мөлшерінен айқын байқауға болады. Олардың 700000 (миллионға жуық) түрлері бар деп есептеледі. Бунақденелілер класы негізгі екі класс тармағына жіктелген еді. Олар туақанатсыздар және қанаттылар класс тармағы деп аталады. Бунақденелілер класында 35 отряд бар.

Мазмұны

  [жасыру



  • 1 Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі

  • 2 Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны

  • 3 Дереккөздер

  • 4 Сілтемелер

Буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі[өңдеу]

Бұлардың басқа буынаяқтылардан негізгі ерекшелігі - денесі айқын үш бөліктен құралады. Олар: баскөкірек жәнеқұрсақ бөлімдері деп аталады. Бунақденелілердің барлығы 6 аяқты. Басым бөлігінде қанаттары болады. Дене бөлімдері - алуан түрлі қызмет атқарады. Екі мұртша, күрделі және жай құрылысты көздер мен көзшелер баста орналасады. Көкірек бөлігіне қимыл-қозғалыс қызметін атқаратын аяқтар мен қанаттар орнығады. Көбею мүшелері құрсағында болады. Бунақденелілер демтүтік (трахея) арқылы тыныс алады.

Бунақденелілерге қоңыздаршыбындармасалар, көбелектер, баларалар, құмырсқалар, инеліктер жатады. Бұлар жер бетінде жорғалап, ауада ұшып жүріп тіршілік етеді. Кейбіреулері - суаршынсуқандаласушалқақзуламат суда өмір сүреді. Адам мен жануарларда паразиттік жолмен тіршілік ететін бүрге, бит, қандала және топырақ астында тіршілік ететін бұзаубас түрлері бар.

Бунақденелілердің ауыз мүшелерінің құрылымы да сан түрлі. Мысалы: сүзіп жалаушы (шыбын); шаншыл-сорушы (маса, орман қандаласы ) ; кеміруші (тарақан, қоңыздар); кеміріп-жалаушы (балара); түтік тәрізді ауызбен сорушы (көбелек).[1]

Бунақденелілердің дамуы және пайда-зияны[өңдеу]

Бунақденелілердің дамуы үш түрлі жолмен өтеді. Олар: тура даму (қанатсыз бунақденелілер; шала түрленіп даму (инелікдәуітшегіртке, бұзаубас, битқандала, т. б.) және толық түрленіп даму (қоңыздар, көбелектер, бүргелер, шыбындар, масалар, шаншарлар, құмырсқалар, баларалар, т. б.).



Тура даму дегеніміз - ұрықтанған жұмыртқадан тікелей ересек бунақденеге ұқсас жас жәндіктердің шығуы. Олардың тек денесі өседі және жыныстық жағынан ғана толысып дамиды.

Дамудың сызбанұсқасын былай кескіндей аламыз: тура даму: жұмыртқа —> имаго; шала түрленіп даму: жұмыртқа —> дернәсіл —>



толық түрленіп даму: жұмыртқа дернәсіл —> қуыршақ —> имаго.

Бунақденелілердің ересек күйге ауысу сатысы имаго деп аталады.



Имаго (лат. имаго - ересек жәндік). Бунақденелілерді зерттейтін ғылым энтомология (гр. ентома+логос - бунақдене + ғылым). Ол - зоология ғылымының бір саласы. Бунақденелілер табиғатта және адам өмірінде үлкен рөл атқарады. Егер олар өсімдіктерді тозаңдандырмаса, табиғат аясынан сан құбылып, көздің жауын алатын түрлі өсімдіктерді кездестіре алар ма едік? Топырақтан ің қазып (көңқоңыз), оны қопсыту арқылы топырақ түзуге қатысатын бунақденелілердің пайдасы өте зор. Көптеген бунақденелілер (қанқыз,құмырсқашаншар, т. б.) ауыл шаруашылығына зиян келтіретін сан алуан зиянкестерді жояды. Баларалар адамға бал және балауыз береді, өсімдіктерді тозаңдандырады. Жібек көбелектері жібек алу үшін өсіріледі. Бунақденелілер далада және орманда қалған жануарлардың өлексесі мен өсімдіктің шірінділерімен қоректенеді. Кейбір елдерде бунақденелілерді (шегірткені) тағам ретінде пайдаланды. Табиғатта тіршілік ететін зиянды бунақденелілер де баршылық.

Шегіртке


Көптеген бунақденелілер (бүйі, қарақұртқұршаянкене, т. б.) улылығымен, паразиттік тіршілігімен, ауру таратқыштығымен, омыртқалы жануарға және адамға зиянды. Паразит бунақденелілер (масақандалабүргебиттарақан, т. б.) көптеген қауіпті ауруларды таратып, адамдарға зиянын тигізеді. Ауыл шаруашылығына өте қауіпті бунақденелілердің бірегейі - азиялық шегіртке. Жәндіктердің санына және шоғырлануына байланысты шегірткелердің үйірлі және саяқ түрлері болады. Үйірлі шегірткелер дернәсілдердің тығыз топтасуынан - жаушоғыл (кулига), ересектерінің жинақталуынан үйір түзеді. Сөйтіп бұлар бір жерден екінші жерге топтасып көшелі. Саяқ шегірткелер мекенінен ұзақ ұшпайды - көшпенді емес. Азиялық шегіртке (көкқасқа шегіртке) – өте қауіпті, зиянкес жәндік. Көкқасқа шегірткенің аналығынан бір жазда өрбіген ұрпақтары екі қойды тойындыратын азықты жояды. Ал олардың жаушоғылдары мен үйірлері 1 - 2 сағатта жүздеген, тіпті мыңдаған гектар егістікті тып-типыл етеді.

Жаушоғыл түзетін қанатсыз дернәсілдер жаяу шегіртке деп аталады. Жаяу шегірткелерден құралған жаушоғыл жолында кездескен өсімдік атаулыны жайпайды. Сөйтіп бір жерден екінші жерге көшелі. Бунақденелілер буынаяқтылардың түрді ең көп қамтыған үлкен класы. бұлар суда, құрлықта, ауада өмір сүрелі. Олардың 6 аяғы бар. Денесі айқын үш бөлікке: баскөкірек және құрсаққа бөлінетіндіктен, бунақдене деп аталған. Өзге жәндіктерден айырмашылығы - бір немесе екі жұп қанаттары бар. Сондықтан ұша алады. Қанатсыз бунақдене де кездеседі. Бұлшықет жүйесі - күрделі. Жүйке жүйесі жоғары деңгейде дамыған. Жұтқыншақ үсті жүйке жасушасының түйіні - ми. Мидың үш бөлігі бар. Олар: алдыңғы, ортаңғы және артқы бөліктерден құралады. Жұтқыншақ асты түйіні мен құрсақ жүйке тізбегі екі жұп түйін - ганглий (гр. ганглион - бұдырмақ, ісік) түзеді.



Сезім мүшелері жақсы жетілген. Күрделі және жай құрылысты көзі бар. Қантарату жүйесі - ашық жүйе. Ас қорыту жүйесі ауыздан басталады. Ауыз мүшесінің құрылысы сан алуан. Бунақденелілердің демтүтікті жүйесі жақсы жетілген. Демтүтіктер дененің екі қапталындағы 10 жұп тыныс алатын тесіктер - демтесіктер арқылы сыртқа ашылады. Бунақденелілер демтүтіктің жәрдемімен тыныс алады.

Зәр шығару мүшесі - ішекке ашылатын өте жіңішке түтікшелер - мальпиги түтікшелері. Бунақденелілер үш түрлі жолмен дамиды. Олар дара жынысты.

Даму түрлері: тура даму (жұмыртқа имаго), шала түрленіп даму (жұмыртқа дернәсіл —> имаго), толық түрленіп даму (жұмыртқа —> дернәсіл —> қуыршақ —> имаго).[1]


Желілер типі – жануарлар дүниесінің тарихи дамуындағы ең жоғарғы топ.Арқа жағындағы ішкі қаңқаның қызметін атқаратын желісі болғандықтан , олар желілер деп аталған.

Желілер

 

Ең кішілерінің дене тұрқы  0,5 мм, ал үлкені 33м-ге жетеді. Желілер дене қуысы бар, үш қабатты, екі жақты симетриялы жоғары сатыдағы жануарлар.



Желілерге тән белгілер: ұрығының дамуы кезінде арқа жағында серпімді, әрі тығыз жемісі болады. Желі – төменгі сатыдағы жануарларда оның орнына омыртқа жотасы пайда болады. Қанайналым жүйесі  - тұйық.   

  Желілердің тип тармағы

 

                        Бассүйексіздер            Қабықтылар           Омыртқалылар



Қандауырша – омыртқасы жоқ желілі жануар. Онда желі, жүйке түтігі және желбезек саңылаулары өмір бойы сақталады. Қандауыршаның дене тұрқы 5-8 см. Денесі екі бүйірінен қысыңқы. Құйрық жүзбеқанатының пішіні медицина құралы – қандауырға ұқсас болғандықтан, қандауырша деп аталған. Қандауыршаның терісі жұқа. Оның сыртқы қабаты – эпидермис. Ол грекше  «эпи» - сырты, «дерма» -  тері, яғни сыртқы тері қабаты деген ұғымды білдіреді. Терінің ішкі қабаты нағыз тері деп аталады. Қандауыршаның өзіне тән ерекшелік  - терісінің сыртында жұқа сірқабықтың болуы. Қандауыршада қаңқаның қызметін әрі тығыз, әрі серпімді желі атқарады.

Асқорыту жүйесі  ауыз алды қуысынан басталады. Ауыз көлемді жұтқыншақпен байланысқан. Жұтқыншақтың екі бүйірінде көптеген желбезек саңылаулары орналасқан. Қандауыршаның жұтқыншағы асқорыту және тынысалу қызметін атқарады. Жұтқыншақ  тікелей қысқа ішекке жалғасады да, артқы тесікпен аяқталады. 

 

Қандауыршады жүрек болмайды, оның қызметін арқа және құрсақ қантамырлары атқарады. Қаны – түссіз. Қанайналым жүйесі – тұйық. Қандауырша жұтқыншағының маңында зәршығару түтікшелері орналасқан. Олардың бір ұшы дене қуысына, екінші ұшы жұтқыншақ маңындағы қуысқа ашылады. Қажетсіз қалдықтар сумен бірге арнайы тесік арқылы сыртқа шығарылады.



Орталық жүйке жүйкесінің қызметін жүйке түтігі атқарады. Қандауыршаның жүйке түтігінің әр жерінде сезімтал жасушалар  шоғырланып орналасқан. Олар жарықты ғана ғана сезеді. Сезімтал жасушалар терісінде де бар. Басқа сезім мүшелері дамымаған.

Қандауырша – дара жынысты жануар. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Көптеген ұсақ жыныс бездері жұтқыншақ маңында орналасқан. Қандауыршаның көбеюі мен дамуын көрнекті орыс ғалымы А.О.Ковалевский зерттеді. Ол қандауыршаның басқа омыртқалы жануарлармен туыстық жақын екенін дәлелдеп берді.

     Қандауыршалар Атлант, Тынық мұхиттарының жылы теңіздерінде 10-30 м тереңдікте тіршілік етеді.

IV.  Жаңа сабақты бекіту

Желілі жануарлардың өздеріңе тыныс омыртқасыз жануарлармен ұқсас және айырмашылық белгілерінің санын тұсын жазып көрсетіңдер.

 

Желілердің өзіне тән белгілері Желілердің омыртқасыз жануарлармен  ұқсас белгілері



1. Дене қуысының болуы 1. Денесі үш қабаттан тұрады

2. Желісі бар          2. Денесі екі жақты симметриялы 

3. Қанайналымы – тұйық жүйелі 3. Жүйке түтігі бар

4. Желбезек саңылаулары бар 4. Сырттай ұрықтанады



Ихтиология (лат. ichthys - балық және логия) - балықтар мен дөңгелекауыздыларды, (миксиндер мен тілтістер) зерттейтін омыртқалыларзоологиясының бөлімі.[1]

Каталог: wp-content -> uploads -> lessons
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Қазақстан Республикасының Конституциясы туралы мағлұмат
lessons -> Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Алматы 2010
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Абайдың қара сөздері
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: «Көкжиегім келешегім» Тәрбие сағатының мақсаты
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Олжас Сүлейменов «Арғымақ», «Қыз қуу», «Махамбетке» 2
lessons -> Сабақтың тақырыбы:
lessons -> Сабақтың тақырыбы Оқытуда қолданылатын әдіс-тәсілдер Сабақта 7 модульдің кіріктірілуі
lessons -> Сабақтың тақырыбы: Кіріспе. Әдебиет өнердің бір саласы Сабақтың мақсаты: Білімділік
lessons -> Тәрбие сағатының тақырыбы: Елбасы-ел тірегі Мақсаты


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет